Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 вар каз. ОБЖ тесты.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62 Кб
Скачать
☆

7 Вариант

1. «Сіңірілген радиация» деген не?

А. Әр бір дененің салмақ бірлігімен сіңірген радиация мөлшері

В. Қоршаған ортадағы радиация мөлшері

С. Радиацияның биологиялық әсерін көрсететін мөлшері

Д. Жылдық шекті мөлшер

Е. Тәуліктік шекті мөлшер

2. Радиоактивтіліктің сіңірілген мөлшерінің өлшем бірлігі қайсысы?

А. Рад

В. Рентген

С. Кулон

Д. Зиверт

Е. Бэр

3. «Экспозициялық радиация» деген не?

А. Әр бір дененің салмақ өлшемі сіңірген мөлшері

В. Қоршаған ортадағы радиация мөлшері

С. Радиацияның биологиялық әсерін көрсететін мөлшері

Д. Жылдық шекті мөлшері

Е. Тәуліктік шекті мөлшері

4. Өткір сәуле ауруының 3 дәрежесі қанша рентген радиация алғанда пайда болады?

А. 100-200

В. 200-300

С. 300-400

Д. 300-500

Е. > 500

5. Өткір сәуле ауруының кезеңдеріне тиісті емесін табыңыз:

А. Радиацияның әсерінің алғашқы рет білінуі

В. Аурудың жасырын кезі

С. Аурудың өз мәніне енуі

Д. Жазылу

Е. Қайта өршуі

6. Өткір сәуле ауруының 1 дәрежесінде алғашқы белгілер қанша уақыттан (сағат) кейін біліне бастайды?

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

7. Өткір сәуле ауруының 1 дәрежесінің жасырын кезеңі қанша уақытқа (апта) созылады?

А. 1-2

В. 2-3

С. 3-4

Д. 4-5

Е. 5-6

8. Адамның жүрісі бұзылып, есінен танып қалуы өткір сәуле ауруының қай дәрежесінде орын алады?

А. Бірінші

В. Екінші

С. Үшінші

Д. Төртінші

Е. Бесінші

9. Өткір сәуле ауруының 2 дәрежелі түрінен сауығу кезеңі қанша айға созылады?

А. 1-2

В. 2-3

С. 3-4

Д. 3-6

Е. 4-6

10. Жазылып кетуі 1 жылға созылатын өткір сәуле ауруының қай дәрежесі?

А. Бірінші

В. Екінші

С. Үшінші

Д. Төртінші

Е. Бесінші

11. Аса улы әсері бар заттарды қырып-жою үшін пайдалану не деп аталады?

А. Атомдық қару

В. Ядролық қару

С. Химиялық қару

Д. Биологиялық қару

Е. Бактериологиялық қару

12. Химиялық қару алғаш рет қай жылы пайдаланылды?

А. 1900

В. 1915

С. 1930

Д. 1943

Е. 1950

13. Химиялық қаруды жою бойынша Париж конвенциясы қай жылы қабылданды?

А. 1950

В. 1970

С. 1985

Д. 1993

Е. 2005

14. Адам организміне әсер ету сипатына байланысты химиялық қарудың неше тобы болады?

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

15. Аса улы әсері бар химиялық заттардың топтарына жатпайтыны қайсысы?

А. Жүйке жансыздандыратын

В. Теріні іріңдетуші

С. Психохимиялық

Д. Тітіркендіргіш

Е. Бас ауыртатын

16. Жүйке жансыздандыратын аса улы затты табыңыз:

А.Синиль қышқылы

В. Зарин

С. Иприт

Д. Фосген

Е. Би-зет

17. Теріні іріңдетуші аса улы затты табыңыз:

А. Синиль қышқылы

В. Зарин

С. Иприт

Д. Фосген

Е. Би-зет

18. Психохимиялық әрекетті аса улы затты табыңыз:

А. Синиль қышқылы

В. Зарин

С. Иприт

Д. Фосген

Е. Би-зет

19. Зарин улағыш затының белгілерін табыңыз:

А. Сарғыш, не қара-қоңыр,сарымсақ иісті сұйық

В. Түссіз, не сарғыш, иісі жоқ сұйық

С. Шіріген жеміс иісті, түссіз газ

Д. Ақ кристалды, иіссіз зат

Е. Түссіз, тез буланатын, бадам иісті сұйық

20. Түкіріктің тоқтамауы, қарашықтың тарылуы, естен тану, сіңірлердің тартылып,параличке ұшырау қандай аса улы заттар тобының әсері болып табылады?

А.Жүйке жансыздандыратын

В. Теріні іріңдететін

С. Жалпы улы әсерлі

Д. Психохимиялық

Е. Тітіркендіргіштік

21. Жұқпалы аурулардың салыстырмалы қысқа мерзімге таралуы не деп аталынады?

А. Эпидемия

В. Пандемия

С. Спорадия

Д. Инфекция

Е. Эпизоотия

22. Иммунитет дегеніміз не?

А. Жұқпалы ауру

В. Аурудың кең таралуы

С. Ауруды емдеу

Д. Ауруға қарсы тұру қасиеті

Е. Ауруды тарату

23. Туберкулез адамға қалай жұғады?

А. Су арқылы

В. Жәндіктер арқылы

С. Ауа арқылы

Д. Қан арқылы

Е. Тұқым қуалау арқылы

24. Организмге ауру қоздырғыш микробтың енуін не деп атайды?

А. Жаралану

В. Инфекция

С. Дезинфекция

Д. Дезактивация

Е. Дезинсекция

25. Тек адамға ғана тән жұқпалы ауруды табыңыз:

А. Туберкулез

В. Тұмау

С. Бруцеллез

Д. Тырысқақ

Е. Сібір қотыры

26. Кең тараған жыныстық аурудың түрін табыңыз:

А. Гепатит

В. Гонорея

С. Туберкулез

Д. Бруцеллез

Е. Аскаридоз

27. Асқынғана қан түкіретін ауру қайсысы?

А. Оба

В. Құрт ауруы

С. Шешек

Д. Тырысқақ

Е. Сіреспе

28. СПИД ауруы адамға қалай жұғады?

А. Ауа арқылы

В. Сілекей арқылы

С. Қан арқылы

Д. Түшкірік арқылы

Е. Ыдыс арқылы

29. Озон қабатының бұзылуынан қандай аурулар көбееді?

А. Ішек аурулары

В. Тыныс жолдары аурулары

С. Психикалық аурулар

Д. Инфекциялық аурулар

Е. Қатерлі ісік аурулары

30. ХХ ғасырдың обасы қай ауру?

А. Туберкулез

В. СПИД

С. Гонорея

Д. Гепатит

Е. Тұмау

Құрастырған: б.ғ.к., доцент Омарханова С.Қ.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының мәжілісінде

қарастырылды, хаттама №____________2013ж.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент: Лисовская В.А.

«Келісілген»: ОӘБ бастығы, Ермағанова С.Б.