- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі
- •«Бағалау, есеп және аудит» кафедрасы
- •5B050800 «Есеп және аудит» мамандығы
- •«Копанияның қаржылық есептілігі» пәні бойынша силлабус
- •Алматы, 2014
- •Күнтізбелік тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтардың мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Соөж өткізу және тапсыру кестесі*
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бағалау саясаты
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Курс саясаты
Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ( 2014 ж. өзгерістерімен)Заңы - www.Законы.kz
Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасы – www.Минфин.kz
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
Дуйсенбаев К.Ш., Толегенов Э.Т. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2001 ж.*
Қосымша әдебиеттер
К.К. Кеулимжаев . Финансовая отчетность, Экономика, 264 стр.
Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (теория и методология). - Алматы: Экономика, 2000.
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности:Учебник. - Алматы: Экономика, 2009. – 366 с.
Бочаров В.В. Финансовый анализ. – СПб: Питер, 2005. – 240 с.
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. -М.:ИНФРА-М, 2002. – 336 с.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.
Пән 100-балдық өлшемде бағаланады.
Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.
«Компанияның қаржылық есептілігі» пәнінің пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.
Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.
Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:
(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)
1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.
Мысалы:
Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады, осы бойынша студент/магситрант 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).
1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент/манистрант 100 балдан 65 балл алды.
1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.
Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент/магистрант 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.
2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.
ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.
Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.
Мысалы, студент/магистрант емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).
Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын _5__ балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын __5_ балға төмендетеді.
Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.
Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.
Балмен қорытынды баға (ҚБ) |
Балдардың сандық баламасы (С) |
Әріптік жүйемен бағалау (Ә) |
Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д) |
95-100 |
4 |
А |
Өте жақсы |
90-94 |
3,76 |
А- |
|
85-89 |
3,33 |
В+ |
Жақсы |
80-84 |
3,0 |
В |
|
75-79 |
2,67 |
В- |
|
70-74 |
2,33 |
С+ |
Орташа (Қанағаттанарлық) |
65-69 |
2,0 |
С |
|
60-64 |
1,67 |
С- |
|
55-59 |
1,33 |
D+ |
|
50-54 |
1,0 |
D |
|
0-49 |
0 |
F |
Қанағаттанарлықсыз |
