- •6 Тақырып кәсіпкерліктегі инновация
- •6.1 Кәсіпкерліктегі инновациялық қызметінің мәні.
- •12.1 Сурет - Инновациялық үрдістің схемасы
- •6.2 Инновацияның қазіргі заманғы тұжырымдамасы мен бағалануы
- •6.3 Қазақстандағы инновациялық үрдістер мен жаңалықтар нарығының қалыптасуы
- •6.4 Қазақстандағы венчурлік бизнестің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
- •6.5 Қазақстандағы инновациялық (венчурлік) бизнесті мемлекеттік реттеу
- •Toyota: инновациялық негізде келешектік автомобиль құрылысын сипаттаушы брэнд
6.4 Қазақстандағы венчурлік бизнестің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
Венчурлік бизнес – қарқындылықпен әлеуетті дамушылықты танытатын кәсіпорындарға акционерлік капитал және инвестициялық несие түріндегі инвестициялауды қарастырамыз.
Кәсіпкерліктің бұл түрі көп жағдайда тәуекелдіктің елеулі деңгейінде және де табыстылық кепілденбеген салаларда ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыру үшін тән болып саналады. Венчурлық қор жоғарғы технологиялық салалардағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына инвесторларды тартумен айналысады. Көп жағдайда, қаражаттарды салым жасайтын объекті тұрғысында сол қаражаттың жетіспеушілігінен банктік несиені тарту мүмкіндігін иемденбейтін фирма қарастырылады.
Венчурлік бизнесті іске асырудың негізгі кезеңдері келесідей сипатталады:
Жаңа венчурлік инновациялық жобалардың бірқатары үшін бастапқыға дейінгі қаржыландыру (seed) қарастырылады.
Егерде бірінші кезең табысты аяқталса, онда бастапқы қаржыландыру (start up) кезеңіне ауысамыз, мұнда жаңа фирманы ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқатылып, оның негізгі қызметкерлері таңдалынады, жаңа өнімді, технологияны әзірлеу аяқталынады және де оны сынаушылық жүргізіледі, сонымен қатар, мақсатты нарықтың қажеттілігіне маркетингтік зерттеу жүргізіледі.
Алғашқы кеңею (early expansion) кезеңі инновациялық фирманың жаңа өнім түрлерін шығару мен жаңа қызметтер түрін коммерциялық игеру бойынша тәжірибелік қызметке ауысуымен байланысты. Осы кезеңде фирма жарнамаға, тұынушыларда өзінің репутациясының бекуіне, бәсекені жеңуге, тауарлық өнімдердің өткізу желісін құруға, өндірісті басқаруды ұйымдастыру мен жетілдіруге қажеттілік танытады.
Алғашқы кеңею кезеңі табысты аяқталса, онда, оның артынан жылдам кеңею (rapid growth) кезеңі басталады, онда жаңа фирмаға өндірістік қуаттылықты, айнымалы капиталды арттыру, өткізу жүйесін жақсарту үшін, сонымен қатар, шығарылатын өнімдердің сапалық параметрін жетілдіру мақсатында елеулі қаражаттар қажет.
Венчурлік капитал инвесторларының соңғы мақсаты болып өтімділік {liquidity stage) кезеңінің кезегі келеді, яғни, алынған жаңалықтарды кәсіпкерлік фирманың акция инвестицияларына алмастыру қарастырылады.
Венчурлік бизнестегі инфрақұрылымдар.
Инновациялық жүйенің негізгі әдістемелік құраушылары ретінде келесілер қарастырылады:
Нормативтік бағыт өзіне ғылыми-техникалық саладағы венчурлік инвестициялау жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуші нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануын енгізеді. Осы бағыт шегінде келесілер қарастырылады:
Венчурлік инвестициялау жүйесінде қатынастарды реттеуші нормативтік-құқықтық базаларды қалыптастыру;
Венчурлік инвестициялау жүйесінде қатынастарды реттеуші нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру;
Венчурлік инвестициялау жүйесін мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, оның ішінде, салықтық және кедендік заңнамаға, мемлекеттік кепілдік ұсыну реттілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Екінші қор нарығын дамыту, оның ішінде, венчурлік кәсіпорындардың құнды қағаздарымен биржалықсауда, Интернет желілері мен басқа да нарық механизмдерінде электрондық сауда жүйесін жандандыру.
Венчурлік инвестициялаудың жүйесін дамытудағы ұйымдастырушылық бағыт республикалық, аймақтық және салалық венчурлік инвестициялық институттардың, басқа да венчурлік инвестициялаудың элементтерін құруды қарастырады.
Венчурлік инвестициялаудың жүйесін дамытудағы экономикалық бағыт венчурлік инвестициялау үшін қаржылық құралдарды анықтайды.
Венчурлік инвестициялаудың ұлттық жүйесін құрудың мақсаты мен міндеттері тұрғысында келесілер қарастырылады:
инновациялық қызметтерді, ең алдымен, кейбір қаржылық ресурстардың қайта бағдарлануы есебінен шағын инновациялық кәсіпкерлікті инвестициялық қамтамасыз етуді жақсарту;
серпінді инновациялық, оның ішінде, қазақстандық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырушы технологиялық жобаларды венчурлік инвестициялау үшін оңтайлы нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлік, қаржылық жағдайларды құру;
экономиканың нақты секторында, ғылыми-техникалық салаларда, жоғарғы технологиялық кешенде шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту;
ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтер нәтижесін коммерцияландыруға әрекеттесу;
ғылыми-инновациялық концендердің, ғылыми-техникалық прогрестің постиндустриалды кезеңдерінің сындық массасын қалыптастыру есебінен экономиканың нақты секторын жаңғыртуға әректтесу;
шаруашылықтық айналымға, еліміздің инвестициялық ресурстарына тұрғындардың салымдарын тарту.
Қазақстанда венчурлік қаржыландыру мемлекет тарапынан қолдаушылықпен іске асырылады. Мемлекеттік саясат кішігірім компаниялардың жағдайын жеңілдетуге, кәсіпкерлікті ынталандыруға және шағын кәсіпорындарды құру мен дамытуда инвесторларды демеу аясында жүргізіледі. Бүгінгі таңда, мемлекет экономикалық түрленулер мен өзгерістердің ірі көлемді өнеркәсіптік монстрларды үлкен емес коммерциялық кәсіпорындармен алмастырушылыққа елеулі түрде байланысты екендігін түсінеді.
