Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328 Кб
Скачать
☆

2 Тақырып. Кәсіпкерлік құқық субъектілерінің түсінігі мен жалпы ережелері.

Дәріс

Кәсіпкерлік құқық субъектілері түсінігі мен белгілері. Кәсіпкерлік іс-әрекет субектілерін жіктеу белгілері. Жеке кәсіпкерлік. Шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлікті дамыту

тәртібі мен кезеңдері. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің жекелеген түрлерін лицензиялау. Кәсіпкерлік субъектілерін қайта құру. Кәсіпкерлік субъектілерін банкрот деп тану.

Кәсіпкерлік құқық субектілерінің түсінігі. ҚР-ң азаматтық Кодексінің 10 бабында берілген кәсіпкерлік түсінігі келесі белгілерді қамтиды:

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру еркіндігі – оның маңызды белгісі болып табылады. Еркіндік дегеніміз тұлғаның өз қызметін, өз қалауынша мемлекеттік органдардың араласуынсыз ұйымдастыруын білдіреді, дегенмен мемлекет тарапынан бақылау мен реттеуді жоққа шығармайды. Қызметті ұйымдастыру, оның мазмұны мен нысанын таңдау, қызмет түрін таңдау бойынша мәмілеге отыру кезінде тараптардың таңдауы бойынша және баға қалыптастыру бойынша мәселерде шешім қабылдауды кәсіпкер үшінші жақтың араласуының кәсіпкер өз еркімен жүзеге асырады. Ерікті баға қалыптастыру кәсіпкердің экономикалық тәуелсіздігінің бірден-бір маңызды шарты болып табылады. Дегенмен, бұл тәуелсіздік абсолютті бола алмайды, себебі бағаны өзіндік реттеуші болып тауарлар нарығының жағдайы есептеледі.

2..Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің тәуекел етуімен жүзеге асырылады. Болжанған және алынған нәтиже әрқашанда сәйкес келе бермейді, бірақта олардың сәйкес келмеуі әрқашан кәсіпкердің іс әрекетіне қатысты бола бермейді; кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз – кәсіпкер қабылдауға тиісті материалдың және материалдық емес сипаттағы белгілі бір қолайсыз, келеңсіз нәтижелер деп танылады. Кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігінен алынады. Мүліктік жауапкершілік – бұл кәсіпкердің құқық бұзу жағдайында туындаған материалдық сипаттағы келеңсіз нәтиже. Сондықтан, тәуекел туындау нәтижесінде кәсіпкер үшін туындаған келеңсіз нәтижелер мүліктік жауапкершілік туындау негізіне қарағанда кәсіпкердің белгілі ір әрекет жасау қажеттігімен байланысты болмайды.

3. .Кәсіпкерлік қызмет таза табыс табуға бағытталған міне осы белгі бар қызмет мәнін анықтайды.

Капитал жинастыру мақсаты коммерциялық ұйымдарды коммерциялық белестердің қызметін ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, табыс пен пайда түсініктерін ажырату керек.

Көпшілік жағдайда кәсіпкерлікті міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Бұл жағдайда субъектілер ретінде заңды тұлғалармен қоса /бірінші кезекте – коммерциялық/ жеке тұлғалар - жеке кәсіпкерлер түседі.

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кәсіпкерлік қызмет негізділген меншік нысанына қатысты заңдылық бойынша жеке және мелекеттік кәсіпкерлік түрлеріне бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпкерлік шаруашылық жүргізу құқығында мүлікке ие мемлекеттік кәсіпорындар мен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындар өз кезегінде балансындағы бюджет деңгейіне қатысты және құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік органға байланысты республикалық және коммнуалдық болып бөлінеді.

Жеке кәсіпкерлік жеке меншік құқығына негізделген және заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік-азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүргізетін кәсіпкерлік қызметі. Ол жеке және біріккен кәсіпкерлік болып бөлінеді.

  • жеке – меншік құқығы негізінде өзіне тиесілі мүлік бағасында жеке азаматпен өзіндік жүргізіледі.

  • біріккен кәсіпкерлік – меншік құқығы негізінде өздеріне тиесілі мүліктер құнында, сондай-ақ мүлікті пайдалану құқығы күшінде азаматтар тобымен жүзеге асырылады. Біріккен кәсіпкерлікті жүзеге аыруға келесі нысандарда жол беріледі;

  • жұбайлардың кәсіпкерлігі

  • жанұялық кәсіпкерлік

  • жай серіктестік, мұнда кәсіпкерлік қызмет ортақ үлес меншігінде жүзеге асырылады.

Азаматтық заңдылықпен көзделген жағдайларда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар тұрғылықты жеріндегі салық органдарында мемлекеттік тіркеуден өту тиіс. Кәсіпкер - азаматтың мәртебесін куәландыратын құжат болып кәсіпкер ретінде тіркеуден өткендігі туралы куәлік табылады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу Занды тұлғаларды мемлекетгік тіркеу тәртібі Азаматтык кодекстен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"' заңды күші бар

Жарлығымен және Казақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекетгік тіркеу туралы