Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Молдагали Курстық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

2.2 Қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа моделі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мем­лекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа моделі кезең-кезеңімен, 2011 жылдан 2015 жыл аралығында енгізілетін болады.

Қазіргі қалыптасып отырған мемлекеттік қызмет моделі­нің үздік тұстарын сақтай отырып, заман талабына жауап бере алмай отырған мемлекеттік қызмет механизмдерін жа­­ңар­ту қолға алынбақ.

Біріншіден, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде кор­пустық вертикаль: мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» бас­қарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы 2011-2012 жылдары енгізіледі.

Мемлекеттік саяси қызметшілер корпусына бірқатар лауазымдар енгізу жоспарлануда, бірінші кезекте олар: орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орган­дардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, об­лыс­тардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері және олардың орынбасарлары. Сонымен қатар, ҚР Президенті басқа да мемлекеттік лауазымдарды саяси топқа енгізетін болады. Мемлекеттік саяси қызмет­шілер саны шектелетін болады.

«А» корпусының лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервінен жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына іріктеу өздерін кәсіби құзыретті және тиімді жұмыс істейтін қызметкерлер ретінде көрсеткен, «Б» атқарушылық корпусына жатқызылған мемлекеттік қызметшілер қатарынан тұрақты рекрутинг негізінде жүргізілетін болады.

Тұжырымдамада кәсіби және басқару дағдыларының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қыз­метшілерді ротациялауды жүргізуді көздеп отыр. Ротация деңгейаралық және өңіраралық болып бөлінетін болады. Қазіргі уақытта, заңнамада «ротация» түсінігі бар болға­нымен оны жүзеге асыру механизмдері жоқ. Кәсіби алма­су­ды реттеу мақсатында ротацияланған мемлекеттік қызмет­шілерге қызметтік тұрғын-жай қарастырылатын болады.

Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу механизмі же­тіл­дірілетін болады. Жаңа модельде мемлекеттік қызметке кіру тәртібі екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуді енгізу жолымен түбегейлі жетілдірілетін болады. Оның айрықша сипаттамалары конкурстық рәсімдердің мазмұндық бөлігін кеңейту және бос лауазымға кандидаттың міндетті түрде мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінде тұруы болады. Бұл кадрлар резервінің мүмкіндігі кеңейеді де­ген сөз. Кадрлар резервіндегілерге тағылымдамадан өті мүм­кін­дігі қарастырылатын болады. Тестілеудің жаңа бағ­дарламасы кадр резервінің деңгейіне қарай сараланатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мем­лекеттік органның конкурстық іріктеудің екінші кезе­ңінде пайдалануы үшін үлгілік конкурстық рәсімдерді ай­қын­дайтын болады: бейіндік (салалық) тестілеу, әңгімелесі (дара, топпен), емтихан, эссе жазу. Жаңа модельде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін ба­ға­лау түпкілікті нәтижеге бағдарланатын болады және мемле­кеттік қызметшілерге сыйақы беру мен оларды көтермелеу, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру қажеттігін айқындау, қызмет бойынша жоғарылату үшін негіз болады. Жаңа модельде мемлекеттік қызметшілердің аттеста­циядан өту тетігі де жетілдірілетін болады, ол бағалау нәти­желері бойынша қызметі тиімсіз болып табылған мемлекеттік қызметшілерге ғана қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінде еңбек­ақы төлеу басты рөл атқарады, жаңа модельде еңбек­ақы төлеу жүйесі олардың жұмысын бағалауға негізделетін болады. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру еңбек нарығының ағымдағы ахуалын талдау негізінде жүргізілетін болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші бола­ды, басқаша айтқанда, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қыз­мет­терді тұтынушы ретінде халыққа бағдарланатын бо­лады.

Екінші кезеңде (2013-2015 жылдар) мансаптық жос­пар­лау жүйесін енгізу, кәсіби даму мен оқытудың дара жоспарларын енгізу, мемлекеттік қызметшілерді ынта­лан­дыру жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтің автомат­тандырылған ақпараттық жүйесін құру; әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейлі жүйесін әзірлеу сияқты мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Қорытынды

«Жаңа тұрпатты шенеунік – өз ұлтының отаншыл әрі әділ, ісіне адал және кәсіпқой білікті қызмет­шісі болуға тиіс. Мемлекеттік қыз­мет­тің беделін биік көтеру және қол­дап отыру – біздің таяу жылдар­да шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз», – деген Мемлекет басшысы Жолдауында.

Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігінің нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың - қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттілігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.

Қағида талаптардың бірі бойынша, мемлекеттік қызметті мемлекеттік шенеунікке "өз қызметтік парызын адал атқаруға кедергі болатын қандай да бір жеке немесе өзге де қаржылық мүдделерден" тыс қарастырылатын қызмет саласы.

Мемлекеттік қызметкерлер жеке мүдде мақсатында жабық үкіметті ақпаратты немесе сол тектес ақпаратты қолданылу көзделетін қаржылық операцияларға қатыспау керек.

Қызметкерлерге "олардың қандай да бір ресми әрекеттенуіне итермелейтін, олармен қандай да бір ортақ істері бар немесе осы қызметкерлер қызмет істейтін мемлекеттік органмен реттелетін қызметті жүзеге асыратын" кез келген тұлға немесе тұлғалар тобынан сыйлықтар алуға немесе қандай да бір нысанда болмасын олардың іс әрекетін көтермелеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мүдделері белгілі бір деңгейде сол қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен немесе асырмауымен байланысты болатын тұлғалардан да сыйлықтар алуға тыйым салынады.

Мемлекеттік механизм қызметіндегі кәсібиліктің маңызының жоғарылығы сонша, халықаралық қоғамдастық лауазымды тұлғалардың жұріс-тұрыс ережелері, қойылатын талаптары және т.б. бекітілген бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл құқықтық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуге тиіс қызметтерге қатысты, мұнда адам құқығының бұзылуы жоғары, сондықтан осы қызметкерлердің кәсіби қызметі ерекше басқарылуы тиіс.

Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың , қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. Мемлекеттік қызметшілердің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардың саяси және діни алаламаулықты талап етеді.

Мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің аумағы мен мазмұны мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуының және іске асырылуының мүмкіндіктерімен алдын ала анықталады. Бұл жерде ең алдымен лауазымға орналасуға және мемлекеттік қызметшілер өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешкенге дейін, мемлекеттік билік органдарының жүйесі мен олардың ішкі құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізбесін бекіту және оларды санаттар мен топтар бойынша жіктеу, әрбір лауазым бойынша өкілеттіктер мен функциялардың көлемін, сондай-ақ осы лауазымдарға орналасатын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды белгілеу қажет екендігі еске алынып отыр.

Бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың басты мақсаттарының бірі- мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайлы ұйымдастыру. Бұл қызмет жұмыстарды белгілі бір уақытқа жоспарлау жолымен жасақтау, ақпарат алу және онымен жұмыстану, шешімдер әзірлеп шығару, қабылданған соншалық, ақпараттарды өңдеуде қалыпты әдіс-тәсілдерді пайдалану, мүмкін емес. Уақыт ақпарат өңдеуде ыждағаттылықты, сондай-ақ негізделген және уақтылы басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан мемлекеттік орган қызметін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Осы мәселелердің барлығы мемлекеттік органның әзірліктен өткен және тәжірибелі кадрлар құрамынсыз шешілмейді.