Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тил.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆

4 Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі

Көмекші мектепте сауат ашу кезеңі ең қиын тараудың бірі болып саналады. Сондықтан әліппе кезеңі көмекші мектепте бір жылға созылады: Әліппеге дейінгі, Әліппе кезеңі 1 сыныпта өтіледі, ал кейінгі кезең 2 сыныпқа қалдырылады да, 1-ші тоқсанда аяқталады. Себебі, 1-ші сыныпқа келген оқушыларда әртүрлі қиындықтар байқалады: дыбыстарды дұрыс айта алмайды (р – л, с – ш, з - ж), сөздің ішінде тастап кетеді, акустикалық және артикулярлық ұқсас дыбыстарды шатастырады, фонетикалық есту қабілеттері, көру, кеңістікті бағдарлау қабілеттері өте төмен, қолдың ұсақ бұлшық еттері және танымдық әрекеттері дамымаған. Осы типтік қиындықтар сауат ашу кезеңінің ерекшеліктерін біраз ғалымдар көрсетіп кеткен (Аксенова, Воронкова, Гнездилов, Коломыткина т.б.).

1. Алдымен тез қабылдап, игере алатын дыбыстар өтіледі, мысалы, бірінші тоқсанда а, о, л, т, м.

2. Айтылуы ұқсас дыбыстарды бірден қатар беруге болмайды. Неге? Алдымен олар жеке оқытылып, жазылып сосын ғана салыстырылады.

3. Балаларды оқытуға жазуға үйрету кезінде жеңіл мағынасы түсінікті сөздер алынады.

4. Бірінші тоқсанда сөздік (ал, ол, ат, от) сияқты қысқа түрлеріалынады.

5. Үйретілетін сөздің дыбыстары мен әріптері оқуда, жазуда өзнеріске түспей ұқсас болу жағы есекріледі.

6. Балалардың оқу дағдысы алғашқы кезде жабық сосын ашық буында ол, ал, ла, ло машықтанады, біраз дағдыдан кейін жеңіл бітеу буында (нар, мал, дос) сөздерді оқу арқылы қалыптастырылады.

7. Тұйық бір буынды, ашық екі буынды сөздерден соң біреуден соң біреуі бітеу буынды болып келетін екі буынды сөздер оқытылады. Мысалы: Ас – Ас – қар. Шық. А – шық. Та – ра. Та – рақ.

8. Басқа тілдерден енген дыбыстар әліппенің ең кейінгі кезеңінде үйретіледі. Сол себепті олар әліппенің соңғы кезеңінде оқылады, жазылады. Мысалы: хат, хор, шах-мат, ва-гон, фер-ма. Осы кезеңде төрт дыбыстан құралатын ауыр бітеу буынды сөздер де оқытыла бастайды. Мысалы: құрт, жұрт, плащ, цифр...

9. Талдау – жинақтау әдісті қолданып, оқытқанда, талдау мен жинақтау тәсілдері бір-бірімен алмасып отырады.

Мысалы: талдау тәсілдері:

– Сөйлемді сөздерге ажырату

– Сөзді буындарға айыру

– Буыннан жаңа дыбысты тауып, оны оқып үйрену

– Дыбыстың баспа түрдегі әрпін көрсету

Жинақтау тәсілдері:

– Әріптерден буын, буындардан сөз құрау

–Құрастырылған буындарды және сөзді оқу

– Жаңа сөзді әліппе кітабынан оқу

– Әліппедегі буын кестесін, сөздер мен сөйлемдерді оқу

Қолжазба әріпті көрсету, содан кейін мұғалім тақтаға жазып талдап көрсетеді бойынша тиісті жаңа әріптің қандай және неше элементтен тұратынын көрсетеді. Бұл элементтерді оқушылар тақтаға жазып және айтып жаттығады. Содан кейін дәптерлеріне жазады.

Сауат ашудың алғашқы кезінде сөзді буын жігімен оқытуға, жазуға мән беріледі. Соның нәтижесінде балалар сөзді қатесіз тұтас оқуға, жазуға үйренеді. Сонымен бірге әріп тастамай, олардың орнын алмастырмай дұрыс оқуға, жазуға дағдыланады. Ол үшін қолданылатын тәсілдер: талдау ізімен оқу, созып оқу, лабирингпен оқу, әріппен буынды қосып оқу т.б.

Сауат ашу

Көмекші мектепте сауат ашу жұмысы жыл бойында жүргізіледі. Оқыту дыбыстық талдау жинақтау әдісіне негізделеді. Бағдарлама әліппеге дейінгі кезең және әліппе кезеңі болып екіге бөлінеді. Әліппеге дейінгі кезең шамамен 5 аптаға созылады. Егер кластағы оқушылардың даму деңгейі тым төмен болса, бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сауат ашу кезеңі 2 сыныпта аяқталатын болады. Әліппеге дейінгі кезеңнің басты мақсаты: оқушыларды оқу мен жазудың алғашқы, қарапайым дағдыларын игеруге дайындау; білім алуға деген ынтасын ояту және қалыптастыру; баланың жалпы және сөйлеу тілі дамуындағы ерекшеліктерін айқындау; есту және көру дағдыларын дамыту; уақытты бағдарлауға дағдыландыру; қолдың бұлшық еттерін шынықтыру, қимыл қозғалысын дамыту, ауыз-екі сөйлеу тілін жетілдіру. Оқыту жұмысы қоршаған ортадағы заттармен, құбылыстармен таныстыру, дидактикалық ойындар сипатындағы жаттығулар жүргізу арқылы өтеді.

Әліппеге дейінгі кезеңдегі басты мақсаттарды жүзеге асыру үшін әртүрлі жұмыстар жүргізіледі.

1. Мектептің, сыныптың, күн тәртібімен таныстыру. Сынып ішіндегі заттар. «Мұғалім мен оқушылар», «Оқушылар аттары, фамилиясы», «Мұғалімнің аты-жөні», «Ата-анасының аты-жөні» т.б.

2. Оқушылардың сыныптағы тәртібі, талаптары, партада дұрыс отыру, бірдеңе айтқысы келгенде қол көтеру, мұғалімнің сөзін тыңдап түсіну тәрізді оқу-дағдыларына баулу.

3. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту; мұғалімніңнұсқауы бойынша қарапайым тапсырмаларды орындау, әңгіме, ертегі, тақпақтарды мұқият тыңдап түсінуге, мұғалімнің көмегімен суретке сүйене отырып қысқы әңгіме, ертегілерді айтуға дағдыландыру, қимыл әрекеттер, сурет, сұрақ бойынша жай сөйлем құрастыруға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын және қол қозғалысында ақауы бар балалармен арнайы жұмыс жүргізу.

4. Оқушылардың естіп қабылдау қабілеті дамыту. Сөзді есту (ұғу), фонематитканың қабылдау қабілетін дамыту. Айналадағы қоршаған ортадан естілетін әртүрлі дыбыстарды ажырата білу (тарсыл, сыңғыр, ызыңдау гуілдеу т.б.). Оқушыларда мұғалім айтқан сөздермен сөйлемдерді анық қатесіз қайталауға дағдыландыру және дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөздерді (тас-қас, қара-қала, мал-жай т.б.) айыра білуге төселдіру. Үш төрт сөзден тұратынын аңғарту; сөздерді буынға бөлуге жаттықтыру, буын ретін, санын анықтау, буындағы дауысты дыбыстарға көңіл бөлу, сөздегі буынды жолақшалармен немесе сызықшалармен белгілеу.

«Дыбыс» дейтін ұғымды түсіндіру: өзін қоршаған ортадан естілетін әртүрлі дыбыстарды ажырата білуге үйрету, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтап, бөліп айта білуге үйрету.

Дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру үшін еріннің, тілдің, таңдайдың және жақтың қатысына қарай артикуляциялық жаттығуларды пайдалану; әр дыбысты дұрыс айтып, ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету.