Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жук машинасы курсовой.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
534 Кб
Скачать
☆

2 Бұйымның сапа деңгейін бағалау

    1. Жүк көліктері өнімдері сапа көрсеткіштері

Нақты өнім түрінің сапа көрсеткіштерінің ортақ номенклатураларын құрастыруда төмендегі кестеде келтірілген ұсынысты пайдалануға болады:

кесте 1. Бұйымның сапа көрсеткіштері

№

Өндірістік өнімнің сапа көрсеткіштері

Өнім топтары

1

2

3

4

5

1

Тағайындалуы

+

2

Кідіріссіздіктер

-

3

Ұзақ уақытқа

жарамдылықтар

-

4

Жөндеуге жарамдылықтар

-

5

Сақталатындықтар

+

6

Шикізаттар, материалдар,отын, энергия және еңбек ресурстарын үнемді қолдану

(+)

7

Эрганомикалық

-

8

Эстетикалық

(+)

9

Технологиялықтар

+

10

Тасымалдауға жарамдылықтар

(+)

11

Стандарттау және бейімделу

-

12

Құқықтық-патенттік

+

13

Қауіпсіздіктер

(+)

14

Қоршаған ортаға ықпалдар

(+)

15

Сыртқы әсерге тұрақтылықтар

(+)

  1. Тағайындау көрсеткіштері. Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.

Ол өзі ішінара бөлінеді:

  1. Құрлық-тасымалдау көліктері;

  2. Құбыр тасымалдау көліктері;

  3. Темір жол тасымалдау көліктері;

  4. Әуе тасымалдау көліктері. Олардың қызмет көрсетуі де әртүрлі. Мысалы: авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді.

  1. Кідіріссіздіктің көрсеткіші. Жүк машиналарының кідіріссіз көрсеткіші уақыттың кейбір аралығында жұмысқы қабілеттіліктің үздіксіз сақтауы болып табылады.

  2. Ұзақ уақытқа жарамдылық көрсеткіші. Бұл көрсеткіш жүк көліктерінің қызмет көрсету кезіндегі бұзылмай, ұзақ уақыт қызмет көрсетуімен шектелмейді. сонымен бірге:

- пайдалану шығындарының деңгейі;

- түбегейлі шығындардың мөлшері;

- жүру жылдамдығы мен жүкті жеткізу мерзімі;

- өткізгіштік және тасымалдау мүмкіншілігі;

- әртүрлі жағдайларғаүйлесімділігі, икемділігі;

- тасымалдың сенімділігі мен үздіксіздігі;

- жүктің сақталуын (бүлінбеуін) қамтамасыз етуі;

- көлік құралдарын және техникалық құралдарды жоғары тиімділікпен

пайдалану;

- тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру дәрежесі.

  1. Жөндеуге жарамдылық көрсеткіші. Бұл көрсеткіш жүк көліктерінің ақаулары мен бұзылулары себептері туралы алдын-ала қасиеттерін сипаттайды.

Жүк көліктері өнімдері жөндеуге жарамды өнім болып табылады. Мысалы, бір бөлшегі істен шықса оны ауыстырып салуға болады.

  1. Сақталатындылықтың көрсеткіші. Жүк көліктері өнімдері сақталу кезінде күнің астында, қар немесе жаңбырдың астында сақталмауы тиіс. Себебі, көліктің құрамындағы темір, басқа да материалдар тозу мен тат басып кетуі мүмкін. Сондықтан жүк көліктері өнімдерін жабық жерлерде сақтаған тиімді.

  2. Шикізатты, материалдарды, отынды жергілікті және еңбек ресурстарын үнемді қолдану көрсеткіштері.Жүк көліктерін эксплуатациялау кезінде шикізаттың, материалдардың және отын энергиясының қолданылу деңгейі болып табылады.

  3. Эргономикалық көрсеткіштері. «Адам-бұйым қолдану ортасы» жүйесін сипаттайды. Және адамның жүк көліктерімен ара-қатынасын сипаттайды.

  4. Эстетикалық көрсеткіштері. Жүк көліктерінің эстетиалық көрсеткіштері жүк көлгінің ақпаратын анықтайтын, форманың ұтымдылығын, бүтінділігін және өндірістегі орындалуын сипаттайды.

  5. Технологиялықтың көрсеткіші.Бұл көрсеткіш өнімді жөндеу және дайындау кезінде еңбектің жоғарғы өнімділігін қамтамасызету үшін сипатталаиын көрсеткіш.Қазақстан Республикасының көлігі – сол аумақта тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су,әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы магистралдық құбыр көлігі.

Тасымалданған жүктер (жүктерді тасымалдау көлемі) - көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.

Тасымалданған жолаушылар - белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар санымен есептеледі.

Жолаушыларды тасымалдау статистикасының бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

Көліктің жүк айналымы - жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің

тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.

  1. Тасымалдауға жарамдылық көрсеткіші. Бұл көрсеткіш жүк көліктерінің кеңістікте таралуын қамтамассыз етеді

  2. Стандарттау және бейімделу көрсеткіші. Жүк көліктері өнімдерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының міндетті сертификаттау жүйесі түрінде жүзеге асады. Себебі адам денсаулығы мен өмірі және қоршаған ортаны қорғауда қауіпті болып табылады.

  3. Құқықтық-патенттік көрсеткіштер. Жүк көліктері өнімінің сәйкестігін растау кезінде сәйкестікті растау жөніндегі орган өнім үлгілеріне мерзімді сынақтар жүргізу жолымен сәйкестік сертификатының барлық жарамдылық мерзімі ішінде сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жүргізеді.

  4. Қауіпсіздік көрсеткіштері. Жүк көліктері өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті факторлардың ықтималдығы мен оның салдарының ауырлығының деңгейін ескере отыра, өмірге, адам денсаулығына, қоршаған ортаға, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы. Мысалы: май және өндіріс калдықтары аймақтан алып кетілгенге дейін арнайы темір кораптарда сақталуы тиіс. Төгілген майлар тез арада жиналуы тиіс. Жүк көліктері немесе жүк көліктері кәсіпорнының аймағында тез тұтанатын материалдарды сақтауға, темекі тартуға және от тұтатуға болмайды. Мұның барлығы өте қауіпті болып табылады.

  5. Қоршаған ортаға өнімнің әсер ету көрсеткіштері. Бұл көрсеткіш жүк көліктерін қолдану кезінде туындаған зиянды заттарды әсерін сипаттайды.

  6. Өнімнің сыртқы әсерге тұрақтылығының көрсеткіші. Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын Жүк көліктері өнімдерінің арналуы бойынша пайдаланылған және жарамдылық мерзімі кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Бұл ретте өнімнің жарнамасы, оның таңбалануы, оны пайдалану және орналастыру жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ өндіруші, оның агенті немесе Қазақстан Республикасының нарығында өнімді таратуға жауапты кез келген тұлға берген қандай да бір түсінік немесе басқа да ақпараттар ескеріледі.