- •1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
- •1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
- •1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары
- •2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың қызмет негіздері
- •2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері
- •2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
- •3.1. Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары
2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
Қазақстан Республикасында шағын қаржыландыру 90 жылдарда пайда болды. 20-шы ғасырда Микрокредиттеу бағдарламалары түрінде көрініс тапты. Бұл бағдарламалар қорлар, микрокредиттік ұйымдар, кредиттік ұйымдар арқылы беріледі. Әдетте, аталған ұйымдар коммерциялық емес болып табылады.
ҚР-да микрокредиттік бағдарламалардың негізгі белгілері:
кредит мөлшері – салыстырмалы түрде кішігірім;
мақсатты пайдаланушылар – аз деңгейлі кірісі бар үй шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік субъектілері;
кредит берілетін мерзім - негізінен, қысқамерзімді;
кредитті пайдалану – кіріс алу және бизнесті дамыту, сонымен қатар білім алу, медициналық қызметтер және т.б. алу мақсатында;
кредиттің шарттары – көбінесе қандай да бір одақтастықтың жергілікті жағдайларына сай келетін кредиттер берудегі икемді шарттар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қолданылатын микрокредиттеу схемаларын екі негізгі түрге бөлуге болады:
Жекелей кредиттеу – банктік кредиттеудің стандартты процедурасынан кейінгі және клиент бизнесінің тіршілігін, оның кредиттік тарихы мен онда бар кеңестерді бағалауға негізделетін шағын несиелеу схемасы. Кредиттеудің осы схемасында әдетте кепілдік мүлікті ұсыну немесе дефолт жағдайында кредит бойынша бірге (субсидиарлы) жауапты тұлғаның болу қажеттілігі пайда болады.
Топтық кредиттеу – аталмыш схема сонымен қатар «Грэмин банкінің үлгісі» деп аталады. Оның негізі топтық кепілдік болып табылады. Кредит кредиттердің бірі-бірінің кепілдері болып табылатын тұлғалар тобына беріледі. Топтар өздері өз топтарының мүшелерін таңдайды және осындай өзара қарым-қатынастар топтағы серіктестік қысым жасауға мүмкіндік береді, бұл кредит бойынша уақтылы төлемдерді қамтамасыз етуге көмектеседі, сонымен қатар өздерінің Клиенттерін мұқият іріктеу мен мониторингі бойынша шағын қаржылық ұйымдардың шығындарын қысқартады.
Микрокредиттеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.
Микроқаржылық ұйымдар табыстары төмен адамдарға қызмет көрсетеді. Микроқаржылық секторда делдалдық бөлшек саудамен айналысқандар да, әртүрлі ұйымдар потенциалды МҚҰ-дар деп қарастыруға болады. бірақ, МҚҰ ұғымы екінші деңгейдегі банктердің қызметін және бағалы қағаздар нарығы мен қор нарығының қызмет түрімен шектеледі.
Формалды секторға жататын ұйымдар, мемлекеттік банктер мен жеке компаниялар банктік қадағалау мен реттеуге жатады. Осыған қарамастан, ауылшаруашылық және пошталық банктер кедей адамдардың қаржылық қызметті алу жағдайын жақсартса да, олар көптеген микроқаржыландыру ұйымдарының инкубаторы ретінде жартылай формалды секторға жатады. Осы сектордың мысалы ретінде несиелік одақтарды арнайы МЕҚҰ ауылдық банктерді, кооперативтерді жатқызуға болады. формальды емес секторда өсім берушілер, саудагерлер, формальды емес несиелік және жинақтау ассоциациялары негізгі, әрі қымбат қаржы қызметтерін көрсетеді.
Елде қалыптасқан жағдайларға сәйкес қаржылық қызмет көрсететін формальды, формальсыз ұйымдардың комбинацияларын көруге де болады.
Бұл ұйымдардың миссияларының айырмашылықтарын әртүрлі сектораныа қарамастан (пайда табуында, табысы аз халық топтарының әлеуметтік қызмет көрсетуден айырмашылыққа қарамастан) барлық микроқаржыландыру ұйымдары өздеріне тән жалпы ерекшеліктерімен сипатталады:
басқару жүйесі;
жекешелік формасы (акционерлер мен салымшылар)
еңбек ресурстары;
өнім және кезең;
ақпараттық басқару жүйесі және қаржылық басқару жүйесі;
МҚҰ-ның басқаруындағы тиімді көрсеткіштер, өз ісіне бекем басшылық, микроқаржыландыру ұйымдарының миссиясын айқын анықтау, директорлар кеңесінің мамандықтары және барлық қызметкерлердің жауапкершілігі мен адалдығы. Микроқаржыландыру ұйымдарының негізгі ресурсы экономикалық ынталандыруды дұрыс қолданатын алғыр, дарынды мамандар болып табылады. Басқару тікелей меншікпен тығыз байланысты. Микроқаржыландырулар ұйымдары акционерлердің алдында есеп беруі қажет. Қаржылық өнімдер, ақпараттық басқару жүйесі, есептілік пен қаржылық перспективалар барлық бір нарықта қызмет ететін микроқаржыландыру ұйымдарына тән. Несиелерді, клиенттерді және филиалдарды басқару да барлық микроқаржыландыру ұйымдарына сәйкес.
Осыған қарамастан формалды емес жинақтау ассоциацияларының, коммерциялық банктердің алдында микроқаржыландыру қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсаты тұр. Әртүрлі ұйымдар қызмет көрсету кезінде көптеген мәселелермен кездеседі.
Микроқаржылық қызмет көрсетуде формальды емес жинақтық ассоциациялар да ірі коммерциялық банктер де әртүрлі кедергілерге ұшырайды. Мысалы, микроқаржылық ұйымдар банктер донорлардан қаржылындырылса, коммерциялық банктерге сол кезеңде қызмет мәдениетін өзгерту қажет болады.
Бюджеттік субвенциялар бюджеттік алулар секілді жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады және жергілікті бюджеттердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін түзетуге және Бюджет кодексінде әрбір бюджет деңгейіне бекітілген шығыстар бағытына сәйкес мемлекеттік қызметтің стандартты деңгейін ұсыну үшін тең фискалды мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі үш жылдық кезеңге жылдарға бөлініп абсолюттік бірлікпен белгіленеді: республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасында – Қазақстан Республикасының заңымен; облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасында – облыстық мәслихат шешімімен.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі әр үш жыл сайын өзгеріске ұшырайды. Төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі тиісті жергілікті бюджеттің табысы мен шығыны көлемі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Табыстың болжамды көлемі шығынның болжамды көлемінен артқан жағдайда, жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар белгіленеді. Шығынның болжамды көлемі жергілікті бюджет табысының болжамды көлемінен артқан жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді. Табыстың болжамды көлемі өңірдің салықтық потенциалын ескере отырып және бюджет деңгейі арасындағы түсімдерді бөлу негізінде есептелінеді. Жергілікті бюджеттер шығының болжамды көлемі оларды ағымдағы бюджеттік бағдарламаға және бюджеттік даму бағдарламасына бөлуді, бюджеттік қамтамасыз етілуін, бекітілетін заттай нормаларды ескере отырып және бюджет деңгейі арасында шығысты бөлу негізінде есептелінеді.
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кредиттік ұйымдардың дамыту мен мемлекеттік қолдау
