Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу.
Еңбек шығыны құрамдасын есептеудегі базалық көрсеткіш мына формуламен есептелінеді:
Q
= q
c ,
(1)
Q =4700 1,08=5076
мұндағы Q – шартты командалар саны;
q – есеп түріне қарай шартты командалар санын ескеретін коэффициент;
с – бағдарламаның қиындығы мен жаңалығын ескеретін коэффициент.
Атап өткен q коэффициентінің мәнін 4-кестеден таңдап алуға болады.
кесте – q коэффициентінің мәні
Тапсырма түрлері |
Коэффициенттің өзгеру аралығы |
Есептеу тапсырмалары |
1400 ден 1500 |
Оперативті басқару тапсырмалары |
1500 ден 1700 |
Жоспарлау тапсырмалары |
3000 ден 3500 |
Көп вариантты |
4500 ден 5000 |
Комплекстік тапсырма |
5000 ден 5500 |
Бағдарламалық өнім жаңалықтық дәрежесіне қарай төрт топқа бөлінуі мүмкін:
- А тобы – негізінде жаңа тапсырма дайындау;
- Б тобы – ерекше бағдарламаларды дайындау;
- В тобы – типтік шешім қолданған бағдарламаларды дайындау;
- Г тобы – бір жолғы типтік есеп.
Атап өткен «с» коэффициенті 5-кестеден анықталады, ол күрделік тобы бағанасы мен жаңалықтық дәрежесі бағанасының қиылысуы.
5 кесте – Еңбек сыйымдылығын есептейтін коэффициент
Бағдарлама тілі |
Күрделік тобы |
Жаңалықтық дәрежесі |
В коэффициенті |
||||
А |
Б |
В |
Г |
||||
Жоғарғы деңгей |
1 |
1,38 |
1,26 |
1,15 |
0,69 |
1,2 |
|
2 |
1,30 |
1,19 |
1,08 |
0,65 |
1,35 |
||
3 |
1,20 |
1,10 |
1,00 |
0,60 |
1,5 |
||
Төменгі деңгей |
1 |
1,58 |
1,45 |
1,32 |
0,79 |
1,2 |
|
2 |
1,49 |
1,37 |
1,24 |
0,74 |
1,35 |
||
3 |
1,38 |
1,26 |
1,15 |
0,69 |
1,5 |
||
Ары қарай бағдарламалық өнімді әзірлеуге кететін уақытты есептеу керек.
Жалпы бағдарлама жасауға кеткен уақыт әртүрлі компоненттен тұрады. Бағдарламалық өнімді жасауға кеткен жалпы уақыт құрамы 6-кестеде көрсетілген.
6 кесте – Бағдарламалық өнімді жасауға жалпы уақыт құрамы
Кезең № |
Дәл кезеңдегі уақыт белгісі |
Кезеңнің мазмұны |
1 |
ТПО |
Мақсат сипатын дайындау |
2 |
ТО |
Мақсат сипаттамасы |
3 |
ТА |
Алгоритм құру |
4 |
ТБС |
Алгоритмнің блок-схемасын құру |
5 |
ТН |
Бағдарламаны ... тілде жазу |
6 |
ТП |
Бағдарламаны теру |
7 |
ТОП |
Бағдарламаны реттеу және тестілеу |
8 |
ТД |
Құжаттарды рәсімдеу, пайдаланушыға нұсқаулар және түсіндірмелер жазу |
Уақыт адам-сағатпен есептеледі, ал ТД нақты істелген уақытпен алынады, ал қалған кезеңнің уақыты Q командасының шартты санына байланысты есептік жолмен анықталады,
Бағдарламалық өнімін дайындауға кеткен әр кезеңнің уақытын анықтаймыз:
ТПО (мақсат сипатын дайындау уақыты), нақтылы деректер бойынша алынады және келесі мәнге тең деп алынады (3-тен 5 күнге дейін, 8 сағаттан):
ТПО = 24 адам / сағ.
ТО (мақсат сипаттамасы уақыты) келесі формуламен анықталады:
ТО = Q B / (50 K), (2)
ТО =5076 1,35/(50 1,5) =91,3
мұндағы В – мақсат есебі өзгерісінің коэффициенті, В коэффициенті мақсат күрделігіне және өзгеріс санына тәуелді – 1,2-ден 1,5-ке дейін (5- кестені қара).
К – бағдарлама жасаушы білектілігін ескеретін коэффициент.
К коэффициенті мәнін 7-кестеден алуға болады.
7 кесте – Бағдарлама жасаушы білектілігін ескеретін коэффициент
Жұмыс тәжірибиесі |
Білектілік коэффициенті |
Екі жылға дейін |
0.8 |
2-3 жыл |
1 |
3-5 жыл |
1.1 – 1.2 |
5-7 жыл |
1.3 – 1.4 |
7 жылдан көп |
1.5 – 1.6 |
ТА (алгоритм құруға кеткен уақыт) мына формуламен есептейміз:
ТА = Q / (50 K).
ТА = 5076/ (50 1,5) =67,68 (3)
ТБС (блок – сұлба құруға кеткен уақыт) ТА сияқты 3 формуламен есептеленеді. ТБС= ТА
ТН (бағдарламаның тілінде жазуға кеткен уақыт) келесі формуламен анықталады:
ТН = Q 1,5 / (50 K). (4)
ТН =5076 1,5 / (50 1.5)= 101,52
ТП (бағдарлама теру уақыты) келесі формуламен анықталады:
ТП = Q / 50. (5)
ТП =5076/50=101,52
ТОТ (бағдарламаны реттеу және тестілеу уақыты) келесі формуламен анықталады:
Т
ОТ
= Q
4,2/50
К.
(6)
ТОТ =5076 4,2/50 1.5=284,256
8) ТД (құжаттарды рәсімдеу уақыты), нақтылы деректер бойынша алынады және құрылады (3-тен 5 күнге дейін, күніне 8 сағат):
ТД = 24 адам / сағ.
Еңбек шығындарының сомасы еңбек шығынының құрама сомасы ретінде 7 формуламен есептеленеді:
Т = ТПО+ ТТО + ТА + ТБС + ТН + ТП + ТОТ + ТД (7)
Т =24+91,4+67,68+67,68+101,52+101,52+284,256+24=762,056
