- •Студент практиканттың сабағын талдау
- •Сабақты өзіндік талдау
- •Студенттін сабақты талдауы (Өзіндік талдау)
- •9«Ә» сыныбының сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •IV курс
- •Бижанова Зарина
- •Студент – практиканттың шеберлігін анықтаудың үлгісі (мониторинг)
- •Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет
Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет
Біз педагогикалық іс – тәжірибеден Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының базалық мекемесі №51 гимназиядан өттік.
Бұл гимназия Ақтөбе қаласындағы 12 мөлтек ауданында 30 А үйде орналасқан. Гимназия телефоны 26-60-11, факс номері 26-60-11. Қазіргі заманғы проектімен салынған 3 қабаттан тұратын үлкен ғимарат.Гимназия жаңа технологиямен жабдықталған, 5 интерактивті тақта, 1 мультимедиялық кабинет бар. Әр пәннің жаңа приборлармен жабдықталған кабинеті, лабораториясы бар. Гимназияда 2 спорт зал, 1 акт залы, 1 асханасы, музейі бар.
Гимнзияда барлығы 1259 оқушы 2 ауысыммен оқиды. Барлығы 45 класс бар. Мұнда білім деңгейі жоғары, классификацияланған 104 мұғалім жұмыс жасайды. Жас мамандар да баршылық. Мұғалімдер әр сабақтарын жаңа БиС технологисын пайдаланып өткізеді.
Мектеп директоры – Бегимова Әлия Байдәулетқызының білім дәрежесі жоғары, педагогикалық жұмыс стажы көп. Оның 6 орынбасары бар. 5-еуі оқу ісі жөніндегі, 1-еуі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Мектепте оқушылар мен ұстаздар қатаң тәртіпті сақтанып, мектеп ережесіне бағынады. Оқушылар арасында өзін – өзі басқару жүйесі жұмыс жасайды. Мектептің өз президенті, заң шығарушы органы, құқық қорғаушысы, тәртіп қадағалаушысы бар. 2 апта сайын мектеп оқушыларының жиналысы болып тұрады. Оқушылар күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасап, сабақтарын әнұран орындаумен бастайды. Әр мейрамға арналып мерекелік шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Мектеп жабдықталуы мен білім беруі бойынша Ақтөбе қаласында бірінші орын алады. Оқушылар қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардан үнемі орын алып жеңімпаз атанады. Тіпті шет елдердегі олимпиадалардан, жарыстардан орын алған оқушылар бар. Гимназия түлектері жыл сайын мектепті алтын белгімен бітіріп, АҚШ, Германия, Малайзия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания республикаларында ЖОО – да оқиды.
Сабақты психологиялық талдау деңгейі |
Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері |
Мұғалімнің шәкіртке қатысты міндеттері |
Шамалаушы |
|
|
Ағымдық |
|
|
Ретроспективті |
Сабақ үстінде өзара түсіністік жақсы болды. Сабақ өтуде білім беру, оны қабылдау, сабақ мақсаты орындалды. Уақытты үнемді пайдалануға тырыстым. |
Уақытты үнемді пайдалануға тырыстым. Сабағым ойдағыдай өтті және алдыма қойған мақсатыма толық жеттім деп ойлаймын. |
