- •Excel-дегі мәліметтер қорын құрудың негізгі ережелері
- •Мәліметтер қорымен жұмыс істеудің негізгі командалары
- •1. Өрістер формуласын шығару
- •2. Мәліметтер қоры жазбаларын сұрыптау
- •3. Қойылған шарт бойынша қор деректерін таңдауға сұраныс. Бір шарт бойынша таңдау
- •Нақты мән бойынша таңдау
- •4. Топтау, мәліметтер қоры бойынша аралық және жалпы қорытындыны есептеу Бір өріс бойынша аралық қорытындыны есептеу
- •[Данные] - [Сортировка]
- •5. Құрама кесте (Сводная таблица) құру.
- •Құрама кестедегі есептелетін қорытындының типін өзгерту
- •Құрама кестеде қорытындыларды қосымша топтау.
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді Бастапқы мәліметтер қорының жол саны 15-тен кем болмауы керек
- •Әр тапсырманы жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
- •Әр тапсырма жеке бетке істелінеді
Нақты мән бойынша таңдау
Нақты мән бойынша таңдау үшін алдымен □Выделить все командасын алып тастап, содан соң тізімнен қажетті мәнді таңдап алу қажет (6-сурет).
Тапсырма. Мәліметтер қорынан тауардың бір түріне байланысты таңдау жасау, мысалы Сүт. Таңдауды басқа бетке көшіру.
Бір уақытта бірнеше өрістерге қойылған шарт бойынша таңдау
Фильтрді қосқаннан соң шарттарды барлық бағандар бойынша қоюға болады.
Тапсырма. Сүт тарау бойынша 16.01.2010-ға дейінгі барлық жазбаларды таңдау. Таңдауды басқа бетке көшіру.
Берілген тапсырманы орындау үшін МЕРЗІМІ өрісі бойынша До 16.01.2010 шартын, ал ТАУАР өрісі бойынша нақты мән таңдауын қою қажет – Сүт.
4. Топтау, мәліметтер қоры бойынша аралық және жалпы қорытындыны есептеу Бір өріс бойынша аралық қорытындыны есептеу
Егер өрістердің біреуінде қайталанатын деректер болса, оларды бір жерге топта, олар үшін қорытындыларды есептеуге болады.
Тапсырма. Әр сатушының қосынды пайдасын есептеу.
Тапсырманы орындау реті:
А) Қорытындыны есептемес бұрын мәліметтер қорын САТУШЫ өрісі бойынша сұрыптап алу қажет – мәліметтер қорының жазбалары САТУШЫЛАР бойынша топтару үшін (бірдей деректері бар жолдар бір-бірінің жанында тұруы қажет).
[Данные] - [Сортировка]
б)
Қорытындыны есептеу үшін [Данные]
- [Промежуточные
итоги]командасын
орындау;
в) [При каждом изменение в] терезесінде топтау жүргізілетін өрісті (САТУШЫ) таңдау керек.
[Операция] терезесінде есептелетін қорытындының түрін (Сумма, Среднее арифметическое, Минимум, Максимум, Количество группированных записей) таңдау;
[Добавить итоги по] терезесінде қорытынды есептелетін өрісті көрсету (7-сурет). Аралық қорытындысы бар кестені басқа бетке көшіру.
7-сурет. Қорытындының параметрлері
Мәліметтер қорынан қорытындыны қалай алып тастауға болады?
[Данные] - [Промежуточные итоги] – Убрать все командасын орындау.
Аралық қорытындыны бірнеше өрістер бойынша есептеу.
Тапсырма. Әр сатушының пайдасын әр тауар тобына байланысты есептеу.
Мәліметтер қорын екі өріс бойынша сұрыптау (8-сурет):
1-САТУШЫ; 2-ТАУАР
[Данные] - [Сортировка]
8-сурет. Екі өріс бойынша сұрыптау.
Әр сатушының қорытынды пайдасын есептеңіз (9-сурет)
[Данные] - [Промежуточные итоги]
9-сурет. Бірінші қорытындыны есептеу
Есептелген қорытындыға әр тауар бойынша қорытындыны қосу (10-сурет).
[Данные] - [Промежуточные итоги]
10-сурет. 2-ші қорытындыны қосу
Экранға тек қорытындысы бар жолдарды қалай шығарады?
Экранда тек қорытындылары бар жолдар шығып тұру үшін – жоғарғы сол жақ бұрыштағы
1 2 3 батырмаларын басу керек.
5. Құрама кесте (Сводная таблица) құру.
Тапсырма. Жеке бетте әр сатушы бойынша пайдасы есептелетін, әр күннің қорытынды пайдасы шығарылатын құрама кесте құру. Қосымша әр сатушы үшін әр тауар бойынша түскен қорытынды пайда көрсетілуі керек. Құрама кестенің бағандарының тақырыбында – даталар, жол тақырыптарында – сатушылардың аты-жөні және тауар атаулары болу қажет. Бағандар мен жол қиылысында, құрама кестенің ұяшықтарында пайданың қорытындысы шығу керек.
Тапсырманы орындау тәртібі
1.
Тінтуірді бастапқы мәліметтер қорының
кез келген ұяшығына қою. Құрама кесте
шеберін (Мастер сводных таблиц) шақыру
үшін [Вставка]
- [Сводная
таблица]
командасын
орындау.
1-қадам (11-сурет). Бұл қадамда бастапқы деректер орналасқан ұяшықтар аумағын көрсетіп, құрама кестенің орналасатын орнын белгілеу қажет.
11-сурет. 1-қадам
2-қадам
(12 сурет). Берілген
қадамда құрама кестені құрайтын өрістерді
таңдап, әр өрісті сәйкес аумаққа апару
қажет.
МЕРЗІМІ өрісін бағандар тақырыбы құруға арналған деректер орналасатын «Название столбцов» аумағына апару қажет.
САТУШЫ және ТАУАР өрістерін «Название строк» аумағына, «ПАЙДА» өрісін «Значение» терезесіне апару керек.
12-сурет. 2-қадам
