Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Teoretichesky_blok_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

Сызықты алгоритм

Z функциясын z=ax2+b+cos(ax2+b)-tg(ax2+b) формуласы бойынша есептеңіз.

1) Берілген есептің математикалық теңдеуін құру:

z=t+cos-tgt, мұндағы t=ax2+b

2) Алгоритм құру:

Алгоритмдік тілде

Графикалық түрі

алг z функциясын есептеу

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t:=ax2+b

z:=t+cost-tgt

x, z шығару

соңы

Тармақталған алгоритм

У функциясын келесі формула бойынша есептеңіз:

1) Есептің математикалық теңдеуін құру:

егер , онда

егер , онда

2) Алгоритм құру:

Алгоритмдік тілде

Графикалық түрі

алг у функциясын есептеу

арг x

нәт у

басы

егер

онда

әйтпесе

бітті

соңы

Циклдық алгоритм

1-ден 10-ға дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын есептеу:

1) Есепті математикалық түрде жазу: (n=1,…,10).

2) Алгоритм құру:

Алгоритмдік тілде

Графикалық түрі

алг қосынды

цикл

арг n

нәт S

n:=1 үшін 10 қадам 1

цб

S:=S+sqr(n)

цс

соңы

Алгоритмнің графикалық түрінде параметрлі блок-схема көрсетілген. Циклдың дейін және кейін операторларына блок-схеманы өзіңіз құрып көріңіз.

Есептің алгоритмдеу негіздері Транслятор, компилятор, интерпретатор

Программалау тілінде жазылған программа компьютерде міндетті түрде түрлену процесінен немесе трансляциядан өтеді. Бұл арнайы программа (транслятор) көмегімен іске асады.

Транслятор (ағыл. translator - аудармашы) – бұл аудармашы-программа. Алгоритмдік тілде жазылған программаны машиналық тіліне аударуға арналған программа.

Трансляторлар компиляторлар немесе интерпретаторлар түрінде қалыптасады. Компилятор және интерпретатордың жұмыс істеуі айырықша.

Компилятор (ағыл. compiler – құрастырушы, жинақтаушы) программаны толығымен оқиды да, оның аудармасын жасап және машиналық кодқа ауыстырылған аяқталған нұсқасын құрады және оны орындайды. (.ЕХЕ кеңейтілуі бар файл).

Интерпретатор (ағыл. interpreter – ауызша аудармашы) аударады және программаны жол-жолымен орындайды.

Программа орындалуға жіберілгеннен кейін ізделінген программа да, компилятор да онша қажет болмайды. Дәл осы то же время программа, обрабатываемая Интерпретаторда өңделген программа әр тексеруге жіберген сайын машиналық тілге басынан бастап аударылып отыруға тиіс. Тексеруге жіберілген программа тез жұмыс істейді, бірақ интерпретацияланған программа қарапайым түзетіледі және өзгертіледі.

Паскаль программалау тілі француз математигі және физигі Блез Паскальдің құрметіне аталған, 1642 жылы «паскалево колесо» деп аталатын арифметикалық амаладарға арналған машина ойлап тапқан. 1968 жылдың соңына қарай профессор Никлаус Вирт және оның швейцарь федералдық Цюрих технологиялық институтының қызметкерлері Паскаль тілінің ең бірінші версиясын ойлап тапты. Екі жыл өтісімен – компилятордың бірінші нұсқасын. 1971 жылы Н.Вирт тілдің сипаттамасын тапты.

«Паскаль» тілін жүктеу

DOS режимінде қорғалған дербестендірілген ортада компилятордың Borland Pascal 7.0 версиясы келесі түрде жүктеледі:

а) егер программалау ортасы Windows жүйесінде болса:

Пуск→Программы→ Borland Pascal→ BP(Borland Pascal)

б) егер программалау ортасы Windows жүйесінде емес DOS жүйесінде жұмыс істесеңіз:

BP.exe программасы орналасқан каталогты активтендіріп, барлығын белгілеп және Enter пернесін басу керек.

Программа шақырылғаннан кейін жұмыс столында тексті редактор терезесі ашылады, бұл жерде клавиатура немесе меню жүйесі арқылы программа жазуға, түзетулер жүргізуге болады. Меню жүйесі терезенің жоғарғы жағында орналасқан.

Турбо-орта программамен жұмыс істеудің қолайлы құралдарын береді: оның сақталуы, есептеуге жүктелуі, жөнделуі, және т.б. Бұл құралдарға қолжетімділік келесі опциялардан тұратын бас мәзір арқылы жүзеге асады:

File

Файлдармен негізгі амалдардың барлығын орындауға мүмкіндік береді (жаңа файлдар құру, бар файлдарды жүктеу, құрылған және өңелген файлдарды сақтау және т.б.)

Edit

Мәтінді өңдеудің негізгі амалдарының барлығын орындауға мүмкіндік береді (көшіру, мәтіннің үзінділерін қайта құрып, жою, сондай-ақ өңделіп жатқан мәтіннің бастапқы нұсқасын қайта жасау)

Search

Мәтіннің үзінділерін іздеуді және қажет жағдайда табылған үзіндіні жаңасымен алмастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді

Run

Жұмыс аймағындағы программаны жүктеуге, сондай-ақ қажет жағдайда берілген программа немесе оның бір бөлігін қадам бойынша орындауға мүмкіндік береді

Compile

Жұмыс аймағында орналасқан программаның компиляциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді

Debug

Программадағы қателерді іздеу үрдісін жеңілдететін командалары бар

Tools

Турбо Паскаль Ортасынан шықпастан кейбір программаларды орындауға мүмкіндік береді

Options

Компилятор мен ортаның жұмысқа қажет параметрлерін қондыруға мүмкіндік береді

Windows

Терезелерге қолданылатын негізгі амалдардың барлығын орындауға мүмкіндік береді (ашу, жабу, орын ауыстыру, өлшемін өзгерту)

Help

Жүйеде бар анықтамалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қажет қоластындағы мәзір активтендіріледі (ашылады)

Жоғарғы мәзірге ауысу үшін F10 пернесін басу керек.

Қоластындағы мәзірден [ESC] пернесін басу арқылы шығуға болады.

Турбо-ортадан шығу Alt+X пернелерін басу арқылы жүзеге асады.

Жаңа программаларды құрудың ыңғайлы әдісі – ол алдыңғы құрылған программалардың модификациясы. Программа мәтінін сақтаудың негізгі формасы файлдар болып табылады. Ол үшін программаларды файлдарға жазуды, файлдардан оқуды және т. б. үйрену қажет. Оған жету үшін File ішкі мәзірінің опцияларымен қолдану керек:

New 

Жаңа файл

Редактор ЕСҚ тазартып, жаңа файл құру режиміне өткізеді. Жаңа құрылатын файлға NONAME.PAS аты беріледі, оны файлды дискіге жазу кезінде өзгертуге болады

Open 

F3

Файлды оқу 

Экранда файлдар тізімі бар терезе пайда болады. Онда Турбо Паскаль редакторының ЕСҚ-на жүктелетін қажет файлды таңдап алуға болады және мүмкіндігінше өзгеріс енгізуге программалрды толық көруге болады.

Save 

F2

Файлды сақтау

Паскаль редакторының ЕСҚ-нан файлды дискіге жазады. Файл өз атымен жазылады , егер дәл осы уақытты файл аты NONAME.PAS болса ортада осы атты өзгертесіз бе деге сауал болады. Бұл опцияны редактірлеу режимінен F2 клавишасы арқылы шақырады.

Save as 

Жаңа атпен сақтау

 

Редактірленетін файлдың атын өзгертіп дискіге жаңа атпен жазады.

Save all 

Барлық терезедегілірді сақтау

Дискідегі файлдарға қатысты барлық редактірленетін терезелердің деректерін жазады.

Change dir 

Каталогты ауыстыру

Қойылған диск немесе каталогты өзгертеді.

Print/Print setup...

Файлды баспаға басу

Файлды принтерде басуды қамтамасыз етеді

DOS shell 

DOS операциялық жүйесіне шығу

Турбо-Паскаль программасынан уақытша шығуды қамтамасыз етеді. Шыққаннан кейін DOS операциялық жүйесінің әр командасын еркін пайдалнуға болады. Қайта Турбо-Паскаль программасына ену EXIT командасын орындаумен орындалады,

Exit 

Alt-X Шығу

Турбо-Паскаль программасынан шығуды қамтамасыз етеді. Бұ опцияны редактірлеу режімінен ALT+X пернелер комбинациясымен орындауға болады.

Текстік редактор

Прграмманы енгізу компюьтерде текстерді енгізу болып табылады. Программа текстерін теруде мынадай пернелердің қызметін пайдаланамыз:

Ins (Ctrl+V)

«Вставка/Замена» өзгерту режімі

Del

курсордан кейінгі символды өшіру

BackSpase

курсордың алдындағы символды өшіру

Home/ End

курсорды ағымдағы жолды, басына немесе соңына келтіру

PgUp/PgDn (Ctrl+R/C)

курсорды файлдың(программаның) алдыңғы және келесі беттеріне ауыстыру

Ctrl+PgUp/PgDn

курсорды файлдың басына немесе соңына келтіру

Ctrl+ Home/ End

курсорды экранның басына немесе соңына келтіру

Left/ Right

курсорды бір белгіге қатысты оңға және солға ауыстыру

Ctrl+ Left/ Right

курсорды бір мәтінге қатысты оңға және солға келтіру

Ctrl+W/Z

экран жоғары және төмен қозғалады

Shift+Left/ Right

символдарды белгілеу оңға және солға қарай

Shift +Up/Dn

ағымдағы жолды белгілеу жоғары және төмен

Ctrl+Y

ағымдағы жолды жою

Alt+ BackSpase

жойылған ақпаратты қайта келтіру

Ctrl+T

курсордың оң жағында тұрған сөзді жою

Ctrl+Q+Y

жолдың курсор тұрған жерінен бастап соңына дейін жою

Ctrl+N

жол қою

Ctrl+Ins

белгіленген бөліктің көшірмесін алу

Shift+Ins

көшірмесі алынған ақпаратты буферден қою

Shift+ Del

белгіленген блокты буферге ауыстыру

Ctrl+ Del

белгіленген блокты өшіру

F5/F6

программамен ашық терезелерге көшу

Alt+ F3

ағымдағы терезені жаб

F5

терезені бүкіл экран бетіне толық ашу

Ctrl-F2

көгілдір жолақты өшіру

Ctrl+F8

қызыл жолақты өшіру

Программаның орындалуы

Турбо-Паскаль программасы экранға бірнеше терезені программасымен бір уақытта ашуға мүмкіндік береді. Орындау кезінде бірінші ағымдағы терезедегі программа орындалады. Активті терезенің белгісі – терезе рамкасы қосарланған сызықтармен беріледі.

Жазылған программаны орындау үшін меню жүйесіндегі Run бөліміне ену керек немесе қос перенені бір уақытта Ctrl + F9 басу арқылы орындайды. Программаны орындауға бергеннен кейін жүйе транслятор (интерпретатор) арқылы Паскаль тілінде жазылған программаны машина тілінде жазылған кодтарға ауыстырады да программадан синтаксистік қателерді іздейді. Егер программа ішінде қате болса, онда программа орындалмайды, қайтадан программаны түзетуге ашады.Программаның жоғарғы жағында қызыл жолмен жазылған хабарлама шығады. Esc пернесін басқан соң ол жол кетеді де курсор қатесі бар жолда орналасады. Қате туралы мәлімет алу үшін Ctrl+F1. пернелерін бірге басады.

Қателер түзетілгеннен кейін ғана программа орындауды бастайды.Нәтижесін көру үшін Alt+F5 пернелерін бірге басу керек. Қайтадан редактірлеу терезесіне шығу кез-келген пернені басу арқылы орындалады.

Негізгі түсініктері:

алфавит Turbo Pascal:

  • латын әріптері A дан Z дейін

  • араб сандары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

  • тыныс белгілірі. , : ; ..

  • арифметикалық операция белгілері + – * /

  • логикалық операция белгілері > < = >= <= <>

  • арнайы символдар ( ) { } [ ] ' := (* *)

Паскаль тілінің негізгі элементтері:

Идентификатор – латын әріптерінің, араб сандарының, сызу белгілерінің реттелген тізбегі. Программа латын әріптерінен басталады. Символдардың ұзындығы 127 ге дейін. Айнымалылардың аты ретінде белгілер, программалар және ішкі программалар пайдаланылады. Идентификатор ретінде тұрақты белгі сөздерін алуға болмайды.

Тұрақты белгі сөздері – операторларда, операция аттарында функциялар және т.б. қолданылатын сөздер. Ондай сөздер 80 ге жуық. Мысалы, begin, sin, while.

Константы – бұл шама , программаны орындау барысында өзінің мәнін өзгертпейтін тұрақты шама.

Тұрақтылар ретінде логикалық, тұрақты, символды және жолдық символды пайдаланады.

Бүтін сандар белгімен немесе белгісіз өз ережесімен жазылып мына түрде болады: –2147483648 ден бастап +2147483647 дейін.

Нақты сандар белгімен немесе белгісіз ондық нүктелерді және экспоненциалды бөлігі бойынша жазылады. Экспоненциалды бөлім е және Е, символдармен «+»және «-», ондық ереже бойынша жазылады. е (Е) символы ондық ережедегідей 10 дық дәрежеге көбейту. Мысалы, 3.14Е5 десек 3,14 × 105 , -17е-2 бұл -17× 10-2.

Логикалық тұрақты – бұл кез-келген сөз FALSE (жалған) немесе TRUE (ақиқат)сөздері. 

Символды тұрақтылар – бұл кез-келген апострофтағы символ:

'z' – символ z;

'ф' – символ ф.

Жолдық тұрақтылар – символдар тізбегі, апострофта жазылған. Егер жолда апостровтағы символды ғана көрсетсе, онда ол еселеніп кетеді, мысалы:

' Бұл - символдар жолы ';

' That''s string'.

Тұрақтыларды жазу const деген қызыметші сөзімен, соңында аты жазылады. Мысалы:

Const

<Тұрақтының аты >=<Тұрақтының мәні>;

Айнымалылар – бұл шама программаны орындау барысында өзінің мәнін өзгертетін немесе олардың нақты мәні басында белгісіз болатын шама.

Өрнектер – бұл айнымалы және сандық тұрақтылар, арифметикалық , логикалық операциялардың белгілерінің біріккен реті мысалы: Pi*r+1/2.5, Х/5 + 2.5 0) Комментария – программа текстіне қойылатын түсініктеме. Комментарии программада орындалмайды.

Оператор – Turbo Pascal программасында орындалатын жолдардың сипатталуы. Әр программа операторлар тізбегінен тұрады.

Операторлар. Орындалатын операторлар мына белгімен аяқталады -; Операторлардың бірнеше түрі бар:

Меншіктеу операторы – бұл оператор мына түрде жазылады

<айнымалы> := <өрнек> мұндағы := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс. Мысалы , x:=x+1;

Құрылымдық оператор – бұл оператор резервтелген бірнеше сөзден және логикалық тексеруден тұрады. Ол операторға шартты және циклді операторлар жатады.

Стандартты емес операторлар – бұл программалар стандартты үлгіде жазылады.ол аты мен параметрі көрсетілгенде орындалады.

Құрамдылық оператор – бұл оператор тобы begin … end арқылы беріледі;

Begin

Оператор 1; Оператор 2; … Оператор n;

End;

Бос оператор – оператор Begin End;, ешқандай іс-әрекетті орындамайтын оператор.

1-сурет. Операторлар классификациясы

Turbo Pascal программалау тілінде стандартты математикалық функциялардың қолданылуы.

Арифметикалық өрнектерде қолданылуы.

Функция

Қойылулары

Аргументтің типі

Функция типі

Abs(x)

Х-тың абсолютті мәнін есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Бүтін

sqr(x)

Х-тың квадратын анықтау

Нақты

Бүтін

Нақты

Бүтін

Sqrt(x)

Түбір астындағы Х есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

sin(x)

Синус Х мәнін есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

Cos(x)

Косинус Х мәнін есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

arctan(x)

Аргтангенс Х мәнін есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

Exp(x)

Экспонент Х тің мәнін есептеу ( e=2,71828…) x- дәрежесі

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

ln(x)

Натурал логарифм Х тің мәнін есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

log(x)

Ондық логарифм Х тің мәнін есептеу

Нақты

Бүтін

Нақты

Нақты

Pi

 санын

жоқ

Нақты

Нақты

Программа құрылымы :

Программа тақырыбы (міндетті емес)

Program <имя>;

Қолданылатын модульдер

Uses ...;

Белгілер

Label ...;

Тұрақтылар

Const ...;

Типтері

Type ...;

Айнымалылар

Var ...;

Процедуралар

Procedure ...;

Функциялар

Function ...;

Операторлар бөлімі

Begin

<Программа операторлары>

End.

Айнымалылар. Айнымалылардың жазылуы

Барлық айнымалылар типтері көрсетіліп жазылады:

Var a, b : integer ;

f, d, c : real ;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]