Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип. Р банктік несиелеу жйесі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
429 Кб
Скачать
☆

3 Банктік несиелеу жүйесін жетілдіру жолдары

Әр түрлі мемлекеттердің банктік жүйелері әр түрлі ұйымдастырылған. Олардың қалыптасуы мен дамуы әр түрлі және өзіндік ерекше тарихи жағдайларда, ұлттық экономиканың әр түрлі даму кезеңдерінде болды, ал олардың қызмет етуінің мақсатты басты ерекшеліктері бірнеше рет өзгерді.

Дамыған елдердің экономикалық өсуі ең алдымен қаржылық-несиелік механизмінің тұтқасын қолдануға, ғылыми білімдер мен технологияны қолдануға және мемлекеттің қандай да бір дәрежеде әсер етуіне негізделген. Бұл байланыстарда экономикалық тапшылықты жеңу мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын базалық механизмдер ерекшеленген:

  • жинақтарды аккумулирлеу және оларды жеке меншік банктер арқылы инвестицияларға трансформациялау (Жапония, Германия);

  • тәуелсіз шаруашылық субъектілерді несиелеуге негізделген механизм (Үлкен Жетіліктің елдері);

  • даму институттары ретінде қызмет ететін мемлекеттік инвестициялық банктер арқылы экономикалық өсудің басты ерекшелік бағытын жүзеге асыруды инвестициялық қолдау (Жапония, Қытай, Үндістан, Бразилия);

  • даму институттарының Орталық банкімен жасалатын қайта қаржыландыру механизмі (Қытай, Үндістан).

Банктік жүйе ең қарқынды дамып келе жатқан жүйе болып табылады.

Қазіргі уақытта банктік жүйенің дамуы келесілермен сипатталады:

  • капиталды базаның кеңеюімен, қысқа мерзімді өтімділіктің өсуімен, қорларды өсірумен, екінші деңгейлі банктердің төлемқабілеттілігі мен қаржылық жағдайының өсуімен сипатталады;

  • жеке және заңды тұлғалар тарапынан банктік қызметтерге сұраныстың едәуір түрде өсуімен сипатталады;

  • банктердің соңғы жылдары несиелік қызметтерінің едәуір түрде жандануымен және 1999-2005 жылдармен салыстырғанда несиелеумен байланысты тәуекелдің едәуір төмендеуімен сипатталады;

  • қор нарығындағы банктер қызметінің жандануымен, және мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияның өсуімен сипатталады;

  • банктердің өз еркімен несиелік серіктестіктерге қосылу немесе қайта жандану немесе жойылу жолымен қайта ұйымдастырылудың жалғасатын үрдістерімен сипатталады;

  • меншікті қызметінің белсенді диверсификациясымен, оның ішінде құрамына бағалы қағаздар, сақтандыру және зейнеткерлік нарықта қызмет көрсететін, сонымен қатар лизингтік қызмет көрсететін ұйымдар кіретін қаржылық топтарды құрумен сипатталады.

Мемлекеттің қатысуымен, сонымен қатар тиімді механизмдерді және несиелеудің әдісттері мен түрлерін қолдана отырып, несиелік жүйенің ұйымдастырылған құрылымын дамыту көмегімен, экономиканың нақты және қаржылық секторы арасында тығыз қарым-қатынас құруға мүмкін болады.

Дәл осындай тиімді ынтымақтастықтың астында рационалды несиелеу жүйесі жатыр, ол тек мемлекет экономикасында өзінің позициясын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар ол өндіріс деңгейін қалыптастырып, оны дамытуға қабілетті.

Мұнда негізгі блоктарды айқындауға мүмкіндік беретін несиелеу үрдісін бақылауда жүйелі тәсіл қажет. Қысқаша түрде басқару процесі 3 негізгі функциядан тұрады.

  1. қаражаттарды аккумуляциялау;

  2. несиелеу;

  3. сыйақыларды аударуды және оларды төлеуді жүзеге асыру. Осыдан

шыға отырып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында несиелеу үрдісін басқарудың сызбасы былай көрсетіледі (Сызба 1).

Қаражатты аккумуляциялау блогы үшін негізгі мақсат болып банктік жүйенің активтерін кеңейту табылады. Халықаралық қаржылық ұйымдар мен даму бюджетінің қаражаттары банктік жүйенің активтерін толтыруда қосымша көзі болып табылуы мүмкін.

Несиелеу үрдісін ұйымдастыру

Сыйақыны төлеу блогы