Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
534 Кб
Скачать
☆

14.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі.

Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі

Қазіргі уақытта техносфераның қоршаған ортаға деген қаупі көптеген химиялық заттардың жарылғыш және өрттік түрлерінің технологиялары дамуымен сипаттталады. Экономика объектілерінде химиялы қауіпті заттар(ХҚЗ) болады. Бұл заттардың сыртқы ортаға шыққандағы зардабын ескере отырып, авариялық қатты әсер ететтін улы заттар(АҚӘУЗ) деген түсінік қолданыладыАҚӘУЗ – халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын, зақымдағыш мөлшері сыртқы ортаға шыққан кезде олардың адамға тікелеі немесе жанама әсері, ауру туғызатын немесе өлімге әкелетін улы заттар.Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мен зілзалалар нәтижесінде химиялық зақымдағыш ошағы пайда болады.Зақымдағыш аймақта химиялық заттар тамшы, сұйық, бу, аэрозоль, газ күйінде болуы мүмкін.Химиялық заттар адам ағзасына әсер ету қаупімен қуаттылығына байланысты төрт топқа бөлінеді:Төтенше қауіпті – 50пайыз өлімге әкелетін дозасы. 0,5г/м3 төмен;Аса қауіпті – 5г/см3дейін;Орташа қауіпті – 50г/см3 дейін;Қаупі аз – 50г/см3 жоғары.

15.Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосатын әсері.

Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері Аммиак – көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Аммиактың қатты әсерінен кейін бірнеше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу, құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымдану нәтижесінде психикалық және неврологиялық аурулар ықтимал. Көздің бұршағы, қабақтың қараюы кейде тіпті көрмей қалуы мүмкін.Көміртегі тотығы – қандағы гемоглобин тотығынан оттегіні ығыстырады,карбоксигемоглобинді жасайды. Оттегі көлемі 18-20пайыздан 8 пайызға дейін төмендеуі мүмкін(аноксемиз). Көміртегі тотығы ұлпалық тыныс алуды бұза отыра тікелей улы әсер етуге қабілетті. Көміртегі тотығы әсеріне жастар және бронхитпен,демікпемен,өкпе,қан айналымы,бауыр органдарының ауруларынан, диабетпен зардап шегетін адамдар тез сезеді. Көмір алмасуына ықпал етіп, қадағы қант деңгейін көтереді. Фосфорлық және азоттық алмасуды бұзады. Адам тыныс алудың тоқтауынан қаза болады.

Хлор - тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, өкпені қабындырады. Қанда хлордың әсерінен бос амин қышқылдарының мөлшері бұзылады және кейбір тотықтарының белсенділігі төмндейді.

Жүйкені жансыздандырады – зарин,заман, Vгаздар

Терінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизит

Тұншықтырғыштық әсер етеді – фосфен,дифосфен

Көздің жасын аққызады және тітіркендіргіштік әсері бар – хлорпикрин, хлорацетофен, адамситПсихохимиялық әсер етеді – BZлизергин қышқылының диэтиламиді т.б Зиянды химиялық заттардың әсеріЖүйкені жансыздандырады – зарин,заман т.бЖалпы улағыш әсер етеді – көгілдір қышқылы, хлорцианТерінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизитТұншықтырғыш әсер етеді – фосфен, дифосфенКөздің жасын ағызады және тітіркендіргіштік әсер етеді – хлорпикрин,хлорацетофенон, адамситПсихохимиялық әсер етеді – бизет лизергин қышқылының диэтиламиді.Өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер етеді – нейтропты уларЗат алмасуды бұзады.Аммиак көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті.Біренше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу,құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін,психикалық және неврологиялық ауытқу ықтимал, көз көрмей қалуы мүмкін.Көміртегі тотығы қандағы гемоглобин тотығынан оттегіні ығыстырады,карбоксигемоглобинді жасайды,оттегі көлемін 18-20пайыздан 8 пайызға дейін төмендетуі мүмкін,тыныс алуды бұзады,қандағы қант деңгейін көтереді, фосфорлық және азоттық алмасуды бұзады.Хлор тыныс алу жолдарын тітіркендіреді,өкпені қабындырады, бос амин қышқылдардың мөлшері қандағы бұзылады,кейбір тотықтарының белсенділігі төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]