Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktika_EEG_KAZ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ээг генезі ( шығу тегі)

Энцефалограмма жиілігі 0,5 Гц-тен 100 Гц және одан да көп , амплитудасы 5мкВ- дан 100 мкВ және одан да үлкен күрделі қисық болып табылады. более. Бұрынғы кезде ЭЭГ өлшеуіш электродтардың маңайында орналасқан дене жасушаларының , жүйке талшықтарының әрекет потенциалдарының жиынтық әсерін сипаттайды деп саналып келді.Қазіргі кезде мидағы әрекет потенциаладары таралу жолдары мен уақыттық қатыстары арасындағы қатыстардың табиғаты басқаша, әрекет потенциалдарының ЭЭГ құрылуына үлесі өте аз. Бас терісі бетінде пайда болатын биоэлектрлік потенциалдар жалпы қабылданған теория бойынша , нейрондардың әр түрлі комбинацияларындағы синхрондалған постсинаптикалық ( өтпелі) потенциалдардың (graded potentials) әсерлерін сипаттайды.Берілген ми аймағының көп санды нейрондарының потенциалдары уақыттың қандай да бір периодында синхрондалады. Одан кейін бұл синхронизация бұзылып қозудың басқа синхрондалған комплекстері пайда болады, олардың басқа жиілікте болуы да мүмкін. Мұндай синхрондалған өтпелі потенциалдар ЭЭГ потенциалдарының негізгі көздері болып табылады.

ЭЭГ жазу үлгісі 9.суретте көрсетілген.Бұл потенциалдар постсинаптикалық ( өтпелі ) потенциалдардың кең аймақтағы жиынтық әсерлерінің ( бас миы қабығы және әр түрлі одан төмен нүктелерде ) нәтижесін білдіреді.

. 9. Сурет. адамның бас сүйегінің әр түрлі аймағы үшін жазылғанЭЭГ-нің сегіз жазулары. Әр аймақ үшін электроэнцефалографтың арнайы каналдары пайдаланған, кернеу негігі (индифференттік ) құлаққа қойылған екі негізгі электродтардың бірінде өлшенген (А1 немесе А2) F-маңдай – самайлық аймақ, T3-4-төбе -маңдайлық, T5-6-төбе-- желкелік , желкелік

Э ЭГ бас миының функциональдық күйіне тәуелді ЭЭГ-нің түрі өзгеріске ұшырап отырады (10.сурет).

10сурет. ЭЭГ –нің ұйқының әр түрлі кезеңдеріндегі типті мысалдары. Әр мысал үшін жоғары жазу мидың сол жақ алдыңғы бөлігінен жасалған., төменгі жазу – желкенің оң жағынан : а - пациент өзін сергек сезінеді., ЭЭГ-де әр түрлі жиіліктер кездеседі; б - 1 кезең пациент қалғиды, в ЭЭГ-де альфа-толқындар ең көп үлес қосады. ; в - 2 кезең жеңіл ұйқы , ретті емес баяу толқындар пайда болады ; г - 3 кезең ұйқы, баяу толқындар көрініп тұр; д -4 кезең ЭЭГ- де баяу толқынды терең ұйқы; е – парадоксальдық ұйқы немесе ұйқы.

ЭЭГ эпилептикалық талып қалулар мен және ұйқының қалпына байланысты . Ұйқының әр түрлі кезеңдеріне сәйкес келетін сигналдар10.суретте көрсетілген. Тынымсыз сергек пациент үшін синхрондалмаған жоғары жиіліктегі ЭЭГ жазуы тән болады. Қалғыған пациент үшін , әсіресе көзі жұмулы болса ерекше, елеулі ырғақтық белсенділік 8-13 Гц жиілікке тән сипатқа жиі ие болады. Пациент ұйықтай бастағанда ( ұйқыға кеткенде ), сигналдардың амплитудасы мен жиілігі азаяды; терең емес жеңіл ұйқыда төменгі жиіліктегі ,үлкен амплитудасы бар сигналдар жазылады. Терең ұйқыда амплитудасы үлкен баяу сигналдар жазылады. Кейбір кездерде ұйқыдағы пациенттің ЭЭГ-де сигналдарының жазуы синхрондалмаған жоғары жиілікте болып келеді.Біраз уақыт өткен соң жазылған сигналдар өз қалпына келіп , ұйқы кезіндегі төменгі жиіліктегі қисықтар түрінде болады. Ұйқыдағы ЭЭГ-ның жоғары жиіліктегі бөлігі парадоксальдық ұйқыны сипаттайды. Бұл жағдайда жазу ұйқыдағы ЭЭГ –ден гөрі , сергек адамның ЭЭГ-не көбірек ұқсайды. Басқаша айтқанда мұндай ұйқы көздің тез қимылының ұйқысы ( КТҚҰ) деп аталады , себебі ЭЭГ-ның жоғары жиіліктегі жазбасы көздің интенсивті тез жұмылуына сәйкес келеді , мұндай жағдайды түс көруімен байланыстырады , бірақ көздің тез қимылының ұйқысы түс көрумен байланысты екені дәлелденген жоқ.

ЭЭГ-ның жиілігіне адамның ой еңбегі ықпал ететіні эксперименттерде көрсетілген. Жекелеген адамдар арасындағы үлкен айырмашылық және бір адамның әртүрлі жағдайда ЭЭГ жазылу нәтижесінің қайталануының аздығы нақты өзара байланыстың бар екендігі айтуды қиындатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]