Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гломерулонефрит начало.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆

Клиникалық түрлері:

  1. классикалық триадалық жайылма түрі (несептік синдром, ісіну, артериалдық гипертония)

  2. бисиндромдық түрі (нефротикалық синдроммен немесе артериалық гипертониямен жұптасқан несептік синдром)

  3. моносиндромдық түрі (дара несептік синдром)

  4. нефротикалық түрі

Асқынулары:

  • Бүйректің жедел шамасыздығы

  • Жедел бүйректік гипертензиялық энцефалопатия

  • Жүректің жедел шамасыздығы

  • Солқарыншалық жүректік астмамен

  • Тотальді

Емі: Төсек тәртібі 2-4 апта (бүйректің қанайналымы жақсарады)

Диетотерапия (су мен ас түзін шектеу)

Этиологиялық ем: антибиотиктер

Патогенездік ем: глюкокортикостероидтар, антикоагулянттік және антиагреганттік ем (шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның және содан бүйрекші қанағымының, шумақтық фильтрациясы төмендеуінен)

Ісіну синдромын емдеу: сұйықтық пен тұзды шектегеннен ісіктер 2 апдада қайтады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судын мөлшері диурезге тәуелді болу керек (тәуліктік диурез + 400мл).

Судын балансын тексеріп тұру қажет.

Гипертониялық синдромды емдеу: АҚ 160 – 170 мм.с.б. жоғары болса арнайы емделеді: диуретиктер беріледі. Әдетте диета ұстаған кезде АҚ реттеледі.

Профилактикасы: ылғал суықтан (соның ішінде су қоймаларында шомылудан), аса қыздырудан, ауыр дене қызметінен, ұзақ уақыт аяқта тұрудан, бүйрекке әсер ететін дәрілер қолданудан, екпелерден сақтану.

Созылмалы гломерулонефрит.

Созылмалы гломерулонефрит –шумақтардың, түтікшелердің, интерстициалды ұлпаның иммундық қабынуы мен сипатталатың, біртіндеп нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.

Этиологиясы. Инфекциялық факторлар: бактериялар және вирустар.

Токсикалық факторлар: органикалық ерітінділер, алкоголь, анальгетиктер, сульфаниламидтер, наркотиктар, сынап.

Патогенезі жедел гломерулонефритке ұқсас, дамуының басты механизмі: бүйрек шумақтарына иммундық комплекстерінің жиналуы.

Клиникалық түрлері: латентті, нефротикалық, гипертониялық, аралас, гематуриялық.

Созылмалы гломерулонефриттің клиникасы түріне байланысты. Аурудың қай түріндеде үш негізгі синдром бар: несептік, гипертониялық, ісіктік.

Созылмалы гломелуронефрит кейде тек қана медициналық тексерулерде табылады (санаторлы – курорттық карта толтырғанда, жүктілік кезде)

Кейде науқастар шағымданады: бас ауруына, тез шаршауға, бел тұсының ауырсынуына. Кейбір науқастарда шағымдар болмайды.

Бұл шағымдар көп ауруларда болуы мүмкін.

Науқастарда ұзақ артериалды гипертензиядан жүректің сол шекарасының ығысуы мүмкін, ІІ нүктеде ІІ тонның акценті.

Ісіктер бүкіл ауруларда болмайды

Протеинурия әрдайым кездеседі, бірақ көлемі ауысып тұрады. Сондықтан ақуызды тәуліктік зәрде анықтау қажет.

Жиі гематурия және цилиндрурия кездеседі.

ЖҚА ЭТЖ жоғарлайды.

ҚБА холестерин, жалпы белок, азот қалдықтары (креатинин, мочевина) жоғарылайды.

Жүректі рентгенологиялық тексеру: жүректің сол қарыншасының гиперторфиясы.

ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы.

Көз түбінің артерияларының артериалық гипетензияға байланысты өзгерулері.