- •Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері.
- •1Фаза гендеріәулесі – метаболизм ферменттерінің қатынасуымен жасушаларда биотрансформацияланады.
- •Атмосфераның ластануы
- •Тамақтар және тамаққа қосатын заттар
- •Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
- •Физикалық факторлар және металлдармен улану
- •Қоршаған ортаның химиялық ластануы
- •Қорытынды
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылысы
- •Қолданылған әдебиеттер:
1Фаза гендеріәулесі – метаболизм ферменттерінің қатынасуымен жасушаларда биотрансформацияланады.
Би
CYP 1A1 гені 15 хромосоманың 15q22q-24 локусында орналасқан.Ол 1 фазада темекі түтіні әсерінен активтенеді.Оны кодтатын ферменті СУР 1A2полициклдық ароматтық көмірсулардың алмасуын катализдейді.Осы ферменттің жеңіл индукцияланатын формасы темекі тартушылар өкпе рагының дамуының тәуекелділігінің жоғары болуымен сипатталады.Бұл геннің еуропа популяцияларындағы орташа жиілігі 10% ға жуық.
СУР 1A2гені 15хромосоманың 15q22-qter.локусында орналасқан және адамдардың бауыр жасушаларындағы барлық цитохром 450-дің 10-15%құрайды.Ол көптеген ксенобиотиктердің – ароматтық және гетероциклдық аминдердің,нитроароматтық қосыластардың,микотоксиндердің,эстрогендердің және кейбір дәрі-дәрмектердің (фенацетин,ацетоминофан,кофеин т.б) метаболизмнің активтенуіне қатынасады.
CYP 1A2 нің жеңіл индукцияланатын формасы тоқ ішек,қуық рагының тәуекелдігін жоғарылатады,әсіресе темекі түтінімен,қуырылған еттермен қосылса.
CYP 2Д6 гені 22 хромосаманың 22q13.1локусында орналасқан.Бұл ген негізгі фармагенетикалық маркер болып табыладыы.Оның полиморфтық эффекті 30ға жуық дәрі-дәрмектердің және қоршаған ортаның химиялық өнімдерінің (бета-адреноблокаторлардың,трициклдық антидепрессанттардың,антиаритмиялық,антигипертензиялық препараттардың)және нейроиедиаторлардың (дофамин) метаболизміне әсер етеді.CYP 2Д6 белсенділігі төмен (“баяу метаболизатролар РМ”) не жоғары (“жедел метабалайзер-ЕМ”) күйінде болуы мүмкін.Бұл геннің еуропа популяцияларындағы жиілігі – 5-10%,азиаттарда 1-2 %.
CYP 2C19-гені 10 хромосоманың 10q24.1-24 локусында орналасқан және дәрі - дәрмектер метаболизмінде маңызды рөл атқарады.Ген өнімі – S – мефенитоингидроксилаза – тырысуға қарсы қолданылатын дәрі - дәрмектер,протондық сорғыш ингибиторы (омепрозол) және кейбір барбитураттардың метаболизміне қатынасады.
Баяу метаболейзерлер жиілігі Шығыс халықтары арасында 13-23%,ал еуропалықтар попуцияларында 5%.
2- фаза гендері
GSTMI (глутатоин S трансфераза) гені – 1 хромосоманың 1q13 локусында орналасқан.Ол тотыққан липидтердің,ДНҚ,катехол өнімдерінің кейбір электрофилдік қосылыстарын залалсыздандыратын 2-фазаның GSTMI ферментінің белсенділігін айқындайды.
GSTMI 1 гені – полиморфты ген.Оның “О” аллелінің гомозиготасы GSTM 1 ферментінің белсенділігін бұзады және қоршаған орта факторларының әсерінен өкпе,қуық,тоқ ішек рагының даму тәуекелділігін салыстырмалы жоғарылатады.
GSTM 1 0/0 генінің еуропа популяцияларындағы жиілігі 40 – 50 % жуық.
NAT – 2 ( N – ацетилтрансфераза 2) гені биотрансформацияның 2- фазасының ацетилдеу үдерісін қалыптастырады.Ацетилдеу полиморфизмі осыдан 50 жыл бұрын анықталған және фармакогенетикалық зерттеулердің алғашқыларының бірі болып табылады.
NAT – 2 полиморфтық ген,оның 20- ға жуық аллельдері белгілі.Бұл геннің полиморфтық эффектінің баяу,жедел және өте жедел ацетилдеу сияқты фенотиптері белгілі.
NAT – 2 көптеген ксенобиотиктердің,оның ішінде ароматтық және гетероциклдық аминдедің активтену активсіздену реакцияларына қатынасады.NAT- 2-нің полиморфтық эффекттері зәр шығару жолдарының,қуықтың,сүт безінің,бас жіне мойын,өкпе,тоқ және тік ішектің қатерлі ісктеріне жіне дәрі – дәрмек метаболизміне деген сезімталдық өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді.
NAT – 2- нің баяу ацетилдеуші (NAT 2 SA) және жедел ацетилдеуші (NAT2 RA) ара қатынасының жиілігі әр түрлі популяцияларда түрліше болады.Орталық Еуропа және Солтүстік Америка популяцияларында NAT 2SA жиілігі 65-70%,ал Қытай және Жапонияда 32-40%.
RS (ренин ангиотензин- альдестерон жүйесі) гені – 17 хромосоманың 17q23 локусында орналасқан,оның өнімі – ангиотензин айналдырушы фермент – (АПФ ангиотензинпревращающий фермент)ангиотензин 1-дің ангиотензин 2ге айналуы және брадикининнің кининге ыдырау реакцияларына қатынасады.
Осы геннің полиморфты эффекттері көпшілік жағдайларда «қоршаған орта – ген» әрекеттесулері арқылы дамып жүрек қантамырлары ауруының,миокард инфарктының,жүрек сол жақ қарыншасының гипертрофиясы,гипертензия және бүйрек қызметінің жетіспеушіліктерінің даму тәуекелдігін жоғарлатыны белгілі.
Ген өнімі - АСЕ ферментінің ең белсенді генотипі АСЕ ДД жиілігі әр түрлі еуропа популяциясында 13% көлемінде болады.
