Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сын Музыка.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

Дауыс ашу жаттығулары:

* Әнді айтқанда қолды төмен жібер .

* Денені тік ,түзу ұста.

* Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

* Әнді айқайламай , мәнерлеп айт.

Әндету: «Ақша қар» әні

Әнін жазған. Қ .Жәленова . Өлеңін жазған Е.Өміров.

Уақыт мол бөлеміз ,

Қыс қызығын көреміз .

Сары аязда шыңдалып ,

Шымыр болар денеміз .Қайырмасы:

Аппақ , аппақ дала ,

Аппақ ауыл қала .

Жапалақтап ақша қар ,

Жауа берсің жауа .

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа ,

Қар атысып ойнаймыз ,

Қыстың күні тамаша , тамаша , тамаша.

Музыкалық сауат ашу :

( Дыбыс ұзақтықтарын санау )

О - бүтін О/ - жартылық о/ - төрттік о/) - сегіздік

Қорытындылау :

* Жаңа жыл мерекесі туралы әңгіме сұқбаттау.

  • Шырша жайлы қандай әндер білесіңдер?

  • «Ақша қар» әні қандай тональдікте жазылған?

  • Дыбыс ұзақтықтарын ата.

  • Ноталарды есепте.

Үйге тапсырма:

* Жаңа жыл мерекесіне дайындық жасау.

* «Ақша қар» атты әндерді жаттап әндету.

* Музыкалық сауат ашуда ережелерді жаттау.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -

ІІ – ж/ж Мерзімі: Сыныбы: 2/1

Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың аспаптық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.

Сабақтың мақсаты: Халық музыкасы арқылы күйші

сазгерлерге тоқталу , таныстыру ,

насихаттау.

Білімділік мәні : Жан – жақты білімдерін арттырып ,

музыкалық сауаттылығын ашу .

Дамытушылығы: Музыкаға деген ықыласын арттырып,есте

сақтау, есту қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Қазақ халқының рухани қазынасы күй

өнерін тыңдату арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ ,түсіндіру , әңгімелеу, әндету ,

сауат ашу , сергіту .

Пәнаралық байланысы: Әдебиет ,тарих , жаратылыстан.

№

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,

Әнұран әндету.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық музыкасы қазынам

23

Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Дәстүрлі күйшілік өнер

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Ақсақ кұлан»,

«Сарыарқа».

5

Әндету

8 минут

«Біз шадыман баламыз»

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сурет салу, бейнелеу, әңгімелеу.

7

Музыкалық ойындар

10 минут

Әуенді тыңда да тап!

8

Қорытындылау

5минут

Күйшілік өнер

9

Бағалау

3минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Төкпе және шертпе күй

Сабақтың барысы:

Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы:

« Дәстүрлі күйшілік өнер».

Музыка аспаптарында орндалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра ,қобыз , сыбызғы , шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен – саз күй деп аталады.

К ү й - бағдарлы мазмұны бар , көркемдігі жоғары аспаптық жанр .Онда табиғат құбылыстары , тарихи оқиғалар , халық мерекелері , жан – жануарлар , аңыз – ертегілер , жеке адамдар , адам сезімдері , түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз - күйлер , тартыс күйлер ,тарихи күйлер , арнау күйлер , лирикалық күйлер , психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Домбыра күйлері орындалу ерекшеліктеріне қарай т ө к п е

және ш е р т п е деп екі түрге бөлінеді.

Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде , оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбіне жалғыз дауысты болып , оң саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нұрпейісова, Оқап Қабиғожин , Науша және Махамбет Бөкейхановтар , Лұқпан Мұхитов , Қали Жантілеуов , Ғылман Хайрошев , Төлеген Аршанов , Смағұл Көшекбаев,Ғабдұлман Матовтардың сіңірген еңбектері ұшан – теңіз.

Музыкалық шығарма тыңдау:

Халық күйі «Ақсақ құлан»

Құрманғазының күйі « Сарыарқа Динаның күйі «Бұлбұл»

Музыкалық сауат ашу :

Жай метрлер мен өлшемдер.

Берілген акценті бір үлестен кейін қайталанатын метрді – екі үлесті , ал екі үлестен кейін келетін метрді үш үлесті метр деп атайды. Осындай бір акценті ғана бар метрлер мен оларды көрсететін өлшемдерді ж а й м е т р л е р мен ө л ш е м д е р дейді.

Мысалы : Екі үлесті өлшемдер: 2 ; 2 ; 2;

2 4 8

Үш үлесті өлшемдер: 3 ; 3 ; 3 ;

2 4 8

Дауыс ашу жаттығуларын орындау.

* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты

алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.

* Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда.

* Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында.

* Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

* Сөздің ортасында дем алма.

* Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз

дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт.

Әндету:

Біз шадыман баламыз

Әнін жазған Ә.Бейсеуов. Өлеңін жазған С.Қалиев.

Аппақ , аппақ , қар аппақ ,

Қар жамылған дала аппақ .

Қырау – қырау тал аппақ-

Айналаның бәрі аппақ. 2 рет.