Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13_БЕ_лекция.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

2010 Сметалық жыл үшін кассалық шоғырландырылған смета (£)

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

Жиыны

Бастапқы қалдық

8500

28 500

73 500

105 496

8500

Дебиторлардан келгені

250 000

300 000

280 000

246 250

1076 250

258 500

328 500

353 500

351 746

1084 750

Төлемдер:

Материалдарды сатып алуға

100 000

120 000

110 000

136 996

466 996

Еңбек ақыны төлеуге

100 000

110 000

120 000

161 547

491 547

Басқа да шығындарға

30 000

25 000

18 004

3409

76 413

230 000

255 000

248 004

301 952

1034 956

Соңғы қалдық

28 500

73 500

105 496

49 794

49 794

Қорытынды талдау жасау. Сметалық пайда мен залал шоты, баланстық есептеме және кассалық шоғырландырылған сметалар, бюджетте қарастырылған салымдардың орнын толтыру коэффициенті, айналымдық капиталдың қысқамерзімді міндеттемелерге қатынасы, өтімділік коэффициенті мен меншікті және тартылған қаражаттардың қатынасы коэффициенттері, секілді қаржылық коэффициенттермен бірге жоспарлы-қаржылық комиссия талқылауы-на ұсынылуы тиіс. Егер бұл коэффициенттер тиімді болса, онда смета бекітіледі. 13.1 мысалда пайда қолданылған капиталға қатынасы 20% мөлшерді құрайды, ал айналымдық капиталдың қысқамерзімді міндеттемелерге қатынасы - 4:1 аса. Сондықтан да, сметаны түпкілікті бекітуге дейін, басшылық айналымдық капиталға салымды азайтудың мүмкін болатын жолдарын талқылаулары керек.

Әдеттегі сметаны құрау кезінде жанама жұмсалымдар мен қосалқы қызмет түрлері өсімталдық принципі (қағида) бойынша дайындалады, өйткені бұл жердегі ресурстарды тұтыну шығарылған өнімге пропорционалды өзгермейді. Келесі жылдық сметаны даярлау үшін бастапқы нүкте ретінде, бар қызметтер үшін ағымдық сметалық бөлінулер мен бар операциялар болып келеді. Сосын бұл база келесі сметалық кезең ішінде орын алады деп күтілген (өнім ассортимен-тіндегі, сатылулар мен бағалар көлеміндегі өзгерістер секілді) өзгерістерді ескере түзетіледі. Мұндай тәсіл өсімтал сметаларды құрастыру деп аталады, өйткені бұл жердегі сметаны құрау процесі, ең алдымен келер сметалық кезең ішінде орын алатын ағымдағы операцияларға немесе шығындарға «қабаттасумен» (өсімталдық, приращения) байланысты. Мысалы, сметалық шығындарды бөлуге, өткен сметалардағы бөлінулер, қосу инфляцияның әсерінен, тым жоғары бағаларды жабуға арналған қосымшалар - негіз болуы мүмкін. Өсімталдылық тәсілінің негізгі кемшілігі, қызметтің «базалық деңгейімен» байланысты шығындардың қомақты бөлігінің өзгеріссіз қалуы болып табылады. Сондықтан, қызметтің басқа түрле-рінің шығындары, немесе тікелей нақты өніммен байланысты емес, белгіленген болып келеді. Бұл - бұрынғы кемшіліктер мен тиімсіз шығындардың ары қарай да жалғасуына апаруы мүмкін.

Шығындарды тиімді басқару үшін, өзіндік құнның функционалды калькуляциялау жүйелерін қолданатын кәсіпорындар, қызмет түрлері негізінде сметаларды құрауды (функционалды сметалар - АВВ) да жасайды. Егер функционалды калькуляциялау жүйелер, шығындарды қызмет түрлері бойынша ресурстарға үлестіріп, сосын қызмет түрле-рімен байланысты шығындарды мақсатты шығындарға (өнімдер, қызметтер не тапсырыс берушілер секілді) үлестіру үшін, функцио-налды жұмсалымдар факторларын қолданса, онда функционалды смета – кері бағытта жүріп жатқан процесс болып табылады. Бұл жердегі бастаңғы (стартовые) нүктелер - мақсатты шығындар, олардың сметалық нәтижелері бойынша қажетті қызмет түрлері анық-талады және оларды кейіннен сметалық кезеңге қажетті ресурстарды бағалау үшін қолданады. Функционалды сметаларды құрау процесі келесі қадамдардан тұрады:

1) жеке өнім түрлері мен тапсырыс берушілер бойынша өндіріс пен сату көлемдерін бағалау;

2) ұйымдастырушылық қызмет түрлеріне сұранысты бағалау;

3) ұйымдастырушылық қызмет түрлерін орындау үшін қажетті ресурстарды анықтау;

4) бұл ресурсқа сұранысты қанағаттандыру үшін, жеткізілуі тиісті, әр ресурстың санын бағалау;

5) жоспарланған жеткізулерге сәйкес болуы үшін ресурстар көлемін түзету бойынша әрекеттерді орындау.

Бірінші қадам дәстүрлі сметаны құрауға ұқсас. Жеке өнімдер мен тапсырыс берушілер типтеріне қарай, сметаға енгізілген өнімдер мен сату көлемі бойынша мәліметтер, ары қарай өндіріс пен сату сметаларына ауыстырылады. Бірақ кейін калькуляциялаудың функционалды сметалары кәдуілгі сметаның шеңберінен асып кетеді. Бұл ең алдымен, жеткізушілерде тапсырыстарды орналастыру, тапсырыс берілген материалдар мен комплектілерді алу, өндіріс кестесін жасау мен тапсырыс берушілерден алынған тапсырыстарды өңдеу секілді қосалқы қызмет түрлерін қарастыруға қатысты. АВВ типті тәсілді орындау үшін, тапсырыс берушілер мен тұтынушыларға қызмет көрсетуге және өндіріске қажетті қызмет түрлерін жақсы білу керек. Қызмет түрлерінің ведомосына енгізілген нормативті шығындар бойынша мәліметтер, әр өнім үшін көрсетіледі. Бұл нормативтер, бекітілген өнім көлемін шығаруға қажетті сан алуан қызмет түрлері мен жұмсалымдардың функционалды факторларын көрсетеді. Мұндай деректер функционалды сметаларды құрау үшін басты ақпарат болып табылады.

Нольдік базадағы сметаларды құрау XX ғғ. 60-шы жж. соңында өсімтал сметалардың шектелуін жеңуге әрекет ретінде пайда болды. Бұл тәсіл, дәстүрлі сметалар сипатындағы функционалды бөлімдерге емес, бағдарламалар мен қызмет түрлеріне негізделген. Ол әсіресе дискрециялық шығындар мен қосалқы қызмет түрлеріне тура келеді. Шығындардың дискрециялық сипаты дегеніміз, менеджерлер белгілі-бір қызмет түріне қаржы бөлуде біршама еркін әрекетенеді. Мұндай типті шығындарға мысал ретінде: жарнама, зерттеу мен құрастыру-лар, персоналды даярлау шығындарын келтіреміз. Нольдік базадағы сметаларды құрау келесі үш қадамды қарастырады:

- жалпы қабылданатын шешімдер қоржыны ауқымында шешім қабылдануы тиісті кәсіпорынның әр қызмет түрлерінің мазмұндамасы;

- шешімдердің басымдылық сипатына қарай бағалау мен топтау;

- жалпы бөлінген қаражатты ескере, басымдылық сипаты негізінде ресурстарды үлестіру.

Шешім қабылдауға өкілетті кәсіпорынның әр құрылымдық бірлігі үшін шешімдер қоржыны дайындалады. Шешімдер қоржыны, әр нақты функцияға түрлі ресурстар көлемі бөлінетін, түрлі қосымша (инкрементті) белсенділік деңгейінде нақты бағдарлама қалай орындалатынын көрсетеді. Жеке қоржында, әдетте, әр бағдарлама үшін «базалық» деңгейде дайындалады. Бұл кәсіпорынның негізгі мақсатын көрсететін қызметтердің немесе қосалқы қызмет түрлерінің ең төменгі деңгейі. Жоғары деңгейлі қосымша қызметтер немесе қосалқы қызмет түрлері бір немесе бірнеше қосымша қоржында мазмұндалады. Мысалы, менеджерлерден ағымдағы шығындардың 70% деңгейіндегі базалық қоржынды нұсқау ретінде, ал қалған қор-жындарды қосымша форматта ұсынуды талап етуі мүмкін. Шешімдер қоржынын дайындау аяқталған соң, менеджерлер процесті қайта талдауға кірісуі мүмкін. Ары қарай, қоржындарды іске асырғаннан кәсіпорын алатын пайданың кему дәрежесіне қарай жіктейді.

Нольдік базадағы сметаларды құрау, оны жақтаушылар шамала-ған мұндай шарықтау деңгейіне ешқашан да жеткен емес. Бұл тәсілдің сәтсіздігінің негізгі себебі – шешімдер қоржыны мазмұнын анықтау үшін өте көп қаражат та, уақыт та қажет болумен байланысты. Бұдан өзге, әдетте мұндай қоржындар тым көп ұсынылатын, ал кәсіпорын үшін ұнамдылығына қарай оларды жіктеуге мүмкіндік беретін тиісті ақпараттар жеткіліксіз болды.

Нольдік базадағы сметаларды құраудың кейбір артықшылық-тарын, басымдылық негіздегі өсімтал сметаларды қолдану арқылы алуға болады. Бұл жағдайда менеджерлер сметаны құрағанда, егер олар ұсынған сметалық жобаларды әлде-бір процентке арттырса не кемітсе (мысалы, 10%-ға), қызмет түрлері қалай өзгереді не қандай басқа да өзгерістер орын алатынын көрсетуі тиіс. Бұл жерде сметалық үлестіру, шығындардағы өзгерістер мен алынатын пайдадағы өзгеріс-тердің салыстырмалы нәтижелері бойынша орындалады. Сонымен, басымдылық негіздермен өсімтал сметалар, нольдік базадағы сметалар мен дәстүрлі өсімтал сметалардың арасындағы экономикалық келісімді (ымыраны) ұсынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]