Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы

Салынатын объектінің тағайындалуына байланысты құрылыс өндірісі екі топқа бөлінеді:

  • тұрғын үйлерді, ауруханаларды, мектептерді, театрларды т.б. салу

  • өнеркәсіп кәсіпорындарын, жылу энергетикалық орталықтары құрылыстарын, жол құрылыстарын, каналдарды, шахталарды, мұнай өңдеу кешендерін, электр тарату желілерін салу т.б.

Құрылыс процесстері:

а) негізгі

б) қосалқы

в) көліктік болып үшке бөлінеді

Негізгі процестерге ірге тасын тұрғызып, төбелерін жабу кірсе, қосалқы (дайындау) процесі кезінде қазылған жерлердің іргелерін бекіту, бетон және құрылыс лайларын, арматураларын дайындау сияқты жұмыстары жүргізіледі.

Көліктік процестері – құрылыс материалдарын жасау орындарынан құрылыс басына және жұмыс орнына жеткізу сияқты жұмыстардан тұрады.

Құрылыс жұмыстары келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Алаңды дайындау

  2. Жер жұмыстары

  3. Бұрғылау және қопару жұмыстары

  4. Бағанан (тірек) жұмыстары

  5. Кессондық жұмыстары

  6. Тиеу-түсіру жұмыстары

  7. Тасымалдау (көлік) жұмыстары

Мұнда құрылысшы- жұмысшылардың 17% еңбек етеді.

Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.

  1. Монтаждық жұмыстары

  2. Тас қалау жұмыстары

  3. Бетон және темір бетон жұмыстары

  4. Ағаш жұмыстары

  5. Татқа қарсы жұмыстары

  6. Төбелерін жабу жұмыстары

  7. Жылу-дыбыс-гидро оқшаулау жұмыстары.

Мұнда жалпы жұмысшылардың санының 56-57% еңбек етеді.

Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер

  1. Сылау жұмыстары

  2. Бояу жұмыстары

  3. Шынылау жұмыстары

  4. Ағаш жұмыстары

  5. Қаптау жұмыстары

Мұндағы құрылысшылардың үлесі- шамамен 10%. Құрылысшылардың негізгі массасы екінші циклдегі жұмыстармен шұғылданатыны айқын байқалады.

Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары

Жалпы құрылыс жұмыстарындағы бұл циклдің үлесіне тиетін жұмыстардың саны 20-30%.

Алаңды құрылысқа дайындау. Бұған алаңды ағаштардан, бұтақтардан тазартып, жердің құнарлы бетін аршып тазалау, су тармақтарын, электрлік, жылу, газ тораптарын салу, компрессорлық қондырғыларды орнатып, алаңды қоршау сияқты жұмыс түрлері жатады.

Санитарлық-тұрмыстық калашықтарды (асхана жуыну орындары, туалеттер, медпункт, жылытатын жайлар, әкімшілік жайлар т.б.) ұйымдастырудың маңызы ерекше.

Осы жұмыстардан кейін әртүрлі жолдар, әсіресе автомобиль жолдары (өйткені тасы-малдау жұмыстарының 70%-ға жуығы автомобиль көліктерімен атқарылады) салынады.

Бұл кезеңдегі жұмыстарды орындау сәттерінде көптеген шетел мемлекеттерінің жұ-мыс тәсілдерін қолданған жөн. Мысалы: Францияда кіріс жолдары асфальттанып, алаң міндетті түрде қоршалынады және кіре берісте көліктерге арналған жуу орындары орнатылады.

Осы кезеңдегі жұмыстарды атқару үшін көптеген машиланар мен механизмдер-трак-торлар, күрегіштер, тиеу машиналары, қазу машиналары, бетон және асфальт төсегіштер, бензинмен және электрмен аралау машиналары, пневмобалғалар т.б. қолданылады.

Жер жұмыстары. Алаңды тазалап біткен соң бірден басталады. Бұл жұмыстардың құрамына жоспарланған алаңдарды салу, шұңқырларды, ұзын жыралар, каналдарды қазу, дамбаларды, бөгеттерді салу т.б. жатады.

Топырақ тасу, жер қазу, арнайы жүк тасымалдаушы машиналардың, (күрегіштердің, скреперлердің, грейдерлердің т.б.) көмегімен жүргізіледі. Гидромеханикалық тәсілдер қолданылады.

Қысқы мезгілдерде құрылысшылар топырақты ыстық сумен, бумен, электр тоғымен, газды жылытқыштармен жылытумен және қосытқыштардың көмегімен қопсыту жұмыстарымен айналысады.

Бұрғылау жұмыстары. Құрылыста топырақ құрамын зерттеу, жер асты суының деңгейін анықтау, бүтін бетон ірге тасының астынан скважиналардың пайда болмайтынына көз жеткізу үшін бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл ағаш, темір, құрыш қадаларды әр түрлі тәсілдері мен (соғу, бұрғылау машиналары т.б.) жерге кіргізу жұмыстары. Соңғы кездерде діріл батырғыштар пайдаланып жүр.

Нөлдік цикл жұмыстарын жүргізу көбінесе жабық кабиналарда атқарылатын, әртүрлі өздігімен жүретін машиналарда қызмет жасаумен байланысты. Сонымен қатар, бұл циклде механикаландырылған қол еңбектері (электрлік ара, пенвмобұрғы мен балға) атқарылады. Машиналар мен техникалардың қозғалтқышы үшін жанармайлар, бензин, керосиндер пайдаланылады. Барлық операциялар сусымалы құрылыс материалдарын (құм, топырақ, ценмент т.б.) өңдеумен байланысты. Еңбек процестерінің көпшілігі ашық далада атқарылады.