- •Қазақстан республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
- •Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден
- •Реферат
- •Мазмұны
- •1 Монолит бетон жасауға арналған модифиКАциЯланған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиЯсын әзірлеу
- •Цементті механикалық-химиялық белсендіру
- •Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру
- •1.3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы
- •1.5 Буып-түю және таңбалау
- •1.4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар
- •1.6 Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары
- •1.7. Қабылдау ережелері
- •1.8 Бақылау әдістері
- •1.9 Тасымалдау және сақтау
- •1.10 Дайындаушының кепілдігі
- •2 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру технологиясы
- •2.1 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру бойынша технологичлық регламент
- •Бақылау әдістері
- •Қолдану бойынша нұсқаулар
- •Қорытындылар
1.4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар
Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлді портландцементті, күл-тозаңды және суперпластификаторды 450-550 м2/кг үлестік бетке дейін араластырып қосымша тарту жолымен алады. ГОСТ 10178 бойынша портландцементтің ПЦ 400-ПЦ 500 маркалары, ГОСТ 25818 бойынша күл-тозаң, құрғақ суперпластификатор, мысалы С-3 қолданылады. Байланыстырғыштың қатаюын жылдамдату үшін Na2SO4, Ca(NO3)2 жыдамдатқыш-коспаларын пайдалану ұсынылады, олар бетонды дайындау процесінде енгізіледі.
Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің құрамдастарының массалық үлесі мынадай болуы тиіс, мас.%:
- портландцемент – кем дегенде 70 және 80 нен артық емес;
- күл-тозаң – кем дегенде 20 және 30 дан артық емес;
- суперпластификатор С-3– кем дегенде 2 және 3тен атрық емес;
- қатаюды жылдамдатқыш – 2 % артық емес ( 100% артық, цемент массасына қарай).
Механикалық белсендірілген ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің қысылған және және иілген кездегі беріктік шегі 3-кестеде көрсетілген мәндерден кем болмауы тиіс.
3-кесте –Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің беріктігіне қойылатын талаптар
Байланыс-тырғыштың таңбасы |
Байланыстырғыштың құрамы, мас.% |
Кепілді марка |
28 тәуліктен кейін беріктік шегі, МПа (кгс/см2) |
||||
цемент |
күл |
С-3 |
Қатаюды жылдам-датқыш (100 артық) |
Қысылған кезде |
Иілген кезде |
||
ЦЗВ80 |
80 |
18 |
2 |
2 |
800 |
83,0(800) |
10,2(102) |
ЦЗВ70 |
70 |
28 |
2 |
2 |
700 |
72,0(700) |
9,8(98,0) |
ЦЗВ80 |
80 |
17 |
3 |
2 |
800 |
85,0(850) |
10,8(108) |
ЦЗВ70 |
70 |
27 |
3 |
2 |
700 |
73,6(740) |
10,0(100) |
1.5 Буып-түю және таңбалау
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл сапа бақылауынан өткеннен кейін бункер-жинақтауыштан буып-түю машинасына беріледі. Ол ГОСТ 2226 бойынша байланыстырғышты 25 тен 50 кг дейінгі массамен тігілген немесе желімделген, НМ, БМ немесе БМП маркалы қақпағы бар жабық мойынды қағаз мешоктарға салуға есептелген.
Байланыстырғышты мешоктарға салу кезінде массаны дәл көрсететін едендік элекронды таразы пайдаланылады. Массасы бойынша рұқсат етілетін ауытқу ± 1,5 % аспайды. Байланыстырғыш толтырылған мешоктар табандықтарға қойылады және автотиегіштің көмегімен дайын өнім қоймасына қоймаланады.
Байланыстырғыш салынған мешоктарға этикетика жапсырылады немесе әр мешок таңбаланады. Таңба мемлекеттік және орыс тілдерінде шайылмайтын боямен анық салынуы және мына деректерді қамтуы тиіс:
- өндіруші кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, телефоны;
- товар белгісі (бар болса);
- өнімнің атауы және шартты белгісі;
- топ номері;
- масса- нетто, кг;
- дайындалу датасы;
- сақтау мерзімі және шарттары;
- қолдану тәсілі;
- нормативтік құжаттың белгісі;
- «Қазақстанда жасалған» жазбасы.
Көлік құралына тиелетін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге сапасы туралы құжат берілуі керек, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде және мына деректерді қамтуы тиіс:
- өндіруші кәсіпорынның атауы, мекен-жайы;
- өнімнің атауы және шартты белгісі;
- қысуға беріктік жөніндегі маркасы;
- орташа тығыздығы;
- сақтау мерзімі, мес.;
- дайындау датасы;
- табиғи радионуклидтердің белсенділігінің үлестік тиімділігі Аэфф бойынша материал дәрежесі және сандық мәні;
- массасы, кг;
- нормативтік құжаттың белгісі.
Қажет болған жағдайда таңбалауға және сапа туралы құжатқа қосымша деректер енгізілуі мүмкін.
Сапа туралы құжатқа өндіруші кәсіпорынның техникалық бақылауға жауапты лауазымды тұлғасы қол қояды.
