- •1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
- •1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
- •Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
- •Өнімнің өзіндік құнын талдау.
- •Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы.
- •2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау.
- •2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі.
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиттер тізімі
Өнімнің өзіндік құнын талдау.
Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы.
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп және
калькуляциялау мақсатында оларды келесі түрде классификацияланады:
өндіріс түрі бойынша-негізгі және көмекші;
өнім түрі бойынша-жеке бұйымдар, біртекті бұйымдар тобы,
тапсырыс,өзгертулер, жұмыстар және қызмет көрсету;
шығындар түрлері бойынша-калькуляция баптары (өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін және талдау есебін ұйымдастыру )
және шығын элементтері (шығындардың сметалық жобасын
құрастыру және шығындарының есебі);
шығындардың шығу орны бойынша-участок, цех, өндіріс, шаруашылық есептегі бригада.
Басқару жүйесінде шығындардың қалыптасуын тәжірибелік
қолдануда мақсатты түрде шығындар элементтері және калькуляция баптары бойынша шығындар түрлері есепке алып шығындар классификациясын қарастыру керек.
Калькуляция баптарының тізімін және олардың құрамын, бөлу әдістерін өнім түрлері, жұмыс және қызмет көрсету бойынша салалық әдістемелік нұсқамасының есептік жоспарлау сұрақтары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістің құрылымы мен есептік сипатына байланысты анықталады.
Мысал ретінде машина жасау зауытындағы кеңінен қолданылатын шығындар баптарының калькуляциясын қарастырайық.
1.Шикізат және материалдар.
2.Сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кооперативтік кәсіпорын қызметтері.
3.Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
4.Қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
5.Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
6.Өндірісті дайындауға және игеруге шығындар.
7.Құрал-жабдықты пайдалануға және ұстауға шығындар.
8.Цехтық шығындар.
9.Жалпы өндірістік шығындар.
10.Ақаулардан жоғалтулар.
11.Өндірістік емес шығындар.
Алғашқы сегіз шығын баптары цехтық өзіндік құнды құрайды. Цехтық өзіндік құн қосу жалпы өндірістік шығындар және ақаулардан жоғалтулар өндірістік өзіндік құнды құрайды. Нәтижесінде барлық 11 баптар өзалдына толық өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады:
Тікелей есептік;
Нормативтік;
Есептік-талдау;
Параметрлік.
Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды
нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.
