Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция №11 мспи ру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
674 Кб
Скачать
☆

8.2. Мультиплексорлердің конфигурациясы

Реалды мультиплек­сорлар, аталып өткендей, толық сұлбаға тән функциялардың тек бір бөлігін орындай алады. Берілген мультиплексорға тән функциялар тізімі оның конфигурациясымен анықталады. Қарапайым мультиплексорлар конфигурациясы өзгермейді, ережеге сай, ол берілген мультиплексор шеше алатын желілік есептерге сәйкес құрылғыны тапсырыс берушімен беріледі. Қиын модульды құрылғыларда конфигурация белгілі бір модуль- блоктар қосылуымен және ауысымымен өзгере алады. Көптеген мультиплексорлар конфигурациясын басқару жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде өзгертуге болады. Функциялардың кеңінен өсіру мүмкіндігі бар қымбат мультиплексорлар әдетте қарқынды дамып келе жатқан желілерде қолданылады.

Мультиплексордың құрылымдық сұлбасының блоктары тәжірибеде ешқашан толығымен функционалды блоктармен сәйкес келмейтінін айта кеткен жөн. Құрылымдық блоктардың құрамы элементтік базадан, өндірілу айырмашылығынан және бірқатар жағдайларға тәуелді.

Синхронды мультиплексорлардың жиі кездесетін конфигурацияларын қарастырайық. 8.5 суретте VC-3, 4 контейнерлеріне AU-4 блоктарында негізделген желілер арсында транзитпен өтуіне мүмкіндік беретін трансляция функциясын қамтамасыз ететін мультиплексор конфигурациясы келтірілген. Халықаралық кепілдемеде мұндай конфигурация регенератор ретінде белгіленген.

Бірақ, жалпы жағдайда, регенератор функциясын SPI және RST функцииялары бар және С эталондық нүктеде өзара байланысқан екі блоктан тұратын аса қарапайым конфигурация орындай алады (8.2 сурет).

8.6,а суретінде терминалды (шеткі) мультиплексор топқұрудың қарапайым функциясын қамтамасыз ететін, яғни синхрон­ды транспортты STM-N модульге қатынас құрудың сигналдарын біріктіру конфигурациясы келтірілген. Конфигурация коммутациялау(LPC, НРС) функциясынан айырылған, сондықтан синхрондық ағындағы әрбір орналасқан компонентті сигналдар бекітілген. Коммутациялау функциясы бар терминальды мультиплексор конфигурациясы кез-келген қатынас ағынын STM-N модулінің кез-келген орнына қоя алады. Бірақ-та мұндай мультиплексордың бағалары 8.6,а суретте көрсетілген мультиплексордың конфигурациясымен салыстырғанда қымбатырақ.

8.7 суретте мультиплексор-концентра­тор конфигурациясы көрсетілген, олар (НРС) жоғары деңгейлі коммутациялау ағынының (а) барын немесе (б) жоғымен ерекшеленеді. Мұндай мультиплексорлар бірнеше STM-M ағынын бір STM-N жоғары деңгейлі ағынымен біріктіруге мүмкіндік береді. VC ағынын қайта бөлу арқасында коммутациялау функциясы бірнеше толып қалған STM-N ағынын тура сол дегейде бір ағынға біріктіруге рұқсат береді.

Мультиплексор желісінде ең көп қолданылатыны кіріс – шығыс мультиплексоры қолданылады. 8.8 суретте осындай мультиплексордың екі мүмкін конфигурациясы көрсетілген. Оның біріншісі (8.8,а) STM-N ағынынан өтетін құрамаларға қатынаспен қамтамасыз етеді.

НРС функциясы VC-4,3 сигналын STM-N сигналында берілген пунктте жүктемені аяқтау немесе оларды болашақта таратуда қосу үшін қолданады.

Ол тағы да VC-4,3 сигналын берілген функтте кез-келген STM-N син хронды тракт қосуда берілген пунктте жүктемені аяқтау немесе оларды жоғары деңгейлі шығыс контейнерлерге түрлендіруді рұқсат етеді.

Ең күрделі (және қымбат) кросс-коннектор мультиплексоры (оперативті қайта қосу аппаратурасының АОП-ОҚА) болып табылады, олардың кейбір конфигурациялары 8.9 суретте көрсетілген. Бұл мультиплексорлар төменгі және жоғары деңгейлер тракттарын біріктіретін НРС және LPC функциялардың қуатты блоктарынан басқа интерфейстер функциялы (TTF, HOI және LOI бло­ктарымен) блоктардың көптеген санымен жабдықталған. Одан басқа, ОҚА конфигурациясына төменгі және жоғары деңгейлер тракттарын біріктіруді бақылау - LCS және HCS функциялары енгізілген. Тек жоғарғы деңгей ағындарының кростық біріктіруін қамтамасыз ететін ОҚА конфигурациялары 8.9,а суретіне сәйкес келеді. Контейнерлерге сыртқы қатынас құру STM-N интерфейстері үшін TTF блоктарының немесе қатынас құру ағынының интерфейстері үшін HOI блоктарының көмегімен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда HCS жоғарғы деңгей тракттарын біріктіруді бақылау функциясы қолданылады.

8.9,б суретте келтірілген ОҚА конфигурациясы тек төменгі деңгей ағындарының кростық бірігуін қамтамасыз етеді. Контейнерлерге сыртқы қатынас құру STM-N интерфейсі үшін TTF және НОА блоктарының көмегімен немесе қатынас құру ағындарының интерфейстері үшін LOI функциясымен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда LCS төменгі деңгей тракттарын біріктіруді бақылау функциясы қолданылады.

Соңында, 8.9, в суретте кез келген деңгейлер ағындарын кростық біріктіруді қамтамасыз ететін ОҚА конфигурациясы көрсетілген. НРС функциясына VC-3,4 контейнерлерін көрсету STM-N сигналдары және сәйкесінше қатынас құру ағындары үшін TTF және HOI функцияларының көмегімен қамтамасыз етіледі. НРС жоғарғы деңгей тракттарын біріктіру функцияларынан LPC төменгі деңгейлер тракттарын біріктіру функциясына VC-2,1 контейнерлерін көрсету НОА контейнерлерін жинау функциясының көмегімен жүзеге асырылады. Төменгі деңгейлер контейнерлерін LPC функциясына көрсету LOI төменгі деңгей тракттарының интерфейс функцияларының блогы арқылы жүзеге асады. ОҚА конфигурацияларында да, басқаларда да, тракттарды біріктіру функцияларын басқару SEMF құрылғысын басқару функциясының көмегімен жүзеге асатынын ескере кеткен жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]