Күй қай жылы шығарған?
Жауап: 1940ж
Күй екпіні қандай?
жылдам көңілді
Қандай шрихтар білесіндер?
F - форте P- пиан
Қағыстар қандай?
әр түрлі
Күйде пауза бар ма? Ол нені білдіреді?
Аздап бар. Ол күйді тыңдай білуін білдіреді.
Күй неше бөлімнен тұрады?
5-бөлімнен
1) Кіріспе 2) І бөлім 3) ІІ бөлім 4) саға 5)қайырылым жақ
ІІІ тарау
Енді күйді талқылайық
Қағыс тәсілдерін көрсету
П. ПV П. V П. ПV П V П. V П
Бұл кіріспе қағыс
2. П П V П. V П П V П V П V П
До До До Ре2Ми2Фа4 Ре2 Ре2 Ми2 До1 Ля1 Ля1 Ля1
Бұл І бөлім қағыс,тобы.
Сол қол саусақтарының ерекше орналасуы 4 саусақ жылжымалы Динаның қолдарының жіңішке және ұзын ерекше орналасқан жөнінде.
3. ІІ бөлімде П V П V - созылмалы саусақ
Фа2 Фа2 Ля1 Соль4
П V П П V
До Ре Ми Ми До
П V П V П V
Ре2 - Ре4 - Ре4 До2 - саусақтардың ерекше өзгерісі
F – форте Р пиано 1- қатты ойнау сосын жәйойнау тәсілдері
4 ) П V П V бір қағысқа – екі нотаның дыбысын шығару
Соль - Ля1 Си2 До4
Сабақ 18
Міндеті: Қазақ күйлерінің тартылу тәсілдерін үйрету, бірнеше ерекшеліктеріне назар аудару.
Мақсат: Дәулеткерей тарихымен танысу
Сабақ түрі: жаңа тақырып «Қазақтың күй өнері»
Астана-2002 Ақселеу Сейдімбек
Сабақ барысы: Қазақ күйлерінің тартылыу дәстүріне түр бітіміне және әуендік құрылымына байланысты ел арсында айтылатын «Төре күйлері», «Төре тартыс» деген ұғымдар бар. Әрине «Төре күйлері» - «Төре тартыс» дегенді тек қана Төре тұқымы тартқан күйлер деп есепдесек, онда күйшілік мәдениетімізіндегі үлкен үрдісті, өнегелі мектепті елемегендік болып шығар еді. Бұл дәстүрлі күйлер лирикалық сезімталдығымен ерекшеленеді. Тек төре тұқымынан емес, қарадан шыққан күйшілердің ішінде де төре тартыс дәстүрінің орнығып ілгері дамуына үлес қосқан күйшілер болған. Бұл орайда Тәттімбет, Дайрабай, Әшекей, Сүгір сияқты күйшілерді төре тартысты күйші деп атайды. Төре күйлерінің дәстүрін орнықтырып, төре тартысты тұтасып бір мектеп ете алған адам- Шығайлы Дәулеткерей, ол 1814- жылы туып 1887 жылы қайтыс болды. А. Жұбанов оған мынадай ат қойған «Төре күйлерінің атасы» дейді. (Ғаысрлар пернесі 1975 – 118 бет)
Ол Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы қарасты Қарамола деген жерде туған. Ата бабасы орыс ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген, әкесі Шығай Бөкейхан өлген соң 18 жыл хан болған, Дәулеткерей оның мұрасы. Дәулеткерей алқашқы кезенде шығарған күйлері жарқын сезімге, сұлу суреттерге бай болатын. Сол күйдің бірі «Көрұғұлы»- Түркімен күйі.. Қазақта «Ақыл ауыс, Ырыс – жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалына болып отыратын қоңсылық қайырымды мензеген сөз екен.
Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елде, Сондықтан да рухани ордақтың, өнер жолындағы өзара етушілік қашаннан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де шет қалмаған. Ол Түркімен тақұырыбына арнап «Нари деген» «Ташнит», «Көрұғұлы» деген күй шығарған. Күй көнілді ритм әр түрлі
П П V П V П П П П V П V П V П П П
Соль - - - - ре0 мибфаб Соль - - - - ре0 мибфаб
П П V П V
Соль - - - -
Сабақ 19
Міндеті:Домбыпаны сүюге ,қазақ өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Мақсаты:Күйшінің өмірі , еүй өнері, олардың шығу тарихы туралы жалпы мағұлмат беру.
Сабақ түрі: Дамытушылық
Дәулеткерейдің Көреұғылы күйінің аңыз әңгімесі Орта Азия халықтарының арасында кеңінен тараған әйгілі «Көреұғылы» дасттаның оқиғасымен тамырлас болғанмен күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сәтімен байланыстырыла айтылады.
Бірде, ауылы аралас, қой қоралас жатқан қосылған түркімен ағайынға Дәулеткерей қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауыл достары алдынан шығып, абыройлы ол ағасының олжасын ниет білдірсе керек. Бұған оқ шырай танытқан Дәулеткерей «Уа ағайын, сөзіме құлақ сал! – депті. – Түркіменағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді - өледі деп алмадым, дүние беріп еді – тозады деп алмадым, тозбайтын күй шығарып қайттым!»- деген екен. Сондағысы, осы Көрұғлы күй еді дейді.
Күй «Көрұғлы» немесе «Түркімен күй» деп аталады.
Кіріспе қайталау
Бөлімі
П. П V П П V П V П П V П
СольБ Ре4 - - Ро4 - - - - Ми4 - -
П V П V П П V П V П П V П П V П V П П. V
Ре4 - - До2 Си1ь 1 До2 - - - - Ре4 - - Си1ь - - Ля1 Сольо -
Үйге тапсырма: күй өнерін талғылау қағыстарды жаттау ритимен жұмыс жасау.
Дамытушылық: «Еліміздің келешегі, оның мәдениеті қандай болады?» деген мәселені қарастыра отырып оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыту.
Сабақ 20
Мақсаты: Музыканың сипатын ажырату, мазмұнның өмірімен байланысын түсіндіріп күй ойнауын үйрету.
Сабақ түрі: күй мазмұнына саяхат
Дерек Әбілтаев Шәміл, күйші – домбырашы, күйді тартып, аңызын айтушы. «Көрұғлы» күйін белгілі директор Мырзабеков Алдаберген оркестерге түсірген. Бұл нұсқада домбыра үні бой алып, бүкіл оркестерді сүйрелеп отырады. Басқа аспаптар домбыраның демеушісі, шашбауын көтеруші сияқты әсер берді. Мұның өзі күйдің рухын мифтік мативімен қауыштырып, мазмұнын байытуға себепші болған.
Кіріспе: күй қағыстарын дамыту қайталау.
1 бөлім нотасын жатқа айту
2 бөлім П П П П П V П V П П V П
Соль Ля1 Си1ь Ля1 Си1ь - - - - До2 - Си1ь
Б Б Б
П V П VП П V П П V П V П П V П
Си1ь - - - - До2 - Си1ь Си1ь - - - - Ре4 - -
П VП V П V П П П П П П П П П П
Си1ь - - Ля1 Сольо – Сольо Ля1 Си2ь До2 Ре4Си1ь До2 Си1ь До2 Ля1
Б Б Б
П V П V П П V П V П 2 рет
Си1ь - - - - Ля1ь - - - -
Кіріспе П П V П V П П П
Соль - - - До2 Рео МиБ Фа 2
П V П V П V П П П П П V П V
Соль - - - - До2 Рео МиБ Фа 2 Соль - - - -
Сабақ 21
Мақсаты: Музыкалық сипатын ажырату
Дамытушылық: оқушыларды толық жұмысқа баулу арқылы әр түрлі әдістер негізінде олардың музыкалық қабілеттілігін, жан-жақтылығын қалыптастыру.
Сабақ түрі: дамытушылық сабағы.
Сабақ барысы: Дәулеткерейдің алғашқы, кезеңде шығарған күйлері жарқын сезімге, сұлу суретке бай. Жастық шағында ұлы күйшінің жақсыға қызыққанын, жүйрікке құмартқанын, сұлуға сүйсінгенін аңғартуға болады. Әрине бұл жерде күйдің бір-бірімен тілдесіп жатқандай жауап қайтарылып тұрады.
Кіріспе 1- бөлім (орта саға) сұрақ – ой өрісі десек
2-бөлім - қайтарым деуге болады.
3-бөлім – саға – шешім дейміз
4-бөлім – қайырым саға (2 бөлім қайталау)
Өзгерісі бар
Осылай күйді әр бөлімге талдап тез үйренуге болады. Енді күйдің 3 бөлімі сағаны үйренейік
П П V П П V П V П 2 рет
Сольо Соль2 - Фа 1 Соль2 - - - Фа1
П П П П П П П П
Соль2 Ля4 Соль2 Фа1 Ми4 Ре4 До1 Ре2
бөлім қайталау
Сабақ 22
Тәрбиелік: Өнерді құрметтеуге, өзін-өзі ұстауға адамгершілікке тәрбиелеу
Мақсаты: «Төре күйдің атасы» Дәулеткерей жөнінде терең мағұлмат беру. Өнер адамына құрмет сезімін тудыру.
Сабақ түрі:
Сабақ барысы: Күйдің шығу, даму тарихын, аңызын баяндауға, орындап отырып түсіндіріп беруге баулимын. Төре күйлердің өзі орындау кезеңде неше түрлі жолменн насихатталады.
Төре күйлері, төре тартыс дегеніміз ең алдымен музыкалық мәдениетіміздегі күйшіліктің орныққан оқшау дәстүрі. Бұл дәстүрдегі кү.йлер лирикалық сезімталдығымен ерекшеленеді. Төре күйлері , дәлірек айтсақ, төре тартыс адам сезімін арқау етуге, адамның ішкі әлемін жырлауға алдымен ден қояды. Адамның ішкі әлемін, сезімін – түйсігін қоршаған ортамен, өзі ғұмыр кешкен қоғаммен шендестіріп көрсетуге төре күйлері айрықша икемді. Күйді Дәулеткерей күшеніпшығармайды, керсінше аста – төк сезіммен көсіп лаып, табиғаттық өзіндей табиғи қалпында ұсынады. Ол өзінің осынау кірпия күйшілігінен ол өлгенше қылдай ауытқыған емес. Қысқасы Дәулеткерей кіші жүздің Орда төрелерінде өскен рухани дәстүрдің алтын деңгейі.
П П V П П V П V П П V П
СольБ Ре4 - - Ре4 - - - - Ми2ь Фа4 Ми2ь
П V П V П П V П
Ре4 - - - - Ми2ь - -
П V П V П V қайталау
Си2ь - - Ля1 Сольо -
бөлім, кіріспе, сағаға, 3 бөлім кіріспе қайталау
Сабақ қорытындысы: Күйге түсініктеме беру. Жаттау
Сабақ 23
Мақсаты: Домбыра үйрену тәсілдері
Міндеті: Оқушыларды еркін ойнауға даындау
Сабақ түрі: түсіндірме түрі
Күй үйрену тәсілі теориялық тұрғыдан бүгінгі күні өзекті болып есептеледі. Орта мектепте домбыра үйрену, яғни күй тарту тәсілдерінжеңіл түрде үйренуге мүмкінділік жасалып тұр. Күй өзінің құрылысы, стилі, әуені жағынан өте бай музыка. Күйдің ойлы да, сырлы әуезіді де сазды үні естілсе, құлақ түріп тыңдамайтын қазақ кемде-кем. Өйткені, біз күйтарихынан, күй үнінен, күй сырынан халқымыздың өмірі мен тұрмысын,салт-санасы мен әдет-ғұрыпын ұғып,қуанышы менқайғысын, арманымен мақсатын айқын сезінеміз. Қазақ халқының басынан кешкен қилы дәуірі, тарихы мен тағдыры домбыра мен қобыз үнінде,сырнаймен сыбызғы сарында сақталған. Қазақ күйлерінің бірі өткен дәуірдегі тарих шежіресін толғаса, бірі махаббат сырын шертеді, енді бірі кең жазиралы даланы, асу бермес асқар тауды – туған жер табиғатын суреттейді. Күй өнері домбыра тарту мәнеріне қарай «төкпе» және «шертпе», деп аталатын екі үлкен орындаушылық дәстүрден тұрады.
Төкпе күй деп тез, яғни жылдам ойнайтын күйді айтады. Шертпе деп мұңлы күйді атайды. Төкпе күйдің бірі «көрұғылы». Күйді тез өте жеңіл үйренуге болады. Мысалы: сол қол тәсілдері
1) 1 саусақ жоғары
Б 2 саусақ қарама қарсы жүреді
Бас бармақ 4 саусақ төмен
Осы ұстанымды ұмытпай үстіндегі шектің ноталары тез табады. Және бұл барлық күйде (яғни біз ойнайтын) жеңіл күйде осылай жүреді.
Ал қағыс: П-төмен V-жоғары
Ритм – санау
Егер: П V П V-болса бұл 8-дік ноталар
П ПV - бұл сегіздік пен оналтылық
П V П - бұл оналтылық пен сегіздік
П V – арасы алшақ бұл төрттік қалғандары мұғалімснің үйретуі бойынша жүріп отырады, бұл үшін ритм жаттығуларын жиі жасап тұру керек. Осымен күй жаттығуларын қайталап болсақ енді нота жаттау оп-оңай
Үйге тапсырма: Ритм жаттығуларын жасап күйлерді қайтталау.
Сабақ 24
IV –тарау Ән үйрену тәсілдері
Мақсаты: Музыка өнерінің талғамын дамыту халық өнерінің ән-күй алтын қорларын ауыздан-ауызға таратып, ел арасынан өшпес із қалдырып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде тапсыру.
Міндеті: Музыканы тыңдай білу және орындау методикасын көрсету.
Сабақ түрі: Жаңа тақырып
Сабақтын барыс: Музыка өнері - әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамның бір арнаға құйылып, асқақты күймен өрбіп-дамып отыратын көптеген ғасырлар үннің жемісі. Музыка - әлемде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстарының өзара қарым-қатынаста. Сырласа үндесуін сезімге жеткізіп отыратын құрал. Музыка өмірдегі динамикалық құбылыстардың айнадан көрінетін үнсіз келбет-кескіні ғана емес, оны сыртай суреттеп қана қоймайды, ол – танғажайып сырлары бар милодиялық үндесумен ішкі сезім күйлеріне әсер беріп, тыңдаушысын белгілі бір нысанаға бейімдеп баурап алады. Былайынша айтқанда адам жан-күйн тәрбиелейтін., эстетикалық қабілетін дамытатын, іске батыл жетелейтін эмоциялық құралдардың бірі. Ол адам қоғамымен бірге дамып, қоғамдық істерді басынан кешіп келе жатқан тарихи процестің бірі. Сондықтан да оның туу, шарықтау, дамыу, өркендеу, биіктеу шеңберіне жету кезендері бар. Сол шеңберге жетіп жүрген жергілікті Сексеуіл қыстағының әуезқой композиторы Болатбек Кенжалиев «Анашым сен» әнің былай деп жырлайды:
Ән салам арнап бүгін анашыма,
Самғаған қуат берген қанатыма,
Өмірдің қиын-қыстау кездерінде
Тілеген бақытты өмір баласына
Анашым тілегімсін
Анашым тірегімсін
Анашым сен, анашым сен
Жанымда бір өзіңсін
Болсын деп ұл-қызыңның ойлағаны,
Кей кезде алыс-кетсем ойға алады.
Ұйқысын түн көретін төрке бөліп,
Жанымда жүрсе екен деп толғанады.
Анашым жаулығын ақ тілегімдей
Болса екен барлық ана бір өзіндей
Өзінсіз ойын-күлкі қайда маған
Жазира көктемгі гүл сыр сезімдей. – демекші:
Б.Кенжалиев Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылына қарасты Тастүбек елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң 1972 жылдан бастап өнер саласында жұмыс істеген. Ақтөбедегі мәдениет училищесін бітірген. 1988 жылдан бастап ән шығарумен айналысып келеді. Оның көптеген ән-күйлері бар.
Үйге тапсырма: әнді жаттау
Сабақ 25
Мақсаты: Савет одағынан айтылып келе жатқан Е.Хасанғалевтіңәні мен музыка ерекшеліктерін жеткізу.
Тәрбие: Бұрынғы заман мен қазіргі заманның ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақ барысы: «Анаға салем» Е. Хасанғалев
Қазақ халқы ежелден ән-күй өнеріне құштар ұлттың бірі. Қазіргі уақытта музыка өнері өз дамуында жаңа кезеңге жетті Композиторлар қазіргі заманның және өткендегі революциялық істердің үлкен тақырыптарына барған сайын жие назар аударатын болды. Музыка творчествосының алуан түрлі формалары стильдері мен жанрлары байытылуда. Музыка мәдениеті өсті, неше түрлі саңлада жұмыс істейді. Халқымыздың сезімі мен ойын білдіретін совет музыкасы халыққа арнап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді. Е.Хасанғалевтің социолизімнің кезенінен айтылып келе жатқан әндері дүние жүзіне кеңінен таралып, халықаралық беделі орындаушыларымыздың аса үздік табыстарымен еселеп арттырылуда. Сол әннің бірі «Анаға сәлем».
Мереке күніңмен. Қарсы алам өзіңді
Сәбилік сезіммен. Арнаймын сөзімді.
Қ-сы:
Көргенше алаңмын, Аңсаймын толғанам
Қабыл ал баланның, Сәлемін жолдаған.
Бөбегің оянса, Ұйқыннан мың тұрдың
Гүліңмен балауса. Көктемдей құлпырдың.
Аялап алақан, Мәпелеп өсірген
Аяулы жан анам, Қатемді кешірген.
Музыка деген үлкен тақырып, оның атқаратын міндеттері, ән сазының, музыкалық көркемдікке, музыкалық шығармалардың түрлеріне, олардың даму жолдарына толық тоқтап, шағын кітапшада үлкен мағұлымат беру мүмкін емес болғандықтан, әрқайсысынның сипатымен мазмұнына жекелеген мысал арқылы тоқталып өтеміз.
Үйге тапсырма: Әнді мәнерлеп айту.
Сабақ 26
Мақсаты: Музыка тыңдай және түсіне білу.
Міндеті: Эститикалық тәрбие беру.
Сабақ барысы: «Ақ бұлақ» Б.Тәжібаев
Біз күнделікті өмірде музыка, концерт, ән күй кеші, симфония, опера деген сөздерді жиі естиміз, олардың әралуан музыкасын шығармаларын сүйсіне тыңдаймыз. Ерекше бір рахатқа бөленіп, шабыттанып қаламыз. Тіпті жұмыс кезеңде де жүріп тебірентілік жақсы ән мен тәтті күйлер беріліп жатса, оны ынтамен тыңдай отырып істеген істеріміз қалай тез бітіп қалғаның сезбейтін де кезде болады. Искуствоның басқа түрлеріне қарағанда, музыканың осыншалық әсері молдығынан себебі неде деген орынды сұрақ тууы да осыған байланысты.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деген
Абай сөздерін еске алуға тура келеді. Өйткені, жақсы ән мен тәтті күй біріншеден, адамның рухани шабытын арттырады, серпілтеді, екіншіден, көңіл кірбіңнің жоғалуына себепші болады. Сондай-ақ, лебі мен көңілге жылы тиган музыка сапарына кейде кісінің бастан кешкендерін, жастық шақтарын көз алдына елстетеді. Кейде тіпті арман асуына жетелеп, ерлікке, батырлыққа бағыттайды. Өзіміз сүйіп оқитын ақын, жазушы, композитор Ә.Тәжібаев шексіз даланы, сарқырама бұлақтысыбатты жерлерді ерекше сайратып даланың көңілін әуенмен, сырмен музыка арнайды.
Күндіз түні бір тынбай
Дала кезген ақ бұлақ
Құмар едің өзіңе
Бала кезген ақ бұлақ
Әнге бөлеп маңайды
Шашу тасып жатасың
Ақ мойыншақтан аспанға
Шашу шашып жатасың
Сенің келіп жағаңнан
Анам қалай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Атам атын су арған
Айналайын ақ бұлақ
Асыр салған жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемде табам ба
Ару дайын еркелеп
Мың бұралған Ақ бұлақ
Айдың көктем ғашық боп
Күнді ұрлаған ақ бұлақ
Сен болмасаң қыр гүлі
Ашылмайды Ақ бұлақ
Саған деген құмарым
Басылмайды Ақ бұлақ
Шексіз жатқан жерімді
Сүйіп келем жатасың
Бойындағы барыңды
Иіп берем жатасың
Тыңдай келсең даламның
Атырабын ақ бұлақ
Тұнығыма ойымды
Батырамын ақ бұлақ
Үйге тапсырма: Әнді айтып үйрену, сөзін жаттау. Менсовкамен айту.
Сабақ 27
Мақсаты: Музыка жаза білу мен оны тыңдай білудің арасындағы алшақ айырмашылықтар.
Міндеті: Музыканы тыңдап дұрыс түсіне білу.
Сабақ барысы: Музыканы искуствоның басқа салалары сияқты, көзге көрсете, қолға ұстайтындай етіп жасауға болмайды. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Адамның ой - өрісінің кеңейуіне әсем әуендер арқылы ғана әсер етеді. Бұл қасиетімен музыка адам сезіміне басқа искусстволардан гөрі еркеше әсер етеді. Музыка тыңдауға барлық адам да қабілетті. Бірақ бұған да әркім өзінше жаттыға білу керек. Музыканы тыңдап, дұрыс түсіне алмайтын «ойға олақ» адамдардың бар екені рас. Музыканы есту (слух) көп адамдарда бірден оянбайды. Еткен еңбегіне, көздеген мақсатына қарай, кйкілжің тұрмыс күйбеңі арасында жүріп музыкаға жас кезінен көңіл бөлмейтін адамдар да кейіннен музыкалық қабілетін дамыта алады. Музыка жаза білу меноны тыңдай білудің арасында алшақайырмашылықтар бар екені кімге де болса белгілі. Сондай-ақ сифония, ортория т.бмузыкаларды тыңдай білу мен түсіне білудің көп айырмашылығы бар. Қысқасы музыканы сүймейтін, өзі де дауыстап ән айтпайтын адам жоқтың қасы. Тек оны тыңдап, түсіну қабілетті әркімде әртүрлі.
Біреулер жеңіл музыка жағын ұнатса, екінші біреулеркүрделі шығармаларды тыңдауды жақсы көреді. Дегенмен қандай музыкалық шығарма болмасын оның адам жанына әсері мол, Эстетикалық толғамын дамытады, ойын байытады. Сайып келгенде, музыкалық шығарманың қандайы болмасын автордың өз тыңдаушысына айтайын деген түпкі ойын жеткізеді. Тыңдаушы сол музыка арқылы ойын түйеді, қиялын дламытады., дүнік сұлулығын сезінеді. «Талант деген табиғатқа жақында» деп Л.Толстой айтқандай, музыка қаншама таллантты болса, табиғат құдіреттік адам жанына соншама жақындата түседі. Табиғат құдіреті демекші , көктемгі кең жайлауды жадырататын, наурыз тойы шаттандыратын осынау бір әнмен жалғастырып көңіл көтермекпін
Наурыз думан М.Мақатаев
Наурыз тойы думанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға
Наурыз айы туғанда
Наурыз Наурыз күн игі
Күн игі жердің түн игі
Бауыры жылап науат қар
Шақырып бір үй бір үйгі
Шаттанушы еді бір игі
Осынау игі кең жерге
Наурыз айы келгенде
Наурыз тойын бергенде
Көрмегендер арманда
Арманда оны көргенде
Келіп ем өмір-арманға
Наурыз айы келгенде
Үйге тапсырма: жаттау.
Сабақ 28: Күйлерді қайталау
Мақсаты: Балаларды өз халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан рухани өнерін терең түсіндіру.
Міндеті: Үйренген күйлерді қайталау.
Сабақ 29
Сабақ 30
Сабақ 31
Мақсаты: Әсем ән үйрену.
Міндеті: Өз салтымыздың салт-дәстүрін ажырата білетін қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Жаңа тақырып
Сабақ барысы:
