Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТестыОМ каз вар23.09.14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Коронарография

  2. селективті вентрикулография

  3. +аортография

  4. рентгеноскопия

  5. электрокимография

117. Жүректің рентгеноскопиясын жасағанда миокардтың иінағаш тәрізді қозғалысы анықталатын жағдай:

  1. ҚАПД

  2. Аорта коарктациясы

  3. +митральді қақпақша жетіспеушілігі

  4. Эбштейн аномалиясы

  5. аортальді қақпақша стенозы

118. Жүрек және ірі қантамырлардың рентгеноскопиясы кезінде контрасталған өңештің ығысуы ненің ұлғаюы нәтижесінде болады?

  1. Өкпе артериясының бағанасы

  2. +сол жүрекше

  3. Сол қарынша

  4. Оң жүрекше

  5. Оң қарынша

119. Науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, жөтелге шағымданады. Аускультацияда – өкпе артериясында II тонның акценті, жүрек ұшында I тонның күшеюі және диастолалық шу. Рентгенограммада – өкпе суретінің молаюы, шеткері веналық тоқырауы, өкпе түбірінің ұлғаюы, жүректің сол жиегі бойынша II және III доғаларының томпаюы, контрасталған өңештің артқа ығысуы, сол жүрекше ұлғаймаған, сол жиегі бойынша I доғаның айқын еместігі анықталды. Осы науқаста жүректің қандай ақауы бар?

  1. аорталық қақпақша стенозы

  2. митральді қақпақша жетіспеушілігі

  3. аорта доғасының стенозы

  4. +митральді қақпақша стенозы

  5. жүрекшеаралық перденің дефекті

120. Сол жүрекшенің атриомегалиясы анықталуы мүмкін:

    1. миокардитте

    2. «сауытталған жүректе»

    3. +митральді қақпақша жетіспеушілігінде

    4. Жүрекшеаралық перденің дефектінде

    5. митральді қақпақша стенозында

121. Тура бағытта сол жүрекшенің барлық контурының анық көлеңкесі байқалуы мүмкін:

    1. гипертония ауруында

    2. қарыншааралық перденің дефекті кезінде

    3. Фалло тетрадасы кезінде

    4. +митральді жетіспеушілік кезінде

    5. митральді стенозда

122. Құрсақ қолқасындағы тарылған орынды және коллатералдардың жағдайын анықтау үшін тиімді зерттеу әдістері:

  1. Рентгенография

  2. ультрадыбыстық зерттеу

  3. +аортография

  4. компьютерлік томография

  5. томография

123. Қолқа қақпақшасының жетіспеушлігіне тән:

  1. +сол қарынша мен қолқа диаметрінің кеңеюі

  2. сол қарынша ұлғаймаған, өкпе суреті өзгермеген

  3. оң қарынша кеңейген және өкпе суреті молайған

  4. сол жүрекше ұлғайған және өкпе түбірі кеңейген

  5. оң жүрекше ұлғайған

124. Науқас жүрегінің ауыруына, басының айналуына, талма болуына шағымданады. Аускальтацияда – төстен оңға қарай II қабырғааралықта дөрекі систолалық шуыл. Рентгенограммада – сол жақта IVдоға ұзарып, доғалданған, жүрек ұшының көтеріңкі болуы, жүрек шекараларының солға кеңеюі, жүрек белінің айқындалуы. Бұл қандай ақау?

  1. Эбштейн аномалиясы

  2. Эйзенменгер синдромы

  3. +аортальді қақпақша стенозы

  4. аорта коарктациясы

  5. митральді стеноз

125. Контрасталған өңеш ығыспайды:

  1. +перикардитте

  2. митральді қақпақша стенозында

  3. митральді қақпақша жетіспеушілігінде

  4. қосарланған митральді ақауда

  5. ашық атриовентрикулярлы каналдың толық түрінде

126. Миокард инфактісінің орналасқан орнын, зақымдану аймағын зат алмасу бұзылысының негізінде анықтайтын заманауи зерттеу әдісі:

1. сызықтық томография

2. +ПЭТ

3. КТ

4. УЗИ

5. МРТ

127. Кіші қанайналымда артериалды гипертензия болуының қосымша белгісі болып табылады:

  1. сол қарынша гипертрофиясы

  2. +оң қарынша гипертрофиясы

  3. гемосидероз

  4. бөлікшеаралық ісіну

  5. оң жүрекше гипертрофиясы

128. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясы кезінде оң қарынша қабырғасының диастола соңындағы қалыпты өлшемі:

  1. 5 мм дейін

  2. 10 мм дейін

  3. 2 мм дейін

  4. + 12 мм дейін

5. 3мм дейін

129. 20 жасар қыз бала жүрегінің жиі соғуы, шаршағыштық, физикалық жүктемеге байланыссыз жүрегінің ұзақ уақыт шаншып ауыруына шағымданады. Эхокардиографияда митральды қақпақша жармалары қалыңдаған, систола кезінде екі жармасы да жоғары, жүрекше қуысына қарай еніп кетеді. Қорытынды жасаңыз.

  1. митральды қақпақша кальцинозы

  2. қосарланған митральды ақау

  3. +митральды қақпақша пролапсы

  4. митральды стеноз

  5. қалыпты

130. Алмасу қантамырлары - бұл:

1. +капиллярлар 2. көктамырлар 3. күретамырлар

4. венулалар

5. лимфа жүйесі

131. 34 жасар әйелдің рентгенологиялық зерттеуінде сол жүрекшесінің ұлғаюы, өкпелік гипертензия белгілері анықталды. Эхокардиографияның парастернальды бағытында ұзынша ось бойымен митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының хоккей таяқшасы тәрізді диастолалық иілуі анықталды. Бұндай өзгерістер көбіне болуы мүмкін жағдай:

  1. митральды қақпақша жармасының үзілуі

  2. митральды қақпақша пролапсы

  3. митральды жетіспеушілік

  4. қосымша хорда

  5. +митральды стеноз

132. 34 жасар 1. жиі басының ауыруына, есінен танып қалатынына шағымданады. Эхокардиография жасағанда анықталғаны: аорталды қақпақшалардың қалыңдауы және систола кезінде олардың толық ашылмауы, аортаның кеңеюі және сол қарыншаның артқы қабырғасы мен қарыншааралық перденің айтарлықтай қалыңдауы. Төменде аталған қорытындылардың қайсысы осы науқасқа сәйкес келеді?

  1. Вальсальва синусының аневризмасы

  2. Аортальды жетіспеушілік

  3. +аортальды стеноз

  4. аорта коарктациясы

  5. аорта аневризмасы

133. Қарыншааралық перденің үлкен емес дефектісін (ҚАП5. анықтауда ақпараттылығы көп бейинвазивті әдіс болып табылады:

1. +Допплер режиміндегі эхокардиография

2. рентгенологиялық зерттеу

3. екі өлшемді эхокардиография

4. электрокардиография

5. аускультация

134. 38 жасар науқас Т. митральді стеноз диагнозы қойылды. Төменде келтірілген әдістердің қайсысының митральді қақпақшаның кальцинозының дәрежесін анықтауға ақпараттылығы басым болады?

1. жүрек қуыстарының катетеризациясы

2. миокард сцинтиграфиясы

3. электрокардиография 4. фонокардиография

5. +эхокардиография

135. 37 жасар науқас әйел С. эхокардиография жасағанда (М-режим) анықталғаны: диастола кезінде митральді қақпақшаның алдыңғы және артқы жармаларының бір бағытта қозғалуы; алдыңғы жарманың сол қарынша қуысына диастола кезінде науа тәрізді енуі; митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолалық қозғалысының П-тәрізді сипатта болуы, сол жүрекшеден келген қан сызықтық сипатқа ие. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

1. митральді қақпақша жармаларының кальцинозы

2. қосарланған митральді ақау

3. ми тральді қақпақша пролапсы

4. +митральді стеноз

5. қалыпты жағдай варианты

136. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі оң қарыншасының соңғы-диастолалық өлшемін (СДӨОҚ) көрсетіңіз:

1. 60 мм артық

2. 38-56 мм

3. 20-35 мм

4. +15-22 мм

5. 13-14 мм.

137. Апикальді жету жолында датчик қойылады:

1. + жүрек ұшы маңына

2. III-IV қабырғааралыққа

3. II-III қабырғааралыққа

4. IV-V қабырғааралыққа

5. V-VI қабырғааралыққа

138. Сол жүрекшені бағалау үшін қандай бағыт негізгі болады?

1. тура

2. +оң қиғаш

3. сол қиғаш

4. сол бүйірлік

5. оң бүйірлік

139. Балалар эхокардиографиясындағы датчиктің тиімді жиілігі:

1. 1,0 – 7,5 МГц

2. 2,5-7,5 МГц

3. +5,0-7,5 МГц

4. 7,5- 10 МГц

5 3,5 МГц

140. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі сол қарыншасының соңғы-систолалық өлшемін (ССӨСҚ) көрсетіңіз: