- •10 ! Эпидермистің жасушалары толық жаңарады:
- •30 ! Гиперкератоз бұл - қалыңдауы:
- •40 ! Науқастың ауыз қуысының шырышты қабығыда шектелген жара. Зақым ошағында шырышты қабықтың қандай қабаттары зақымдалған?
- •51 ! Күлдіреуікте анықталатын гистологиялық өзгеріс:
- •Пиодермия, вирустық
- •60 ! Іріңдіктері емдеуде қолданылатын жергілікті заттар:
- •70 ! Стрептококкты импетигоға тән біріншілік морфологиялық бөртпелер:
- •80 ! Қай іріңдіктерде антибиотиктер тағайындалады:
- •90 ! Терінің ұшықтық зақымдалуында көрінетін біріншілік бөртпені ата:
- •110 ! Вирусты аурулар тобына кіретін дерматозды ата:
- •Кандидоз
- •Псориаз. Қызыл жазық теміреткі. Қызыл жегі. Хейлиттер. Токсидермиялар. Есекжем. Экзема. Атопиялық дерматит
- •130 ! Атопиялық дерматитке тән дермографизм түрі:
- •140 ! Қызыл жегінің болмашы белгілерінің бірін атаңыз:
- •Көпіршікті дерматоздар
- •207 ! Венерологиялық аурулардың дамуының қауіп-қатер факторлары:
- •230 ! Мерездің үшіншілік кезеңіне тән емес:
- •240! Емшек жасындағы балалар мерезінің нақты белгілері:
- •250 ! Сифилидологияның емдеу нұсқасында қандай ем тағайындалады?
- •270 ! Созбен ауыратын науқасқа топикалық диагноз қою үшін қандай зерттеулер жасау қажет?
- •280 ! Хламидидың адамда ауру тудыратын түрін ата:
- •290 ! Трихомоиаздың қоздырғышына тән:
- •Құқықтық компетенцияны бағалауға арналған есеп
110 ! Вирусты аурулар тобына кіретін дерматозды ата:
* үшкір ұшты кандилома
* жалпақ кандилома
* қызыл жазық теміреткі
* түрлі – түсті теміреткі
* псориаз
! Вирусты дерматоздарға қай ауру жатады:
* ұялы таз
* жұқпалы моллюск
* себорея
* педикулез
* қотыр
! Белдеулі ұшыққа тән белгіні көрсет:
* вегетация
* кебекті қабыршақтану
* түнге қарай қышу сезімі
* бөртпе полиморфты
* бөртпе жеке жүйке жолдары бойында орналасады
! Келесі белгілер болғанда қандай ауру туралы ойлауға болады: жалпы жағдайдың нашарлауы, дене қызуының көтерілуі, зақымдалған ошақтар жүйке бағаналарының бойына орналасқан, ассиметриялы; зақымдалған ошақта ісіну және эритема, топталған серозды сұйықтығы бар көпіршікшелер:
* жай ұшық
* белдемелі ұшық
* қарапайым пемфигус
* Дюринг дерматозы
* көп түрлі жалқықты эритема
! Келесі клиникалық көрініс қай ауруға тән: эритематозды фонда топталған көпіршікшелер, қабырға аралық жүйке жолдарында орналасқан, қатты ауру сезімі:
* жай көпіршікті ұшық
* белдеулі ұшық
* түрлі- түсті теміреткі
* қызыл жазық теміреткі
* қабыршақты теміреткі
Кандидоз
! Кандидоздың туындауына әсерін тигізеді:
* антигистаминді дәрі-дәрмектерді қолданғанда
* гормоналды дәрі-дәрмектерді қолданғанда
* транквилизаторларды қолданғанда
* десенсибилизациялық дәрі-дәрмектерді қолданғанда
*седативті дәрі-дәрмектерді қолданғанда
! Кандидоздың емдеуге қажетті емес дәріні ата:
* преднизолон
* ламизил
* низорал
* тербизил
* орунгал
! Кандидоздың клиникалық түрлеріне жатпайды:
* ауыз шырышты қабатының кандидозы
* тері қатпарларының кандидозы
* висцералды кандидоз
* созылмалы генерализцияланған кандидоз
* қарапайым кандидоз
! Диспансерге 75 жасар еркек, ерін аймағындағы ауру сезімене шағымданды.Тексергенде езуінің терісі ылғалды, ақжемделген, қызарған, тез алынатын ақшыл түсті өңезбен жабылған (өңезді алғанда беті тегіс қызыл түсті эрозия ашылады); төменгі ерінде кейбір қызарған аймақ үстінде ақ нүкте тәрізді түйіршікті өңез (өңезді алғанда асты ылғалды, жылтыр). Науқаста имплантантты тістер. Диагнозды қойыныз:
* метерологиялық хейлит
* стрептококктық езулік
* кандидозды хейлит, кандидозды езулік
* актиниқалық хейлит
* атопиялық хейлит, ангулярлы стоматит
! Келесі белгілер болғанда қандай ауру туралы ойлау керек: ауыз қуысының шырышты қабатында оңай алынатын «ірімшік тәрізді» өңез, оны сылып алғанда орнында эритема анықталады.
*кандидоз
*қызыл жазық теміреткі
*мерез
*пемфигус
*ангулярлы стоматит
120 !Келесі клиникалық көрініс қай ауруға тән: ауыз бұрышының терісі қабынған, ақжемделген, сулы, оңай алынатын ақшыл өңезбен жабылған. Өңезді алғанда сылып алғанда астында қызыл, беті тегіс эрозия анықталады:
*қатты шанкр
*қарапайым ұшық
*езу импетигосы
*пиогенді гранулема
*кандидоздық езулік
Псориаз. Қызыл жазық теміреткі. Қызыл жегі. Хейлиттер. Токсидермиялар. Есекжем. Экзема. Атопиялық дерматит
121 ! Нағыз экземаға тән:
* бөртпе симметриялы
*қышу және куйдіру сезімінің болмауы
*тыртық түзіп жазылуы
*регионарлы лимфаденит
*бөртпенің мономорфизмі
! Келесі белгілер болғанда қандай ауру туралы ойлау қажет: ауыздың шырышты қабатында және ерінде қақпағы жұқа көпіршіктер, тамақтанғанда жарылып,өзгермеген шырышты қабатта ашық-қызыл түсті эрозия түзіледі. Эрозияның жиегінде көпіршіктің қалдықтары көрінеді, оларды тартқанда Никольский белгісі оңай анықталады.
а) нағыз пемфигус
б) Дюринг дерматозы
в)көпіршікті токсидермия
г) микробты токсидермия
д) жалқықты эритема
! Еріннің қызық жиегінде қызару және құрғақ мөлдір қабыршықтың пайда болуымен сипатталатын хейлит, қабыршық түскеннен кейін орнында тоқырлаулы қызыл түсті дақ пайда болады.
* метеорологиялық хейлит
* эксфолиативті хейлит
* гландулярлы хейлит
* актиникалық хейлит
* атопиялық хейлит
! Еріннің қызыл жиегінде сілекей бездерінің сағасының кеңеюімен, сұйықтықтың «шық» тамшысы түрінде бөлінуімен байқалатын хейлитті атаңыз.
* атопиялық хейлит
* эксфолиативті хейлит
* гландулярлы хейлит
* актиникалық хейлит
* метеорологиялық хейлит
! 52 жасар науқас дәрігерге еріннің құрғақтылығына және тырысуына шағымданды. Науқас аула сыпырушы. Тексергенде: еріннің қызыл жиегінде әлсіз қызару, аздаған инфильтрация, құрғау, беті майда қабыршықпен жабылған. Диагноз қойыңыз:
* актиникалық хейлит
* эксфолиативті хейлит
* гландулярлы хейлит
* атопиялық хейлит
* метеорологиялық хейлит
! Дәрігерге 45 жасар әйел бет, ерін, ауыздың шырышты қабатының ісінуіне, ауыру сезіміне шағымданды. Тексергенде: ерні біркелкі емес ісінген, еріннің жиегі сыртқа қарай қайырылған, тістеріне тимейді. Ісінген ерін ашық қызғылт түсті. Басып көргенде консистенциясы тығыз эластикалық. Басқанда орнында із қалмайды. Ерін тіндері біраз тығыздалған, бірақ склерозға ұшырамаған. Сіздің диагнозыңыз:
* Квинке ісігі
* Мелькерссон-Розенталь синдромы
* гландулярлы хейлит
* элефантиаз
* кавернозды гемангиома
127 ! Берiлген белгiлерге сүйенiп псориаздың сатысын анықтаңыз – жаңа түйiншектердiң шығуы,бұрынғы бөртпелердiң шетiне қарай өсуi, түйiншектердiң айналасында қабынулық белдеменiң болуы, Кебнер феноменi оң.
* қайту сатысы
* жеделдеу
* тұрақты
* торпидтiк
* үдемелi
! Цемент жасайтын завод жұмысшысында 2 ай жұмыс істегеннен кейін қолының ұшында, дененің ашық аймақтарында терісі қышып, қызарып, түйіншекті бөртпелер, соңынан олардың бетінде микровезикула және сулану пайда бола бастады. Зақым ошағы анық шектелмеген. Анамнезінде: басқа жұмысшылардың арнайы киімін жиі кигендігі, киімін сирек жуатындығы анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
* себореялық экзема
*жанаспалы дерматит
* кәсіби экзема
* токсидермия
* қотыр
! Себореялық экземаның клиникалық белгілері:
*ассиметриялы орналасуы, ошақтың шекарасы айқын
*симметриялы, шекарасы айқын емес, ошақта көп мөлшерде көпіршіктер және сулану
*эритема, майлы қабықпен қабыршық, баста, бетте және кеудеде аздаған сулану
*еріндерінде көпіршікшелі бөртпелер
*эритема, қабыршақтану, қол сыртында жырықтар
