- •1.«Джунглидағы жаңбыр»
- •2. Жағымды сөздер.
- •3. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
- •4. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
- •5. «Қолдағы хат».
- •6. «Тасбақалардың жүгірісі».
- •7.«Болады, болмайды» жаттығуы.
- •8.Тренинг: қорқыныш
- •2. Сағат тілі тренингі.
- •3.Эмоция тренингі.
- •4. «Мейірімділік» тренингі.
- •1.Тақырыбы: «Мінез – көңіл – күй айнасы»
- •5. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі
1.Тақырыбы: «Мінез – көңіл – күй айнасы»
Мақсаты: «Мейірімділік» Жеке тұлғаның өзіндік қарым – қатынасын дамыту,
бойына жағымды қасиет сіңіру.
Тренинг барысы:
1. Танысу тренингі.
- оқушылар шеңбер бойынша өздерін таныстырады.
2. Сағат тілі тренингі.
- сағат суретін салады.
- жұптасады.
- сұрақ қойылады.
- өз ойларын айтады.
12.00 – Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?
15.00 – Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?
18.00 – Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?
21.00 – Сіз жек көретін адам сізге мейірімділік жасады. Сіз оның қылығына қалай жауап берер едіңіз?
3.Эмоция тренингі.
- Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.
4. «Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
2. Сергіту сәті.
- өлеңмен танысады.
- өлең жолдарына өз ойларымен әуен, қимыл шығарады.
- топпен айтады.
Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы
Бір теңіздің , бір теңіздің толқыны
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз
Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы
Бір теректің, бір теректің гүліміз
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз
2. Жүректен жүрекке тренингі
- Оқушылар бір – біріне тілек жазып, тілектерін оқиды ---------------------------------------
Тақырыбы: «Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу»
Мақсаты: Жеке адам, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер,
өзін -өзі тәрбиелеу туралы мағлұмат беру.
Тренинг барысы:
1. Оқушыларға сұрақ қойылады
Жеке адам дегеніміз кім?
Оқушылар өз ойларын айтады.
2. Оқушыларға мұғалім адам ғұмырының кезеңдері туралы мағлұмат береді
Адам ғұмырының 7 кезеңі
0 – 12 жас балалық кезең
13 жас – 25 жас жастық кезең
25 жас – 49 жас ересек кезең
37 жас – 49 жас мосқал кезең
49 жас – 61 жас кәртаң кезең
61 жас – 73 жас кәрілік кезең
73 жас - 85 жас қарт кезең
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу - тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Жалпы өзін - өзі тәрбиелеу мақсатында әрбір адам ең алдымен өз бойындағы жағымсыз қасиеттен арылуы тиіс. Атап айтсақ: сараңдық, пайдакүнемдік, екі жүзділік ұстамсыздық, күншілдік, жалқаулық, тәкаппарлық т.б. қасиеттер болуы мүмкін. Сонымен қатар 1 адам өз бойындағы тұйықтықтан , 2 – ші адам орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді?
Ал, сіздер өз бойларыңызда жағымсыз қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?
Оқушылар өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерді атап, қағаз бетіне түсіреді. Жазған қағазды жағымсыз қасиеттерден арылу үшін ұсақтайды.
