- •Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi
- •1.2 Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
- •1.3 Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi
- •Саяси жүйе буындарының талдауы (желiлiк тәсiл)
- •Электрондық кеңiстiк сегменттерi
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығын талдау
- •2005-2006 Жж. Қазақстанда Интернетке қатысушы аудитория мен оның коммуникативтi әсер ету аймағы (мың адам есебiмен)
- •Интернеттi қолдану бағалары (2007 ж.)
- •3.1 Ақпараттық жүйе экономиканы басқару құралы ретінде
- •"Megaline" жүйесiнiң Интернет бағаларының көрсеткiштерi (2007 ж.)
- •3.2 Қазақстан Республикасына электронды үкiметтi дамыту бағыттары
Электрондық кеңiстiк сегменттерi
|
Мемлекет |
Бизнес |
Тұтынушы |
Мемлекет |
G2G (government-to- government) үкiмет-үкiмет |
G2B (government -to-business) Үкiмет-бизнес |
G2C (government-to-consumer) Үкiмет-тұтынушы |
Бизнес |
B2G(business-to- government) бизнес-үкiметi |
B2B (business-to- business) бизнес-бизнес |
B2C (business-to-consumer) бизнес-тұтынушы |
Тұтынушы |
C2G(consumer-to- government ) тұтынушы-үкiмет |
C2B (consumer-to-business) Тұтынушы-бизнес |
C2C(consumer-to-consumer) тұтынушы-тұтынушы |
Үкiметтiң тұрғындармен қатынасын қарастыру үшiн, алдымен үкiметтiң ақпараттық қызметiн қарастыру қажет: министрлермен ведомствалықтардың веб-сайтын желiде орналастыру, еледгi саяси процестермен құқықтар туралы азаматтарды ақпараттандыру.
Кейiнгi кездерi салықты төлеудi ұйымдастыру барысында Интернеттiң беретiн кең мүмкiндiгi дәлелдендi. Кейбiр салықтарды төлеу (мысалы, ҚҚС және сатудан түскенсалық) көп шығындарды талап етедi, өйткенi ай сайын неквартал сайын салықтық түсiмдер алынады, сондықтан салықтық қызмет көрсету электрондау жетекшiсiне айналады. Францияда, мысалы, компаниялармен жеке азаматтар кiрiс салығын, жергiлiктi салықты, меншiк салығы, әлеуметтiк қамсыздандырудың төлемдерiн Интернет арқылы есеп айырысады. Ирландияда ҚҚСпен жалақыдан түскен қорға салық желi арқылы жиналады, ал салық төлемшiлерi өзiнiң салық төлемдерiнiң жағдайын онлайын режимi арқылы бақылайды, АҚШ-та iшкi табыспен айналысатын қызметi (Internal Revenue service), қоғамдық қызметтiң веб-сайтының арасына қатысты веб-сайт орналастырады және салық төлемдерiнiң үштен бiрiне жуығын 2000 ж. желi құрылғысы арқылы жинайды. Бұл процесс бойынша алға басқаны Австралия болды, мұнда кiрiс салығының 75% Австралиялық салық қызметiнiң веб-сайты (Austrlian Tax Office) арқылы жиналады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазiргi кезеңдегi әлемдiк ақпараттық технологиялардың даму жүйесi
Мемлекеттiк басқару жүйесiндегi ақпараттық технологияларды қолданудағы және жоспардағы ақпараттану мәселесi көбiнесе, экономика мен жаңа қоғамдық-саяси қауымдағы кеңiстiк қызмет орындарында ерекше көрiнедi. Бұл қатысында әлемнiң дамыған елдерi бұндай кезеңдердi әр түрлi уақытта басынан өткiзген және олардың тәжiрибелерi нарықтық экономикаға өту кезеңiнде тұрған елдер үшiн сабақ болады. Бұл жөнiнде Б.Абрахманов ақпараттық бiрлестiкке ұмтылып, үштiк полюстi әлемде (Еуропа, Америка, Жапония) өзiнiң орнын тапқан Еуропа тәжiрибесiн үлгi етедi. Еуропа әр уақытта өз бағытын таңдап, бұл мақсатта барлық қағидаларды ескере отырып, ақпараттық қоғам құру мәселесiн жан-жақты жинақтап, қамтып көздеген жерiне жетедi деп жазған.
Ақпараттық инфрақұрылымы жоғары дамыған қоғамды Еуропа "Ақпараттық қоғам" (IS, Information Society) деп атауды ұсынды. 1993 жылы ЕУропалық кеңестiң Еуропалық бiрлестiк комиссиясының ұйғарымы арқылы "Даму, бәсекелестiк мүмкiндiгi және жұмыс бастылық XXI ғасырға жетер жол" деген атаумен Ақ қағаз дайындалды.
Еуропалық бiрлестiк комиссиясының Ақпараттық қоғамына қатысты сұрақтар бойынша пiкiр, көзқарас, ұйғарым алмасу үшiн Ақпараттық қоғам Форумын құру шешiмi қабылданды.
Форумға алты негiзгi әлеуметтiк-өндiрiстiк сала қызметiнен алынған үш жылға өкiлдiктi үлестiрiп берген 130 мүше кiредi. 1996 ж. "Адамдар мен олардың бiрлестiгi үшiн желi: Еуропа Одағында Ақпараттық қоғамды барынша қолдану" деген атпен 1995-1996 жж. алғаш жылдық есебi қабылданды. Ғылыми зерттеу және технология бойынша төртiншi реттiк бағдарлама форумның екiншi жылы жұмысының нәтижесi болды.
Қазiргi уақытта еуропалық бағдарлама ISPO бөлiмiнiң келiсiмiмен 2000-нан астам арнайы жоба ұсынады. ISPO, яғни ақпараттық қоғамға деген ғаламдық қозңалыстың еуропалық тармағымен байланысқан 100-ден астам торап "бүкiләлемдiк торын" құрайды.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы өзiн Бонн-Москва ақпараттық магистралы торабында көрсетедi. Бұл магистриль Азия мемлекеттерiнiң қызмет көрсетуiмен және Ресей Ғылым Академиясы мен компьютер ғылымы бойынша Герман ұлттық зерттеу орталығының арасындағы сәттi ынтымақтастық арасында құрылды. Бiр ерекшелiгi, IS ғаламдық жобасына тек дамыған елдер мен өнеркәсiптi даму жолындағы елдер қатыстырылды. Өнiм шығымына негiзiнен Ресей, Қазақстан секiлдi елдер ақпараттық қоғамды қажет ете қоймайды, дегенмен ақпараттық қоғамның барлық бөлiмдерiне деген сұраныс бұл елдерде дамыған елдерге қарағанда басым.
АҚШ-тың тәжiрибесi мұнан да жоғары жетiлдiрiлген. Жаңа ақпараттық технологияны енгiзу негiзiндегi қоғамды ақпараттандыру мәселесi мемлекеттiң басты алғаш тапқан жаңалығының бiрi болып есептеледi. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құруға бағытталған "Альберт Гор ұсынысы" деп аталатын АҚШ президентi әкiмшiлiгiнiң (1992 ж.) ұсынысы танымал болды. Белгiлi сенатор кезiнде, Альберт Гор конгресте мәлiметтердi жеткiзудiң жалпы ұлттық және жоғары өнiмдiлi есептеу жүйесiн құру туралы жиi ұсыныстар жасады. Зерттеулерге және бiлiм жүйесiне арналған бұл желi жоғары өнiмдiлi есептеу жүйесiнiң заңы ретiнде қалыптасты.
Азия елдерiндегi ақпараттық технологияның дамуын зерттеген Н.В.Ткачева "Азия елдерiндегi ақпараттық технологияның даму мәселесi" мақаласында былай жазған:" Қазiргi таңда Шығыс Азия елдерi теңдесi жоқ өсу қарқынына жеттi… Ұлыбританияға 50 жыл керек болса, Америкаға тұрғындарға шаққанда өнiмдi өндiрудi екi есе ұлғайту үшiн 50 жылдан кем емес уақыт талап етiлдi, осы кезде Қытай, Оңтүстiк Корея елдерi мұндай нәтижеге 10 жылда жеттi".
Батыс саясаттанушыларының пiкiрiнше, көбiне Мишель Татюдың ойынша, жуық арадағы 50 жылда Азия аймағы, оның iшiнде Қытай мен Үндiстан әлемдiк саясат орталығына айналуы мүмкiн.
Азия аймағында экономикалық дамудың үдеуi, қазiргi қоғамда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны құру мен енгiзу уақытына сәйкес келедi. Басқа аймақтағы елдер тәрiздi, Азия елдерi де өзiнiң ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құруға көштi. Ол әрi қарай қазiргi ақпараттық коммуникациялық технология жаңа экономика бөлiмiн құру үшiн алғышарт болып табылады деп жазған. Бұл еңбек қорларын құруға сәйкес әлеуметтiк саясат заңдағы жаңа тәсiлдi алдын-ала анықтайды, және бұл ақпараттық технологияның саяси мәнiнiң ұлғаюына сәйкес келедi.
Азия елдерi ақпараттық технологияны экономика дамуын үдететiн маңызды тетiк ретiнде, әлем нарығындағы Азия елдерiнiң интеграциясы түрiнде, ғаламдық экономикалық процестер, сондай-ақ әлемдегi және аймақтағы саяси әсер ету құралы етiп қарастырылады.
Бұл мәселенi талдауды жалғастыра отырып, 1999 ж. мәлiметтерге сүйенiп, жоғарыда белгiленген тұжырымдамаларға қарамастан, Азия елдерiнiң экономикалық даму деңгейi әркелкi. Сонымен мысалы, Сингапурде жан басылық валютаны тең құқылы сатып алу мүмкiндiгiн есепке алғанда iшкi өнiм айналымының ең жоғарғы деңгейi-27800 долл.сәйкес, Жапонияда-23400 долл. және олар берiлген көрсеткiш бойынша Франция, Германия, Ұлыбританияны қуып жетедi.
Осы аймақтың кедей мемлекеттерiндегi жан басылық табыс: Монғолияда-2320 долл., Вьетнамда-1850 долл., Мьянмада-1200 долл., Солтүстiк Кореяда -1000 долл. құрайды. Сондықтан, Сингапурдегi орташа жанбасылық табыс Солтүстiк Кореядағы сәйкес көрсеткiштерден 27 есе асып түседi, ал бұл болса әр түрлi Азия елдерiндегi ұлттық ақпараттық инфрақұрылымда үлкен айырмашылықтың бар екенiн көрсетедi.
Қазiргi ақпараттық технология туралы қарастырғанда, ұлттық шекара ұғымы бұзылады. Канада зерттеушiлерi Мишель Карье, Жан-Клод Гедан және басқалардың сараптауынша, интернет ол тек ұлттық тасымал емес, ол ұлттан жоғары, яғни ұлттық кеңiстiк арқылы емес, ұлттық кеңiстiктен тыс әрекет етедi.
Қоғамды ақпараттандыруға кiрiскен елдердiң экономикалық дамуындағы айырмашылық олардың алдына мүлде ұқсас емес мiндеттер қояды. Сонымен, мысалы, Жапонияда жаңа ақпараттық технологияны нашар меңгерген егде тұрғындардың көп пайызы көңiл қоюды талап етедi. Үндiстанда 1990 жылдары алғаш рет елдi жаппай телефонмен қамтамасыз ету шаралар жүргiзiлiп, ақпараттық технологияларды дамытуға және экспорттауға жағдай жасалды. Ал Америкадағы фермерлердiң өз өнiмдерiн Интернет арқылы сатуы бiрiншi жыл емес.
Көбiне Азия мемлекеттерiнiң Латын Америка мен Африканың көп елдерiне қарағанда ақпараттық технологияның дамуына жоғары дәрежеде мән беретiнiн атауға болады. Көптеген Азия елдерiнiң үкiметi өз мемлекетiнiң жақсы тұрмысының өсуiн жоғары технология саласындағы жетiстiктермен байланыстырады. Латын Америка мен Африка елдерiндегi ақпараттық технологияның дамуымен салыстырғанда, Азия елдерi анағұрлым алда екенiн мамандар түсiндiредi.
Африканың және Латын Америкасының көптеген ғалымдары экономика процестерiнiң ғаламдануын мемлекеттердiң одан әрi бай, кедей болып бөлiнуiне, нашар дамыған мемлекеттердiң әрi қарай қайыршылануына әкеледi деп өз қауiптерiн бiлдiредi. Азиялық үкiметтер керiсiнше, экономиканың ғаламдануын, экономиканың тез өсуiмен ұштастырады. Көптеген Азиялық үкiметтер АҚШ үлгiсiмен, ұлттық ақпараттық инфрақұрылым құру жолында ұлттық экономика дамуының стратегиялық бағытын анықтайтын, ақпараттық технологиялар бойынша ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаны қалыптастырады. Мұндай кең көлемдi мемлекеттiк бағдарламалар Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Сингапурда, Малайзияда, Тайландта, Вьетнамда, Үндiстанда және басқа Азия елдерiнде құрылды.
Бүгiнде Азия елдерiнiң үкiмет жұмысының нәтижесiн бағалайтын мүмкiндiктер пайда болды. Көптеген Азия мемлекеттерi озық ақпараттық технологияның тез дамуына сәйкес тиiмдi стратегияны жасап шығарды. Сонымен бiрге, дамыған елдердiң шамасы келетiн ақпараттық технологиялар саласындағы экономикалық мiндеттер, дамушы елдердiң ұлттық экономикасының жөнсiз шығынына әкелуi мүмкiн. Дәл осындай жағдай 1990 жылдары байқалды. Малайзия, Үндiстан тәрiздi елдер стратегиялық жобалауда қателiк жiбердi.
Едәуiр қаржы инветициясын керек ететiн ақпараттық инфрақұрылымның даму бағыты, дамушы мемлекеттердiң үкiметi үшiн кезектi күрделi мәселе болып табылады. Керiсiнше, қаражат сыйымдылығы жоқ бағыттағы дамыған елдер артықшылығы жойылады және экономиканы тез жаңартатын, экономикалық нарық үшiн мүмкiндiктер пайда болды. Бұл себептi электрондық сауда, желiлiк экономикалық даму дамушы елдердiң ақпараттандыруды жоспарлайтын маңызды стратегиялық бағыты болып табылады. Малайзия, Тайланд, Тайвань, Оңтүстiк Кореядағы электронды сауданың қарқынды дамуы дамыған елдерге қарағанда пайда болған желiлiк экономикадан пайда табуға мүмкiндiк бередi. Азия елдерiнiң экономикалық жасы тұрмысының өсуi әрi қарай жан-жақты күрестi күшейтуге әкеледi, ең алдымен Азия аймағына басымдық танытатын Қытай, Үндiстан, Жапония, АҚШ елдерiне тете-тiрес тұруда басты рөлдi ақпараттық коммуникациялық технологиялар атқарады.
Егер де, ақпараттандыру саласында Ресей тәжiрибесiне сүйенсек, онда келесi "Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы" (1995 ж.), "Байланыстар туралы" (1995 ж.), "Халықаралық ақпарат алмасуға қатысу туралы" (1996 ж.) заңдар жүйесi мен үкiметтiк шешiмдер қабылданды. Ресей Президентi жанында ақпараттандыру мен байланыс бойынша Ресей Федерациясының Мемлекеттiк комитетi құрылды (1997 ж.).
Сондай-ақ, ақпараттық саясат пен байланыс, қауiпсiздiк бойынша Ресей Федерациясының Мемлекеттiк Думасы жанынан екi комитет құрылды. Мұнда төмендегiдей мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзiлдi: "Ақпараттық қауiпсiздiк жүйесiндегi жаппай ақпараттандыру құралы" (1996 ж. мамыр), "Ресей және интернет-болашақ таңдауы"(1996 ж. желтоқсан айында), "Ресейде ақпараттық қоғамды құру жөнiнде" (1997 ж. маусым айында), "2000 жылдың компьютер мәселесi және ақпараттық жүйенi жасау" (1998 ж. қараша айында).
Ел Президентiнiң арнайы Жарлығы қабылданғаннан кейiн ғана өзектi саналған ақпараттық қауiпсiздiк пен ақпаратты қорғау мәселесi Қазақстанға қарағанда Ресейде көп қарастырылып, Мемлекеттiк Дума (қауiпсiздiк бойынша комитет), РФ Үкiметi (РФ Мемтехкомиссия) және РФ Президентi (РФ Президентi жанындағы ақпарат пен үкiметтiк байланыстың Федералды агенттiгi) көңiл аударды.
