Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавой Баскару гылымы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆
  1. Менеджменттің эволюциясы 3.1. Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы.

Еңбектік қызметті ұйымдастыру  жүйесі – менеджмент ғылым ретінде  АҚШ-та ХIX-XX Ғ.Ғ.пайда болды.Осы кезеңдегі  менеджменттің негізгі бағыттары (мектептер):

         Тейлор,Гильберт және т.б. ғылыми  басқару мектебі (1885-1920) еңбектің  ұтымдылығы, материалдық қызығушылық  тиімділігінің жоғарыдауына әкеледі;

Файоль,Вебер және т.б. классикалық  мектебі (1920-1950)-басқарудың жан-жақты  принципі;

Маслоу және т.б. адамдық  қатынастар мектебі (1930-1950) – адамдар  арасындағы қарым – қатынастар;

Аржирис,Маркерттің  іс-арекет мектебі –психологиямен әлеуметтану  негізіндегіадамдық потенциалды максималды қолдану;

Винер,Аккофаның көлемдік мектебі – оқиғаларды компьютерлі  математикалық үлгілеу.

Ғасырдығ басынан (басқару  теориясының пайда болуынан бастап) және 1960 жылдары басқару принціптері  жабық тип бойынша құрылған.Басқаша  айтқанда,жетекшілерді кәсіпорыннан тыс  пайда болатын мәселелер қызықтырмады,әсіресе:бәсеке,өткізу сұрақтары және басқа да сыртқы мәселелер.Фирма  қызметі жабық жүйе тұрғысынан қарастырылды.Қазіргі  уақытқа дейін біздің республикамыздың кейбір кәсіпорындарында басқарудың бір  түрі қолданылады.

Басқару ғылыми фирманың қызметі  сыртқы ортамен  байланысты болғанда туындайтын мәселерді шешу амалдарына қоғамның  дамуымен,шығарылатын  өнімнің күрделіленуімен,ғылыми сыйымды  өндірістердің өсуімен қадам  жасай бастады.

Алайда,басқару  идеалары өзінің дамуында егер фирманың қызығушылықтар орындаушылардың,яғни жұмысшылар мен  қызметшілердің  қызығушылықтармен  сәйкес келсе ғана максималды пайда  алу мүмкін екендігін түсінді,бұл  ұтымдылықты адам факторына бейімдеуге әкелді.

ХХ ғасырға дейін ұйымды жүйелібасқару жүйесіне байланысты сұрақтар ешкімді қызықтырмады,дегенмен ХIX іасырдың басында Роберт Оуэн өзінің көп уақытын ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелерәне арнады.Тұрақ – жай  беріп, жұмыстың жағдайын жақсартып,қосымша  еңбекақы төлеп,материалды қызығушылықты  дамытты. Қоғамның  дамуы жүйелі басқаруды  талап етті. Англияда өнеркәсіптік революция  басқаруға деген қызығушылыөты  арттырады. 1911 жылы Фредерик Тейлордың  «Ғылыми басқару принциптері» еңбегі жарық көрді. Басқарудың ғылыми пән  ретіндегі дамуы алға қадам жасауға  әкелмеді.

Басқарудың теориясының  жетістігі басқа математика,әлеуметтану  облысындағы білімдердің жетістіктерімен  байланысты болады.

Эволюция  - біртіндеп  даму, өзгеру (антонимі  революция).Қазіргі  уақытта бір-бірін толықтыратын әйгілі төрт басөару мектебі бар, олар басқарудағымектептердің төрт маңызды амалдарынан тұрады.

Кең мағынада алғанда  басқару  дегеніміз – қоғам ұдайы өндірісті  нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару  табиғатына барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеде 3 компаненті бар.Олар:

1. Өлі табиғат.

2. Тірі табиғат.

3. Адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процесін былайша ірі көлемде саралауға  мүмкіндік береді.

1. Өлі табиғат- техникалық жүйелерді басқару, адамдардың қатысуымен станоктар мен механизмдерді басқару. Бұл жүйемен  техникалық ғылымдар айналысады.

2. Тірі табиғат- биологиялық жүйеде басқару. Бұл басқару процесінде философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы – жаратылыстану ғылымын зерттейді.

3. Адам қоғамын әлемдік жүйеде басқару. Шын мәнінде келгенде  адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші » ретінде адамдардың табиғатпен қоғам заңдарын танып, олардың материалдық игіліктерін өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады.

  Өндірісті басқару ғылымы басқару қатынастарын зерттей отырып, басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, принциптерін әзірлеу жолымен оның теориясын жасауы тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны - өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесі мен басқарылатын жүйенің бірлігі мен арақатнастарын зерттеу, өндірісті басқару процесіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасын, функциясын, әдістерін әзірлеу.

   Өндірісті басқару  ғылымының міндеті – басқару  қатнастарының механизімін түсіндіру.  Мұндағы міндетті басқаша 

айтқанда,  басқаруды азын аулақ адамның  шамасы келетін өнерден, осы  салаға маманданушы әрбір білікті  адам істей алатын ғылыми жүйеге  айналдыру болып 

табылады.

Өндірісті басқару ғылымы 5-ке бөлінеді.

1. Өндірісті басқару методологиясы мен теориясы.

2. Өндірісті басқару басқару объектісі мен субъектісі құрылысын ұйымдастыру.

3. Басқарушының ықпалды қалыптастыруының әдістері.

4. Басқару процесі.

5. Басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру жүйесі.

Басқару ғылымының әдістері.

1. Диалектикалық әдісі.

2. Жүйелік құрылымының әдісі.

3. Социологиялық әдісі.

1. Диалектикалық  әдіс  бүкіл қиындықтарына қарамастан, басқару қатынастары тек қана  диалектика тұрғысынан зерттелуі  мүмкін. Басқару қатнастарын зерттеуге  диолектикалық көзқарас танымының  талдау мен индукция, дедукция, гипотиза  мен эксперемент, бақылау мен  салыстыру және басқалары сияқты  әдістермен іске асырылады.

2.Жүйелік  құрылымдық  әдіс ол бір жағынан жүйелі  серпінді дамитын тұтас нәрсе  ретінде қарастыруды, екінші жағынан,  жүйені өзара іс-

қимылына қарай  құрылымдық болып табылатын элементтерге  бөлшектеуді көздейді.

3. Социологиялық әдіс ( сауал  – сұрақ және басқалары) маңызы  мынада: оның көмегімен басқару  қатынастары, олардың адамдарға  және солар арқылы қоғамдық  өндірістің тиімділігін арттыруға  жасайтын ықпалы тұрғысынан зерттеледі.

Өндірісті басқару ғылымында  бірқатар арнаулы ғылыми әдістер, басқару  қатнастарын зерттеудің ерекше құралдары: ұйымдық нормалау, ұйымдық диогностика, факторлық талдау, ұйымдық жобалау, графикалық әдістер, үлгілеуәдістері  және басқалары болады.

Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңі басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны “тейлоризм” деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер “нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әлі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын” зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. [9.7-бет]

Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик , Джеймс Муни, А.К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибебені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: “басқару-кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатта жетелеу”. Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігінше алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-шы жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен

айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949) болды. Осы ілім формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868 – 1993), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп “басқару ғылыми немесе сандық ықпал” мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол “ситуациялық әдіс” деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдайымен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясының “классикалық мектебі” мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.

Бихевиористік (міне-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдайымен байланысты.

“Басқару ғылыми” мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, “қырғи-қабақ соғыс” өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

“Ситуациялық тәсіл” мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндің ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың –американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі Әбу- Насыр Әл-Фараби(870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тауке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1982-1766) болды. “Жеті жарғы” деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. “Жеті жарғы” - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақстардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. “Жеті жарғыға” сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс-құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идиеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.

ХVІІІ ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның территориялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781)

маңызды роль атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

ХІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақстардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889) мен А.Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты. [9,13,-бет.]

ХХ ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқаев, Л. Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С. Меңдешев, Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай облысында - Ә. Бөкейханов, Жетісуда- М.Тынышпаев, Түркістанда –М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуіктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өндірісті ұйымдастырушысы Қ.И. Сәтпаев (1889-1964) болды. Ол бірінші кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарындағы еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелінетін нақтылы материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д.А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО- ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мұнда елдегі

түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен потенциалы болды.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік –бұйрықтық әдістерін ауыстырады. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: “Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық өсуіне қамқорлық көрсетеді”.

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді.

а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек:

ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

б) “мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?” деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.

г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджментті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджментті қоғамдық мәнділігі біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.

Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.ғ. Ахметовтың “Менеджмент негіздері” (1993ж) кітабы болып есептелінеді. Біздің пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан “Менеджмент негіздері” (1994ж), “Қазақстан экономикасын басқару негіздері” (2001ж) жұмыстарының авторы К.Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады.

Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Каренов Р.С зерттеді. Одан басқа “Өндірістік менеджмент” (1996ж), “Инновациялық менеджмент” (1997ж) атты еңбектерінде нарықтық экономикасы жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә. Әбдірешевтің “Кәсіпорынның өндірістік менеджменті” (2001ж) кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюнктура жағдайында қаржы менеджмерінің ролі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.

Осылайша қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады