Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЫНА ТӘРІЗДІ СҮЙЕК ҚҰРЫЛЫСЫ - копия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

2. Көз шарасы құрылысы, байланыстары

Көз шарасы орбита сыртқы пирамидаға ұқсап, бүкіл көру мүшелердің қуыстығын құраушы сүйектік кеңістік болып табылады. Көз шарасының кіреберіс тесігі адитус орбита н/е көз шарасының пирамида тәрізді қуыстықтың табаны мен көру нерві өзекшесінің тесігіне бағытталған ұшы ажыратылады. көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні, 4бұрыш тәрізді доғаланып келген. Көз шарасының жоғарғы жиегі марго супраорбиталис арқылы төменде көз шарасының төменгі жиегі марго инфраорбиталис арқылы шектелген. Көз шарасының тегістеу болып келген 4 қаб ажыратады. 1) көз шарасының жоғ қаб париес супериор маңдай сүйектің көз бөлігінің көз шарасына қараған беті мен сына сүйектің кіші қанатынан тұрады. Сына сүйектің кіші қанатының көз шарасына қараған бетінде , көру нервінің өзекшесі каналис оптикус айқын байқалады. Көз шарасының жоғарғы қабырғасының көз шарасына қараған беті тегістеу ж/е ойыстау болып келген. Бүйір қапталында көзжас безінің ойысы фосса лакрималис алд ж/е мед қапталында: шығырлық қылқан спина торохлеарис оның артында шығырлық қылқанның шұңқыршасы фовеа трохлеарис орн. 2)Көз шарасының латеральдық қабырғасы париес латералис, бетсүйек ос зигоматикум мен сына сүйектің үлкен қанатының көз шарасына қараған бетінен тұрады. Латеральдық қабырғасы,жоғары қаб көз шарасының жоғ саңылауы фиссура орбиталис суппериор арқ шектелген сонымен қатар бет сүйектің көз шарасына қараған бетінде бет сүйектік көз шарсының озекшесінің тесігі форемен зигоматикус орб айқын байқалады.

3. МҰРЫН ҚУЫСЫ: ҚҰРЫЛЫСЫ,БАЙЛАНЫСТАЫ. Мұрын қуысы кавитас наси алдынаналмұрт тәрізді тесікпен апертура писиформис ашылады, артқы жағынан жұп тесіктер – хоаналар, оны жұтқыншақ қуысымен жалғастырады. мұрын қуысы мұрынның сүйекті қалқасы септум наси арқылы онша симметриялы емес 2 жартыға бөлінеді, өйткені көп жағдайда қалқа қатаң түрде сагиталды тұрмай жанына қарай қисаяды. Мұрын қуысының әр жартысында 5 қабырға бар: жоғарғы, төменгі, латеральды, медиальды ж/е артқы қабырғалар. Латеральды қабырғаның құрылысы барынша күрд: оның құрамына (алдынан артына қарай) мына сүйектер кіреді: мұрын сүйегі, жоғарғы жақсүйектің денесі мен маңдай өсіндісінің мұрындық беті, көзжас сүйегі, торлы сүйек лабиринті, төменгі қалқан, таңдай сүйегінің перпендикулярлы табақшасы, сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінің медиальды табақшасы. Сонымен қатар мұрын қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралық қабырғалары ажыратылады: 1) жоғарғы қабырғасы: мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонтальды табақшасынан ж/е сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады. 2) төменгі қабырғасы: сүйектің таңдайдан палатум оссеум тұрды. 3) аралық қабырғасы: кеңсірік сүйек пен тор сүйектің пермендикулярлық табақшасынан тұрады. 4) Бүйір қабырғалары. Жоғары жақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен ж/е таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында мұрын қуысының 3 өту жолы айқын байқалады. А)Мұрын қуысының жоғ өту жолы меатус наси супериор мен ортаңғы кеуілжірдің конча насалис медиус аралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы сына сүйектің қойнауы мен тор сүйектің артқы ұяшығымен өзара жалғасады. Ә)мұрын қуысының орт өту жолы меатус наси медиус аралық ж/е том кеуілжірдің арасында орн.б)мұрын қуысының төм өту жолы миатус наси инфериор том кеуілжір мен таңдайдың аралығында орн.

4. Қанат таңдай шұңқыры – ол самай астылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Сол себебті қанат – таңдай шұңқыры деп аталады. Бұл шұңқырда үш қабырға болады. Алдынғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің бұдырынан, артқы қабырғасы, сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Қанат – таңдай шұңқырының өзара қатынастары.

1. Ауыз қуысы мен – таңдай сүйегінің горизонтальді табақшасының үлкен өзекшесі арқылы

2. Көз шарасымен көз шарасының төменгі саңылауы арқылы

3. Мұрын қуысымен – сына таңдайлық тесік арқылы

4. Ми саутының ортанғы шұңқырымен дөнгелек тесік арқылы

5. Қанатты өсіндісінің өзекшесі – арқылы ми саутының сыртқы негізімен байланысады.