Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бадарлама Глсара.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Таңдау курсы Саз домбыра

Бағдарламаны құрастырушы: Бұхарбаева Гүлсара Жұмахметқызы Қызылорда обылысы Арал ауданы Сексеуіл кенті №87 орта мектебі.

3 сынып

I. Бағдарламаны құрастырушы: Бұхарбаева Гүлсара Жұмахметқызы

Қызылорда обылысы Арал ауданы

№87 орта мектебі.

II. Таңдау курсы

III 1) Бағдарламаға түсінік хат

Мақсаты : Қазақ халқындағы салт –дәстүріндегі күй тартыстың мәнін түсіндіру. Өз салтымыздың салт-дәстүрін ажырата білетін ажырата білетін қабілеттерін қалыптастыру. Ұлттжандыққа өз мәдениеті мен салтын сақтауға тәрбиелеу. Сонымен қатар музыкалық білімдерін көтеру.

Міндеті: Музыка тыңдай білу. Әнді мәнерлеп орындау . Қабілеттерін дамыту , композиторлардың ән –күйін тыңдай отырып оларды сұлулыққа тәрбиелеу.

2.Оқушыларға қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс: Оқушы күйдің тарихын, авторын білу.

Оқушы меңгеруі тиіс: Оқушыларды музыкалық ритмге үйрету. Нотаны танып, оқи білуі.

Жасай алуы тиіс: Домбыраны үйрену барысында ән мен күйлерді сауатты техникалық деңгейде тарту шарт. Күйлерді өз деңгейінде тарта білу.

Көрсете білуі тиіс: Білімін арта отырып, мектептің іс-шараларында қатысуы тиіс, аудандық сайыстарда өнерін көрсету.

3. Пәнаралық кіріктіру: Әдебиет ,қазақ тілі, өнер, тарих, өзін-өзі тану, сурет.

4. Кәсіпке бағдарлау: Мәдениет саласына, әншілікке, ансамбль-оркестр құрамына, музыкалық колледжге дайындау.

IV. Курс бағдарламасының тақырыптық жоспарының мазмұны (бағдарламасын даярлау, күнтізбелік жоспарын құру)

V. Курсты ұйымдастыру формасы: Сарамандық жұмыс. Шыңдау, топтық жұмыс, жұптық , жеке жұмыстары.

-Жеке орындау

-Жұптық және топтық орындау.

VI.Курсты аяқтау формасы:

-Мәнжазба (оқушылар үшін)

-Жоба қорғау (күйді ойнап шығу)

VII. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау.

-Тестік тапсырма

-Бақылау жұмысы.

VIII. Ұсынылған әдебиеттер.

Оқушылар үшін 1. Ахмет Жұбанов «Құрманғазы күйлері қалай шыққан?»,

Пернедегі аңыз. Алматы . «Өнер» 1993 ж,

2. «Нар идірген». Құрманбай Толыбаев Пернедегі аңыз Алматы Өнер 1993ж.

3. Музыка сабағы. «Өнер» Алматы 1988ж.

4. Үкілім-ай. Алматы «Өнер» 1991ж.

5. Ән жинағы. Халық әндері.

Мұғалімдер үшін

1.Дина Нұрпейсова «Әсем қоңыр» «Өнер» 1991.

Жинақ құрастырған Қ. Ахмедияров.

2. Домбыра үйрену мектебі.

3. Журнал. Музыка әлемінде.

4. Ән жинағы. 1980 Алматы «Өнер»

5. Арал өңір сазгерлері. 6. Қазанғап.