Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эндокриндік жүйеоьрптнеаквакнквс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Гипоталамус

Орталық ішкі секреция жүйесінің құрамына кіретін ______(гипоталамус) аралық мидың есебіне кіріп, таламустың астына қарай орналасқан нейросекреторлық және өткізгіш жүйкелік жасушалардан түзелген мүше. Гипоталамус эндокриндік қызметтердің реттелуін қадағалайтын жоғарғы________(жүйкелік орталық) болып табылады. Сонымен қатар аралық мидың бұл аймағы вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің орталығы. Ол ағзаның барлық ______(висцеральдық) қызметтерін бақылап, біріктіреді және эндокриндік реттеуді жүйкелік реттеу механизімімен үйлестіреді. Атап айтсақ гипоталамус эндокриндік, иммундық, вегетативті жүйке жүйелерінің қызметін реттейді, дене қызуын реттеуге, глюкозаның, кальцийдің, электролиттердің алмасуына, инстинктілік түрде болатын адамның мінез-құлқына, қан қысымына ықпалын тигізеді.

№ 6 Тапсырма

Гипофиз

Орталық мүшелердің бірі гипофиз мидың негізінде түрік ершігінің үстінде _____(сұр төмпешіктің) астында орналасқан. Сұр төмпешікпен гипофиздің арасын _______(гипофизарлық аяқша) байланыстырып тұрады. Гипофиз салмағы _____(0,5-0,6г.) ғана болатын құрылым. Гипофиздің алдыңғы, ортаңғы және сыртқы бөліктерін ажыратады. Алдыңғы бөлігін _______(аденогипофиз) деп атайды, ол бездің 2/3 үлесін құрайды. Оның өзін алдыңғы, аралық және туберальдық бөліктерге бөледі. Аденогипофиздің аралық (орталық) бөлігі алдыңғы бөлігінен гипофизарлық саңылау арқылы бөлінеді. Гипофиздің артқы бөлігін _______(нейрогипофиз) деп атайды. Кейбір авторлар бұл бөлікке медиальды төмпешікті және ми шұңқыршасын да жатқызады. Сыртынан гипофиз тығыз талшықты дәнекер тіннен тұратын капсуламен қапталған. Қызметі:

1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын ____(өсу) гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды

№ 7 Тапсырма

Эпифиз

Дамуы. Орталық ішкі секреция бездерінің біріне _____(эпифиз) де жатады. Ол эмбриональдық дамудың 5-6 аптасында аралық мидың ІІІ қарыншасының үстіңгі аймағынан пайда болады. Оның құрамына мидың ІІІ қарыншасының эпендимасынан дамыған __________(субкомиссуральды мүше) де кіреді. Ересек адамда мүшенің редукциясы байқалады, жалпы салмағы 0,2г. Толық дамып жетілуі баланың 7 жасында байқалады.

Құрылысы. Сыртынан ол жұқа дәнекер ұлпадан тұратын ______(капсуламен) қапталған. Капсуладан бездің ішіне кіре орналасқан трабекулалар (тосқауылдар) оны бөліктерге бөліп отырады. Пинеальды паренхимада екі түрлі жасушаларды ажыратады: ____________(өнім бөлуші) пинеалоциттер және _______(тіректік глиальдық) жасушалар.

№ 8 Тапсырма