- •1.1 Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау жөніндегі жалпы ереже
- •1.2 Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезіндегі қолданылынатын әдістер
- •2.1 Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •2.2 Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •2.3 Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •2.4 Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі
- •3.1 Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •3.2 «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.2 Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезіндегі қолданылынатын әдістер
Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.
Есеп объектісі мен калькуляциялаудан басқа калькулациялық бірлік тізімін белгілеу қажет. Калькуляциялық бірлік, тиісті өнім (бұйым) түрінің техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бірлігіне және өндірілген өнімнің натуралды көрінісіне сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау өлшем бірлігі ретінде екі көрсеткішті пайдаланса (т және м2), онда калькуляциялық бірлік осы екі бірліктің бірін ғана пайдаланады.
Іс жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі топқа біріктіруге болады:
-натуралды бірліктері – дана, метр, килограмм, тонна, литр және т.б.;
-ірілендірілген (иесіздендірілген) бірлігі – тігін бұйымының прейскуранттық нөмірі, белгілі бір артикулдағы жүз жұп аяқкиімі және т.б.;
-өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін пайдаланылатын шартты-натуралды бірлік, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлі тербелісте болуы мүмкін (мысалға, спирт – 100%, күйдіргіш содасы - 92%натрий);
-құндық бірлігі;
-еңбек бірлігі (норма сағаты);
-орындалған жұмыс бірлігі (ткм, машина-күні, ай-күні);
-пайдалы нәтиженің бірлігі – қуаты, өнімділігі және т.б.
Кешендік өндірісте бір шикізаттан бір технологиялық процессте екі немесе бірнеше түрлі өнімді алса, онда оларды шығару үшін жұмсалған жалпы шығынды өнімдердің арасына тартуға болмайды, сондықтан ондай өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге төменде келтірілген әдістің бірін пайдаланады. Егер де технологиялық процессте шикізатты өндеу кешені бірнеше рет қайта жасаудан тұратын болса және өндірістің бұл кезендері бойынша шығын деңгейін анықтау мүмкіндігі бар болса, онда соңғы өнімге немесе шалафабрикатқа бөлістік калькуляциясын пайдалану мүмкін. Егер де жалпы шығыннан белгілі бір өнім түріне қатыстысын бөлу мүмкіндігі бар болса, онда оны тікелей сол өнімнің өзіндік құнына қосуға болады.
Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезінде келесі әдістерді қолданады:
- шығындарды шегеру. Бұл әдіс кезінде өндірісте алынатын өнімдердің бірі негізгі өнім болып саналады,ал қалғандары ілеспе ретінде қарастырылады. Өндіріске кеткен барлық шығыннан ілеспе өнім жоспарлы өзіндік құны бойынша шегеріледі және осыдан кейін алынған деңгейін негізгі өнімнің өзіндік құны деп санауға болады. Бұл әдісте негізгі өнімнің деңгейі айқын белгілі болған кезде ғана және ілеспе өнімнің үлес салмағы аса көп болмаса ғана пайдаланады.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктерне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепке топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын айтады.
Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:
өндіріс типі;
өндірістің күрделілігі;
шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
өндіріс циклының ұзақтылығы;
аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.
Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай өнім – бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.
Бұл аталған өнімнің өзіндік құнын есептеу аса күрдклі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.
Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальбардан тұратын өнімдерді атайды.
Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері, детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиынгдықтар туғызады.
Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы басты роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат құраса (көмір, қара металлургия, электростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күн мысалға, тоқыма өнеркәсібінде, химия зауыттарында, тері фабрикасында т.б., ал үшіншілерінде ол – бірнеше айларға созылуы мүмкін (кеме құрылысында, ауыр машина жасау кәсіпорындарында т.б.), ал төртіншісінде – тұтас маусымға созылуы мүмкін (орман шаруашылығын пайдалану).
Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп салаларында өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің шығысты тарату мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.
2-бөлім. Өндіріс шығындарын есепке алудың негізгі әдістері
