- •Жақ сүйектерінің диагностикалық мүсіндерін биометриялық зерттеу әдістері
- •Сүт тістердің сауыттарының енінің орташа шамасы, мм (Ветцель бойынша,1950)
- •Тұрақты тістердің сауыттарының мөлшерлері, мм (в.Д.Устименко бойынша,1973)
- •2. Тіс доғасының енін анықтау
- •3. Тіс доғасының енін анықтау
- •4. Тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығын анықтау
- •5. Уақытша тістем кезінде балалардың тіс қатарларының трансверсальды және сагиттальды мөлшерлерін анқытау.
- •6. Жақтардың апикальды негізінің мөлшерін анықтау
- •8. Вертикальды өлшеулер
- •7. Тіс қатарларының симметриялылығы мен сегменттерінің арақатынасын анықтау
- •9. Графикалық әдістер
2. Тіс доғасының енін анықтау
а) Фронтальды жетіспеушілік әдісі алдыңғы бөліктегі тістердің тығыз орналасуының дәрежесін анықтайды, бұл мәліметтер науқастың емдеу жоспарын құруға көмектеседі.
Тістердің тығыз орналасуының дәрежері:
жоғарғы жақта: I дәреже – орын жетіспеушілік 0-3 мм , II дәреже – орын жетіспеушілік 3-5 мм, III дәреже – орын жетіспеушілік 5 мм жоғары;
төменгі жақта: I дәреже – орын жетіспеушілік 0-3 мм, фронтальды сегментте біркелкі таралған, II дәреже – орын жетіспеушілік 0-3 мм, бір тістің аймағында, III дәреже – орын жетіспеушілік 3-5 мм, IV дәреже – орын жетіспеушілік 5 мм жоғары.
I әдіс (сурет 2):
1. Күрек тістердің Мd өлшеп, олардың қосындысын анықтайды. Алынған өлшем фрональды сегменттің жеке дара шамасы болып табылады.
2. Оң және сол фронтальды сегментті өлшейді – орталық күрек тістің мезиальды шетінен сүйір тістің мезиальды шетіне дейін (сүйір тіс дұрыс орналасқан болса), кейін қосындысын анықтайды.
3. Анықталған саннан жеке дара шаманы азайтады. Егер нәтиже теріс болса тіс доғасында орын жеткіліксіз, оң болса орын шамадан көп болып саналады (сурет 3).
4. Егер фронтальды жетіспеушілік болса алдыңғы бөліктегі тістердің тығыз орналасуының дәрежесін анқытайды.
II әдіс (сурет 4):
Егер фрональды бөлікте айтарлықтай тегістелген болса (алдыңғы тістердің тығыз орналасуының III дәрежесі) алдыңғы сегментті бір мезгілде өлшеу керек – уақытша сүйір тістің мезиальды беткейінен келесі жағындағы сүйір тіске дейін. Алынған нәтижеден күрек тістердің Мd мөлшерлерінің қосындысын азйтады, ары қарай бірінші әдістегш секілді.
б) Moyers әдісі (Мичиган университетінің әдістері)
Бұл әдіс аралас тістем кезінде төменгі жақтың 4 күрек тістерінің Md өлшемдерінің қосындысына негізделіп, тұрақты сүйір тіс пен премолярлардың болжамды мөлшерлерін анықауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрақты тістем кезінде бүйір сегменттің қысқару дәрежесін анықтауда қолдануға болады.
Әдісі
(Сурет ?. Moyers бойынша тірек зоналарын анықтау.
Төменгі жақтың төрт күрек тісінің Md мөлшерлерін өлшеп, қосындысын алады. Кейін бүйір күрек тістің дистальды шетінен (егер бүйір күрек тіс болмаса сүйір тістің мезиальды шетінен) тұрақты бірінші үлкен азу тістің мезиальды шетіне дейін екі жақтың оң және сол жағынан өлшейді.
2 және 3 кесте бойынша, ∑ 4 I біле отырып, тұрақты сүйір тіс пен премолярлардың болжамды мөлшерлерін анықайды, ықтималдылығы 5- 95% дейін. М.З. Миргазизов авторластарымен бірге Мичиган университетінің әдісінінің ықтималдылығы клиникалық тәжірибеде 75% құрайтынын дәлелдеді.
Кесте 2
Төменгі жақтың 4 күрек тістерінің ендерінің қосындысының жоғарғы жақтың тұрақты сүйір тіс пен премолярлардың болжамды мөлшерлерінің тәуелділігі
Ықтимал- дылығы |
Төменгі жақтың күрек тістерінің мезиодистальды өлшемдері |
|||||||||||||
* |
19,5 |
20,0 |
20,5 |
21,0 |
21,5 |
22,0 |
22,5 |
23,0 |
23,5 |
24,0 |
24,5 |
25,0 |
25,5 |
26,0 |
95% |
21,6 |
21,8 |
22,1 |
22,4 |
22,7 |
22,9 |
23,2 |
23,5 |
23,8 |
24,0 |
24,3 |
24,6 |
24,9 |
25,1 |
85% |
21,0 |
21,3 |
21,5 |
21,8 |
22,1 |
22,4 |
22,6 |
22,9 |
23,2 |
23,5 |
23,7 |
24,0 |
24,3 |
24,6 |
75% |
20,6 |
20,9 |
21,2 |
21,5 |
21,8 |
22,0 |
22,3 |
22,6 |
22,9 |
23,1 |
23,4 |
23,7 |
24,0 |
24,2 |
65% |
20,4 |
20,6 |
20,9 |
21,2 |
21,5 |
21,8 |
22,0 |
22,3 |
22,6 |
22,8 |
23,1 |
23,4 |
23,7 |
24,0 |
50% |
20,0 |
20,3 |
20,6 |
20,8 |
21,1 |
21,4 |
21,7 |
21,9 |
22,2 |
22,5 |
22,8 |
23,0 |
23,3 |
23,6 |
35% |
19,6 |
19,9 |
20,2 |
20,5 |
20,8 |
21,0 |
21,3 |
21,6 |
21,9 |
22,1 |
22,4 |
22,7 |
23,0 |
23,2 |
25% |
19,4 |
19,7 |
19,9 |
20,2 |
20,5 |
20,8 |
21,0 |
21,3 |
21,6 |
21,9 |
22,1 |
22,4 |
22,7 |
23,0 |
15% |
19,0 |
19,3 |
19,6 |
19,9 |
20,2 |
20,4 |
20,7 |
21,0 |
21,3 |
21,5 |
21,8 |
22,1 |
22,4 |
22,6 |
5% |
18,5 |
18,8 |
19,0 |
19,3 |
19,6 |
19,9 |
20,1 |
20,4 |
20,7 |
21,0 |
21,2 |
21,5 |
21,8 |
22,1 |
Кесте 3
Төменгі жақтың 4 күрек тістерінің ендерінің қосындысының төменгі жақтың тұрақты сүйір тіс пен премолярлардың болжамды мөлшерлерінің тәуелділігі
Ықтимал- дылығы |
Төменгі жақтың күрек тістерінің мезиодистальды өлшемдері |
|||||||||||||
* |
19,5 |
20,0 |
20,5 |
21,0 |
21,5 |
22,0 |
22,5 |
23,0 |
23,5 |
24,0 |
24,5 |
25,0 |
25,5 |
26,0 |
95% |
21,1 |
21,4 |
21,7 |
22,0 |
22,3 |
22,6 |
22,9 |
23,2 |
23,5 |
23,8 |
24,1 |
24,4 |
24,7 |
25,0 |
85% |
20,5 |
20,8 |
21,1 |
21,4 |
21,7 |
22,0 |
22,3 |
22,6 |
22,9 |
23,2 |
23,5 |
23,8 |
24,0 |
24,3 |
75% |
20,1 |
20,4 |
20,7 |
21,0 |
21,3 |
21,6 |
21,9 |
22,2 |
22,5 |
22,8 |
23,1 |
23,4 |
23,7 |
24,0 |
65% |
19,8 |
20,1 |
20,4 |
20,7 |
21,0 |
21,3 |
21,6 |
21,9 |
22,2 |
22,5 |
22,8 |
23,1 |
23,4 |
23,7 |
50% |
19,4 |
19,7 |
20,0 |
20,3 |
20,6 |
20,9 |
21,2 |
21,5 |
21,8 |
22,1 |
22,4 |
22,7 |
23,0 |
23,3 |
35% |
19,0 |
19,3 |
19,6 |
19,9 |
20,2 |
20,5 |
20,8 |
21,1 |
21,4 |
21,7 |
22,0 |
22,3 |
22,6 |
22,9 |
25% |
18,7 |
19,0 |
19,3 |
19,6 |
19,9 |
20,2 |
20,5 |
20,8 |
21,1 |
21,4 |
21,7 |
22,0 |
22,3 |
22,6 |
15% |
18,4 |
18,7 |
19,0 |
19,3 |
19,6 |
19,8 |
20,1 |
20,4 |
20,7 |
21,0 |
21,3 |
21,6 |
21,9 |
22,2 |
5% |
17,7 |
18,0 |
18,3 |
18,6 |
18,9 |
19,2 |
19,5 |
19,8 |
20,1 |
20,4 |
20,7 |
21,0 |
21,3 |
21,6 |
Диагностикалық мүсінде алынған саннан болжамды өлшемді азайтады (кесте бойынша). Егер алынған нәтиже теріс болса тіс доғасының бүйір сегменті қысқарған, оң болса – ұзарған болып есептелінеді. Есептеуді нақты екі жақтан, оң және сол бүйір сегменттерінен өшейді.
Мысал: ∑ 4 i = 22,3 мм, 22,5 мм деп алады. Жақтардың диагностикалық мүсіндерінде келесі нәтижелер алады: жоғарғы жақта: оң бүйір сегмент = 18,6 мм, сол бүйір сегмент = 22,3 мм; төменгі жақта: оң бүйір сегмент = 22,0 мм, сол бүйір сегмент = 21,9 мм. Кесте бойынша жоғарғы жақтың сүйір тісі мен премолярдың болжамды Мd мөлшері 22,3 мм, төменгі жақта – 21,9 мм. Сосын алынған нәтижелерден болжамды норманы азайтады: жоғарғы жақты 18,6 мм – 22,3 мм = –3,7 мм, 22,3 мм – 22,3 мм = 0; төменгі жақта 22,0 мм – 21,9 мм = +0,1 мм, 21,9 мм – 21,9 мм = 0. Алынған нәтижелерге сүйене отырып жоғарғы жақтың оң бүйір сегментінің қысқарғанын туралы қорытынды жасауға болады.
Мичиган университетінің әдісі дәрігер-ортодонттан кестенің болуын қажет етеді және де болжамды шаманы 0,5 мм дейін нақты өлшеуді талап етеді, мысалы ∑ 4 i = 22,3 мм, 22,5 мм деп алады. Осы әдістің Tаnakа және Johnson бойынша модификациясы бұл кемшіліктерді толықтырған.
Сүйір тіс мен премолярдың сауытының болжамды Мd мөлшерін келесі формула бойынша анықтауға болады:
∑ 4 i ÷ 2 + 11,0 = жоғарғы жақтың шамасы;
∑ 4 i ÷ 2 + 10,5 = төменгі жақтың шамасы.
Мысалы: ∑ 4 i = 22,3 мм. Жақтардың диагностикалық мүсіндерінде келесі нәтижелер алады: жоғарғы жақта: оң бүйір сегмент = 18,6 мм, сол бүйір сегмент = 22,3 мм; төменгі жақта – оң бүйір сегмент = 22,0 мм, сол бүйір сегмент = 21,9 мм. Кесте бойынша жоғарғы жақтың сүйір тісі мен премолярдың болжамды Мd мөлшері – 22,15 мм, на нижней – 21,65 мм. Сосын алынған нәтижелерден болжамды норманы азайтады: жоғарғы жақты 18,6 мм – 22,15 мм = –3,55 мм, 22,3 мм – 22,15 мм = –0,15 мм; төменгі жақта 22,0 мм – 21,65 мм = +0,35 мм, 21,9 мм – 21,65 мм = –0,25 мм. Алынған нәтижелерге сүйене отырып жоғарғы жақтың оң бүйір сегментінің қысқарғанын туралы қорытынды жасауға болады.
в) N. Nance әдісі. Тіс қатарының ұзындығы мен тіс сауыттарының ендерінің қосындысына негізделген. Дұрыс қалыптасқан тіс қатарында оның ұзындығы мен оны құраған тістердің мезиодистальды өлшемдерінің қосындысы тең болуы керек.
Әдісі: 10 уақытша немесе 12 тұрақты тістердің сауыттарының Мd мөлшерлерін анықтап (оң жақтағы тұрақты бірінше үлкен азу тістен сол жақтағы бірінші үлкен азу тіске дейін) қосындысын табады. Жұмсақ сымды лигатураның, капронды жіптің немесе иілгіш пластикалық сызғыштың көмегімен тіс доғасын оң жақтағы тұрақты бірінші үлкен азу тістің дистальды шетінен сол жақтағы соған сәйкес тіске дейін өлшейді. Өлшегенде азу сымды азу тістедің шайнау бетінен, ал алдыңғы тістердің кесу қырынан өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырып тістердің мөлшерінің қосындысымен тіс доғасының мөлшерінің сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды. Сонымен қатар өлшеуді курвиметр көмегімен жасауға болады.
