Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

8. Әдебиет

1. Акушерство: оқулық + CD/ ред. бойынша Г.М. Савельевой, Р.И. Шалиной, Л.Г.Сичинавы, О.Б.Паниной, М.А. Курцера. – М., 2008. – 656 б.

2. Гинекология: оқулық/ ред. бойынша Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко.- 3-і басылым.-М., 2008ж.-432 б.

9. Бақылау ( сұрақтар)

1) Босануға дейінгі патронаж.

2) Жүкті әйелдердің тамақтануы.

3) Антенатальды профилактика.

1.Тақырып №3: №3 Жүкті әйелдердің индивидуальды картасына анализ жасау немесе туа біткен ақаулықтардың ерте диагностикасына және алдын алуына презентация дайындау.

2. Мақсаты:амбулаториялық жағдайда актуальды сұрақтар бойынша науқастарды жүргізуді,жүкті әйелдердің индивидуальды картасына анализ жасап,туа біткен ақаулықтардың ерте диагностикасын және алдын алуын үйрету, берілген нұсқаулар бойынша білім мен дағдыларын бекіту (оқып жатқан тақырып бойынша нақты мақсатын көрсету).

3. Тапсырмалар: : қалыптасқан емханалық сұрақ бойынша айғақты ақпарат іздеу нәтижесін ұсыну және ғылыми мақалалардың критикалық анализін өткізу.

2) 3 ситуациялық есеп құру және презентация дайындау

4. Орындау формасы: (реферат, презентация, есептерді, тестілерді, алгоритмдерді құрастыру, сырқатнама, рөлді ойындарға сценарий, рецензиялар жазу және т.б.)

5. Орындау критерийлері: Талаптардан Семей қ. ММУ (№6 хаттама 22.06.09) ОӘК бекітілген қажетті СӨЖ формасын таңдап алу керек

Эссе

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Эсседе студент шығармашылық ойлауын, талдауын, критикалық көзқарасын және өз ойын нақты және анық жазбаша түрде көрсету керек;

  2. Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

  3. Эссе көлемі - 5-7 бет;

  4. Дәлелді қорытындылар және ұсыныстар;

  5. Ұқыпты өткізілген талдау;

  6. Эссе жеке орындалады, басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті;

  7. Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек;

  8. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

  2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

  3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

  4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

  5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

  6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

  7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

  8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: (мысалы, 4 апта немесе циклдік сабақтар үшін – циклдің 3-ші сабағы)

7. Бағалау критерийлері: СӨЖ бағалау шкаласы бойынша (орындау критерилеріне сәйкес)