- •Тақырыбы: «Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері»
- •Омыртқа жотасы туралы жалпы түсінік
- •Омыртқаның физиологиялық иілімдері
- •Паталогиялық иілімдер
- •Паталогиялық лордоз
- •Дисктер грыжасы
- •Кифоздың жастық ерекшеліктері
- •Скалиоз
- •Жүре пайда болған скалиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:
- •Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты скалиоздардың жіктелуі
- •Остехондроз
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Кифоздың жастық ерекшеліктері
1.Жас балалық кифоз- рахит әсерінен дамиды. I- III бел омыртқалары қисаюынан көрінеді.
2.Балалық кифоз- 2 түрлі себептен пайда болады. 1- Омыртқа денесіндегі ақау кесірінен. 2- бұлшық еттердің балада дұрыс жетілмеуінен (бала денсаулығы әлсіз болғанда).
3.Жас өспірімдерде арқасы дөңгелек тәрізді болады.
4.Үлкен адамдарда анкилозирлеуші спондилит немесе прогресирлеуші спондилеартрит (Бехтерев ауруы) көрінеді. Омыртқа жотасы шүйдеден сегізкөзге дейін толық қисайып, доғаға айналған.
5.Қарттыққа дейінгі кезең формасы, әйелдерде, минструальді цикл тоқтағасын басталады, себебі гормональді жүйе бұзылады. Соған байланысты остеопароз жүреді.
6.Қарттық кифоз- омыртқа аралық диск дегенерациясы және езілуінен пайда болады. Кифоз жоғарыдан төмен бағытталып дамиды.
Скалиоз
Скалиоз- омыртқа жотасының қалыптан бүйірге қарай қисаюы. Бұл иілім нормада болмауы тиіс, паталогияға жатады.
Скалиоздар адамда туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді:
Туа пайда болған- ұрықтың жатырда дұрыс дамымауы кесірінен болады. Оның себептері: анасының дұрыс тамақтанбауы, жағымсыз әдеттері, физикалық жұмыс жасамауы, емдік дене тәрбиесімен айналыспауы.
Жүре пайда болған скалиоздар- ауру кесірінен (рахит, полимелит, туберкулез), жарақат алудан (омыртқа денесі сынуы), денені қалыпты ұстамаудан дамиды.
Жүре пайда болған скалиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:
Ревматизмдік- кенеттен пайда болады. Себебі, бұлшық ет немесе омыртқа аралық буынның аурулары (миозит, спондилоартрит) әсерінен сау жақтағы бұлшық еттін қатты жиырылып қалуы.
Рахиттік- бұлшық ет әлсіздігінен туады. Ауыр затты үнемі көтеруден, қисық отыру кесірінен дамиды.
Параличтік- бала кездегі параличтен және басқада жүйкелік аурулардан кейін пайда болуы мүмкін.
Әдеттік- негізгі себеп қалыпты дене қалпын дұрыс сақтап жүрмеу.
Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты скалиоздардың жіктелуі
Құрылымдық емес- жалпы анатомиялық құрылысты өзгертпейді, тек омыртқа жотасы бүйірге қисаяды, негізгі ерекшелігі ротациялық айналу жоқ.
Дене қалыптық- 8-11 жас аралығындағы балаларда денесін дұрыс ұстамағасын қалыптасады. Әдетте скалиоз доғасы солға шығынқы.
2.Компенсаторлық- бір аяқтың қысқа болуынан дамиды. Скалиоз шығыңқысы қысқа аяқ жаққа қарап, жамбас қисайып аяқ қысқалығының орнын толтырмақ болғандықтан дамиды.
3. Рефлекторлық скалиоз- кейбір неврологиялық аурулар кесірінен денені түзу ұстай алмағасын пайда болады (омыртқа аралық грыжа).
4. Ауырсынулық скалиоз- ішкі бір мүшедегі ауырсыну әсерінен пайда болып, ол ауру емделгенде жоғалады.
Құрылымдық скалиоз бала кезде пайда болып, омыртқа жотасының ерекше иілуі, ротациямен ерекшеленеді. Омыртқалар шығыңқы жақта қабырғалар артқа көтеріліп, қабырғалық өркеш түзеді. Ал келесі жағында қабырғалар ішке қартай қисаяды. Құрылымдық скалиоздың пайда болу себебі өсу кезінде сүйек қалыптасуының бұзылуы болып табылады.
Дисктер грыжасы
Дисктер грыжасы- ол тірек-қимыл жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірі. Дисктер грыжасының пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Жастық ерекшеліктер де әсер етеді. Диск грыжасы былай п. б. – оның қабағы жарылып, құрамындағы заттар жұлынға еніп, оны ығыстырады. Грыжаны хирургиялык операция аркылы емдеуге болады, бірақ ол омыртқа жотасының басқа аймағының бұзылуына акелуі мүмкін. Ең тиімті тәсілі комплексті емдеу: мануальді терапия, физиотерапия және массаж.
