Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда гидора, гидатос - су) – су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл, лотос, балдырлар және т.б.).

  2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - су) – құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері батып тұрады (жебежапырақ).

  3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - ылғалды) – ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

  4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда мезос – орташа, аралық) – қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.

  5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда ксерос - құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

А) суккуленттер (латын тілінен аударғанда суккулентус - шырынды) – ұлаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава);

Ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда склерос – құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Гидрофильдер – ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).

  2. Мезофильдер – орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).

  3. Ксерофилдер – жоғары ылалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сүтқоректілер май қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метаболлиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттік судың есебінен көптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.

Сонымен. мекен ету ортасында тірі ағзага әсер ететін экологиялык факторлардың көптүрлігіне карамай, олардын ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардын жауап ретінде беретін реакциялары бойынша біркатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Либихтің минимум заңы, Шелфордтың толеранттылык заңы және т.б.Тіршілік ету ортасы- бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттері әр түрлі және үнемі өзгерісте тұрады. Кез келген тірі зат осы күрделі,әрі, өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігімен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орталарын игерді. Су тіршілік алғаш пайда болып , таралған ең бастапқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі болып келеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.

17.Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда стенос - тар), ал төзімділігі жоғары түрлер – эврибионтты (грек тілінен аударғанда еврос - кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясына байланысты эври және стеногалинді; жарыққа – эври және стенофотты, тамақ түріне байланысты эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді,1840 жылы Ю. Либих (1803 - 1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттық заңы:Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда толерантиа – шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Эврибионтты және стенобионтты организмдер   Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар (грекше eurus-кең)-факторлардың кең диапазонында тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, эвритермді түрлер- температураның үлкен ауытқуына шыдамды организмдер. Эвригалинді түрлер-су тұздылығының үлкен ауытқуына шыдамды организмдер, эврибатты түрлер-қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер, эврифагтар-әртүрлі азықтармен қоректене алатын организмдер, эвритоптар-әртүрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.  Стенобионттар-(грекше stenos-тар)-тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын) организмдер. Мысалы, стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер (теңіз маржандары, бахтах(форель)), стеногалинді түрлер-су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер(ұлу), стенобатты түрлер- қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер (риф түзетін маржандар 40-50метр тереңдіктен төмен тіршілік ете алмайды, Vitjazaster djaronovi теңіз жұлдызы тек 4500-5100тереңдікте ғана тіршілік ете алады), стенофагтар-азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді (жұмыртқа жегіш жыландар), стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады (мысалы,құмды шөлдегі сексеуіл, құм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл) және т.б.  Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген, егер судағы тұздардың мөлшері аз ғана төмейдейтін болса ол организмдер үшін қауіпті жағдай туады. Ал эврибионттар тұщы суда да, суы тұщы теңіздерде де тіршілік ете алады. Трундрада тіршілік ететін, қасқыр тұқымдасына жататын аң ақ түлкі температураның 800С ауытқуына төзе алатын болса, жылы суларда тіршілік ететін шаян температура өзгеруінің 60-на ғана төзе алады. Сондықтан эврибионтты организмдер стенобионттарға қарағанда жер бетінде кең таралған.

Популяция ұғымы латын тілінен аударғанда populus- халық, тұрғындар деген мағынан білдіреді.Популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

Популяция құрылымы. Әрбір популяцияның өзіндік құрылымы бар: жастық (әржастағы түрлердің қатысы), жыныстық және кеңістіктік (аймақтық). Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселесін шешкенде және т.б. жағдайларда. Популяцияны зерттегенде олардың сол уақытттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяцияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады. Популяцияның жыныстық, жастық, территориялық және т.б. түрлері бар. Егер популяция ішінде әр жастағы түрлердің сандары бірдей деңгейде болса, онда бұл популяцияның өмірсүрушілік қасиеті жоғары болады. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Бұл жағдайдың себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін шұғыл түрде шара қолдану керек. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп аталады. Әр түрлі түрлердің саны белгілі бір уақытта қалайша өзгеретіндігі туралы мәліметтер, энергия мен биомассалардың ағынын зерттегенде қолданылып, экожүйелер теориясының жасалуына жәрдемдеседі. Егер фитопланктон динамикасы бойынша жүргізілген бірқатар ұзақ зерттеулерді есепке алмасақ, популяция динамикасы бойынша жұмыстардың басым бөлігі жануарларда және микроағзаларда жүргізіледі. Өсімдіктермен, әсіресе , дақылдармен жұмыс жүргізгенде дарақтардың санын емес, биомассасын есепке алған орынды. Өсімдіктер популяциясының динамикасы жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер етеді. Сондықтан мысалы, адам популяциясын (демографияны ) зерттегенде әдетте негізін өсімдіктер құрайтын азық- түлік ресурстарын да санатқа алады.

Туылу саны (туылу жылдамдығы) – белгілі бір уақыт аралығында дүниеге келген даралар саны.

Өлім саны (өлім жылдамдығы) - белгілі бір уақыт аралығында өлген даралар саны.

Туылу мен өлім сандарының қатынасы популяцияның өсу жылдамдығын береді.

Өмір сүру ұзақтығы – физиологиялық және максималды болып екіге бөлінеді.

Популяция санының флуктациясы және реттелуі.

Сыртқы жағдайлардың периодттылығы және ағзаның ішкі эндогенді ырғақтарының пайда болуы, популяциялардың флуктациясы экожүйенің биоталық бірлестіктерінің циклдылығына синхронды әсер етеді. Тәуліктік циклдар жоғары континетті клиаматта өте анық білінеді, себебі түн мен күн ұзақтықтарының айрмашылығы елеулі болады.

Демография (грек. Демос-халық) –халықтың құрылымын,құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу,өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың ¾-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн. болса, 60-жылдарда -66,7 млн.,70-жылдарда – 70,3 млн., 80-жылдарда- 86,4 млн., адам. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылды 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті - 24,6 % дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8 % болса , табиғи өсім коэффициенті – 14,8 % құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімі ірі азиялық елдер - Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғарғы өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған. (8-кесте).

Дүние жүзінің кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы

мен өсуінің болжамы (млн. адам)

Елдер

1993

2025

Қытай

Үндістан

Индонезия

Бразилия

Нигерия

1200

900

190

150

120

1500

1400

280

220

290

Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4 % -ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жаралас жағдайы ертерек – ХІХ ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән.