- •2002-2006 Жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу"
- •1. Бағдарламаның паспорты
- •3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
- •4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
- •5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
- •6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
- •7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
- •8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Республиканың дәрілік құралдарға қажеттілігінің 3 %-ға жуығы ғана өз өндірісі есебіне қанағаттандырылып келгендіктен, КСРО ыдырап, шаруашылық байланыстар үзілгеннен кейін Қазақстан Республикасында дәрілік қамтамасыз ету проблемасы туындады. Шикізат дайындауға және одан кемірек дәрежеде дайын дәрілік нысандар жасауға бағдарланған отандық фармацевтика өнеркәсібі капсула мен ампула жасау сияқты дәрілік шикізатты өңдеу мен дәрілік құралдар орауыштарын жасаудың технологиясы жоғары тәсілдерін жүзеге асырған жоқ. Қазақстан Республикасының фармацевтік өнеркәсібін ұйымдастыру жөнінде Үкімет қабылдаған шаралар фармацевтік препараттар мен медициналық техника өндірісінің саласындағы оң өзгерістерге негіз болды. Қазіргі таңда Қазақстанның фармацевтік өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі бар. Жыл сайын Қазақстанда өндірілетін медикаменттердің көлемі 10 %-ға өсіп отырды, ал 2000 жылы 35 %-дан астам құрады. 1997 жылы 9 миллион АҚШ доллары сомасына медикаменттер шығарылды, 1998 жылы 10 миллион, 1999 жылы 11,5 миллион, 2000 жылдың аяғында - 16 миллион АҚШ доллары. Отандық өндірушілердің республика фармацевтика рыногындағы өнімнің үлесі жоспарлы түрде арттырылуда: 2000 жылдың аяғында ол 6 %-ға дейін өсті. Қазіргі уақытта, фармацевтика препараттарының әлемдік рыногында өсімдік тектес құралдардың үлесі 40 %-дан астам құрады. Оның үстіне, оның өсу үрдісі айқын аңғарылуда және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның болжамдары бойынша таяудағы он жыл ішінде дәрілік құралдардың жалпы көлеміндегі фитопрепараттардың үлесі 60 %-дан астам құрайды. КСРО фармацевтік өнеркәсібі үшін жабайы өсетін өсімдік шикізатының 80 %-дан астамы Қазақстан мен Орта Азияның аумағында дайындалатын. Бұл ретте, Қазақстанда жалпы дайындалатын шикізат мөлшерінің 3 % ғана өңделетін, оның өзінде өңдеу, негізінен неғұрлым қарапайым гален нысандарын (тұнбалар мен сұйық экстрактілер) дайындаумен шектелетін. Қалыптасқан жағдайдың нәтижесінде республика едәуір залал шекті, өйткені, отандық шикізат негізінде өндіріліп, одан кейін Қазақстанға таяу шет елдерден импортталатын дайын дәрілік нысандардың құны бастапқы өсімдік шикізатының құнынан 7-10 есе жоғары болды. Тиімділігі жоғары жаңа отандық фитопрепараттарды жасау саласындағы озық ғылыми зерттеулер республикада 1997-2001 жылдарға арналған "Фитопрепараттарды жасау мен өндіріске енгізу және республика тұрғындары мен медициналық мекемелерді отандық дәрі-дәрмек көздерімен қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде орындалуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны осы Бағдарламаны әзірлеу мен орындау жөніндегі басты ұйым болып табылады. Жоғарыда аталған бағдарламаның шеңберінде 1997-2000 жылдар кезеңінде республикада дүние жүзінде ұқсас ештеңе жоқ бірегей отандық мынадай фитопрепараттар: ісік қайтаратын "Арглабин" құралы, "Салсоколлин" гепатопротекторы, асқындырмайтын және жараны жазатын "Биалм" және "Калиор" майлары, иммунитетті күшейтетін және вирусқа қарсы "Рувимин" және "Гликардин" препараттары, дерматитке қарсы "Рамон", пародонтозға қарсы әрі қабындырмайтын "Тополин" препараты, терапиялық әсері кең ауқымдағы "Аквитол", "Қызыл май" және басқа да препараттар (барлығы 20-дан астам атауы бар), әртүрлі профилактикалық, витаминдік құралдар өнеркәсіптік өндіріске енгізілді. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірістердің базасында фитопрепараттарды сериялап шығарудың өндірісі жолға қойылды. Дәрілік құралдарды жасау мен оларды сериялап шығарудың өндірісіне дейін жеткізудің негізгі проблемалары - жоспарланатын әзірлемелердің ғылым мен ресурстарды қажетсінуі, республикада машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты фармацевтика өнеркәсібімен сабақтас салалардың жеткіліксіз дамуы болып табылады. Қазақстан Республикасында өсімдік тектес дәрілік препараттарды жасау мен өндірудің едәуір ғылыми-техникалық әлеуеті, зор шикізат базасы және оны одан әрі нығайту мүмкіндіктері бар. Жоғарыда аталған факторлар осы бағдарлама тапсырмаларының орындалуына алғышарт болып табылады. Өсімдік тектес жаңа дәрілік препараттарды жасау және оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу, өндірілетін фармацевтік өнімдердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар ғылым мен ресурстарды қажетсiнедi, мұның өзі республикада қалыптасқан экономикалық жағдайда оларды жеке компаниялардың инвестициялауына тартымсыз етеді. Алайда, шетелдiк тәжiрибе осы жұмыстың болашағы бар әрi басым жүргізiлуі керек екенін көрсетті. Дамыған шет елдерде бір ғана дәрiлiк препарат шығарудың шығындары 10 миллион АҚШ долларын құрайды. Әйтсе де, әлемнiң жетекшi фармацевтiк компаниялары жаңа дәрiлiк құралдар жасауға өз кiрiстерiнiң 25 %-дан астамын жұмсайды. Республика фармацевтика өнеркәсiбiнiң қалыптасқан инфрақұрылымын, оның импортталатын субстанциялар ("дженериктер") немесе дайын дәрiлiк құралдар (орауыштар) өндiрiсiнiң аяқтаушы сатыларына бағдарланғанын, сондай-ақ республиканың негiзгi ғылыми-техникалық әлеуетінің экономиканың мемлекеттік секторында шоғырлануын ескере отырып, бiрегей дәрiлiк құралдар жасау саласындағы ғылыми талдамаларды қаржыландырудың неғұрлым ұтымды жолы - мақсатты мемлекеттiк бюджеттiк қаржыландыру болып табылады. Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсiбiнiң ғылыми-техникалық әлеуетiн одан әрi нығайту және Қазақстан Республикасының өсімдiк шикiзаты негiзiнде өмiрлiк маңызы бар бiрегей импорт алмастырушы жаңа дәрiлiк құралдарды жасау мен өндiрiске енгiзу үшiн осы Бағдарлама әзiрлендi. Бағдарлама тапсырмаларының орындалуын ресурстық және технологиялық қамтамасыз ету үшін бірегей технологиялық жабдықтар, аспаптар мен материалдарды отандық өндiрушiлерге басымдық берiледi, халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде, сондай-ақ шетелдiк өндiрушiлердi тарту жоспарлануда. Жоғары технологияларды пайдаланып, жергiлiктi өсімдiк шикiзаты негiзiнде жасалатын, олардың өзiндiк құны төмен дәрiлiк құралдардың жоғары сапасын қамтамасыз ететiн дәрілiк құралдардың бiрегейлiгi осы бағдарламаның шеңберiнде жасалатын препараттардың бәсекелiк қабiлетiн қамтамасыз етуде және олардың одан әрi сыртқы рынокқа шығуына бағдарлауға шешушi фактор ретiнде қызмет етедi. Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту мiндеттерiнiң басымдығын ескере отырып, осы ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру негiзiнен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша ықтимал тапсырыс берушiлердiң қаражаттары, несиелер және басқа да көздер тартылатын болады. Осы Бағдарламаны орындаудың нәтижесi Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсібінің өндірістік базасының қалыптасуы мен дамытылуы, бірегей дәрілік препараттар өндірісінің көлемі мен түр түрін ұлғайту болып табылады, мұның өзі республиканың фармацевтика рыногындағы отандық препараттардың үлесін көбейтуге және халықты өмірлік маңызы бар әрі қолы жете алатын дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
