- •Есептік-графикалық жұмыста берілген мәліметтер.
- •5.1 Суреті – Тораптың есептік сұлбасы Есептеу бөлімі
- •5.2 Суреті – Тораптың орын ауыстыру сұлбасы
- •5.3 Суреті - Қуаттың лектері
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтарына жауап:
- •Қорытынды
- •Әдебиет тізімі
- •3.5 Суреті –Ұшты фарфор оқшаулағыштары
- •3.6 Суреті - пф (а) және пс (б) ілінетін оқшаулағыштары
- •3.7 Суреті – Полимерлік оқшаулағыштар
5.3 Суреті - Қуаттың лектері
P56 = P6 = 1.8 МВт
P15 = P6 + P5 = 1.8+2.2 = 4 МВт
P34 = P4 = 1.4 МВт
P23 = P3 + P4 = 1.6+1.4 = 3 МВт
P12 = P23 + P2 = 3+3.1 = 6.1 МВт
P01 = P15 + P12 + P1 = 4+6.1+2.8 = 12.9 МВт
Q56 = Q6 = 1.29 МВАр
Q15 = Q6 + Q5 = 1.29+1.58 = 2.87 МВАр
Q34 = Q4 = 0.99МВАр
Q23 = Q3 + Q4 = 1,14+0.99 = 2,13 МВАр
Q12 = Q23 + Q2 = 2,13+2,33 = 4,46 МВАр
Q01 = Q15 + Q12 + Q1 = 2,87+4,46+2,01 = 9,34 МВАр
Түйінді кернеулерді анықтайды:
U0 = Uном. ∙ U = 1.05∙35 = 36.75
ΔU01 = (P01∙R01 + Q01∙X01) / U0 = (12.9∙1,49 + 7.63∙3.37) / 36.75 = 1.56 кВ
U1 = U0 - ΔU01 = 36.75 – 1.56 = 35.19 кВ
ΔU12 = (P12∙R12 + Q12∙X12) / U0 = (6.1∙1.83 + 3.61∙2.52) / 36.75 = 0.55 кВ
U2 = U0 – ΔU12 = 36.75 – 0.55 = 36.2 кВ
ΔU23 = (P23∙R23 + Q23∙X23) / U0 = (3∙2.14 + 1.78∙2.94) / 36.75 = 0.38 кВ
U3 = U0 – ΔU23 = 36.75 – 0.38 = 36.37 кВ
ΔU34 = (P34∙R34 + Q34∙X34) / U0 = (1.4∙1.53 + 0.83∙2.10) / 36.75 = 0.10 кВ
U4 = U0 – ΔU34 = 36.75 – 0.10 = 36.65 кВ
ΔU45 = (P45∙R45 + Q45∙X45) / U0 = (4∙2.45 + 2.37∙3.37) / 36.75 = 0.48 кВ
U5 = U0 – ΔU45 = 36.75 – 0.48 = 36.27 кВ
ΔU56 = (P56∙R56 + Q56∙X56) / U0 = (1.8∙1.83 + 1.06∙2.52) / 36.75 = 0.16 кВ
U6 = U0 – ΔU56 = 36.75 – 0.16 = 36.59 кВ
Тораптағы қосынды шығындар:
1.56+0.55+0.38+0.10+0.48+0.16
= 3.23 кВ
ΔUΣ = ΔUΣ ∙100 %/ U0 = 3.23∙100 % / 36.75 = 8.79 %
Кесте- 2. ЭБЖ бөліктері
ЭБЖ бөліктері |
|||||||||||
0-1 |
1-2 |
2-3 |
3-4 |
4-5 |
5-6 |
||||||
R,Ом |
Х, Ом |
R, Ом |
Х,Ом |
R,Ом |
Х, Ом |
R, Ом |
Х, Ом |
R, Ом |
Х, Ом |
R, Ом |
Х, Ом |
1,49 |
2,48 |
0,99 |
1,65 |
1,99 |
3,31 |
1.49 |
2.48 |
1,24 |
2,07 |
0,99 |
1,65 |
Р, МВт |
Q, МВар |
Р, МВт |
Q, МВар |
Р, МВт |
Q, МВар |
Р, МВт |
Q, МВар |
Р, МВт |
Q, МВар |
Р, МВт |
Q, МВар |
12.9 |
9,34 |
6.1 |
4,46 |
3 |
2,13 |
1.4 |
0.99 |
4 |
2.87 |
1.8 |
1.29 |
ΔU,кВ |
ΔU,кВ |
ΔU,кВ |
ΔU,кВ |
ΔU,кВ |
ΔU,кВ |
||||||
1.56 |
0.55 |
0.38 |
0.10 |
0.48 |
0.16 |
||||||
Бақылау сұрақтары
Электр жүйелерінің режимдерін басқару қалай іске асады?
Ауа желілерінде оқшаулағыштардың қандай типтері қолданылады?
Бақылау сұрақтарына жауап:
1. ЭЭЖ басқару автоматты реттеуіштермен және апатқа қарсы автоматика құрылғыларымен жүргізіледі. Соңғы кезде басқару үшін ЭЕМ қолдана бастады. Басқарудың автоматты жүйелерін баптау жүйе жұмысының экономикалық тиімділігін және тұтынушыларға жіберілетін электрэнергияның жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін алдын ала таңдалған сипаттамаларына сәйкес синтез әдістерімен жасалынады.
Пайдаланылатын автоматты құрылғылардың түрін таңдау, олардың тиімділігін және энергия жүйелері жұмысының сенімділігіне әсерін бағалау оңтайлау есептерінің негізінде жасалынады.
ЭЭЖ режимдерін басқару оңтайлы болу керек, яғни қарама – қарсы нышандары әсерінің жағдайларында ең жақсы техникалық –экономикалық нәтиже беретін. Мысалы, желімен жеткізетін қуатты көбейту мақсатымен орнықтылықтың бұзылу себебінен осы желінің апатты ағытылуын тудыруға болады. Бір тенденция жеткізетін қуатты көбейткенде алатын оң нәтиже, екінші – сенімділіктің төмендеуімен және желімен электрэнергияны жеткізудің толық тоқтау мүмкіндігімен туындаған теріс салдарларында, мұнда жеткізудің тоқтау ықтималдығы берілетін қуаттың көбейуімен өседі.
Басқару нысаны ретіндегі электрэнергетикалық жүйе үшін оның көпсанды элементтері арасындағы күрделі тура және кері байланыстардың үлкен санының болуы және жұмыс жасау процесінің мақсатты бағытталуы тән.
Электрэнергетикалық жүйелер кибернетикалық типті үлкен жүйелердің категориясына жатады. Оларды басқару энергетиканың басқа салалармен, биосферамен және әлеуметтік нышандармен күрделі өзара байланыстарын ескеріп құрылу керек.
Электрэнергетиканы басқару жүйесінде ЭЕМ маңызды мәні бар. Олдардың ролі энергетикалық жүйелердің техникалық дамуына байланысты өседі. Мұнда адамның функциялары жауапты және творчествалық болады.
Электрэнергетикалық жүйелерде барлық алынған энергия лезде тұтынылады. Электрлік жүктеменің нақты тербелістері генератор роторы айналуының кинетикалық энергиясы өзгеруінің есебінен өтемделеді. Егер жүктеме өссе, онда электр генераторы өндіретін қуат көбейеді. Мұнда ротор тежеледі және оның кинетикалық энергиясы азаяды. Жүктеменің төмендеуі генератор роторы кинетикалық энергиясының көбейуіне алып келеді.
2. Электрберіліс ауа желілері (АЖ) электрэнергияны сымдармен қашықтыққа жеткізуге арналған. Негізгі қиыстырмалық элементтері болатындар сымдар, найзағайдан қорғайтын тростар, тіректер, оқшаулағыштар және желілік арматура. Сымдар электрэнергияны жеткізуге арналған. АЖ найзағайдың асқын кернеулерінен қорғау үшін тіректердің жоғары жағындағы сымдардың үстінен найзағайдан қорғайтын тростарды монтаждайды.
Тіректер сымдар мен тростарды жер немесе судың деңгейінен белгілі биіктікте ұстайды. Оқшаулағыштар сымды тіректен оқшаулауға арналған. Желілік арматура сымды оқшаулағыштарға және оқшаулағыштарды тіректерге бекітуге арналған.
Ең кеңінен тараған бір – және екі тізбекті АЖ. Үшфазалық АЖ бір тізбегі әртүрлі фазалардың сымдарынан тұрады. Екі тізбек те бір тіректе жайғасулары мүмкін.
АЖ сымдары және найзағайдан қорғайтын тростар
АЖ – де көбінесе оқшауланбаған (жалаңаш) сымдар қолданылады. Қиыстырмалық жасалынуы бойынша сымдар бір – және көпсымды, қуыс болады. Бірсымды, көбінесе болат сымдар, төменгі вольттік тораптарда шектеулі пайдаланылады. Иілгіш және механикалық беріктілігі жоғары болу үшін сымдарды бір металдан (алюминий немесе болат) көпсымды және екі металдан (құрамдастырылған) – алюминий және болаттан жасайды. Сымдағы болат механикалық беріктілікті көбейтеді.
Оқшаулағыштар
Оқшаулағыштар фарфордан немесе шыныққан шыныдан жасалынады және екі түрі болады: ұшты –1 кВ дейінгі және 6 –35 кВ желілері үшін; 35 кВ желілерінде олар сирек қолданылады – тек аз қималар үшін; ілмелі - 35 кВ және жоғары желілер үшін. Ілмелі оқшаулағыштар сымды сүйемелдейтін гирляндаларға аралық тіректерде, алкерілетін гирляндалар –анкерлік тіректерде жиналады.
а) б)
а - кернеуі 1 кВ дейінгі; б - кернеуі 10 кВ.
