Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek_Tynys_alu_zh_1199_i_774_esi.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

2. Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромында қолданылатын дәрмектер.

Тыныс алу жолдарының ауруларының антибиотикатерапиясы

Тыныс алу мүшелерінің қабыну дерттерін емдеу антибактериалды препараттар ғылыми негізделген дәрмектер болып табылады. Иммуномодуляторларды, витаминдерді тағайындаудың дәлелді негізі жоқ.

Тыныс мүшелерінің қабынуларында бета- лактамды антибиотиктер негізгі дәрілік құрал болып қалады. 60 жасқа дейінгі ілеспелі патологиясы жоқ науқастарда макролидтер таңдау препараттары болып табылады. Ал егде жастағыларға және ілеспелі патологиясы бар науқастарда қорғалынған аминопенициллиндер және цефалоспориндердің 2 ұрпағы таңдау препараты болып табылады.

Пенициллин препараттарын пневмонияны емханалық жағдайда емдеуде қолданады. Негізгі өкілдері:

  • бензилпенициллин натрий және калий тұзы – 250.000-500.000 ӘБ х 6 рет тәулігіне, ШТ – флакон 500.000 ӘБ- 1.000.000 ӘБ.

  • феноксиметилпеннициллин – ішке 0,25-0,5 г х 4-6 рет. ШТ – таб., 0,1-0,25.

Жартылай синтетикалық пенициллиндердің өкілдері:

  • оксациллин – 0,25-0,5 х 4 рет ішке, к/т, б/е. ШТ – капс., таб., 0,25-0,5 мг, флакон 0,25-0,5 мг.

  • ампициллин – 0,25-0,5 х 4 рет ішке, к/т, б/е. ШТ – капс., таб., 0,25-0,5 мг, флакон 0,25-0,5 мг.

  • амоксициллин - 0,5 х 4 рет ішке, к/т, б/е. ШТ – капс., таб., 0,25-0,5 мг, флакон 0,25-0,5 мг.

Жартылай синтетикалық аминопенициллиндер ішінен станоцонарлы пневмонияны емдеуге қилыстырылған қорғалған дәрмектер қолданылады.

Ампициллин және амоксициллин бета –лактамаз ингибиторларын -клавулон қышкылын құрамына қоса отырып өздерінің белсенділігін арттырады.

Өкілдері:

  • аугументин - 0,5 х 3 рет ішке, ШТ – таб., 0,25-0,5, суспензия 5 мл (0,125 және 0,25 г амоксициллин).

  • амоксиклав- 0,5 х 3 рет ішке, ШТ – таб., 0,25-0,5, суспензия 5 мл (0,125 және 0,25 г амоксициллин).

  • уназин – 1,5 – 12 г тәулігіне 3-4 рет б/е, к/т. ШТ – флакон 0,75, 1,5, 3,0 г.

Монопрепраттардан айырмашылығы бұлар: стафиллакокк пен грамм теріс қоздырғыштар – өнімі бета-лактамазға H. Influenzae, M. Catarrhalis және клебсиеллаға белсенді.

Көк ірің таяқшасына қарсы әсер пенициллиндер ішінде уреидопенициллиндерде – азлоциллин (15-20 г тәулігіне 3-4 рет б/е, к/т. ШТ – флакон 1,2; 4,0 г.) және пиперациллинде (24 г тәулігіне 3-4 рет, к/т тамшылатып. ШТ – флакон 1,0; 2,0; 3,0; 4,0 г) айқын. Оларды көпшілігінде аурухана ішілік респираторлы инфекцияда қолданады.

Цефалоспориндер.

Тыныс жолдарының жоғарғы және төменгі жолдарының созылмалы инфекцияларында цефалоспоринде кеңінен қолданады. Бұл олардың өкпеде жоғарғы деңгейде жиналуымен және өкпе дерттерін шақырушы респираторлы қоздырғыштарға кең спектрлі бактериоцидті әсерге иелігімен негізделеді. Цефалоспориндердің 4 ұрпаққа бөлінетінің білеміз, пероральды қолданылатын дәрмектер ерекше топ құрайды. Өкпенің созылмалы спецификалық емес сырқаттарын шақырушы қоздырғыштарға цефалоспориндердің 3 ұрпағы ең кең спектрлі әсер ететіді.

  • Цефуроксим – 0,75 г х 4 рет к/т, б/е. ШТ – флакон 0,25; 0,75; 1,5 г .

  • цефатазидим– 1-2 г х 2 рет к/т, б/е. ШТ – флакон 0,25; 0,5; 1,0; 2,0 г.

  • цефтриаксон - 1-2 г х 1 рет к/т, б/е. ШТ – флакон 0,25; 0,5; 1,0 г .

Макролидтер.

40 жылдан аса қолдануына қара алмай пульмонологияда кеңінен қолданылатын антибиотиктер болып табылады. Ол олардың тыныс мүшелерінің ұлпаларына жақсы түсуімен және соңғы 10 жылдықта тағайындау белсенділігін төмендеуіне байланысты дерт шақырушы қоздырғыштардың сезімталдығымен түсіндіріледі.

- эритромицин – 0,25 - 0,5г х 4 рет ішке. ШТ – капс., таб., 0,1-0,25 г.

Жаңа ұрпақтары - неомакролидтер:

- азитромицин - 0,5 г х 1 рет ішке, 2-5 күн аралығында 0,25 х 1 рет. ШТ –таб., 0,125; 0,5 г. капс. 0,25 г; сироп 5 мл 0,1 г.

- рокситромицин - 0,15г х 2 рет ішке. ШТ –таб., 0,05; 0,1; 0,15; 0,3 г.

- спиромицин – 3 млн. ХБ х 2-3 рет ішке. ШТ – таб., 1500000; 3000000ХБ; флаконда 15000000 ХБ.

Олар жоғарғы концетрацияда бактериоцидті, әсер ету спектрі кең және эритромициннен әсер ету ұзақтығы ұзақ. Дәрмектер қабыну ошағында жоғарғы концентрация береді, оларға постантибиотикалық әсер тән және рецидив болу мүмкіндігі төмендейді. Кейбір макролидтерде азитромицин, рокситромицин, кларитромицин фагоциттерді қуаттандырушы қасиет бар (иммуноқуаттандырушы), яғни ол макролидтерді басқа макрофагтардың белсенділігін тежеуші антибиотиктерден ерекшелендіреді. Ұлылығының төмендігі макролидтердің жағымды ерекше жағы болып келеді. Басқа антибиотиктерге қарағанда өмірге қауіпті асқынулар бермейді. Сонымен қатар макролидтер атипті қоздырғыштарға – хламидиялар, микоплазмалар, риккетсияларға белсенді.

Фторхинолондар.

Бұлар жоғары бактериоцидті әсері мен кең спектріне байланысты кейінгі кезде алдынғы орындарға шықты. Оларға микробқа қарсы жоғары концентрацияны ЛОР-мүшелерінің кілегеі қабығында береді. Өкілдері –

  • ципрофлоксацин – ш.т. – таб., 0,25 мг және 0,5мг; 0,2% ертінді. ТД – 0,25-0,5 мг тәулігіне 2 рет ішке.

  • ломефлоксацин – ш.т. – таб., 0,4 мг; 2% ертінді. ТД – 0,4 мг ішке.

  • пефлоксацин - ш.т. – таб., 0,4 мг; ертінді түрінде. ТД – 0,4 мг күніне 2 рет ішке.

  • офлоксацин – ш.т. – таб., 0,2 мг. ТД – 0,2-0,4 мг тәулігіне 2 рет ішке.

Тетрациклиндер.

Респираторлы инфекцияларда жоғары клиникалық және бактериологиялық әсерлерімен сипатталады, алайда олардың жоғары токсикалық әсеріне байланысты қолдануы шектеулі. Пульмонологияда негізінен доксициклин қолданылады:

Доксициклин – 0,2 х 1-2 рет ішке, күре тамырға; ШТ – капс., 0,05; 0,1г; ампулада ұнтақ 0,1г.

Бұл топтың препараттары бір қатар жанама әсерлер шақырады: аллергиялық реакциялар, дисбактериоз, бауыр, бүйрек зақымдануы, балаларда тіс пен сүйек ұлпасының қалыптасуы бұзылады, бас миның жалған қатерлі ісігін шақырып, бас ішілік қысымның көтерілуін береді және диуретиктермен қосқанда ототоксикалық әсері нейросенсорлы есітпеушілікті береді.

Аминогликозидтер.

Тыныс мүшелерінің созылмалы инфекцияларында белсенділігі төмендігіне байланысты оларды сирек қолданады. Алайда көк іріңді инфекцияларда қосымша дәрмек ретінде қиылыстырылған емге қосады. Дәрмектердің нейротоксикалық әсерін есте сақтау қажет.

- Гентамицин сульфат – 0,4 мг/кг салмаққа, х тәулігіне 4 рет, б/е, к/т; ШТ – ампула 4%, 1-2 мл, флакон – 0,08 г, ұнтақ түрінде.

- Амикацин -7,5 – 15 мг/кг салмаққа, х тәулігіне 2-3 рет, б/е, к/т; ШТ – ампулада 5%, 12,5%, 25%, 2 мл, флакон – 0,1; 0,25; 0,5 г.

Антибактериальды емді бағалау емді бастағанннан кейін 48-72 сағаттан соң жүргізіледі. Критерийлері – дене қызуының және интоксикацияның түсуі, тыныс шамасыздығының жоюлуы.

Муколитиктер мен қақырық тусіруші заттар. Бронх өкпе ауруларының жиі белгісі жөтел және қиын бөлінетін қақырық болып табыладыы. Бронхиалды секрецияның түзілу процессі оның проксималды бағытта жылжуы организмнің қорғаныс функциясының бірі болып табылады. Муколитиктермен қақырық түсіруші препараттар бронхиалды қақырықтың секрециясымен ыдырауының күшейуін шақырып, жөтелде шығуын жеделдетеді. Олар 2 топқа бөлінеді.

1.Қақырық түсіруді (секретомоторлы қуаттаушы дәрмектер)

2.Муколитикалық дәрмектер (бронхосекретолитиктер)

Секретомоторлы препараттар

Секротомоторлы дәрмектер жыбырлы эпителидің физиологиялық белсенділігін күшейтеді және бронхиоллардың перисталтикалық қозғалысын арттырады,тылныс жолдарының төменгі бөлікгінен жоғарғы бөлімдеріне қақырықтың жылжуын және шығарылуын жақсартады.Бұл әсер брониалды бездердің секрециясыоның күшейуімен және қақырықтың тұтқырлығының кемуімен жүреді. Бұл топтың препараттары шартты түрде 2 топқа бөлінеді: 1.Рефлекторлы 2.Резорбтивті (тікелей) әсерлі.

Рефлекторлы әсерлі дәрмектерді (дәрілік шөптерден алынған препарат және терпингидрат, ақмия) ішке қабылдағанда қарынның шыршты қабығының рецепторларына айқын тітіркендіруші әсер беріп бронх пен бронхиалды бездерге рефлекторлы ықпал етеді.Кейбір дәрмектердің әсері құсық және тыныс орталығына (термопсис) қуатандырушы әсер мен байланысты. Бірқатар рефлекторлы әсерлі дәрмектер, олардың құрамындағы эфир майлары және басқа заттар тыныс жолдарынан шығарылып секецияның күшейуін және қақырықтың ыдырауын шақырады.

Резорбтивті әсерлі дәрмектер (калии, натрий йодид) –бұл препараттар ішке қабылданғаннан соң тыныс жолдарының кілегей қабатынан шығарылғаннан кейін бронхиалды бездерді қуаттай және қақырықты тікелей ыдырата отырып әсерін береді. Сонымен қатар жыбыр эпителинің моторлы қызметін қоздырады.Әсіресе қақырықтың тығыздығыгна иод препараттары жақсы әсер етеді.

Натрий иодидін схема бойынша күретамырға енгізеді: 1-ші күн – 10% 3 мл ерітіндісін, 2-ші – 5 мл, 3-ші – 7 мл, 4-ші – 10 мл одан әрі 10 мл-ден күніге, барлығы 15-20 инъекция қабылдайды. Әсері препаратты қабылда-ғаннан 5-ші күні көрінеді.

Көлемді сұйықтық сонымен бірге қақырықты түсуді жеңілдету үшін қолданады, қақырықтың тұтқырлығы мен секреттің мөлшері ішілген сұйықтыққа байланысты. Суды бронх тармағына тікелей аэрозол түрінде жіберуге де болады. әдетте 0,45% натрий хлор ерітіндісінің үлкен мөлшерін ингаляциялап, тәулігіне 3-5 рет 20-30 мин көлемінде қолданады.

Қақырық түсіруші құралдар (қақырықтың түсуін күшейтеді)

Рефлекторлы әсер етеін құралдар(Асқазанның кілегей тітіркендіріп құсу орталығын қоздырады)

Тікелей әсер ететін дәрілік құралдар (мерцателді эпителиге және бронхиалды бездерге әсер ететін)

  • Ипекакуаны

  • термопсис

  • алтей

Әсерлері:

  • Тыныс алу жолдарының мерцателді эпителидің белсенділігін жоғарылату

  • Бронхиалды бездердің секрециясын жоғарылату

  • Na HCO3 (ас содасы)

  • Ацетилцистеин (протеогликандағы дисульфидті байланысты бұзып қақырықтың деполимеризациялайды және сұйылтады)

- Карбацистеин (мукодин) ұзақ әсерлі

- амброксол, бромгексин (қақырықтың белогының деполимиризациялап, сурфактантың өнімін белсендіреді)

Муколитиктер (ферментті және ферментті емес) қақырықтың көлемін арттырып кілегейді ыдыратып бронхтардың дренажды қызметін күшейтіп айқын қабынуға қарсы әсер береді.

Муколитикалық құралдар

  1. Ферменті емес (синтетикалық) – бромгексин (сольвин), ацетилцистеин, муколин; амброксол – амбробене, амбросан, мукосольвон, лазолван және т.б.;

  2. Ферментті - трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, дезоксирибонуклеаза, эластолин, карипазин;

Бромгексин (таблетка, 0,008) – ферментті емес муколитик, қақырықтын мукопротеиндері мен мухополисахаридті талшықтарын ыдратады және деполяризациялайды, сондықтан муколитикалық қасиетке ие. Әрі бромгексиннің қақырық түсүруші әсері сурфактанттын синтезін күшейтеді әлсіз жөтелге қарсы әсерге ие.

Бұл топтың басқа дәрмектері қақырықтың мухополисахаридтердің дисульфидті байланысын үзіп қақырықтын тұтқырлығын төмендетіп оның жылжуын жеңілдетеді. Бұл топқа ацетилметилцистеин (ішке қабылдағанда бронхоспазм күшею мүмкін), 25% ерітіндіні 2,5 мл тәулігіне 3-4 рет ингаляция немесе трахея, бронхтарды жуу мақсатында тағайындалады. Бұлшық етке енгізу де мүмкін.

Барлық қақырық түсуріші дәрілер тыныс жолдарының қабынуларында (БД, ПН, ТБЗ, ХОБЛ) комплексті еммен бірге қолданылады. Сонымен қатар, бұл топтың препараттарын (тыныс жүйесіне хирургиялық әрекеттер мен трахеялді наркозлан кейінгі) операциядан кейінгі асқынуларды алдын алу мақсатында да қолданады.

Жөтелге қарсы құралдар

Әсер ету механизміне байланысты 2 үлкен топқа бөледі:

  1. Орталық әсерлі.

  2. Шеткерлік әсерлі.

Орталық әсерлі. – кодеин, опий алкалоиды, фенантрен туындысы айқын жөтелге қарсы әсерге ие, әлсіз аналгетикалық әсер және дәріге тәуелділік береді. Кодеин негіз түрінде және кодеин фосфат түрінде шығарылады. Сонымен қатар бір қатар қиылыстырылған дәрмектердің құрамына енеді: микстура Бехтерева (натрий бромид, кодеин, горицвет весенний), «Кодтерпин» (кодеин, терпингидрат немесе гидрокарбонат натрий), солпадеин, панадеин таблеткалары ретінде.

Шеткерлі әсерлі: либексин 0,01, синтетикалық дәрмек 1 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет. Әсер ету механизмі:

  • жоғары тыныс жолдарының кілегей қабығына жеңіл жансыздандырулық ықпал етеді және қақырықтың бөлінуін жеңілдетеді.

  • әлсіз бронхолитикалық әсер тән.

ОЖЖ әсер етпейді, алайда жөтелге қарсы әсері кодеиннен төмен дәріге тәуелділік бермейді. Трахеит, бронхит, тұмау, плеврит, пневмония, бронх демікпесінде, өкпе эмфиземасында тиімді.

Кері әсері: кілегей қабықты артық жансыздандыру.

Тусупрекс 0,01; 0,02 таблетка, сироп 0,01 - 1 мл-де. Дәрмек жөтел орталығына тыныс орталығын тежемей әсер етеді.

(Жөтел орталығын нейрондарының қызметін төмендету арқылы жөтелдің күштілігімен интенсивтілігін төмендетеді.)

Орталық әсерлі дәрілік құралдар (Жөтел орталығын тежейді)

Периферияға әсер етеін дәрілік құралдар

Наркотикалық әсерлі

Наркотикалық емес әсерлі

  • *кодеин

  • этилморфин гидрохлорид

  • дексаметарфан

  • *глауцин гидрохлорид (опиатты рецепторлармен әсерлеспейді)

  • *оксиладин цитрат (тусупрекс)

-*либексин (анестезирлеуші әсері- бронхтардың реакциясын басады, бронхолитикалық әсер наркотикалық құралдарға қарағанда әлсіздеу бірақ дәріге тәуелділік шақырмайды)

3. Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын дәрмектер:

  1. Аналептиктер

Аналептиктер (грекше ana – жоғарыға қозғалу ұғымын білдіреді, lepticos – қабылдау қабілеті) – сопақша мидың тыныс алу және тамыр қозғалтушы орталықтарын сергітеді. Сергіту – бұл аналептиктердің әсеріне қарағанда кең ұғым. Сергіту – бұл кез-келген дәрілік заттың тежелген қызметтерді қалпына келтіру қабілеттілігін білдіреді.

Аналептиктер олардың тыныс орталығына сергітуші әсерінің механизмі бойынша бөлінеді:

Аналептиктер – тыныс орталығының нейрондарының тіке стимуляторлары:

  • Бемегрид; 10мл- 0,5%

  • Кофеин; ш. т. – таб 0,1 және 0,2; 10% және 20%ертінді 1-2 мл амп., ТД – 0,1-0,2г 2-3 рет күніне, 1 мл 10% және 20% ертінді т/а.

  • Этимизол

Рефлекторлы әсерлері бар аналептиктер – Н-холиномиметиктер:

  • Лобелин – ш. т. 2 мл амп., ТД - 1% -2 мл.

  • Цитизин - ш. т. 1 мл амп., ТД – 0,15% - 1-2 мл.

Тіке және рефлекторлы әсерлі аналептиктер:

  • Кордиамин (Никетамид) - ш. т. 2 мл амп., ТД - 1% -2 мл.

Аналептиктер тыныс орталығын қысқа уақытта (минуттар, сағаттар) сергітеді, оларды қайталап енгізу тыныс орталығының қызметін жүдетеді және құрысуларға алып келеді. Аналептиктер тамыр қозғалтқыш орталықты сергітіп, резистентті артериолалар мен венулалардың тонусын күшейтеді және қанның жүрекке веналық қайта оралуын, екіншілік жүректің шығаруын күшейтеді. Кофеин және камфора жүрек қызметінің тікелей белсенділігін антинаркотикалық әсерлері бар. Бұл препараттар орталық нерв жүйесінің тежелу тереңдігін азайтады, есті сергітеді, қимылдың бағат-бағдарын жақсартады.

Көбікті басушылар. Этил спирті

Өкпе жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі болып өкпе ісігі табылады.

Әрі ол жүрек қан тамыр ауруларында дамуы мүмкін

  • өкпенің химиялық заттармен зақымданғанда

  • бір қатар жұқпалы ауруларда

  • бауыр, бүйрек патологиясында

  • бас ми ісігінде

Кең қолданылатын дәрмектер қатарында наркотикалық анальгетиктер жатады

  • морфин, фентанил, таламонад.

Олар шеткерлік артериямен веналарды кеңейтіп, содан жүрекке венозды қайтатынқанды азайтады. Қанның қайта тарауы болып кіші қан айналымын шеңберіндегі қан қысымы төмендейді. Демек соңында жедел өкпе ісігінде «+» әсер болады.

Жоғары қан қысымындағы өкпе ісігін төмендетуде негізгі мақсаттың бірі болып қан қысым түсіру жатады. Осы мақсатта ганглео блакторлар (гигронии, пентамин, бензогоксони) ,миотропты әсерлі тамыр кеңейтуші дәрмектер (натрий нитропурссид), және альфа адренноблокаторлық қасиетке ие дәрмектер (фентоламин, аминазиннің ас мөлшері)

Бұл дәрмектердің әсерінен көп қысымның төмендеуі жалпы гемодинамиканы қалыптастырады, жүрек жұмысының тиімділігін арттырады, кіші қан айналымын шеңберінде қысмым төмендейді.

Өкпе ісігінің төмендеуін айналымдағы қан көлемін азайтады. Олар белсенді және тез әсерлі несеп айдаушы гипотензипті әсерге ие дәрмектер (фуросемит, этокрин қышқылы). Альвеола ісігінде және олардың беткейінде көпіршік пайда болғанда айқын гипоксия болады, ол тез әрекетті талап етеді. Аталған дәрмектермен бірге көпіршікті басушы (пеногаситель) этиль спирті жатады. Ингаляциялы еңгізгенде көпіршіктің беткейлік тартылымдарын төмендетеді және оларды сұйыққа айналдырады(альвеололардың тыныс алу көлемі босайды).

Этил спиртінің парын оттегімен қоса мұрын катеторы немесе маска арқылы алады. Этил спиртінің кері әсері тыныс жолдарын тітіркендіреді. Жақсы көбік басушы силиконды қосылыстар болып табылады: антифомислан (беткейлік белсенділік қасиетке ие) – тез көбікті басушы әсер береді, шырышты қабықты тітіркендірмейді. Аэрозолды спирт ертінідісімен оттегіні қоса ингаляция түрінде қолданады.

  • Этил спирті – 20-40% тітіркендіруші әсер; 70% антисептикалық, 95% дезинфицирлеуші әсер береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]