Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Eraly_Erkin (3).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

2013 Жылғы қыркүйектегі орташа айлық атаулы жалақы

2013 Жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 970 теңгені құрады

Статситика агенттігінің мәліметінше, салалық құрылымдарда ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 199,4 мың теңге, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 197,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,8 есе көп) және қаржы және сақтандыру қызметінде – 185,7 мың теңге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркелді – 61,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,1%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 186,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 77,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,9%-ға төмен

  1. Еңбекақы төлеуді талдау

2.1. "Ауыл-құрылыс"жшс -де еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жолдары

Кәсіпорынның деректері бойынша 2012 жылы барлық жұмыскерлер саны 109 адамнан 2013 жылы 122 адамға, яғни 13 адамға артқан. Кәсіпорынның еңбек ресурстары жоспарға сәйкес қажеттілік көлемімен анықталады. кестеде кәсіпорынның 2012-2013 жылдардағы еңбек ресурстарымен қамтылғанын көреміз.

9 кесте - "Ауыл-құрылыс" ЖШС -де еңбек ресурстарымен қамтылуын талдау.

№

Жұмыскерлер категориясы

2012 ж

2013 ж

Пайыз қатынасында өзгеруі

1

Жұмыскерлер саны

109

122

111

1.1

Жұмысшылар саны

89

106

119

-негізгі жұмысшылар

36

42

116

-көмекші жұмысшылар

53

64

120

1.2

Қызметкерлер

14

11

78

1.3

Әкімшілік персонал

6

5

83

9 кестеден жұмысшылар саны 2013 жылы 119%-ға өскен. Соның ішінде негізгі жұмысшылар 116%-ға өссе, көмекші жұмысшылар 120%-ға өскен. Бұл кәсіпорынның өндірістік қажеттіліктерінің жұмысшылардың қажет болғанын соның нәтижесінде өндірілген өнім көлемі өскенін көреміз. Еңбекақы төлеуді талдаудың негізгі мақсаты: еңбекақы жүйесі мен формаларын қолданудың негіздемесі; жұмыскерлердің категориясы мен кәсібіне қарай орташа жалақының динамикасы мен көлемін анықтау; еңбекақы қорындағы және жұмыскерлердің санындағы орташа жалақының ауытқуын анықтау; сыйақы жүйесінің тиімді жолдарын; жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуіндегі арақатынасы болып табылады.

10 кесте - "Ауыл-құрылыс" ЖШС -де жұмыскерлердің категориясы бойынша еңбекақы қаражаттарын талдау.

№

Жұмыскерлер категориялары

Еңбекақы қоры, мың теңге

Тізімдік саны, адам

Орташа айлық жалақы, тг.

2012ж

2013ж

2012ж

2013ж

2012ж

2013ж

1

Жұмысшылар

11377

16004

89

106

10652

12581

2

Қызметкерлер

4566

3852

14

11

27184

29187

3

Әкімшілік персонал

2769

2402

6

5

38461

40037

4

Барлығы

18712

22258

109

122

14305

15203

10 кестеден еңбекақы қоры 2013 жылы 118%-ға өскен, ал орташа айлық жалақы 15203 теңге, яғни 106%-ді құрады. Бұл жұмыскерлердің тізімдік санының 13 адамға өсуімен көрінеді. Орташа айлық жалақы жұмыскерлер категориясы бойынша 2013 жылы:

  • жұмысшыларда1929 теңгеге немесе 118%;

  • қызметкерлерде 2003 теңгеге немесе 107%;

  • әкімшілік персоналдарда 1576 теңгеге немесе 104% өсіп отыр

Жұмыскерлердің еңбекақы қоры келесі төлем түрлерін қамтиды:

  1. ақшалай түрдегі жалақы:

  • орындаған жұмысы үшін есептелген жалақы (тарифтік ставка, кесімді бағалау немесе кесімді жалақы, сондай-ақ оклад есебінде);

  • тарифтік ставка мен окладқа қосымшалар мен үстемелер, мысалы кәсіптік шеберлігі, мамандану дәрежесі;

  • еңбек өтімі, еңбек ету ұзақтығына сыйақылар;

  • түнгі уақытта жұмыс істегіні үшін қосымшалар;

  • демалыс және мейрам күндеріне төлемдер;

  • демалысқа жіберіге байланысты күндерді пайдаланбағаны үшін өтемақылар;

  • уақытша жұмыс орнында болмаған адамның міндетін және кәсібін қосып атқарғаны үшін қосымша ақылар;

  • уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты үстемақы және т.б.

  1. заттай түрдегі жалақы:

- жұмысшыларға теміржол транспорттарында жүруге жеңілдіктер құны;

- арнайы жұмыс киімдерін төмен бағада алудағы жеңілдіктер құны;

- медициналық тексеру, денсаулық сақтау ұйымдарымен келісілген медициналық қызметтерді төлеу шығындары;

- жоғары және арнайы орта оқу мекемелерінде оқуға төленетін демалыс ақылары;

- басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған төлемдер жатады;

Заттай түрдегі еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер – еңбек бойынша есеп беруде, есептеу кезінде сол аймақтағы нарықтық бағаларынан қарастырылады. Төмендетілген бағадағы тауарды ұсынғанда оның толық құны мен жұмыскердің төлеген сомасының айырмасы көрсетіледі.

Еңбекақы қаражаттарын пайдалану бойынша кәсіпорынның есеп шоты арқылы оның дұрыс берілгендігін банк мекемелері де іске асырады. Жұмыскерлерге есептелінген және төленген сомалар сондай-ақ салық органдары жіге қадағалап отырады. Олар бюджетке аударылуға тиісті жеке табыс салығының уақытында және дұрыс аударылуын бақылайды. Әлеуметтік қорлар әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдары қадағалайды.

11 кесте - "Ауыл-құрылыс" ЖШС -нің еңбекақы –қорының құрамы

Көрсеткіштер атауы

2012 ж

2013 ж

мың тг.

үлесі, %

Мың тг.

үлесі, %

Еңбекақы қоры

18712

100

22258

100

Соның ішінде

- тарифтік және оклад бойынша жалақы

14015

74,9

17695

79,5

- ынталандыру сипатындағы төлемдер

4229

22,6

4118

18,5

- еңбек өтіміне байланысты үстеме ақылар

131

0,7

111

0,5

- өтемақы сипатындағы төлемдер

93

0,5

44

0,2

- жұмыс істемеген уақытына байланысты төлемдер

19

0,1

44

0,2

- демалыс күндері төлемдері

187

1,0

178

0,8

- материалдық көмек

38

0,2

67

0,3

Кестеден еңбекақы қорының негізгі бөлігі болып тарифтік және оклад бойынша жалақы болып отыр. Ол 2012 жылы 74,9% болса, 2013 жылы 79,5% өскен, яғни үлесі бойынша 4,6% өсті. Келесі үлес салмақ бойынша ынталандыру сипатындағы төлемдер 2012 жылы 22,6%, 2013 жылы 18,5.

12 кесте - "Ауыл-құрылыс" ЖШС -нің жалақы түрлерінің арасалмағы

№

Көрсеткіштер

2012 ж

2013 ж

Ауытқу

мың теңге

үлесі, %

мың теңге

үлесі, %

+ / -

%

1

Еңбекақы қоры

18712

100

22258

100

3546

118,9

2

Соның ішінде:

Негізгі жалақы

14015

74,9

17695

79,5

3680

126,3

3

Қосымша жалақы

4697

25,1

4563

20,5

-134

97,2

Кестеден зерттеп отырған кәсіпорынның негізгі жалақысы ақшалай түрде 26,3 %-ға өскен. Ал қосымша жалақысы сәйкесінше 2,8 %-ға азайған. Еңбекақы қорындағы үлес салмағы бойынша 2012 жылы негізгі жалақы 74,9%-ды, қосымша жалақы 25,1% болса, ал 2013 жылы негізгі жалақы 79,5%, қосымша жалақы 20,5%-ды құрап отыр.

13 кесте - "Ауыл-құрылыс" ЖШС -нің жалақы мен еңбек өнімділігінің өсуін талдау.

№

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж

2013 ж

Ауытқулар

+; -;

%

1

2

3

4

5

6

7

1

Өткізілген өнім көлемі

мың тг.

251907

307690

55783

122

2

Өнімнің өзіндік құны

мың тг.

162818

193264

30446

118

3

1 жұмыскердің орташа айлық жалақысы

тг.

14305

15203

898

106

4

Жылдық еңбекақы қоры

мың тг.

18712

22258

3546

118

5

Жалақының 1 теңгесіне өткізген өнім көлемі

тг.

13,4

13,8

0,4

102

6

1 жұмыскердің еңбек өнімділігі

мың тг.

2311

2522

211

109

Бұл кестеден кәсіпорынның еңбекақы қоры қаражаттарын тиімді пайдаланғанын айтуға болады. 2013 жылы 1 теңге жалақыға 2012 жылмен салыстырғанда 102% артып өнім өндірілген, сәйкесінше табыс артқан.

Бұдан жалақы мен еңбек өнімділігінің өсуінің сәйкестігін анықтаймыз. Орташа жалақысының өзгеруі оның индексімен анықталады.

2013 ж орт. жалақысы

Ө орташа жалақы = ;

2012 ж орт. жалақысы

15203

Ө орташа жалақы = = 1,062 ;

14305

Осыдан еңбек өнімділігінің индексін табамыз.

2522

Ө еңб. өнімділігі = = 1,091;

2311

Бұл есептеулер "Ауыл-құрылыс" ЖШС-де еңбек өнімділігінің өсуі, жалақының өсуі деңгейіне жоғары екендігін көрсетеді. өсу коэффициенті 1,091 / 1,062 = 1,027

Бұл еңбекақы төлеуде кәсіпорынның үлкен үнемділігін анықтайды. Еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты еңбекақы қорын үнемдеу сомы

22258 х [( 1,062 – 1,091) / 1.062] = 600 мың теңге

"Ауыл-құрылыс" ЖШС еңбекақы ұйымдастыруды еңбек өнімділігінің өсу деңгейінен, еңбекақы төлеуді 600 мың теңгеге үнемдегенін анықтаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]