- •1.1. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы еңбекақыны ұйымдастыру, одан ұсталынатын төлемдер мен шегерімдер
- •1.3 Еңбекақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •2.1 «Бұлақ-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Қаржылық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Еңбекақы бойынша есебін талдау
1.2 Қазақстан Республикасындағы еңбекақыны ұйымдастыру, одан ұсталынатын төлемдер мен шегерімдер
Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 – бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативтік құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары, және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді
Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі, және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» заңының 71 - бабы) ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен кем болмауы керек.
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» заңының 7,8 – бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар:
Қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең еңбекақы алуға;
Қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;
Кепілдік және өтемақы алуға және т.б.
Жұмыс берушінің құқықтары:
Қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;
Қыметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т.б.
Жұмыс берушінің міндеттері:
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жеке еңбек келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақытылы және толық төлеуге;
Еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтауға;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен әртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беруге;
Қызметкерге қауіпті және зиян жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескертуге және т.б.
Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:
Еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік беру және өтемақы төлеу;
Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
Еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;
өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және т.б. («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 9 - бабы)
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісімшартына отыруға құқы бар.
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 13 – бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісімшарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісім бойынша, жеке еңбек келісімшартына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.
Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымынң бөлімшесіне көшірілуі үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша асқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісімшартында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 17 - 18 бабы).
Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлауы керек.
Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісімшартына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 26 – бабының 7 – тармағына сәйкес онымен келісім шарт бұзылады.
Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісімшартында қарастырылмаан және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен ауыстыруға құқы бар.
Мұндай ауыстыру стихилық апаттың, өндірісті апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру дереу қажет болған жағдайда ана іске асырылады («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 20 - бабы).
Жұмыс болмай қалған жағдайда (простой) жұмыс беруші қызметкрлерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 26 – бабы, 7 – тармағына сәйкес онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына басқа бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 21,22 - бабтары).
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 23 – бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісімшарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 26 – бабы, 1 - тармағы);
қызметкердің штаты немесе саны қысқартылғанда («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 26 – бабы, 2 - тармағы);
әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 30 – бабы, 1 – тармағы)
Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісімшартын тоқтатуға құқылы.
Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісімшарты ескертілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.
Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісімшартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 28 – бабында қарастырылған.
ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:
1. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты;
2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;
3. Нәрестені тамақтандыруға аранлған қосымша үзілістерді төлеу;
4. Кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу;
5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жердемақысы.
Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50% - нен аса алмайды.
Қызметкердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:
Табыс салығын;
Орындаушы қағаздар бойынша;
Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелеген болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы;
Жалақы есебінен берілген авансты өтеу;
Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені өтеу есебінен;
Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.
Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық оратша кіріс пен шегерімдер арсындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 санының салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы болып табылады.
Халықтың соттың шешіміне, нотариалды органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу тауарлы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп түскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшадан табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмілетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – жалақының 33% - ті, үш және одан да көп балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылуы керек. Боышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алиметтер туралы белгі қйып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын жерін көрсетеді.
Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жұргізіледі.
Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық – қарлық) өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.
Кәсіподық жарналарын ұстап қалу айға есептелген жалақының барлық сомасын 1% мөлшерінде жүргізіледі.
Қызметкерлермен есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі. Депоненттелген жалақының есебі:
Есеп айырысу және есеп айырысу - төлем ведомостері еңбекақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл жалақы бойынша әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деркетер.
Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:
Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда жалақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және жалақыны төлеу жүргізіледі.
Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша, мұнда жалақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Жалақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
Т – 2 нысанындағы «Жалақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Жалақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем жалақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.
Төлем ведомостері бойынша жалақы төлеу есеп айырысу шотына кассаға ақша алу күнін қоса алғанда, белгіленген үш күн ішінде жүргізіледі. Төлем ведомосіне басшы мен бас бухгалтер қол қояды. 3 күн өткеннен кейін төлем ведомосі жабылады. Бұл орайда берілген жалақының сомасы жолдар бойынша тексеріледі және жалпы сомаы есептеледі. Жалақысын алмаған адамдардың аты – жөнінің тұсына «депоненттелді» деген жазу жазыады және берілмеген жалақының жалпы сомасы банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир берілмеген жалақылардың ведомосін жасайды.
