- •1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже
- •2. Модельдеу – «Жанама тәжiрибе»
- •3. Әлеуметтік ұстаным
- •4. Физиологиялық факторлар
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
- •3 (Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
- •2 (А) мысал: Іс-әрекет және білім: үдеріске ену
- •2 (Б) мысал: Іс-әрекет және білім: жалпы жоспар
- •2. Кәсіби дағдылар
- •3. Кәсіби құндылықтар мен ұстаным
2. Кәсіби дағдылар
Мұғалім өз тәжірибесінде Екінші деңгей бағдарламасының идеяларын қолданады.
Екінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалім:
• тиімді оқытуды, оқуды және басқару стратегиясын қалыптастыруды іске асыруда, соның
ішінде – барлық оқушыларға өз әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндік беруге бағытталуын
қамтамасыз ететін тәсілдерді іріктеу мен пайдалануда басқа мұғалімдерді қолдайды;
• мұғалімдер тобымен мектеп аясында Lesson Study-ге қатыса отырып, оқыту мен оқу
мәселелері бойынша кәсіби диалогтарға бастама көтереді және қолдайды;
• коуч пен тәлімгердің рөлін орындай отырып, мұғалімдердің топтық/жекелей оқуын
басқарады;
• мектеп мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығының қызметіне бастама көтереді және
қолдайды;
• өз әріптестерінің қызметінің тиімділігін анықтау туралы шешім қабылдап, аталған
шешімдерді мектептегі оқыту мен оқу сапасын одан әрі жетілдіру үшін негіз ретінде
пайдалану туралы шешім қабылдайды;
• әріптестермен бірлесе отырып, мектептегі тиімді білім беру практикасын пәнаралық
ықпалдастықпен қоса дамыту мақсатында сабақтарды жоспарлауға бастама көтереді
және оған қатысады;
• мектептегі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау мәселелері бойынша неғұрлым
тәжірибелі мұғалімдер үшін тәлімгер рөлін орындайды;
• сыныптағы жұмыс практикасы туралы кешенді түрде келіскен шешімдерді ойлап
шығарады және сыныптағы проблемаларды шешу үшін тәжірибесі аздау мұғалімдерге
көмек көрсетеді;
• жұмыс істеп жүрген мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді және тәжірибесі аздау
мұғалімдердің назарын жекелеген оқушылардың оқытудағы қажеттіліктеріне аударуға
көмектеседі;
• мектептегі жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану бойынша
әріптестердің тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді;
• оларды жетілдіру үшін қажетті саланы анықтауды қоса алғанда, оқушыларға, әріптестер
мен ата-аналарға оқудағы жетістіктер мен прогресі бойынша өз уақытында, сындарлы
кері байланыс ұсынады.
3. Кәсіби құндылықтар мен ұстаным
Мұғалімдер жаңа тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту үшін оның
салдарын ескереді.
Екінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалім:
• мектептегі басқа мұғалімдермен жағымды кәсіби өзара қатынас орнатады;
• мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін басқарады және қолдау көрсетеді;
• әріптестердің оқыту сапасын және қызметтің тиімділігін арттыруға қатысты мәселелерді
талқыға ұсынады;
• зерттеулер нәтижелері мен сыртқы дәлелдемелердің басқа да көздеріне сүйене оты-
рып, өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесін жетілдіру үшін инновациялық мек-
теп практикасын зерттейді және баға береді;
• мектеп мұғалімдерінің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында Іс-әрекеттегі зерт-
теу жүргізеді.
АПҚ (Америкалық психологиялық қауымдастық)
ТАЛАПТАРЫНА СӘЙ КЕС ЖАЗБА ЖҰ МЫСТАРДА
СІЛТЕМЕЛЕРДІ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІНЕ ШОЛУ
Идея көзі ретінде жарияланған жұмыстарға сілтеме жасаған кезде, тіпті сіз автор
жұмысынан сөзбе-сөз үзінді келтірмесеңіз де, мәтінде автордың тегін және мақаланың шыққан
жылын жақшада көрсеткеніңіз жөн, мысалы:
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейі әлі күнге дейін басқа халықтың өмір
сапасынан артта қалғандығының дәлелдері бар» (Mittler, 2008).
Егер жеке абзацтан үзінді келтіргіңіз келсе, сол бетті көрсету керек, мысалы:
«Қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстарға қарамастан, мүмкіндігі шектеулі
адамдардың және олардың отбасыларының өмір сүру деңгейі басқа халықтың өмір сапасы-
нан біршама төмен болып отыр» (Mittler, 2008, page 6)
Егер автордың аты Сіздің өз сөйлеміңіздің ішінде аталса, онда басылым көзінің жылы
жақшаға алынуға тиіс, мысалы:
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасының проблемалары тіпті Митлер (2008 ж)
«қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстар» (6-бет) деп белгілеген жағдайлардан
кейін де сақталып отыр».
Егер екі автор болса, екеуінің де есімдерін көрсеткен жөн, мысалы: (Jordan and Powell,
1995). Егер авторлар екіден көп болса, онда олардың жұмыстарының аты мәтінде кездескен
жағдайда барлығының есімдері көрсетіледі. Бұдан кейін «және басқалары» деп көрсетіп,
бірінші автордың есімін ғана келтіру керек, мысалы: (Lewis et al, 2006).
Түпкі деректерге сілтеме жасаған дұрыс, бірақ бұл үнемі мүмкін бола бермейді, айталық
сөз өте ерте немесе жеткілікті дәрежеде белгілі емес дерек көздері туралы болған жағдайда
бұндай мүмкіндік жоқ. Кейде Сіз басқа автор атап өткен автордың жұмысына сілтеме жасай
аласыз. Мұндай жағдайларда «үзіндіге сәйкес» деген тіркесті қолданыңыз, мысалы:
«Тизард (1962 ж), Тилстондағы үзіндіге сәйкес (1991ж), ... дәлелдер келтіреді».
Сіз бөлімдегі соңғы жұмысқа сілтеме келтіріңіз (бұл жағдайда «Тилстон, 1991»).
Сіз келтірген сілтемелердің барлық дереккөздері (оның ішінде нұсқаулар және үзінділер)
мәтін соңындағы «Пайдаланылған әдебиет» тақырыбында көрсетілуі керек. Осы дереккөздері,
оның ішінде кітаптар, шығарылған жинақтардағы жекелеген тараулар, журнал мақалалары,
вебсайтта орналастырылған құжаттар, тест материалдары, нұсқаулықтар, анықтамалық бу-
клеттер және жарнамалар авторлардың атымен әліпби тәртібінде келтірілуге тиіс, мысалы:
ББА (Біліктіліктер және оқу бағдарламалары жөніндегі агенттік) (2007 ж) Орта мек-
тептерге арналған жаңа бағдарлама. [онлайн at www.qca.org.uk].
Белл, Дж. (1993 ж) Ғылыми жобаны орындау (2-басылым). Букингем Ашық Университеті.
Вульиями, Дж. және Веб, Р. (ред) (1992 ж) Мұғалімдердің зерттеулері және арнайы
педагогикалық талаптар. Лондон: Дэвид Фултон.
Дайсон, A. (2001 ж) «Жиырма бірінші ғасырдағы арнайы талаптар: біз қайда болдық
және қазір қайда барамыз», Британдық Арнайы оқыту журналы. 28, (1), 24 – 29.
Ди, Л. (2003 ж) «Оқу қиындықтары бар оқушылар арасында өзін өзі бағалауды және
эмоционалдық жағдайын қолдау» «Бізге көңіл бөліңіздер» онлайн конференциясында
ұсынылған құжат, 26 маусым 2003 ж, www.connects.org.uk/conferences.
БМОД (Балалардың, мектептердің және отбасы істері жөніндегі департамент (2007ж)
Ұзартылған мектеп – тәжірибе құру. Лондон: БМОД.
Купер, П. (1996 ж) «Оқушылармен серіктес ретінде: оқушылардың мектеп басқаруына
қосқан үлесі», К.Джоунс және Т.Чартон (ред) Оқушылармен бірлесе отырып, оқудағы және
тәртіптегі қиыншылықтарды жеңу. Лондон: Раутледж.
Бір автордың екі жұмысына сілтеме жасаған кезде оларды хронологиялық тәртіпте
келтіріңіз. Бір жылда жазылған бірнеше жұмыстарға сілтеме жасаған кезде белгілі бір
тәртіппен шыққан күнін және әріптік кодын көрсетіңіз, мысалы: «DfES, 2005а; DfES, 2005ә;
DfES, 2005б».
Толық сілтемелер мыналардан тұрады: автордың аты-жөні, тегі; атауы, шыққан күні (та-
раулар мен мақалалар үшін тырнақшада; кітаптардың және журналдардың атауы курсивпен
немесе астын сызу арқылы); тиісінше редакторлардың тегі; кітаптардың басылған жері және
баспаның атауы; журналдық мақалалар үшін том нөмірлері, шығарылым нөмірі, бет нөмірлері.
Сіз дәрістерге және жарияланбаған зерттеулерге де сілтеме жасай аласыз:
Годбарт, Дж. И Ригби, Дж. (1989 ж) «PMLD-да адамдармен өзара қарым-қатынас ор-
нату». Манчестер Университетінің балалар және жасөспірімдер психиатриясының өңірлік
зерттеу департаменті ұсынған құжат, 10 сәуір 1989 ж.
Уэа, Дж. (1987 ж) «Оқуда біршама қиындықтары бар балалардың білім алуын қамтамасыз
ету: арнайы күтім бөлімшелеріндегі оқушылардың – штаттағы қызметкерлер арасындағы
өзара әрекетін талдауды қарау». Жарияланбаған тезистер PhD; Лондон Университетінің
педагогикалық институты.
Егер Сіз Интернеттен алынған ресмилігі шамалы материалға сілтеме жасасаңыз, автордың
тегін және аты-жөнін; күнін; тақырыбын, құжаттың орналасқан жерін және оны алған күнді
көрсету қажет, мысалы: Лауенштайн, Л. Ф. (2007ж) «Алексимитиямен науқастану және
оның алғашқы белгілері» (ASD) және анықтау кезіндегі проблемалар’, [онлайн: www.nas.org.
uk/nas/jsp] (2008 ж. 24 мамырда алынды).
Сіздің зерттеулеріңізге қосымша ретінде осы сияқты материалдардың көшірмелерін де
қосуға болады. Интернет, кітапхана сияқты материалдарды сақтап отырмайтындығын ескеру
қажет.
Сондай-ақ томдардың және нөмірлердің шартты белгілерін қолданбайтын, академиялығы
шамалы журналдар мен газеттерді көрсете аласыз:
Эглстон, Дж. (1980 ж) «Жоба кемшіліктері». Таймстың педагогикалық қосымшасы.
12.9.80
Франкл, C. (2007 ж) «Қатерлер», Арнайы шығарылым. Наурыз 2007 ж, 18 – 20 бет.
Теледидар немесе радио бағдарламалары үшін:
BBC2 (1995 ж) «Жайлы, қауіпсіз орын» «Ескі мектеп байланыстары». 7.9.95. Лондон:
BBC ТВ.
Мұндай жағдайда сілтемелерді құруға арналған дереккөздер туралы мүмкіндігінше көбірек
материал жинақтайды.
Сізге әртүрлі басылымдарда қолданылатын стандарттар мен тәсілдер туралы білген жөн.
Белгіленген педагогикалық журналдардағы әр мақаланы, оқу сарапшылары тексеруге тиіс;
бұқаралық ақпарат құралдарында журналистер нақты бағдарламаны тексеруі мүмкін және ар-
найы редакторлық режімде жұмыс істеуі мүмкін; кез келген адам сайттан бет аша алады.
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Екінші деңгей бағдарламасы Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби
қызметте өткізілген тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат
сияқты әдістердің көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін
немесе олардың тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің
басқа бөлігінде жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша
деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не бол-
маса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға,
атап айтқанда балаларға қауіп тудыруы мүмкін.
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді
іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет
тізімі келтірілген:
1. Сіз зерттеу өткізуді жоспарлаған нақты мекеме өкілдерінен бұл мекемедегі зерттеу
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану.
2. Зерттеу өткізу туралы ауани оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/
category/publications/guidelines/
3. Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже
әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
4. Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың
ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-аналарға
жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз
етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың келісімін жаз-
баша растауын өтініңіз.
5. Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап
айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз.
6. Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз.
7. Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың,
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында
айқын хаттамалар белгіленеді.
8. Жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таны-
ту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін.
9. Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала
алатындығын қадағалаңыз.
10. Зерттеуіңіз оқушылардың қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз.
Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең мағынада
қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында,
Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс
істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің
жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайда-
лы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен оқушыларға пайда
бола ма.
Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу
Сыпайы жұмыс істеу және «сыпайы болып» көріну – екі түрлі нәрсе. Бағдарламаның кез
келген тапсырмасында Сіз олардың көмегімен этикалық нормаларға сәйкестікті қарастыратын
және бұл үдерістің осы нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы үшін шара қабылдайтын әдістерді
нақты анықтап алуыңыз керек. Сіз ережеге сәйкестігіңізді және өзіңіз ұстанатын нормалар
қажет екендігін анықтау керек. Кез келген жазбаша ұсыныстарда не жасағандығыңыз туралы
түсінік беріп қана қоймай, қолданған құралдардың үлгілерін де қосуға тиіссіз, мысалы: ата-
анаға баласының сіздің жобаңызға қатысуына рұқсат беруін сұрап жазған хатыңыз.
Плагиат
Плагиат басқа біреудің жұмысының мақсаты мен қолданыс көлеміне қарамастан,
дереккөзге сілтеме жасамай, өз жұмысы ретінде ұсыну дегенді білдіреді. Бұл білімсіздікті
және академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді.
Плагиат үлгілері:
• көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану арқылы);
• дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу;
• дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін неме-
се сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу;
• құраушысына сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану;
• онлайн дереккөздерді стильдеу мақсатында Интернеттен ақпараттарды кесіп алу және
қою;
• авторын көрсетпей, өз жұмысының бөлігі ретінде басқа біреудің жұмысын ұсыну.
Мысалы, «эссе банкі» немесе «қағаз фабрикасы» сияқты кәсіби агенттіктер арқылы
жұмысты сатып алу немесе тапсырыс беру не бірлескен жобада басқа біреулер
орындаған зерттеулерді мойындамау.
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туында-
уы мүмкін: мәтінде, суретте, музыкалық үзінділерде, математикалық туындыда, компьютер
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәріс және басқа студент жұмыстарының үлестіру
материалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар.
Жоғарыда жазылғанның негізінде Сіздің зерттеулеріңізде қолданатын сілтемелерден,
құжаттардан, мәтіннен және журналдардан, сондай-ақ веб-сайттардан үзінді келтірудің барлық
нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде сізге ауызша немесе жазбаша
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді
тура үзінділерден аулақ болыңыз.
ГЛОССАРИЙ
Әлеуметтік білім алушы – субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету
барысында өз еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin &
Associates мамандары әлеуметтік оқыту технологиясының
жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байла-
ныс (connection), бірлескен жұмыс (collaboration), кон-
тент (content), [контентті] пайдалану ыңғайлылығы
(consumption), бақылау (control) және тұтынушылар
контентін құру мүмкіндігі (contribution).
Әңгіме жүргізудің сократтық
әдісі
– (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудармасы - босанатын әйелге
көмек көрсету) сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы адам
бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педа-
гогикада Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі бағыттаушы
сұрақтар мен пікірталастар орталық орын алатын оқыту
түрі деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алды-
мен оқушылардың ақиқат туралы түсінігін бұзып, кейін
олар өз ұстанымдарын қорғай отырып, оны қайтадан
қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты
қоя берген. Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні
– әңгімелесушінің «барлық нәрсе жайлы білемін» деген
орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келгенде, көп
нәрсені білмейтіндігіне көзін жеткізу. «Ізденіссіз өмір
сүрудің қажеті жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмай-
мын, мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей аламын» –
Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы ойды
желеу ету қажет болады.
Дарындылық – қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі.
Дарындылық – өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі.
Қабілеттілік сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол да-
муда өмір сүреді (Б.М.Теплов). Жалпы дарындылық: са-
лыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық
бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы дарындылық
ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, жал-
пы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді».
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес,
сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық
ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің басқа
салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың
қалыптасқандық деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден
сапалық айырмашылықты іздеу – психологияның маңызды
міндеті.
Дивергентті ойлау – бір мәселенің (проблеманың) бірнеше шешімін іздеу
мақсатында қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Жиынтық
(жиынтықтайтын) бағалау
– оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу
мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық
бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге
асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық
деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау
критерийлері негізінде іске асырылады.
Жақын арадағы даму
аймағы (ЖАДА)
– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан
дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орын-
дай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет
ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар
арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім неме-
се анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін.
Зерттеу сабағы – оқытуды жетілдірудің ерекше тәсілі, ол бірнеше кезеңнен
тұрады: проблеманы белгілеу, оны шешу шарттары мен
жолдарын талқылау, экспериментті жоспарлау және өткізу,
алынған нәтижені талдау және қорыту, қорытынды жасау
және ақпарат алмасу.
Инклюзивті оқыту – білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа
негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі
қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне
бейімдеу.
Конвергентті/
репродуктивтік ойлау (КО)
– (лат. cоnvergere – қосылу) белгілі бір тапсырманы
орындаудың алдын ала игерілген алгоритмдерін нақты
пайдалануға негізделген ойлаудың түрі. «Репродуктивті»
сөзімен бірге қолданылады, себебі осындай ойлау пробле-
маны шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның
нәтижесінде сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау
түрі дивергентті ойлауға қарама-қайшы.
Коучинг - сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия,
белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның
барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ой-
ластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік
диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жеке-
леген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып,
анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асы-
ру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін,
игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг
үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты
тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға
бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, жан-жақты кәсіби
қолдау көрсетуді көздейді.
Креативтілік – (ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл)
индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялар-
дан ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен
жасауға дайындығымен ерекшеленетін және тәуелсіз фактор
ретінде дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық
қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды
ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.
Креативті үдеріс – негізгі төрт сипаттамасы бар. Біріншіден, фантазия-
ны қолдану арқылы ойлау және әрекет ету. Екіншіден,
мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің нәтижесі өзіндік
ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже
құнды болуға тиіс.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары
мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне
қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-ана-
лар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс,
ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер
арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға
негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі түрі бар –
жиынтық және қалыптастырушы.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің
басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет
ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс
барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу
үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен
мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу
үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
«Қара жәшік» – ғылым мен техника саласынан алынған метафора,
онда «қара жәшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе
білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес
(қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары
тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объ-
ект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты)
«қара жәшік» деп атауға болады: транзистор, алгоритм не-
месе адам санасы.
Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс»
деген метафора сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру
мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды меңзейді.
Құндылықтар – баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарт-
тар. Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал
өзгерсе өте баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді
құндылықтар біздің өмір, өзіміз және бізді қоршаған адам-
дар, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың
әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз бо-
лады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін
дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-
қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды.
Метатану – «Таным туралы таным» деп анықталады және өзінің
ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы,
метатануға оқушылардың өзіндік оқу және проблема-
ларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш
рет психология ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл
енгізген болатын (J.H. Flavell, 1976). Автордың айтуынша
метатанудың маңызды қызметінің бірі өздерінің танымдық
қызметтерінің ерекшеліктері туралы білімдерінің негізінде
оқушыларға танымдық қызметтерін реттеуге мүмкіндік
беретін танымдық қызметті рефлексивті бақылау болып та-
былады.
Метатану стратегиялары – білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына
бағытталған басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу
үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу
үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу – 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері
негізінде зерттеу. 2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер
немесе құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу.
Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ
зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модель-
деу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер
арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады,
оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.
Мұғалімнің
көшбасшылығын дамыту
жұмысы (МКДЖ)
– мектептерде оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі. Бұл
үдеріс барысында мұғалімдер жекелеп те, бірлесіп те
өз тәжірибесін, сондай-ақ өздері жұмыс істейтін мек-
теп тәжірибесін жақсарту мақсатында зерттеу қажет
болатын мәселелер мен проблемаларды анықтайды.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысын зерттеумен
шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұ .алім
зерттеуші ретінде» деген ұстанымға емес, «мұғалім оқыту
және оқу іс-тәжірибесін жетілдірудегі көшбасшы ретінде»
деген ұстанымға негізделеді.
Өзара білім алуға
көмектесетін диалогтік
оқыту
– мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны
меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны ше-
шуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуларын күшейту
мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы
әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші
ережелері жүйесі. Негізгі функциялары: репродуктивтік
сұрақтар мен арнайы жасалған проблемалық жағдаяттардың
көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен тәсілдерін
ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және
оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі
болу, оларда сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс істей
білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау
қызметінің тәсілдерін үйрету.
Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде
баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал
бойынша репродуктивтік сұрақтар қолданылады. Мұғалім
проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы
сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен
әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.
Рефлексивті делдал – оқушының өзінің оқуына қатысты рефлексия жүргізуіне
көмек көрсететін адам.
Рефлексивті практик
(мұғалім)
– өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және
жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін
педагог.
Рефлексивтік есеп – теориялық материал туралы қажетті біліммен
нығайтылған, тәжірибелік іс-әрекетін терең талдау-
мен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен
алынған мысалдар жазылған құжат. Рефлексивтік есеп өз
тәжірибесіне қатысты мынадай сұрақтарға жауап беруді
көздейді: Неліктен осындай жағдай орын алды немесе ал-
мады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» айналды-
рамын? Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?
Рефлексия – (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне,
атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз
белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия
былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың өзіне
жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді
талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагоги-
када рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан
талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік
түсінік пайда болады.
Синхронды емес оқыту/фо-
рум
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ресур-
старды қолдану арқылы оқыту мен оқу нысаны. Бұл үдеріс
барысында мұғалім/оқытушы мен білім алушы арасындағы
байланыс уақыт жағынан кешеуілдетіп жүреді. Синхронды
емес оқыту оқытудың сындарлы теориясына негізделген,
ол білім алушыларға өздерінің білімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жеке оқу бағытын өз бетінше
қалыптастыруға мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен қатар
синхронды емес оқыту білім беру бағдарламасының же-
келеген пәндерін, сондай-ақ оларды оқу реттерін таңдауда
еркіндік береді.
Сындарлылық теориясы – лат. constructivus – құрылымына байланысты.
Сындарлылық (философия) – таным бейне ретінде емес,
субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін) белсенді
құруы ретінде қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі
әрекеттер арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл
арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар адам
бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай
білім алып шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағалау – әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/
негізділігін талдау және бұлардың неліктен нәтижелі/
құнды/негізді болғанын немесе болмағанын түсіндіру
қабілеті.
Сын тұрғысынан ойлау – қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған
ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талда-
уда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау
түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы
мүмкін.
Сыныптағы ахуал – бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың,
олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар
мен оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне тарту негізінде
қалыптасатын сыныптағы ахуал.
Талант – ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы;
өзінің сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен
және қоғамдық мәнімен ерекшеленетін өнім алуға
мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен
шұғылдану тән, олар таңдап алған ісіне құмар болады. Та-
лантты адамның еңбегінің нәтижелері өздерінің түбегейлі
жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен
тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған
қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педа-
гог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлау-
ын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде
айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Коучинг үдерісі
тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты
тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін
ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау
көрсетуді көздейді.
Ұжымдық диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында
оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал
ететін оқыту.
Шынайы сынып – (грек. authentikys – түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс
істеп жатқан сынып.
Ынтымақтастық оқу - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім
алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде
ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке
тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске
қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу,
талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім
алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу
жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері
арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ
мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға
жетуіне негізделген.
Іс-әрекеттегі рефлексия – алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау
мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту және оқу), іс-
әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы
мұқият ойлану үдерісі.
Lesson Study тәсілі - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге
бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл
тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі
қаланған.
Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту
мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап,
құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы
қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер
педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,
кейіннен ашық Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспа-
да жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Қазіргі кезде
оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және
орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін
арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді
жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гон-
конг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада
ойдағыдай қолданылады.
