- •Есептің мақсатын анықтау.
- •Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары.
- •1. Тесттің алғашқы сұрағы.
- •2.1. Тестілеудің сараптық жүйесінің функционалды-құндылықтық талдауы.
- •Ішкі құрылымы және программалық модульдер
- •Қорытынды
- •Xml пішімдегі құжаттарды қолдану, сыртқы деректер мен білім базасын сақтау үшін, басқа программалық жүйелерден деректерді импорттау мен экспорттау мүмкіндігі пайда болады.
- •3. Енгізілген жауапқа синтаксистік талдау
- •4. Сөздіксіз сөзді фрейм желісіне қосылу. Фрейм желісін синтаксистік талдау нәтижесінен байланысуы
- •5. Пәндік саланың базалық желісін алынған сематикалық желісімен салыстыру.
- •1. Енгізілген жауаптың морфологиялық талдауы. Сөздікте табылған мәтіндегі сөздерді жөндеу.
- •2.Жөнделген сөздерден байланыспаған фрейм желісінде құрылуы
Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары.
Сараптық жүйенің тағайындалу мақсаты.
Сараптық жүйе жұмысының басты мақсаты – табиғи тілді пайдалану арқылы қойған сұраққа жауап беру, пайдаланушы білімін өзін-өзі тексеруге арналған. Жүйе, жауаптың дұрыстығы мен толықтығын орфографиялық және стилисткалық қателерге қарамастан тексереді.
Оқытушыға пәндік аймағының білім базасын құру, әлде түзету үшін қолайлы құралдар ұсынылуы керек және диалогтың сценариясын бейнелеуге де (сұрақтар кезектілігі, жауап сапасына деген реакциясы жауапқа қатысты жүйенің өзгеруі), сондықтан да білімді тексеру жүйенің ұйытқысынан басқа екі программа кіреді. Бұл программалар қызметі білім базасы мен сценарияны құру мен түзету. Зерттеліп жатқан білімді тексеру жүйесі оқытушыға оқу үрдісі барысында студенттің білімін бағалауға көмектеседі, ал студент өзінің білім деңгейін тексере алады.
Сараптық жүйенің білімді бақылау құрылымы.
Сараптық жүйенің ұйымдастырылуы мен программалық модульдерінің өзара қатынасын жоғарыдағы схемаға негізделіп қарастырайық.
Табиғи тілді талдаудың бағыныңқы жүйесі - пайдаланушының табиғи-тілдік интерфейспен қатынасын жүргізеді. Бұл бағыңыңқы жүйе кіргізілген табиғи-тілдегі мәтінді білім базасындағы негізгі сөз-түсінігін іздеу қағидасына негізделіп, өңдейді.
Ж
Пользователь
Осы бағыныңқы жүйенің кіру мәліметі, ол танылған сөздердің байланысқан фрейм желісі, жауап бойынша ағымды аддитивтік бағалау мен пайдалану шығу фразасы болып келеді. Жүйе жұмысының қағидасы пайдаланушы ұсынған жауаптың, фрейм желісімен байланысын, білім базасындағы пәндік саладағы базалық фрейм желісімен байланысы мен білім базасындағы пәндік саладағы базалық фрейм желісімен салыстырылады. Базалық желіс фрейм желістік түзету программасымен құрылады, пәндік салаға негізделіп және жадыға тестілеудің сценариясымен бірге енгізіледі.
Жұмысты басқарудың бағыңыңқы жүйесі келесі функцияларды атқарады.
Пайдаланушы- тестілеушіні тіркейді
Сұрақ құрап, дисплейдің экранына шығарады
Тестілеудің диалогын жүргізу үшін сұрақ пен мәліметті шығарады
Пайдаланушыға жауап сапасының ақпараты туралы мәлімет шығарылады
Жалпы лог тестілеуді жүргізеді
Сараптық жүйенің жұмысын толық үйлестіреді.
Бұл бағыныңқы жүйенің негізгі қызметі жауапты талдау бағыныңқы жүйесі мен сценарийдың диалогының ақпаратын талдауға негізделеді. Жұмысты басқарудың бағыңыңқы жүйесінің функциясы пайдаланушының диалог кезінде жағдайдың даму бағытын анықтайды. Фрейм желісіндегі файл, табиғи тіл сөздігі – пәндік аймақтың білім базасын құрайды. Білім базасымен жұмыс істеу үшін пакетке арнайы программа кіреді, ол программа жаңа білім базаларды құру, түзету мүмкіндігіне ие. Осындай программа Диалог сценарийсының жұмысында да бар.
Пайдаланушы сараптық жүйемен табиғи тілді талдаудың бағыныңқы жүйесімен әрекеттенеді, ал пайдаланушыға арналған ақпарат жауапты талдаудың бағыныңқы жүйесімен жинақталады да, жұмысты басқарудың бағыныңқы жүйесімен шығарылады. Пайдаланушы жүйеге арналған ақпаратты (сұраққа жауап) табиғи тілдік мәтін түрінде ешқандай кедергісіз перне тақтасынан енгізеді. Ақпарат дисплей экранына жалпы лог тестінде шығарылады.
Білімді тестілеуінің сараптық жүйе жұмысының негізгі қағидалары.
Дисплей экраны үш терезеге бөлінеді:
Сұрақтар терезесі;
Жауап терезесі;
Лога мәлімет терезесі;
Сұрақтар терезесіне жүйе сұрақтың мәтінін енгізеді, ал жауап терезесіне пайдаланушы жауаптың мәтінін енгізеді, ал лога мәлімет терезесіне ақпараттық мәтін енгізіледі, пайдаланушыға тестілеу программасы іске қосылғаннан соң меню “Файл” , “Сценарийді ашу” сценарий файлы ашылады. Жұмыстың алдында пайдаланушы өзі туралы мәліметті жүйеге енгізеді (тестті бастау). Тест аяқталған соң лог мәліметі нәтижелер файлында сақталынады: “нәтижені сақтау”.
Жүйенің бүкіл жұмыс үрдісі қарапайым адымдар жиынтығынан тұрады.
Әр адым келесі кезеңдерінен тұрады:
Сценарийдан тест таңдап алынады;
Білім базасында бейнеленген нақты түсінікке қатысты тесттің түріне сай сұрақ қойылады;
Пайдаланушы жауапты енгізеді әлде ол сұрақты өткізіп жіберді;
Жауаптың сапасын анықталады (қателер көрсетіледі)
Жауаптың дұрыстығы мен толықтығына сай жүйе жұмысының бағыты анықталады (диалогтың дамуы);
Адымдардың кезеңіндегі жүйемен жүзеге асырылатын арнайы программамен құрылып түзетілетін сценарийдің диалогында бейнеленеді.
Жоғарыда көрсетілген схеманы кезең бойынша қарастырайық.
