- •1.Неміс классикалық философиясы.
- •2.Ежелгі үнді философиясы. Буддизм және оның негізгі категориялары. Джайнизм.
- •3.Философия:
- •7.Конфуцианство және оның категориялары
- •8.Гиппократ-антика медицинасының реформаторы ретінде
- •9.Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі.
- •13.Философ Хайдеггердің ойынша «Техника адам үшін үлкен қауіпті қатер» болып табылады. Сіз қалай ойлайсыз?
- •19.Ежелгі Грек философиясындағы адам және адамгершілік мәселелері (Сократ, Платон, Аристотель)
- •22.К.Маркстың философиялық көзқарастары. Жаттану мәселесі. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну.
- •23.«Адам», «индивид», «индивидуалдық» ұғымдарымен салыстырғанда «тұлға» ұғымының ерекшелігі неде?
- •24.Орыс философиясының ерекшеліктері.
- •25.Кант тұжырымы бойынша «Біз категориялардың көмегінсіз ешқандай зат туралы ойлай алмаймыз» - Түсіндіріңіз.
- •34. Хіх ғ. Философиясының ерекшеліктері.
- •39. Адам философия мен медицинаның пәндік шеңберінде.
- •40. Демокриттің сөзіне коментарий жасаңыз :
- •46. Тұлға арасында жаттану үдерісі. Тұлға мен қоғам арасындағы жаттану. Жаттану.
- •50.Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап, авторын табыңыз: а) бәрі ағады, бәрі өзгереді; б) болмыс бар, бейболмыс жоқ; в) өзіңді өзің таны.
19.Ежелгі Грек философиясындағы адам және адамгершілік мәселелері (Сократ, Платон, Аристотель)
Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді.
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады.
Аристотель Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік – өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат – асыл қасиетке жетуде. Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты – өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді. Александр Македонский билік құрған кезең – біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.
20. «Болмыс» ұғымының қай анықтамасы Сіздің көзқарасыңыз бойынша дұрыс:
* Болмыс-бұл материя;
* Болмыс –шынайы әлем;
* Болмыс нақты өмір сүретіннің барлығы;
* Болмыс-өмір сүрген, өмір сүріп жатқан және өмір сүретіннің барлығы;
* Болмыс –материяны, сананы қамтиды;
Егер Сіз анықтамалардың ешқайсысымен келіспейтін болсаңыз, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Болмыс-өмір сүрген, өмір сүріп жатқан және өмір сүретіннің барлығы; Себебі айналадағының барлығы да болмысқы жатады.Тіпті ертегі аңыздарда жынды адамның сандырағыда болмыс болып табылады
21. «Түпнегіз» деген не? Бұл ұғымды «элейліктер», «милеттіктер», «атомистер», Аристотель қалай түсіндірді? Субстанция дегеніміз не? Аталған категориялар бір бірімен қалай баланысады?
Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді.Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді.Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді.Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді. ГегельКанттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. 20 ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты.[1]
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор— сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе процестердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Бұл Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен “натуралистер” деп аталады. Сондықтан Гомер және антикалық дәстүрмен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес “бәрі құдайға толы” деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм).Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі
