- •1.1. Орта мектептерде оқушыларға тәрбие және білім беру мәселелері.
- •1.2 Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық – психологиялық негіздері.
- •1.3 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәні.
- •2.1. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының негізгі бағыттары.
- •М ұғалінің ата- анамен жұмысының мазмұны
- •2.2. Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны.
- •Ғалым-педагогтардың тәжірибелерін және көзқарастарын басшылыққа ала отырып, отбасында баланы түрлі еңбек түрлерімен айналысуға тәрбиелеу. Данышпандардың тәрбие жайлы айтқан ойларын жанұяда пайдалану.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2.1. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының негізгі бағыттары.
Көптеген жылдар бойына жас ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін айқындауда «қоғамға пайда келтіретін азамат тәрбиелеу» ұғымы пайдаланылып келді. Ал, қазіргі құқықтық, демократиялық және гуманистік қоғам орнатуға бет бұрған жағдайда мемлекетке экономикалық реформаны жедел дамытатын мамандардың ең алдымен, тәрбиелігі жоғары деңгейде болуы қажет. Демек бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухани адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат міндеттер отбасы тәрбиесін жақсартудан бастау алып ондағы тәрбиешілер мен ата- аналардың педагогикалық білімдерінің заман ағымына сай жетілдірілумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата- аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйтқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр.
Осы тұста мектептерде кездесетін қиыншылықтарды атауға болады:
- Мектепке арналған ғылыми әдістемелік әдебиеттердің жетіспеушілігі;
- әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеудің қиыншылығы;
- Оқушы мен мұғалімге түсетін психо - эмоционалдық жүктеменің ауырлығы, мұғалімнің кәсіптік дайындығының жеткіліксіздігі;
- Мектептердің тірек мектептерден алшақ орналасуына байланысты мұғалімдердің тәжірибе алмасуының жеткіліксіздігі.
Жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып, сынып жетекшілерінің балалардың тұлғалық қасиеттерін дамыту ісінде оң нәтижелерге қол жеткізу үшін ата - аналармен, яғни отбасымен тығыз қарым- қатынаста болу қажет екендігін көрсетеді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қызығы- туған ұясы, өз отбасындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы- ата- анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәрбиесі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине ата- аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отырып отыруы қажет.
Ұлы ғалым, философ Әбу- Насыр әл- Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»- десе, Жан - Жак Руссо «Бала туылғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ» қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ең әуелі оның өз ата- анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл- ойы ұстамдылығы, ақыл -ойы, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен.
Бала ата- ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер таққа аманат. Жас ұрпақты жан- жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Сондықтан ата- ана, ұстаздар болып, баланың бойында тұлғалық қасиеттерді дамытуды назарда ұстағанымыз жөн.
Ата -аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады.
Оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата- аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата- аналар жиналысында мектептің оқу -тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата- аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі оқушының ата- анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
Ата- аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптастыру жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата- аналар көмегімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс -шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата- аналарды өнеге ету.
Жоғарыдағы міндеттерге сүйене отырып, мұғалімнің ата- анамен жұмысының мазмұнын 3 блоктан тұратындығын көрсетуге болады.
