- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы және коды: «қр Мемлекеттік қызмет және басқару»
- •5В030300 - «Құқық қорғау қызметі», 5в030100 «Құқықтану»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты:
- •2. Пнәннің пререквизиттері:
- •4. «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің мазмұны
- •4.2 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша дәрістің тақырыптық жоспары
- •4.3 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» бойынша практикалық (семинар) сабақтарының тізбесі мен мазмұны
- •4.4 Сөж жоспары мазмұны
- •4.5 Соөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •6. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың
- •8. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •8. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Глоссарий
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» арнайы курсы бойынша
- •«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» арнайы курсы бойынша
Оқу жұмыс бағдарламасы
(Syllabus)
Пәннің атауы: «ҚР Мемлекеттік қызмет және басқару»
(GSU 2214) (GSU 2215)
Мамандығы: «5В030100 – Құқықтану»
Оқу нысаны: Күндізгі
Барлығы 3 кредит
Семестр 3
Курс 2
Дәріс 30 сағат
Тәжірибе 15 сағат
Межелік бақылау саны 2
Кеңес беру (СӨЖМ) – 23 (2,7) сағат
Білімін бақылау(СӨЖМ ) – 67 (9,6)
Емтихан 3 семестр
Жалпы көлемі: - 135 сағат
Астана, 2014 ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені 5В030300 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.
Дайындаған Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Сеилханов Жанат Дюйсенбаевич
( Т.А.Ж. лауазымы, ғылыми атағы)
Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасы отырысында талқыланды.
Хаттама № ____ «______»__________________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________________ з.ғ.к., Жұмадилова А.Б.
(Т.А.Ж. ғылыми атағы, қолы)
ҚАЗГЗУ Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Хаттама № ____ «______» __________________2014 ж.
ОӘК төрайымы____________________________з.ғ.д., профессор У.Шапақ
(Т.А.Ж. ғылыми атағы, қолы)
1. Оқытушы туралы ақпарат:
Дәріс оқушы – Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Сеилханов Жанат Дюйсенбаевич
Меңгерген тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Кафедра туралы мәлімет: ҚазГЗУ Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасы № 226., тел.- +7(7172)703044
Пән: Мемлекеттік қызмет және басқару, кредит саны -3, семестр – 3
дәріс– 30 сағат, Семинар- 15 сағат
Өткізілетін орыны – ҚазГЗУ оқу аудиториялары
2. Пререквизиттері: “Мемлекет және құқық теориясы”, “Конституциялық құқық”, “Әкімшілік құқық”
3. Постреквизиттері: Постреквизиттері: “Салық құқығы”, “Банк құқығы”, “Кәсіпкерлік құқық”, ”Сақтандыру құқығы”
4. Пәннің сипаттамасы: Мемлекет өзіндік міндеттері мен мызметтері бар, басқарушы топпен саяси биліктің жария ерекше ұйымдастырылуы болып табылады. Бұл мінідеттер мен қызметтер мемлекеттік қызметте қызмет атқаратын – мемлекеттік қызметкерлермен, жекелеген құрамның нақты іс-әрекеті арқылы тәжірибеде жүзеге асырылады. Ммемлекет өз қызметіндегі нақты осы кадрларға нақты күш салады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асырғанда мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлердің міндеттері мен қызыметтеріне айналады. Мемлекеттік жұмысы мемлекеттік қызметкерлерге байланысты. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің міндеті мен қызметін тәжірибеде жүзеге асыруға дайын және жарамды ете отырып мемлекет мехнанизімін ұйымджастыруды жалғастырады және аяқтайды. Мемлекет механизімінің әрбір звеносы нақты саяси іс –әрекетке кешенді шаралар мен әдіс тәсілдер енгізеді. Кез келген түрдегі мемлекеттіліктің қалыптасуында мемлекеттің өз мақсатын жүзеге асырудағы бірінші кезекті ұйымдастырушылық құрал ретінде мемлекеттік қызметті алға тартады.
Мемлекеттік қызмет – бұл өзіне жүктелген құзыреттіліекті жүзеге асыру жөнінідегі мемлекеттік қызметкерлердіңғ тәжірибелік қызметі. Әрбір қызметші оның құзыреттілігінің көлемін айқындайтын жүзеге асыруға тиісті лауазым иеленеді. Материалдық махзмұн тұрғысынан қарағанда бұл құзыреттіліктер әр түрлі (биліктік қызмет, орындаушылық, әділсоттылық және т.б.) өзінің жүзеге асырылуындағы құқықтық нысаны бойынша әрқилы (құжаттарды дайындау, олармен жұмыс, тұлғаларды қабылдау, шағымдарды қарастыру және т.б.). Мемлекеттік қызмет өзінің нормасы мемлекеттік қызметтің екі тарабын бірдей реттейтін құқықтық институттарының бірін ұсынады (мемлекеттік қызметті ұйымдасмтыру мен мемлекеттік қызметшінің тәдірибелік құзыреттілігін жүзеге асыруы). Мемлекеттік қызмет құқықтық институт ретінде өзге құқық салаларының нормаларын біріктіреді.
Пәнді оқытудың мақсаты. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясаттың мақсатына жетудегі маңызды стратегиялық звеносы болып табылады.
Оқу пәнінің негізгі мақсаты – студенттердің мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен мемлекеттік басқару теориясы саласындағы мақсатты жүйелі білімді игеруі, мемлекеттің құқықтық саясат Тұжырымдамасының негізгі ережелерін айқындауы.
Пәннің міндеттері:
- жария-құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет табиғатының ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру;
- мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық тұжырымыдар мен идеялар туралы білім беру;
- мемлекеттік қызмет механизимі арқылы мемлекеттің қызметтін тұрақты жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастыруды ішкі құрылымда ұсынуды қалыптастыру;
– мемлекеттік қызметтің өзінің басқарылу тәсілдеріне түсінік беру (қызметкерлерді ынталандыру арқылы, қызметін бағалау, этикалық нормаларды пайдалану және т.б.);
- әлемдік үрдістегі мемлекеттік басқаруды модернизациялаудағы қазақстандық мемлекеттік қызметтің орынын анықтауға мүмкіндік беретін білімнің сараптамалық құралдарын қалыптастыру;
- мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі мен шетелдердегі ұқсастықтарын салыстырмалы талдауды игеру және де шетелдік тәжірибені Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет институтында енгізіп жетілдіру жөніндегі негізні бағыттарды айқындау.
Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
- жария-құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет табиғатының ерекшеліктерін түсінуі;
- мемлекеттік қызмет және басқарудың құқық жүйесіндегі орыны мен маңызы туралы түсініуі;
- мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық тұжырымыдар мен идеялар туралы білім алуы;
- мемлекеттік қызмет механизимі арқылы мемлекеттің қызметін тұрақты жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастырудың ішкі құрылымда ұсынуды қалыптастыра білуі;
– мемлекеттік қызметтің өзінің басқарылу тәсілдеріне түсінуі (қызметкерлерді ынталандыру арқылы, қызметін бағалау, этикалық нормаларды пайдалану және т.б.);
- әлемдік үрдістегі мемлекеттік басқаруды модернизациялаудағы қазақстандық мемлекеттік қызметтің орынын анықтауға мүмкіндік беретін білімнің сараптамалық құралдарын қалыптастыра білуі;
- мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі мен шетелдердегі ұқсастықтарын салыстырмалы талдауды игеру және де шетелдік тәжірибені Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет институтында енгізіп жетілдіру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындай білуі.
- мемлекеттік қызметтің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;
- қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуын;
- мемлекеттік қызметті реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.
Теориялық ережелер көлімі мен проблемаларды игеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:
- пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;
- мемлекеттік басқаруағы құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;
- мемлекеттік қызметтің және басқарудың негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;
- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;
- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;
- мемлекеттік қызмет және басқару пәнін оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық ортамен байланыстыра білу;
- мемлекеттік қызмет және басқару пәнін, құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу;
- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;
Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі тиіс:
- мемлекеттік қызмет бойынша түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;
- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;
- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;
- мемлекеттік қызмет саласы қатнасын реттейтін нормаларды жүзеге асыра білу.
Курсты оқу нәтижесінде студент жетік білуі тиіс:
- мемлекеттік қызмет және басқару саласында туындайтын даулы мәселелерді шешу мен мемлекеттік қызмет көрсету барысында жүгінушілеріне қатысты шешім қабылдап, қорытынды беруде жетік болуы тиіс.
Студенттердің міндеттері:
- мемлекеттік қызмет туралы заңның құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастар туралы, құқықтық институт ретіндегі негізгі түсініктері туралы нақты болжамдай білуі;
- мемлекеттік қызмет және басқарудың негіздері туралы болжамдай алуы;
- мемлекеттік қызметкерлердің заңды жауапкершілігі туралы оны салық заңнамаларын бұзғаны үшін жүзеге асыра алуы;
- нормативтік актілер мен ситуацияларды талдай отырып теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана алуы.
