Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи по педиатрии на каз.языке.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

Есеп№13.

Қыз бала 1 жаста. Анасы дәрігерге баланың тәбеті төмендеп, көңілі енжарлығы туралы айтыпты. Ауырғанына 1 айдай болған. Қыз бала күні жетіп 3800гр. болып туылған. 7 айға дейін анасының сүтімен қоректенген, қосымша тамақ 10 айында сүттен жасалған ботқасы ретінде күніне 3-4 рет берілген. Көкөніс пюре, жұмыртқаның сарысы, ет, сүзбе, шырындар берілмейді. Баланың терісі солғын, мандай және төбе сүйектерінің бұдырмақтары өскен, қабырғаларда дөңестер айқындалады. Үлкен еңбегі 1,5х2см, шеттері жұмсақ, тісі -4, қарны үлкен. Қан анализінде НВ-60г/л, эритроциттер 2,5х1012.

  1. Қандай ауру туралы ойладыңыз ?

  2. Осы баланы емдеу және күтім принциптері.

  3. Алдын алу.

  4. Ларингоспазм кезінде көмек көмек көрсету.

№13 есептің жауабы.

1.Баланың шағымының негізінде: Баланың терісі солғын, мандай және төбе сүйектерінің бұдырмақтары өскен, қабырғаларда дөңестер айқындалады. Үлкен еңбегі 1,5х2см, шеттері жұмсақ, тісі -4, қарны үлкен.

Диагноз:Мешел.

2.Емдеу және күтім:Әдейленбеген:ана сұтімен емізу,таза ауа,массаж

Эдейленген:спиртті,майлы ерітіндісі витамин Д 3

3.Алдын алу:Эдейленген және эдейленбеген профилактика тумастан бұрын және туылғаннан кейін

4.Стандартты қара.

Есеп№ 14.

Медбике жаңа туған нәрестеге патронажға барғанда, баланың кіндік жарасынан ірің шыққанын байқады. Кіндіктің айналасы қызарған, ісінген.

  1. Қандай ауру туралы ойладыңыз ?

  2. Бұл аурудың себептері.

  3. Қандай кеңестер бересіз анасына.

  4. Шала туылған баланы зонд арқылы тамақтандыру.

№14 есептің жауабы.

.

1.Диагноз: Флегмонозды омфалит..

2.Баланың шағымының негізінде: баланың кіндік жарасынан ірің шыққанын байқады. Кіндіктің айналасы қызарған, ісінген

3.Жеке гигиенасын сактау.

4.Стандартты қара.

Есеп№ 15.

Участкелік педиатрдың қабылдануына анасы бес жастағы баласын келесі шағымдарымен алып ке лді: сонғы үш аптада бала жөтеледі ,тәбеті төмендеген,терлегш,тез шаршайды,тыныш ойындарды ұнатады.

Дәрігер тексергенде:баланың дене құрылысы дұрыс,дене бітімі арық,тері мен щырыш қабықтары боз.Дәрігер қолмен басып жақ асты ,мойын,бұғана үсті, қолтық лимфа түйіндерінің ұлғайғанын анықтады.

Лимфотүйіндер жүмсақ,қозғалады,диаметірі 5-6 мм,Ішкі мүшелері жағынын өзгерістері жоқ.

Тексеру өткізгеннен кейін дәрігер мейірбикеден зертханаға қан мен несептің жалпы анализдеріне және рентгенкабинетке кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясына жолдама жазып беруін және профилактикалық егулер кабинетіне жіберуін өтінді.Баланың анасына күніне екі рет :таңғы 8.00 және кешкі19.00- да баланың дене қызуын өлшеп .арнайы дәптерге жазып отыруын сұрады.

1.Кандый ауру туралы ойлауға болады

2.Кандай мақсатпен бала профилактикалық егулер кабинетіне жіберілді:

3. Осы жағдаят бойынша күтім жабдықтарын дұрыс қолдана отырып,сәйкес фантомдарда, муляждарда және симуляциялық тренажерларда практикалық манипуляцияларды орындаңыз:

Баланың дене қызуын өлшеу.

4.Ерте жастағы ұл балалардан зәр жинау тәсілі.