Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рубеж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆
  1. Аналық без кистасының аяқшасының бұралуының көрінісі:

    1. Етеккірдің кідіруі

    2. Геморрагиялық шоктың белгілері

    3. қарқынды ауру сезімі, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы

    4. Жиі зәр жіберу

    5. Іш қату

  2. Науқас К.37 жас., жедел жәрдем дәрігері диагноз қойды: Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы.Науқас қандай стационарға жеткізілуі тиіс:

    1. көп салалы аурухананың гинекология бөлімшесіне

    2. Перзентхананың гинекологиялық бөлімшесіне

    3. Көп салалы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне

    4. Перинатальды орталыққа

    5. Акушерства, гинекология және перинатология институтына

  3. Науқас Б 25жаста. Іштің оң жақ төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, үлкен дәреттің және желдің кідіруіне шағымданып келді. Ауру сезімі кенеттен басталған. Анамнезінен: 2 ай бұрын тексеруде (профосмотрда) оң жақ аналық безі кистасы анықталды. қарап тексергенде тері жабындылары бозарған, суық тер, дене температурасы 380С көтерілген. АҚ 110/70 мм сын.бағ Пульс 94 рет минутына. Тіл құрғақ. Іші кепкен, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.Қынаптық зерттеуде – жатыр ұлғаймаған,пальпация кезінде сезімтал. Жатырдың оң жақ бөлігінде 5х5 см көлемінде түзіліс анықталды, қозғалысы шектелген, кенет ауру сезімді. Қандай диагноз?

    1. Миоматозды түйіннің некрозы

    2. оң жақты тубоовариальды түзіліс

    3. оң аналық без кистасы аяқшасының бұралуы

    4. Бүйректік шаңшу

    5. Ішек өтімсіздігі

  4. 16жастағы науқаста 3 сағат бұрын аэробикадан кейін, іштің төменгі әсіресе оң жағындағы қарқынды ауру сезіміне, жүрек айнуына шағымданып келді. Етеккір қызметі бұзылмаған, жыныстық қатынаста тұрмайды. Объективті: дене температурасы 37.5 С. Тілі құрғақ, пульс 92 рет минуттына, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. айқын ауру сезіміне байланысты іштің терең пальпациясын жасау мүмкін емес. Щеткин-Блюмберг симптомы оң.Сіздің болжамалы диагнозыңыз:

    1. Аналық без апоплекиясы, ауру сезімді түрі

    2. Аналық без апоплексиясы, геморрагиялық түрі

    3. оң жақты жатырдан тыс жүктілік

    4. Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы

    5. пиосальпинкс

  5. Әйелде жүктіліктің 22-23 аптасы жедел жәрдем дәрігері келесі көріністерді анықтады: толық сау кезінде кенеттен іште қатты ауру сезімі, бір реттік құсу пайда болған. Пальпация кезінде жатырдың оң жағында дөңгелек пішінді, ауру сезімді, аз қозғалмалы ісік тәрізді түзіліс анықталды, Болжамалы диагноз қойылды: Жүктіліктің 22-23аптасы. Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы. Қандай стационарға науқасты апару керек:

    1. көп салалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне

    2. перзентханаға

    3. көп салалы аурухананың хиругриялық бөлімшесіне

    4. Перинатальды орталық

    5. Акушерства, Гинекология және Перинатология институты

  6. Жүктіліктің 35-36апталық мерзімді науқасты тексерген кезде, жедел жәрдем дәрігері болжамалы диагноз қойды: жүктіліктің 35-36аптасы. Сол жақ аналық без кистасы аяқшасының бұралуы. Қандай стационарға әйелді апаруы мүмкін:

    1. Көп салалыі аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне

    2. көп салалы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне

    3. перзентханаға

    4. Перинатальды орталық

    5. Акушерства, Гинекология және Перинатология институты

  7. Қыз балаға 13 жас. Жедел жәрдем дәрігері диагноз қойды: аналық без кистасы аяқшасының бұралуы. Қандай стационарға науқас жеткізілуі тиіс:

    1. Көп салалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне

    2. перзентханаға

    3. балалар ауруханасының хиругриялық бөлімшесіне

    4. Перинатальды орталық

    5. Акушерства, Гинекология және Перинатология институтына

  8. Науқас К-25 жаста іштің төменгі аймағында ауру сезімі, құсуға, метеоризм, субфебрильді температураның пайда болуына байланысыты жедел жәрдем бригадасын шақырды. 3 сағат бұрын жыныстық қатынастан кейін іштің төменгі аймағында қатты ауру сезімі пайда болған, но-шпа қабылдаған. Бірақ ауру сезімі одан сайын өрши түсті. 1 жыл бұрын УДЗ – оң жақта аналық без кистасы анықталды. жалпы жағдайы орташа қанағаттнарлық. Пульс-86 рет минутына. АҚ 100/50 мм сын.бағ. Пальпация кезінде іш ауру сезімді, құрсақ қуысының тітіркенгіш сиптомы оң. Сіздің диагнозыңыз?

    1. аппендицит

    2. тубоовариалды түзіліс

    3. жатырдан тыс жүктілік

    4. киста аяқшасының бұралуы

    5. Субсерозды түйіннің бұралуы

  9. Науқасқа 27 жас. Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы, киста аяқшасының 720 градусқа дейін бұралуына байланысты лапороскопия жасалған айқын ишемия және веноздық кідіру. Қандай көлемді операция қолданасыз?

    1. Аналық безін алып тастау

    2. Кистаны бөліп шығару

    3. Склероздаушы ерітінділер енгізу арқылы киста қуысын босату

    4. сау тінге дейін аналық без резекциясы

    5. жатыр қосалқыларын алып тастау

  10. Құрсақ қуысына қан кету қай аурудың көрінісі болмайды:

    1. Аналық без апоплексиясы, геморрагиялық түрі

    2. медициналық түсік кезіндегі жатырдың перфорациясы

    3. Көк бауырдың қабық астылық жарылуы

    4. аналық без кистасы аяқшасының бұралуы

    5. Жатырдан тыс жүктілік

  11. Науқас Н., 29 жаста, 3-күн дене қызуының болуына, іштің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, етеккірден кейін пайда болған жыныс жолдарының бөлінділеріне шағымданып гинекологиялық бөлімшеге келді. Кіші жамбас ағзаларын УДЗ кезінде Дуглас кеңістігінде 130 мл бос сұйықтық анықталды. Кульдоцентез жасалған – іріңді сұйықтық алынды. Сіздің болжама диагнозыңыз:

    1. Аналық без апоплексиясы, геморрагиялық түрі

    2. жедел аппендицит

    3. пельвиоперитонит

    4. Аналық без ісігі аяқшасының бұралуы

    5. Жарылған тип бойынша түтіктік жүктілік

  12. Науқас Н, 22 жас, жыныс жолдарынан қанды бөліндінің бөлінуіне, іштің төменгі аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасыың 38°С дейін көтерілуіне шағымданды. 12-13 апталық жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысына каттетір енгізгеннен кейін 2 ші тәулікте ауырды. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

    1. инфицирленген басталған асқынбаған түсік

    2. инфицирленген басталған асқынған түсік

    3. инфицирленген толық емес асқынбаған түсік

    4. Толық емес асқынған түсік

    5. Инфицирленген асқынбаған түсік

  13. Науқас 26 жаста. Жүктіліктің 7-8 аптасында бірнеше күн бұрын артифициалды түсік жасалды. Әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, қалтырауға, ауру сезіміне және іштің кебуіне шағымданды. Объективті: бозарған. Тілі құрғақ. Дене температурасы 38,90С дейін көтерілуі. АҚ 100/60 мм сын.бағ Тамыр соғысы-98 рет минутына. Іш кернелген, пальпация кезінде төменгі аймағында ауру сезімі Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Жедел жәрдем дәрігерінің болжамалы диагнозы:

    1. Асқынған артифиалды түсік. Метроэндометрит

    2. Асқынған медициналы түсік. Пельвиоперитонит

    3. Асқынған артифициалды түсік. Ұрық жасушасының қалдығының қалуы

    4. Асқынған артифициалды түсік. Дене қызуының көтерілуі

    5. Медициналық түсіктен кейінгі жағдай.

  14. Босанушы 25 жаста, қанағаттанарлық жағдайда, босанғаннан кейін үшінші күні перзентханадан шығарылды. Босанғаннан кейін 20- тәуліктегі шағымдары; қалтырау, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік. Объективті: бозғылт, тері жамылғылары құрғақ, ыстық. Сүт бездері жұмсақ, тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, төменгі бөлігі ауру сезімді, жыныс жолдарынан жағымсыз иісті бөлінділер. Жедел жәрдем дәрігерінің болжамалы диагнозы:

    1. Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Сепсис.

    2. Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Метроэндометрит.

    3. Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Пельвиоперитонит. Сепсис?

    4. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңі. Септикалық шок.

    5. босанғаннан кейінгі кеш кезең. Пельвиоперитонит.

  15. Әйел бірнеше жыл бойы 2 жақты созылмалы андекситпен ауырады. Тоңып қалғаннан кейін (теңізде суға түскен) іштің төменгі аймағында ауру сезімі пайда болған.4 күн бойы өз бетінше антибиотиктерді қабылдаған. Кешке қарай дене температурасы жоғарлап, қалтырау пайда болған, іштің төменгі аймағында ауру сезімі күшейе түсті. Жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем дәрігері улану белгілерін және құрсақ қуысының тітіркену симптомын анықтады. Болжамалы диагноз:

    1. созылмалы аднекситтің асқынуы.

    2. Жедел 2 жақты сальпингоофорит асқынуы.

    3. Жедел 2 жақты днекситтің асқынуы. Пельвиоперитонит.

    4. 2 жақты аднексит асқынуы. Пельвиоперитонит.

    5. Пельвиоперитонит.

  16. Науқас 35 жаста жыныс жолдарынан қанды бөліндінің бөлінуіне шағымданып келді. Соңғы жылдары ұзақ көп мөлшердегі етеккірдің келуі байқалған. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цилиндрлі формада, еріндері жабық. Жатыр 8-9 апталыққа сәйкес үлкейген, қозғалмалы, ауру сезімсіз, тегіс. Қосалқылары пальпацияланбайды. Күмбез тереңде орналасқан. Сіздің диагнозыңыз:

    1. Репродуктивті жаста дисфункционалды жатырдан қан кету

    2. аденомиоз,түйінді түрі

    3. толық емес өзіндік түсік

    4. жатыр миомасы

    5. Климактериялық қан кету

  17. Науқас 26 жаста . гинекологиялық стационарга мынандай диагнозбен келді: дамымаған жүктіліктің 9-10 аптасы (етеккірмен 12-13 апта) . арнайы дайындықтан кейін жатыр қуысын қыру басталды. Жатыр қуысын қырғаннан 30 минуттан кейін ал қызыл түсте, ұйымайтын қан ағу басталды. Ұю уақыты 9 минут.сіздің диагнозыңыз?

    1. 9-10 аптадағы дамымаған жүктілік.ТШҚҰ синдромы. Қан кету.

    2. 12-13аптадағы дамымаған жүктілік. ТШҚҰ синдромы. Қан кету.

    3. 7-8 аптадағы дамымаған жүктілік. Қан кету.

    4. 12-13 аптадағы дамымаған жүктілік. Қан кету.

    5. 9-10аптадағы дамымаған жүктілік. Ұрық қалдықтарының қалуы. Қан кету.

  18. Гинекологиялық зерттеуде пельвиоперитонитке келесі көрсеткіштер тән:

    1. Жатыр тығыз, қосалқылар ұлғайған, ауру сезімді, көп мөлшерде ақ бөлінділер

    2. жатыр және қосалқылар кенет ауру сезімді, пальпацияланбайды, күмбезде ілінген, ауру сезімді

    3. Қынаптың шырышты қабаты қызарған, ісінген, іріңді бөлінділер

    4. Жатыр ауру сезімді, ұлғайған, қосалқылар анықталмайды

    5. Жатыр тығыз, қалыпты өлшемде, қосалқылар ұлкеймеген