Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
04_07_ каз2вар.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448 Кб
Скачать
☆

7,5 Айлық бала. Клиникалық белгілеріне байланысты «д-гипервитаминозы» диагнозы қойылған. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораториялық тексермені өткізу керек:

А) қан сарысуындағы темір мөлшері

В) сілтілі фосфатаза мөлшерін

С) Сулковия сынамасын

D)Кумбс сынамасын

Е) Нечипоренко сынамасын

{ Дұрыс жауап }= С

{ Қиындығы}= 3

{ Оқу құралы }= Шабалов Н.П. Неонатология. С-Петербург, 2006 г

{ Курс}= 7

{ Семестр }= 14

{ Тестеленушінің жобаланған білім деңгейі }= РА

$$$017

Бала 1,5 айда, туғандағы салмағы -2100,0. Шала туылған, ретсіз тамақтанады. Анасының сүті көп, салмақты жақсы қосады. Ауырған жоқ. ЖҚА - анемия. Нв - 105 г/л, эритроцит - 3,1х1012/л. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Анемияның қандай түрі дамыған?

А) алиментарлы

В) шала туылған балалардың ерте дамыған анемиясы

С) шала туылған балалардың кеш дамыған анемиясы

D) тұқым қуалаушылық гемолитикалық анемия (Минковский-Шаффар)

Е) ЖТН гемолитикалық анемиясы

{ Дұрыс жауап }= В

{ Қиындығы}= 2

{ Оқу құралы }= Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г.

{ Курс}= 7

{ Семестр }= 14

{ Тестеленушінің жобаланған білім деңгейі }= РА

$$$018

1 жас 2 айлық бала, шала туған, жасанды тамақтандыруда, қосымша тағамдар кеш енгізілген, жиі ауырады. Тексергенде: терісі боз-сарғыш түсті, талағы ұлғайған (+4 см қабырға доғасынан). Қандай: Нв –80 г/л, эритр.- 2,0 х 1012/л, р.к.-1,2 б, ретикулоциттер – 20%, тікелей емес билирубин – 30,8 ммоль/л. анемияның қай түрі анықталған?

А) алиментарлы

В) шала туған балалардың ерте дамитын анемия

С) шала туған балалардың кеш дамитын анемия

D) туа біткен гемолитикалық анемия (Минковски-Шаффар ауруы)

Е) жаңа туған баланың гемолитикалық аурудың анемиялық түрі

{ Дұрыс жауап }= D

{ Қиындығы}= 2

{ Оқу құралы }= Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г.

{ Курс}= 7

{ Семестр }= 14

{ Тестеленушінің жобаланған білім деңгейі }= NS

$$$019

1жас 2 айлық бала, шала туған, жасанды тамақтандыруда, қосымша тағамдар кеш енгізілген, жиі ауырады. Тексергенде: терісі боз-сарғыш түсті, талағы ұлғайған (+4 см қабырға доғасынан). Қанда: Нв –80 г/л, эритр. –2,0 х 1012 /л, р.к.-1,2 б, ретикулоциттер – 20%, тікелей емес билирубин – 30,8 ммоль/л. Диагнозды дәлелдеу үшін не анықтау қажет?

А) Кумбс реакциясын

В) гемоглобиннің фракцияларын

С) трансаминазалар активтілігін

D) несептегі өт пигменттерін

Е) эритроциттердің осмостық резистенттілігінің

{ Дұрыс жауап }= Е

{ Қиындығы}= 3

{ Оқу құралы }= Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г.

{ Курс}= 7

{ Семестр }= 14

{ Тестеленушінің жобаланған білім деңгейі }= РА

$$$020

Үдемелі мишықтық атаксия, көз коньюктивасы қантамырларынан басталған телеангиоэтазиялар, өкпенің рецидивті инфекциялары, синуситтер, дене және психикалық дамуының артта қалуы, лимфоидты жүйеде қатерлі ісіктер дамуына бейім болуы; аутосомды-рецессивті тұқымқуалау типі - симптомдар кешені қай ауруға тән?

A) Луй-бар синдромы

B) Поттер синдромы

C) Вискот-Олдридич синдромы

D) Ниман-пик ауруы

E) Гоше ауруы

{Дұрыс жауабы} =A

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= (Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г. (каз)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = РА

$$$021

3 жастағы бала 3 апта бойы субфебрильді дене қызуының жоғарылауы, тұрақты жөтел, тәбетінің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті. Амбулаторлық жағдайда –пенициллин, кефзол алды. Түскен кезде – шамалы ентігу, терісі бозғылт, “мәрмерлік суретпен”, периоральді цианоз, өкпесінде – екі жақта төменгі бөлімінде орта – және ұсақкөпіршікті сырылдар. Рентгенограммада – өкпе алаңының біркелкі емес инфильтрациясы – “қарлы боран”, интерстициальдық және қантамырлық компоненттер есебімен өкпе суретінің айқын күшеюі. Жалпы қан зерттеуінде – эозинофилия, шамалы нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылаған, I дәрежелі анемия. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қоздырғышына жатады ?

A) микоплазма

B) көк ірің таяқшасы

C) стафилококк

D) стрептококк

E) пневмококк

{Дұрыс жауабы} =A

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= (В.К. Таточенко, С.В. Рачинский «Балалардағы өкпе аурулары».-М.: Медицина, 1997 г.

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$022

Арман 4 айлық, ауруханаға тыныс жетіспеушілік есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-84 рет 1 мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикоз. Өкпе үстінде тимпанит, аускультативті – ұзарған және қиындаған тыныс, өкпенің барлық аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкоцитоз. Сіздің диагнозыңыз?

A) жедел пневмония

B) обструктивті синдроммен жедел бронхит

C) жедел бронхиолит

D) жедел бронхит

E) плеврит

{Дұрыс жауабы} =C

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детская пульмонология» Н.Л.Аряев, Н.В.Котова, 2005 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$023

3 жасар бала, диагнозы: Стафилококкты этиологиядағы деструктивті пневмония. Тиімді антибиотиктердің комбинациясы?

A) пенициллин + гентамицин

B) гентамицин + метрагил

C) ампициллин + гентамици

D) кефзол +сумамед

E) левомицетин +пенициллин

{Дұрыс жауабы} =D

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детская пульмонология, принципы терапии», А.Н.Зосимов, В.К. Ходзинская, 2008 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$024

1 жасар бала мына шағымдармен түсті: физикалық және психикалық дамуының артта қалуы, денесіне қан құйылумен. Объективті: тері қабаты сарғыш, аяқта және жамбасында экхимоздар. Ішінде және аяқ- қолдарында тері асты май қабаты жұқарған. Жүрек тондары тұйықталған. Тынысы пуэрильді. Іші ұлғайған. Айқын гепатоспленомегалия. Қан анализінде: Нв – 85г/л, эритроцит-3,34 х 10*12г/л; лейкоциттер – 8х10*9/л; тромбоциттер – 45х10*9/л; ЭТЖ – 25 мм/сағ. Рентгенограмма: сан сүйегінің сынығы мен асептикалық некрозы. Нақты диагноз қою үшін сүйек миында анықтау керек:

A) нысана тәрізді эритроциттер

B) Гоше жасушалары

C) Бластты жасушалар

D) Мегалобластты жасушалар

E) Ксантомды жасушалар

{Дұрыс жауабы} =B

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детская пульмонология» Н.Л.Аряев, Н.В.Котова, 2005 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

Кардиология

$$$025

ЮРА және ревматизмнің ажырату диагностикасында соңғысына тән:

A)ертеңгілік бөгелу

B) Буындар деформациясы

C) тұрақсыз буындық синдром

D)омыртқаның мойын бөлігінің зақымдалуы

E) Жүргізілген емнің нәтиже бермеуі

{Дұрыс жауабы} =C

{Күрделілігі} =1

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = ZO

$$$026

Бала 2 жаста. Шағымы: әлсіздік, ентігу, жүрек тұсының ауыруы. Ауруы катаральды құбылыстар, дене қызуының жоғарлауымен басталған. Ауруының 7-ші күні жоғарыдағы шағымдар пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Инспираторлы ентігу. Пульсі минутына 120 соққы. Балтыры ісінген. Жүректің сол жақ шегі алдыңғы қолтық сызығы бойында, жүрек ұшында 1-ші тон тұйықталған, функционалды тембрлі систолалық шу естіледі. Бауыры +1,5 см. ЭКГ- тісшелер вольтажы төмен. Эхо-КГ- сол жақ қарыншаның жиырылу қабілеті төмендеген. Сіздің диагнозыңыз:

А) эндокардиалды фиброэластоз

В) гипертрофиялық кардиомиопатия

С) миокардиодистрофия

D)жедел ревматикалық қызба

E) жүре болған ревматикалық емес кардит

{Дұрыс жауабы} =Е

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$027

14 жасар ер бала басының айналуына, периодты түрде тыныс алуының қиындауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезіміне шағымданады. Тері жамылғысы мраморлы, акроцианоз. Жүрек шекаралары жасына сай. Тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V-нүктеде систолалық шу естіледі. Пульс лабилді. Жасөспірімде бұл жағдайдың себебі неде?

A)ревмокардит

B)жедел ревматикалық емес кардит

C)кардиомиопатия

D)митралды клапан пролапсы

E)вегетативті дистония синдромы

{Дұрыс жауабы} =Е

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$028

Жүрек ырғағының қай бұзылысында кезбе нервті қоздыру мақсатында механикалық әсер ету әдісі қолданылады (картид синуын немесе көз алмасын басу)?

A)экстрасистолия

B) суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия ұстамасында

C) Морганьи Эдемса Стокс ұстамасында

D)жыбыр аритмиясында

E) синусты аритмияда

{Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$029

Бала 11 айлық. Шағымдары: физикалық дамуының кідірісі(m - 7,0 кг), физикалық жүктеме кезінде ентігу және периоралды цианоздың пайда болуы. Анамнезінде: 2 айлығынан бастап салмағын нашар қосқан, тамақтандыру кзінде тез шаршайды. Бронхит және пневмонияме ауырмаған. Қарау кезінде: тері жамылғысы цианозды, перифериялық цианоз, «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» симптомы. Жүрек шектері жасына сәйкес.Тондары қатқыл, ЖСС- минутына 140. Төстің сол қыры бойында қатты тембрлі систолалық шу естіледі, сол жақта 2-ші қабырға аралықта II тон әлсіреген. Өкпеде пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ.ТЖ- минутына 40. Бауыр, талағы ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) өкпе артериясының стенозы

B) митральды жетіспеушілік

C) Фалло тетрадасы

D) ашық артериалды өзек

E) қарынша аралық перде мүкістігі

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$030

Жүрек ырғағының қай бұзылысында кезбе нервті қоздыру мақсатында механикалық әсер ету әдісі қолданылады (картид синуын немесе көз алмасын басу)?

A) экстрасистолия

B) суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия ұстамасында

C) Морганьи Эдемса Стокс ұстамасында

D) жыбыр аритмиясында

E) синусты аритмияда

Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$031

11 жасар ер балада оңтүстікке сапар кезінде 38-39С қалтырау, ұрт пен мұрында бөртпелер, аяқ-қолдың ірі буындарында ауырсыну пайда болған, ЖТЖ-38мм/сағ. Соңынан жүрек аймағының ауырсынуы, миалгия қосылған, жалпы әлсіздік күшейген. Мүмкін диагноз?

A) жүйелі қызыл жегі

B)ювенилді ревматоидты артрит

C) ревматизм

D) бруцеллез

E) дерматомиозит

Дұрыс жауабы} = A

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$032

Бала 4 жаста. Шағымдары: тыныштық күйдегі ентігу, жүрек соғысының жиілеуі. Обьективті: жүректің сол жақ шегі аксиллярлы сызыққа дейін кеңейген. ЖСС- минутына 120, ТЖ минутына 36. Тыңдағанда:1- тон әлсіреуі, жүрек ұшында систолалық шу. Өкпенің төменгі бөлігінде екі жағынан бірдей ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Эхо-КГ- миокард гипертрофиясынсыз жүрек қуыстары кеңейген. Рентгенограммада жүрек шар тәрізді. Сіздің диагнозыңыз:

A) туа болған жүрек ақауы

B) пневмония

C) жедел ревматикалық қызба

D) дилятациялық кардиомиопатия

E) ревматикалық емес кардит

Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$033

Қыз бала 11 жаста, 1,5 айдан бері ауырады. Бетінде «көбелек» тәрізді бөртпе, соңынан деформация қалдырмайтын қайталамалы полиартрит көріністері байқалады. Ауыз қуысында ұсақ жаралар бар. Жүректі тыңдағанда перикардтың үйкеліс шуы естіледі. НЬ - 73 г/л, L - 2.8 г/л, ЭТЖ - 61 мм/сағ. Протеинурия - 0.33-0.66 г/л. Бұл көрініс қандай ауруға тән.

A) жүйелі қызыл жегі B) ювенилді ревматоидты артрит C)түйінді периартериит D)жедел ревматикалық қызба E) дерматомиозит Дұрыс жауабы} = A

{Күрделілігі} =2

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$034

5 жастағы ер балада шаршағыштық, сол қарынша пульсациясының күшеюі, 2-ші қабырға аралықта діріл анықталады, ЭКГ-де сол қарыншаға күш түсуі, рентгенограммада- кіші қан айналым шеңберінің гиперволемиясы, сол қарыншаның ұлғаюы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) өкпе артериясының стенозы

B) Қарынша аралық перде мүкістігі

C) Субаортальдыстеноз;

D) ашық артериалды өзек;

E) аорта коарктациясы

Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$035

5 жастағы ер балада шаршағыштық, сол қарынша пульсациясының күшеюі, 2-ші қабырға аралықта діріл анықталады, осы жерде систола-диастолалық шу естіледі. ЭКГ-де сол қарыншаға күш түсуі, рентгенограммада-сол қарынша ұлғаюы, кіші қан айналым шеңберінің гиперволемиясы. Сіздің болжам диагнозыңызы:

A) өкпе артериясының стенозы

B) аорта коарктациясы

C) субаортальды стеноз

D) ашық артериалды өзек

E) қарынша аралық перде мүкістігі

Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =3

{Әдебиет}= («Детские болезни» Н.П.Шабалов , 2007 жыл)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

Гематология

$$$036

3 жасар қыз бала келесі шағымдармен түсті: әлсіздік, басы айналу, тісі түсу, терісі құрғақ. Анасы баласының топырақ жейтінін айтады. Бала әлеуметтік қолайсыз отбасынан. Дерт анамнезі: соңғы 3 айда бала топырақ жей бастаған. Тексергенде –бала әлсіз, шашы құрғақ, сынғыш, тері түсі өте бозғылт, құрғақ. Койлонихия (қасық тәрізді тырнақ), хейлит, стоматит байқалады. Бұлшықет гипотониясы айқын. Жүрек үндері тұйық, ырғақты, тахикардия. ЖҚС: Нв – 30 г/л, эр – 1,2 млн, тромбоциттер – 420 мың, ретикулоциттер 2%, ЭТЖ – 5 мм/сағ, анизоцитоз ++++, пойкилоцитоз+++. Қанның б/х сынағында – темірдің қан сарысуындағы мөлшері – 2 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

А) Фанкони анемиясы

В) апластикалық анемия

С) теміртапшылық анемия

D) гемолитикалық анемия

Е) В12-тапшылық анемия

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$037

7 жасар балада тәбеті төмен. Ата-аналары баласының бозғылт екенін, аз қимылдайтынын, жылдам шаршайтынын байқаған. Анамнезінен: ЖРВИмен ауырғанда лимфа түйіндері үлкейген. Тексергенде: терісі боз, қолтық, шап, мойын, жыныс мүшелерінде қола түстес пигменттер, бетінде петехиальды геморрагиялық бөртпе, дисэмбриогенездің кіші ақаулары (басбармақ гипоплазиясы, құлақ қалқаны деформациясы, гипоспадия) бар. Дене бітімінің дамуы артта қалған, салмағы бой ұзындығына сай. АҚҚ төмен, тахикардия, жүрек үндері көмескі. Бауыры мен көк бауыры үлкеймеген. Дәреттері өзгеріссіз. Сіздің диагнозыңыз:

А) Фанкони анемиясы

В) жедел лейкоз

С) апластикалық анемия

D) теміртапшылық анемия

Е) гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$038

5 жасар баланың анасының шағымдары: терісі боз, тәбет төмендеуі. Тұрғылықты жерінде тексерілген: ЖҚС – анемия (Нв-40 г/л), тромбоцитопения – 18 мың. Теміртапшылық анемиямен гематология бөлімшесіне жіберілген. Объективті: терісі өте боз. Шеткері лимфа түйіндері, бауыры, көк бауыры үлкеймеген. ЖҚС – Нв – 46 г/л, тромб. – 40 мың, лейкоциттер – 1,3 мың, лимф - 90%, ЭТЖ – 60 мм/сағ, бласттар – 3 %.Сіздің диагнозыңыз:

А) Фанкони анемиясы

В) жедел лейкоз

С) апластикалық анемия

D) теміртапшылық анемия

Е) гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделі}= 2

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$039

Егіз қыз балалар, 2 жас 8 айлық. Анасының шағымдары: іші үлкейген, терісі боз. Тексергенде – физикалық дамуы артта қалған, денесінде бірен-саран петехиалды бөртпелер бар. Іші гепатоспленомегалиядан үлкейген: бауыры + 6,0 см, көк бауыры +8,0 см. ЖҚС- Нв – 65 г/л, тромб. – 20 мың, лейк. – 2,5 мың. Л/ф: с/я - 36%, лимф – 59 %, мон - 5%. Басқа баланың клиникасы да осындай. Миелограммада – сүйек кемігі аз клеткалы, полиморфты, бласт клеткалар жоқ, атипті клеткалар бар.Сіздің диагнозыңыз:

А) жедел лейкоз

В) Гоше ауруы

С) апластикалық анемия

D) Фанкони анемиясы

Е) гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$040

9 жасар бала, шағымдары - әлсіздік, аяқ-қолдарында геморрагиялық бөртпелер. Ауырғанына 3 ай шамасы, вирустық инфекция қайталана береді, шеткі лимфа түйіндері үлкейген, көкірек рентгені суретінде – кеудеаралығы кеңейген. Тексергенде – барлық топтағы лимфа түйіндері үлкейген, оң өкпесінің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген. Бауыры + 6,0 см, көк бауыры -+ 7,0 см. ЖҚС – Нв-92г/л, тромб. – бірен-саран, лейкоциттер – 292 мың, бласттар - 92%. Миелограмма: барлық өскіндер тежелген, тоталды бластық метаплазия. Ем тактикасы:

индукционная терапия

A) индукция

B) консолидация

C) интенсификация

D) симптоматикалық

E) қолдайтын емдеу

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

$$$041

10 жасар қыз, шағымдары – аяғындағы геморрагиялық бөртпелер. Анамнезі – тізе аймағында симметриялы дақты-папулезді бөртпелер. Буын-тері жүйесінде деформация байқалмайды. Іші жұмсақ, кіндік тұсы аздап ауырады. Бауыры және көк бауыры үлкеймеген. ЖҚС – Нв – 129г/л, тромб-361 мың, лейк-60,2 мың. Л/ф: с/я- 72 %, лимф - 18%, мон- 9%, эоз-1%, ЭТЖ – 13 мм/сағ. Сухарев бойынша қанның ұю уақыты – 3-5′. Жалпы зәр сынағы – реакциясы қышқыл, белок 0,132 г/л, тығыздығы – 1012, лейк-40-45 к/а, эритроциттер өте көп. Сіздің диагнозыңыз:

А) гемолитикалық васкулит

В) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

С) жедел лейкоз

D) апластикалық анемия

Е) теміртапшылық анемия

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$042

12 жастағы ұл бала. Шағымдары - әлсіздік, тәбеті төмен, дене қызуы жоғарылауы, 2 аптадан бері аяқ-қолының қақсап ауыруы. Тексергенде – барлық топтағы лимфа түйіндерінің 0,5-1,0 см-ге үлкеюі. Гиперпластикалық синдром: бауыры +4,0см, көк бауыры +8,0 см. ЖҚС – Нв 107г/л, тромб – 143 мың, лейк – 178 мың, л/ф: базоф - 2%, промиелоциттер - 5%, миелоциттер - 12%, метамиелоциттер - 7%, жастары - 5%, т -5%, с - 61%, эоз – 1 %, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:

А) гемолитикалық васкулит

В) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

С) жедел лейкоз

D) апластикалық анемия

Е) СМЛ

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделі}= 1

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$043

Бала 3 жаста, алғаш рет 3 айлығында бөлімшеге мұрыны қанап түскен, оқтын-оқтын денесіне петехиалды бөртпелер шығады. Ең алдымен қандай зерттеу әдістерін тағайындау қажет?

А) ЖҚС, қанның биохимиялық сынағы, қан сарысуындағы темір деңгейін анықтау

В)ЖҚС + тромбоциттер деңгейін анықтау

С) ЖҚА эритроциттердің орта диаметрін анықтау, Прайс-Джонс қисығы

D) ЖҚС, коагулограмма + тромбоциттер қызметін және қанұю факторларын анықтау

Е) ЖҚС

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = PA

$$$044

5 жасар балада – соңғы 2 жыл ішінде оқтын-оқтын жағдайының нашарлауы ұстама түрінде өтетіні байқалған: дене қызуы көтеріледі, қалтырайды, содан соң әлсірейді, терісінің түсі бозғылданып, сарғаяды. Баланы қарағанда – дамуы артта, тері түсі боз, аздап сарғайған, бауыры + 2,5 см, көк бауыры +5,0 см. ЖҚС – 56 г/л, лейк – 4,2 мың, л/ф: ж- 1%, т/т- 3%, с/я – 38 %, л/ф - 52%, мон – 6 %, ретикулоциттер – 370/00, тромб – 187 мың, ЭТЖ – 35 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз ++, Жолли денешіктері, нысана тәрізді эритроциттер +, гемосидерин кристалдары. Қанның б/х сынағында – ж/билирубин – 185 мкмоль/л, тікелей емес бөлігі есебінен. Сіздің диагнозыңыз:

А) гемолитикалық анемиясы

В) апластикалық анемия

С) талассемия

D) теміртапшылық анемия

Е) В12-тапшылық анемия

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделі}= 3

{Семестрі}= 12

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Тест өтушінің болжамды білімі} = NS

Нефрология

$$$045

Жедел гломерулонефритке тән симптомдарды таңдаңыз:

  1. Есту және көру қабілетінің бұзылуы

  2. Тәулік зәрдің анализінде микробтық денелердің саны 10/8

  3. бел аймағының ауырсынуы

  4. протеиурия 3,0 г/л

  5. транзиторлы гематурия - өзгермеген эритроциттер

{Дұрысы жауабы}= D

{Күрделілгі}=1

{Оқулық}= (Хабижанов Б.Х., 2004 ж; Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжанатын білімі}=FM

$$$046

Тамыз айында клиникаға ұзақ уақыт инсоляциядан кейін, денесінде ісіктері бар 13 жасар қыз түсті. Зәрінде – 3,0 гр протеинуря, гематурия, беті гиперемияланған. Қан анализінде ЭТЖ жоғары. АҚҚ – 140/90 мм. сын. бағ. Ауырмастан бір ай бұрын азғантай температура болған, артралгия. Қандай диагноз қоюға болады:

А) Жедел гломерулонефрит

B) Люпс-нефрит

C) Мебраналық – пролиферативті ГН

D) Мембранозды нефропатия

E) Шенлейн–Геноха нефриті

{Дұрысы жауабы}= В

{Күрделілгі}=2

{Оқулық}= (Хабижанов Б.Х., 2004 ж; Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжанатын білімі}=РА

$$$047

1,5 жастағы балада айқын сүйектік мешелдің (рахиттің) өзгерістер байқалады. Анамнезінде табиғи қоректенген, күтімі жақсы, рахитқа қарсы Д витаминімен алдын-алу жүргізілген. Бүйректің УДЗ – оның айқын патологиялары анықталған жоқ. Несіп анализі қалыпты. Бүйрек функциясы сақталған. Қан биохимиясында: Р-0,6 ммоль/л, Са – 2,5 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

А) Жедел гломерулонефрит

B) Хондродистрофия

C) Витамин Д резистентті рахит (фасфат-диабет)

D) СБШ-ның реналды остеопатия сатысы

E) Д витамині тапшы рахит, оның қалдықтары

{Дұрысы жауабы}= С

{Күрделілгі}=2

{Оқулық}= (Хабижанов Б.Х., 2004 ж; Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжанатын білімі}=РА

$$$048

Ауруханаға 10 жасар ер бала мазасыздық, жүрек айну, бас ауру, беті мен балтырының біркелкі ісінуіне, несіптің түсінің өзгеруіне шағымданып түсті. Қараған кезде: терісі бозарған, беті ісінген. Жүрек тондары тұйықталған, қан қысымы – 140/90 мм. сынаб. бағ. Жалпы зәр анализінде: түсі ет жуындыс түстес, меншікті салмағы – 1008, белок – 0,66 г/л, көру аймағын эритроциттар түгел жабқан, лейкоциттер- 5-6. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Жедел гломерулонефрит, нефриттік синдром

B) Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром

C) Жедел гломерулонефрит, шектелген несіптік синдром

D) Жедел гломерулонефрит, аралас түрі

E) Жедел пиелонефрит

{Дұрысы жауабы}= А

{Күрделілгі}=2

{Оқулық}= (Хабижанов Б.Х., 2004 ж; Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжанатын білімі}=РА

$$$049

11 жасар Диана нефрологта 7 жыл бойы «Д» бақылауда тұрады. Соңғы 6 ай бойы анализінде азотемия. Ауруханаға тез шаршауға, тәбетінің төмендеуіне, шөлдеуге, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: физикалық дамуы қалыс қалған, терісі бозарған, құрғақ, аяғы «О» тәріздес деформацияланған. ЖҚА: креатинин-130 мкмоль/л, мочевина-16,8 ммоль/л, натрий- 105 ммоль/л, қант-5,6 ммоль/л. Несіптің салыстырмалы тығыздығы 1007-1012. Тәуліктік глюкозурия-0,08 г. Нефронофтиз Фанкони диагнозы қойылды, диагнозды толықтырыңыз:

А) I типті, қант диабеті

B) бүйректік глюкозурия

C) қантсыз диабет

D) Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

E) Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

{Дұрысы жауабы}= Е

{Күрделілгі}=2

{Оқулық}= (Хабижанов Б.Х., 2004 ж; Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжанатын білімі}=NS

$$$050

Үш жастағы балада уланумен және зәрінің өзгеруімен сипатталатын зәр жолдарының инфекциясы бар. Сіздің бастапқы кездегі емдеу әдісіңіз қандай?

  1. Бастапқы кезде – зәрді бактерия әлеміне егу және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау және бірден антибиотиктерді тағайындау

  2. Зәрді бактерия әлеміне егу және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау және оның нәтижесін алғаннан кейін ғана антибиотиктерді тағайындау

  3. Цистографияны өткізу және емді бастау

  4. ҚНР анықталса дереу операция жолымен коррекциялау

  5. Бактерияға зерттемей ақ антибиотиктермен емдеу

{Дұрыс жауап } = А

{ Күрделілігі} = 2

{ Оқу құралы } = Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г. (каз); Основы нефрологии детского возраста, Возианов А. Ф. және т.б., 2002 ж)

{ Курс} = 7

{ Семестр } = 14

{Тест өтушінің болжамды білімі } = ZO

$$$050

Амирхан, 3 жаста. Алдын – ала тексеру кезінде онда протеинурия және гематурия анықталған. Балада олигофрения, сол жақ көзінің туа пайда болған катарактасы, есту қабілетінің төмендеуі бар. Бүйрекке қатысты аурулар бойынша тұқымында бейімділік бар. Қараған кезде: тері жамылғылары бозғылт, физикалық дамуы жасына сай. Қанының талдауы: Нв – 110 г/л, эритроциттер – 4.2 х 10 ¹²/л, лейкоциттер – 6.9 – х 10 9/л, ЭТЖ – 7 мм/сағ. Зәрінің талдауы: белок 0,165 г/л, эритроциттер – көру аймағында 15 – 20 – дан 50 – 60 – ға дейін, меншікті салмағы – 1012 – 1025. биохимиялық көрсеткіштері қалыпты. Экскреторлық урограммада: патология жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Жедел нефритикалық синдром

  2. Созылмалы нефритикалық синдром

  3. Зарарсыз отбасылық гематурия

  4. Альпорт синдромы

  5. Пиелонефрит

{Дұрыс жауап } = D

{ Күрделілігі} = 2

{ Оқу құралы } = Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г. (каз); Основы нефрологии детского возраста, Возианов А. Ф. және т.б., 2002 ж)

{ Курс} = 7

{ Семестр } = 14

{Тест өтушінің болжамды білімі } = ZO

$$$051

Баланың жасы алтыда, клиникалық – құрал-саймандық зерттеу әдістеріне негізделе отырып мынандай клиникалық диагноз қойылған: Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдромның дебюты, клиникалық айқын кезеңі, БФС. Сіздің емдеу әдісіңіз:

  1. № 7 емдәм, глюкокортикостероидтар, антикоагулянттар, зәр шығаратын дәрілік заттар

  2. Глюкокортикостероидтар, антикоагулянттар, зәр шығаратын дәрілік заттар

  3. Антикоагулянттар, антиоксиданттар

  4. Зәр шығаратын дәрілік заттар, антибиотиктер

  5. Глюкокортикостероидтар, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

{Дұрыс жауап } = А

{ Күрделілігі} = 3

{ Оқу құралы } = Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г. (каз);

{ Курс} = 7

{ Семестр } = 14

{Тест өтушінің болжамды білімі } = РА

$$$052

8 айлық балада фебрилді температура, айқын улану белгілері, тісі көріне бастаған, зәр шығаруы сиреген. ҚЖТ – лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЭТЖ – 25 мм/сағат; ЗЖТ – лейкоцитурия, бактериурия. Сіздің алдын – ала қойған диагнозыңыз қандай?

  1. Жедел цистит

  2. Жедел пиелонефрит

  3. Жедел гломерунефрит

  4. Тісінің шыға бастағанына байланысты реакция

  5. Жедел пневмония

{Дұрыс жауап } = В

{ Күрделілігі} = 2

{ Оқу құралы } = Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, 2005 г. (каз); Основы нефрологии детского возраста, Возианов А. Ф. және т.б., 2002 ж)

{ Курс} = 7

{ Семестр } = 14

{Тест өтушінің болжамды білімі } = ZO

Гастроэнтерология

$$$054

10 жастағы ер бала оң жақ қабырға астында орналасқан, оң жақ жауырын мен бел аймағына тарайтын ішінің өткір ауруына, жүрек айну мен қабылдаған тамағын көп қайтара құсуына шағымданады. Іш қуысындағы ауырсыну таңертеңгі нан мен май, жұмыртқа, кофеден тұратын астан кейін 15минуттан кейін басталған. Осыған ұқсас ұстама 7 ай бұрын көрінген. Нәжісі ретті түссізденген. Бұл белгілер қандай ауруға тән:

А) он екі елі ішектің жара ауруы

В) өт тас ауруы

С) панкреатит

D) гепатит

Е) созылмалы гастрит

{ Дұрыс жауап }= В

{ Қиындығы}= 2

{ Оқу құралы }= Шабалов Н.П.Детские болезни Санкт – Петербург 2007ж

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}= РА

$$$055

3-жасар бала анда-санда ішінің ауруы, қан және шырыш қосылған үлкен дәретінің 3-5 ретке тәуілігіне көбеюіне шағымданып келіп түсті. Бірнеше рет жұқпалы ауруханада емделген, бірақ бірде-бір рет энтеропатогенді қоздырғыштар табылмаған. Антибиотиктер қабылдаудан жағдайы жақсармаған. Қарағанда: тамақтануы төмен, іші кепкен, сол жақ мықын аймағында ауру байқалады. Анус жабылған. Сіздің диагнозыңыз:

A) жедел дизентерия

B) созылмалы гепатит

C) спецификалық емес жаралы колит

D) инфекциялық энтероколит

E) бауыр циррозы

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық ) = Лечебная тактика при язвенном колите- И.Л. Халиф, М., 2006

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}= РА

$$$056

Бала 11 жаста, ішінің тұйық, сыздап ауырсынуына, жүрек айнуына, бір рет құсуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: тері жабындылары бозғылт түсті, көз астының көлеңкеленуі байқалады, тілі сары жабындымен жабылған. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң мәнді. Бауыры +2см, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, Эр.-4,5х1012/л, Л-12х109/л, ЭТЖ-12 мм/сағ., э-3%, б-1%, м-7%, т/я-26%, с/я-63%.

Науқастың диагнозы:

A) жедел панкреатит

B) жедел холецистит

C) жедел дуоденопанкреатит

D) спецификалық емес жаралы колит

E) асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруы

Дұрыс жауабы = B

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық ) = Шабалов Н.П.Детские болезни Санкт – Петербург 2007ж

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}=NS

$$$057

7 жастағы қыз бала мектепке барғанда басының ауруына, әлсіздікке, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрий аймағында ішінің ауырсынуына шағымданды. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай уақытындай баланы мазасыздандырады. Бұл балаға біріншіден қандай диагностикалық зерттеу жүргізу қажет?

A) Асқазан рентгенографиясын

B) Дуоденальді зондтау

C) Фиброгастродуоденоскопияны

D) Асқазанның рН-метриясын

E) Электрогастрографияны

{ Дұрыс жауап }= С

{ Күрделілігі }= 2

{Оқулық ) = Шабалов Н.П.Детские болезни Санкт – Петербург 2007ж

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}=РА

$$$058

14-жасар қыз тамақ ішкеннен кейін күшейетін эпигасрияның тұрақты қатты, сыздап ауруына шағымданады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Сипағанда іштің ортаңғы сызығы бойымен эпигастрияда ауру байқалады. Диспансерлік бақылауда асқазан-ішек жолдары ауруларымен 2,5 жыл бақылауда тұрады. Асқазан құрамын зерттегенде базалдық секреция деңгейі жоғарлаған. Қай ауру туралы ойлауға болады?

A) жоғары секрециялы созылмалы гастрит

B) төмендеген секрециялық созылмалы гастрит

C) жайылмалы гастрит

D) асқазан жаралы ауруы

E) ұлтабар жаралы ауруы

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық ) = Диагностика и лечения, кислотозависимых и хеликобактериоассоцированных заболеваний, Пособие для врачей. Под ред. Бектаевой Р.Р. Агзамовой Р.Т. Астана -2005г

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}=NS

$$$059

Ауруханаға 10жасар қыз бала келіп түсті. Шағымдары: салмақ қоспау, өсудің баяулауы, бас ауруы, яқтарының ауруы, ішінің үрленіп, жиі көп мөлшерлі дәретке отыру, құсу. Анамнезінен: ішінің үрленуі мен бала мазасыздануы 6айынан байқалады (қосымша тамақ –геркулес ботқасы енгізілген). 1,5жасынан ішінде ауырсыну, көлемінің ұлғайып, үрленуі, жиі көп мөлшерлі дәрет, құсу пайда болды. Нәжісті копрологиялық зерттегенде стеаторея анықталды. ЭГДС жүргізгенде субатрофиялық дуоденит көріністері сипатталды. Қандай болжамды диагноз қоясыз:

A) панкреатит

B) тағамдық аллергия

C) целиакия

D) тітіркенген ішек синдромы

E) муковисцидоз

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық ) = Холепатии у детей и подростков- Н.А. Коровина, И.Н. Захарова, М., 2003

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}=NS

Эндокринология

$$$060

12 жасар қыз бала. Әлсіздікке, тез шаршауына, себепсіз мазасыздануға, мойын аймағында қысылу сезіміне шағымданады. Бұл жағдай жол-көлік оқиғасынан кейін байқалды және 3 ай мерзімінде күшейді. Қараған кезде қалқанша безінің 2 дәрежеге дейін диффузды ұлғаюы анықталды. Тері жамылғысы ылғалды, ыстық. Қолының саусақтары дірілдейді. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 100 рет. АҚҚ 130/50 с.б.мм. Болжам диагнозын қойыңыз?

  1. Жарақаттық энцефалопатия

  2. Вегетоқантамырлық дистония

  3. Жайылмалы уытты жемсау

  4. Созылмалы шаршау синдромы

  5. Шекаралық артериалды гипертензия

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 3

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Никитина И.Л. Детская эндокринология,2006ж

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}=NS

$$$061

14 жастағы ер бала әлсіздікке, кешке қарай шаршағандыққа, тәбетінің төмендеуіне, салмағының азаюына, тамақтың дәмінің бұрмалануына ( тұзды көп пайдаланады) шағымданады.Тексергенде: АҚҚ төмендеуі және денесінің ашық жерлерінің, емізікшенің және ұмасының қалтасының гиперпигментациясы.

Аталған симптомдардың дамуының себептері?

  1. Бүйрек үсті бездерінің милық қабығының гормондарының тапшылығы

  2. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гормондарының тапшылығы

  3. Бүйрек үсті бездерінің ісігі

  4. Феохромоцитома

  5. Бүйрек үсті бездерінің дисфункциясы

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделі}= 3

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Никитина И.Л. Детская эндокринология,2006ж

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}= NS

$$$062

Бала қант диабетімен ауырады. Шағымдары: шөлдеу, тәбетінің жоғарлауы, терінің қышуы, жиі зәр бөлуі. Клиникалық көрінісінде терісінің құрғауы, іріңді бөртпелер, салмағының төмендеуі, бауырдың ұлғаюы байқалады. 1-ші типті қант диабетінің «үлкен үштігін» көрсетіңіз?

А). Шөлдеу, полиурия, салмағының төмендеуі

В). Гепатомегалия, полиурия, терінің құрғауы

С). Шөлдеу, полифагия, бауырдың ұлғаюы

Д). Тәбетінің жоғарлауы, полиурия, салмақ жетіспеуі

Е). Тері құрғауы, тері қышуы, іріңдікті аурулар

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 2

{Код мамандығы}= 051102

{Оқулық}= Никитина И.Л. Детская эндокринология,2006ж

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест өтушінің білім деңгейін бағалау}= РА

04_02 Амбулаторлы - емханалық педиатрия

$$$063

Ревматикалық процесстің жедел ағымын ненің айқындылығы анықтайды:

A) дәнекер тканінің деструктивті өзгерістерінің

B) қабынудың бейарнамалы экссудативті компоненті

C) қабынудың бейарнамалы альтеративті компоненті

D) қабынудың бейарнамалы пролиферативті компоненті

E) Т және В лимфоциттері балансының бұзылысы

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Педиатрия, Хабижанов Б.Х., 2005ж.; Детская ревматология, БарановА.А.,

2002ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{ Тест тапсырушының болжам білімі }=ZO

$$$064

1 денсаулық тобындағы нәресте бірінші айлығында бөлімшелік дәрігермен қаралады:

A) 4 рет

B) 2 рет

C) 5 рет

D) 3 рет

E) 1 рет

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Емханалық педиатрия, Дадамбаев Е.Т., Кулмаханов Т.К., 1998ж.;

Поликлиническая педиатрия, Чернышов В.Н, 2004ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=ZO

$$$065

2 денсаулық тобындағы нәресте бірінші айлығында бөлімшелік дәрігермен қаралады:

A) 2

B) 5

C) 4

D) 3

E) 1

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=( Емханалық педиатрия, Дадамбаев Е.Т., Кулмаханов Т.К., 1998ж.;

Поликлиническая педиатрия, Чернышев В.Н, 2004ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=ZO

$$$066

АИТВ инфицирленген аналардан туған балаларға қызылша, қызамық, паротитке қарсы алдын ала егу жүргізіледі:

A) алдын ала егу жүргізілмейді

B) балада АИТВ инфекциясы диагнозы алынған соң

C) 26.06.95 ж. №270 ҚР ДМ бұйрығы бойынша

D) алдын ала егуде еш ерекшелік жоқ

E) АИТВ инфекциясының клиникалық көрінісі жоқ болғанда

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(ҚР ДМ бұйрығы 04.12.2008ж № 636 «Иммунизацияға қарсы көрсеткіштер, вакцинадан кейінгі асқынуларды есепке алу және тексеру жөнінде»; ҚР Үкіметінің қаулысына қосымша 22.01.2008ж. № 40 «Алдын ала екпелерді жүргізу ережелері»)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}= РА

$$$067

Жиі ауыратын балалар қандай денсаулық тобына жатады:

A) бірінші топқа

B) екінші А тобына

C) екінші Б тобына

D) үшінші А тобына

E) үшінші Б тобына

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Часто болеющие дети, Альбицкий В.Ю., Баранова А.А., 1986; Детские

болезни, Баранов А.А., 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=ZO

$$$068

Жиі ауыратын балаларды сауықтыру шараларына жатады:

A) психотерапия

B) тұмаудың және ЖРВИ алдын алу

C) гормонотерапия

D) антибиотикотерапия

E) ұзақ уақыт бойы қабынуға қарсы ем

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Часто болеющие дети, Альбицкий В.Ю., Баранова А.А., 1986; Детские

болезни, Баранов А.А., 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=PA

$$$069

Атопиялық дерматиттің клиникалық көрінісінде басым болады:

A) «географиялық тіл»

B) конъюнктивит

C) афтоздық стоматит

D) вульвовагинит

E) баланопостит

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Педиатру на каждый день – 2005, Таточенко В.К., 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}= FM

$$$070

Марат, 5 жаста. Ішінің ұстама тәрізді сипаттағы ауыруы, зәрінде гематурия, протеинурия, лейкоцитурия, цистин кристалдары байқалады. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз?

A) пиелонефрит

B) цистинурия

C) бүйректік тубулярлық ацидоз

D) зәр-тас ауруы

E) цистит

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}=(Нефрология детского возраста в схемах и таблицах, Эрман М.В., 1997ж.;

Детская нефрология, Игнатова М.С., Вельтищев Ю.Е., 1989ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=NS

$$$071

Балаларда жедел холециститтің себебі болып табылады:

A) диеталық ағаттықтар

B) физикалық жүктеме

C) инфекция

D) салқындау

E) жарақат

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=( Практическая гастроэнтерология для педиатра, Денисов М.Ю., 2000ж;

Гастроэнтерология детского возраста в таблицах и схемах, Пайков С.П., 1998ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=ZO

$$$072

Атопиялық дерматит кезінде кілегей қабатының зақымдалу белгісіне жатпайды:

A) «географиялық тіл»

B) конъюнктивит

C) афтозды стоматит

D) вульвовагинит

E) баланопостит

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=( Емханалық педиатрия, Дадамбаев Е.Т., Кулмаханов Т.К., 2002ж.;

Детские болезни, Баранов А.А., 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=ZO

$$$073

Оралды регидратацияда көбіне қолданылатын ерітінді:

A) регидрон

B) глюкосолан

C) гемодез

D) оралит

E) хлоразол

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Педиатру на каждый день–2005, Таточенко В.К., 2005ж.; Руководство по

инфекционным болезням у детей,Учайкин В.Ф.,2004ж.;Детские болезни, Баранов А.А.,

2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}= РА

$$$074

ЖРИ кезіндегі негізгі симптом болып табылады:

A) тырысулар

B) тері жамылғысының мрамор түстес болуы

C) құрғақ жөтел

D) қабырғааралық бұлшық еттің тартылуымен болатын ентігу

E) гипертермия

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Педиатру на каждый день–2005, Таточенко В.К., 2005ж.; Руководство по

инфекционным болезням у детей,Учайкин В.Ф.,2004ж.;Детские болезни, Баранов А.А.,

2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=РА

$$$075

Тұмау диагнозын дәлелдеу әдісі:

A) ішкі органдарға УДЗ

B) жұлын -ми пункциясы

C) вирусологиялық және серологиялық зерттеу

D) кеуде клеткасының рентгенологиялық суреті

E) қанның биохимиялық анализі

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Педиатру на каждый день–2005, Таточенко В.К., 2005ж.; Руководство по

инфекционным болезням у детей,Учайкин В.Ф.,2004ж.;Детские болезни, Баранов А.А.,

2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}= PA

$$$076

Тұмаудың эпидемиясы кезінде балалар мекемелері жабылады:

A) 5 күнге

B) 10 күнге

C) 3 күнге

D) 7 күнге

E) 14 күнге

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Педиатру на каждый день–2005, Таточенко В.К., 2005ж.; Руководство по

инфекционным болезням у детей, Учайкин В.Ф.,2004ж.;Детские болезни, Баранов А.А., 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}=ZO

$$$077

Белсенді иммунизация төмендегілердің қайсысына жүргізіледі.

A) тұмау

B) парагриппке

C) аденовирусты инфекцияға

D) РС- инфекциясына

E) микоплазмалық инфекцияға

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Педиатру на каждый день–2005, Таточенко В.К., 2005ж.; Руководство по

инфекционным болезням у детей,Учайкин В.Ф.,2004ж.;Детские болезни, Баранов А.А.,

2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}= РА

04_03 Балалар жұқпалы аурулары

$$$078

Аран күлінің токсикалық түрінен паратонзиллярлы абсцесс ажыратылады:

А) Мойнында ісіктің болуымен

В) Жоғары қызбамен

С) Айқын интоксикация симптомдарымен

D) Аран және бадамша бездің айқын ісінуімен

Е) Шайнау бұлшық еттерінің сіресуімен

{Дұрыс жауап}= Е

{Ауырлығы}= 2

{Оқулық}= Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед. Фак.мед. вузов/Под ред. В.Н. Тимченко. -2-е изд, испр. и доп. – СПБ. СпецЛИТ, 2006.-576 с.: ил.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжамды білімі}= РА

$$$079

3 жасар бала жедел ауырған, бірінші тәулікте Т-40º С, қайталмалы құсу, қысқа мерзімді құрысулар, кешке жақын бетінде, денесінде ұсақ нүктелі қызыл түсті бөртпе пайда болды, ауызмұрын үшбұрышы бөртпеден таза. Араны айқын гиперемияланған, бадамша бездерде – ірінді баспа. Жүрек тондары тұйықталған. Тахикардия. АҚҚ 60/30. Бала енжар. Сіздің диагнозыңыз?

А) Скарлатина, орташа ауырлық түрі

В) Скарлатина, ауыр түрі

С) Скарлатина, токсикалық түрі

D) Псевдотуберкулез

Е) Менингококкты инфекция, ИТШ

{Дұрыс жауап}= С

{Ауырлығы}= 3

{Оқулық}= Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед. фак.мед. вузов/Под ред. В.Н. Тимченко. -2-е изд, испр. и доп. – СПБ. СпецЛИТ, 2006.-576 с.: ил.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжамды білімі}= NS

$$$080

2 жасар балада катаральды құбылыстар фонында Бельский- Филатов – коплик дақтары анықталды. Стимсон триадасына не кіреді?

А) Құрғақ жөтел, тұмау, конънктивит

В) Үрмелі жөтел, стенотикалық ентігу, дауысының қарлығуы

С) Экспираторлы ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел

D) Жөтел, тұмау, фарингит

Е) Ринит, конънктивит, фарингит

{Дұрыс жауап}= А

{Ауырлығы}= 3

{Оқулық}= Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед. Фак.мед. вузов/Под ред. В.Н. Тимченко. -2-е изд, испр. и доп. – СПБ. СпецЛИТ, 2006.-576 с.: ил.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжамды білімі}= NS

$$$081

2 жасар бала біртіндеп ауырған, жөтеліп, дене қызуы 37,5º С көтерілген. Аурудың 3- күні жөтел дөрекіленіп, қарлыққан, ал аурудың 4ші күні дауысы жойылып, баланың дыбысы шықпай қалды. Алыстан естілген (шулы) қиындаған демалыс. Бала боз. Кеуде клеткасының жұмсақ жерлері тартылған. Баланың ауруынан бұрын жанұяда әкесі баспсмен ауырған. Дәрігерге қаралмаған. АКДС –пен 7,8,9 айында етілген. Диагноз койыныз?

А) ЖРВИ, ларинготрахеит, ІІ дәрежелі стеноз

В) Көмей дифтериясы, стенотикалық сатысы, ІІ дәоежелі стеноз

С) Парагрипп, жедел ларинготрахеит, ІІІ дәрежелі стеноз

D) Ларингоспазм

Е) Обструктивті бронхит

{Дұрыс жауап}= В

{Ауырлығы}= 3

{Оқулық}= Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед. Фак.мед. вузов/Под ред. В.Н. Тимченко. -2-е изд, испр. и доп. – СПБ. СпецЛИТ, 2006.-576 с.: ил.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжамды білімі}= NS

$$$082

І дәрежелі көмей стенозында шулы қиындаған дем алу:

А) Физикалық жүктеме фонында

В) Көмекші мускулатураның қатысуысыз

С) Қабырға аймағының тартылуымен

D) Инсператорлы ентігумен

Е) Жүрек жетіспеушілік белгілерімен

{Дұрыс жауап}= А

{Ауырлығы}= 2

{Оқулық}= Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед. Фак.мед. вузов/Под ред. В.Н. Тимченко. -2-е изд, испр. и доп. – СПБ. СпецЛИТ, 2006.-576 с.: ил.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжамды білімі}= РА

$$$083

Бала 1 жас 5 айлық, дене қызуы 39º С көтерілгеннен, мазасызданудан, 1 рет құсудан жедел ауырған. Қараған кезде жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, бөксе мен аяқта ұсақ, жұлдызша тәрізді, әртүрлі реңді – ашық қызылдан қанық қызылға дейінгі геморрагиялық бөртпелер байқалады. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. ЖСЖ -120 рет, ТЖ – 52 рет. Менингиальды симптомдар теріс мәнді. Сіздің диагноз:

А) менингококкты инфекция, менингит

В) менингококкты инфекция, менингококкемия

С) Қызылша, геморрагиялық түрі

D) Геморрагиялық васкулит, ауыр түрі

Е) Тромбоцитопениялық пурпура

{Дұрыс жауап}= В

{Ауырлығы}= 3

{Оқулық}= Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед. Фак.мед. вузов/Под ред. В.Н. Тимченко. -2-е изд, испр. и доп. – СПБ. СпецЛИТ, 2006.-576 с.: ил.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжамды білімі}= NS

$$$084